Өнеркәсіптік дамыған елдер экономикасындаєы орта және шаєын бизнес орны. Шағын және орта бизнесті ќолдаудың шет елдік тәжірибелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:37, задача

Описание работы

Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі.

Работа содержит 1 файл

Ґнеркјсіптік дамыєан елдер экономикасындаєы орта жјне шаєын бизнес орны.doc

— 50.50 Кб (Скачать)


      Өнеркәсіптік дамыған елдер экономикасындаєы орта және шаєын бизнес орны. Шағын және орта бизнесті ќолдаудың шет елдік тәжірибелері

 

Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі. Шағын бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:

                           жаңа жұмыс орындарын құрады;

                           жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;

                           ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;

                           арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді. 

              Жаңа жұмыс орындарын құру – шағын бизнес өзімен алып жүретін маңызды факторы. Тұрғындардың негізгі бөлігінің тіршілігін қамтамасыз ететін фактор болып қана қоймай, сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болатын маңызды фактор. АҚШ –нда 7 млн. шағын фирмалар 100 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

              Жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіру – шағын бизнес бұл саладағы лайықты қызметі қауіпсіз бритваны, электрондық қол сағатын, вертолеттарды, тот баспайтын құрыштарды, көшіретін аппараттарды және тағы басқалар болып табылады. Мысалға АҚШ-да шағын бизнес барлық қызметтердің 60% өндірген,  барлық өнімдердің жартысын, барлық идея мен жаңа енгізілімдердің жартысына жуығын ұсынады.  

Шағын кәсіпорындар тек қана жаңа жұмыс орындары мен тауарларды даярлап ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, клиенттердің айрықша қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мысалы, ескі сағаттар мен антиквариаттық тауарларды жөндеуге шағын бизнес икемдірек болады.

              Кіші бизнес дамыған ірі компаниялармен бәсекеге түсіп, үлкен жетістіктерге жете алады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, фирманың іскерлік стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 6 жыл және одан да көп уақыт қажет. Шағын фирмалар үшін бұл мерзім жарты жылдан бір жылға дейін барады. Екіншіден, дәстүрлі саналатындай, технологиялық инновациялар- ірі бизнестің саласы. Бірақ статистика бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін технологиялық инновацияның радикалды 95%-ы  кіші бизнес саласынан шықты. Қазіргі кезде шағын фирмаларда инновация мен ашылулар ірі фирмаларға қарағанда 24 есе көп.

Сондықтан, Европалық Қауымдастықтың экономика жеке секторының 15,7 миллион кәсіпорны- кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Шағын бизнес кәсіпорындары қоғамның дамуына үлкен үлес қоса отырып, жұмыс орнының 70%-ын қамтамасыз етті (62млн). Статистика бойынша 16 миллион адам өзіне жұмыс істей бастады, 46 миллион адам жалдамалы жұмысқа тұрды.

Көптеген мемлекеттердің ғалымдары ұзақ уақыт бойы шағын бизнеске анықтама беруге тырысқан. АҚШ Комитет Конгрессі кіші бизнеске 700-дей анықтама берген. Шағын бизнесті сипаттау үшін көптеген критерийлер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, депозиттер көлемі, пайда көлемі. Олардың кең тарағаны жұмысшылардың саны болып табылады. Германияда шағын бизнеске 1-ден 500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорынды жатқызады. Олар төрт категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін; 50-ден 99-ға дейін; 100-ден 199-ға дейін; 200-ден 499-ға дейін. Германияда жылдық айналымы 3,5-нан 11,5 миллионға дейін болатын кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға жатады. Жұмыс орындарының үштен екі бөлігін шағын кәсіпкерлік қамтамасыз етеді.               Жапонияда  шағын және орта бизнес кәсіпорындарының критерийлері заңмен анықталған: өнеркәсіпте, көлік саласында және құрылыста- 300 адамға дейін, көтерме саудада- 100, қызмет көрсету саласында- 50. Заң бойынша жарғылық капитал да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыс және көлік саласында- 770 мың доллардан аспау керек, көтерме саудада- 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында- 77 мың доллар.

Ресей заңнамасы бойынша кіші кәсіпкерлікке жататындардың жұмыскерлер саны келесідей болу керек:

      өнеркәсіпте- 200 адамға дейін;

      құрылыста- 100 адамға дейін;

      көтерме саудада- 50 адамға дейін;

      ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;

      ғылым мен өндірістік емес салада- 25 адамға дейін;

      бөлшек саудада- 15 адамға дейін.

Қазақстан Республикасының заңы бойынша шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың жұмысшылар саны келесідей болу керек:

      өнеркәсіпте, құрылыс саласында және ауылшаруашылықта- 50               адамға дейін;

      саудада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында- 30 адамға               дейін;

      көлік және байланыс саласында- 25 адамға дейін;

      ғылым мен инновациялық салада- 20 адамға дейін.                                  

              Қазіргі  заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады: бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар- тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарым-қатынастардың нақты формальды түрде болмауы.

Шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның шағын бизнесіне келесідей анықтама беруге болады. Бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, шектелген географиялық аймақта жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне иеленетін, негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайтын, басқару ісін осы кәсіпорынның негізін қалаушылар жүргізетін кәсіпорындар шағын бизнеске жатады.               Шағын бизнес мемлекет экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарды қамтамасыз етеді. Американ Экспресс мәліметі бойынша, барлық жаңа жұмыс орындар ірі компаниялармен қамтамасыз етілмейді, олар жаңа ғана құрылған шағын фирмалармен бірге пайда болады. Мысалы, 1987 жылы жаңа жұмыс орындарының өсу темпі АҚШ-тың 7 миллион шағын фирмаларда 500 ірі компаниялардың жұмыс орындарының өсуінен 3 есе көп болған.

  Кіші бизнес ірі фирмалардың және компаниялардың жақсы жұмыс істеуі үшін жағымды шарттар қалыптастырады. Мысалы, Жапонияда 50- жылдардан бастап контракт арқылы ірі фирмалардан мамандандырылған шағын фирмаларға берілген жұмыстың көлемі өте тез өскен. 1966 жылмен 1981 жылдары арасында ірі компаниялармен контракт арқылы жұмыс істейтін шағын фирмалардың үлесі 53,5 %-дан 65,5 %-ға дейін көбейген. Ал, электронды өнеркәсіпте бұл үлес 1981жылы 85,7%- ға дейін жетті.                            Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларына келетін болсақ, оның келесідей негізгі үш түрі бар.

                Бірінші формасы ескі қызмет етуші компаниялар негізінде мүлдем жаңа шағын кәсіпкерлік субъектісінің қалыптасуымен сипатталады.

              Бұрыннан қызмет етуші компаниялар шегінде қалыптасатын шағын кәсіпкерлік субъектілері жас компаниялардың құрылуының прогрессивті әдісі болып саналады. Жаңа компаниялар ірі, алдыңғы қатарлы компаниялармен бұрын ғылыми- зерттеулік және оқу- білімдік мекемелерде жұмыс істеген инженерлер мен ғалымдарды өздерінің инновациялық бағдарламалары мен жаңа өнімдерін әзірлеп, іске асыру үшін олардың күш-жігер, ойларын шоғырландыру және қолдану мақсатында жәрдемдік көмек көрсетіледі.                                                                                    Екінші форма тәуекелділік-венчурлік фирмалардың қалыптасуы мен қызмет ету үрдісімен байланысты.                                                                                                  Тәуекелділік- венчурлік фирмалар елеулі түрдегі тәуекелділіктегі инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін құрылатын субъектілерді сипаттайды. Жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер саласында жаңа керемет ойларды игерген бірнеше адамдардан құралатын жобалық топ, сол өздерінің жаңа жобаларын іске асыру үшін қажетті қаржылық және басқа да құралдарды иемденбегендіктен венчурлік технологияларға маманданған венчурлік қорлар немесе инвесторлармен ынтымақтастық құрады.                                          

          Венчурлік фирма-ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен  айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар  жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе,күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчулік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады. Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған.              Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша  мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол- шетел фирмаларының Ресейдегі  зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады.

              Үшінші формада- технологиялық бизнес-инкубаторлардың қалыптасуы мен қызмет етуіне байланысты.                                                                                    Технологиялық бизнес-инкубаторлар билік немесе ірі жеке меншік компаниялармен немесе ғылыми мекемелермен кәсіпкерліктің  жаңа субъектісін жетілдіру мақсатында құрылатын ұйымдар. Инкубатор ұйымдар жаңа құрылған кәсіпорынға жеңіл төлем негізінде жалға беру, экономикалық, техникалық, білімдік, құқықтық және басқарушылық сияқты кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру бойынша кеңестер беруге арналып құрылады. Бизнес-инкубаторлар көбінесе коммерциялық емес ұйымдар болып келеді, олардың құрылудың негізгі мақсаты шағын бизнесті дамыту. «Бизнес-инкубатор» сөзінің мағынасы жаңа кәсіпорын құруда икемді тәсілдердің жүйесін білдіреді. Бизнес-инкубаторлардың тараған жері АҚШ, сонымен қатар бұл жүйе Францияда, Германияда, Швецияда, Англияда, Жапонияда, Қытайда кең қанат жайған болатын. Инкубаторлардың көлемі АҚШ-та 1980 жылы 10 болса, 1994 жылы оның саны 500-ге дейін жетті. Бизнес-инкубаторлардың Ұлттық Ассоциациясының мәліметі бойынша, қазіргі кезде бизнес-инкубаторлар 82000 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бизнес-инкубатордың болуы- шағын кәсіпорындардың банкротқа ұшырау мүмкіндігін төмендетеді. Бизнес-инкубаторлар келесідей қызмет көрсетеді: қаржылық көмек көрсету бойынша консультация, ғимаратпен және жабдықпен жеңілдетілген бағамен қамтамсыз ету.                      Инкубаторлардың негізгі миссиясы- шағын кәсіпорынның дамуы. Шын мәнінде, бизнес-никубаторлардың негізгі идеясы- жаңа кәсіпорын құруда көмек көрсету және оның жақсы дамуына жағдай  жасау. Тәжірибе жинақтаған және потенциалы бар кәсіпорын уақыт өте келе өз күшімен дамиды, яғни, аймақтың экономикасының дамуына әсер етеді, жаңа ашылуларды енгізеді, жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Бизнес-инкубаторлар бизнестің өзге түрі болғандықтан, оны құру үшін ең алдымен маркетингтік зерттеу жүргізіп, қаржы көздерін анықтап, бірнеше фирмалардың дамуын қамтамасыз ететін түрлі бағдарламалар жасау. Университеттің және ғылыми-зерттеу орталықтарының негізінде құрылған бизнес-инкубаторлардың орны ерекше. Олардың негізгі мақсаты- жаңа технологияларды дамыту жолымен ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау мүмкіндіктерін іздестіру. Осындай бизнес-инкубатордың алғашқысы Филадельфияда құрылған. Оның орналасатын жерінің ауданы 400 мың шаршы метр. Орталықта 6000-ға жуық адам жұмыс істейді.

              Жоғары келтірілген мысалдарды негізге ала отырып, шағын бизнесті дамыту  және оны құруда тәуекелділікті азайту үшін бизнес-инкубаторлардың болуы- маңызды үрдіс.                                         



Информация о работе Өнеркәсіптік дамыған елдер экономикасындаєы орта және шаєын бизнес орны. Шағын және орта бизнесті ќолдаудың шет елдік тәжірибелері