Негізгі қор нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2012 в 17:38, реферат

Описание работы

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Негізгі қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі
2. Негізгі қорларды бағалау
3. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

негізгі қор реферат.doc

— 122.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Негізгі қорларды бағалау

 

     Материалды активтерді негізгі қор деп есептеу сәтінде қажетті шарт болып олардың бағалануының біріңғай әдістемесі табылады. Осыған байланысты негізгі қорлардың бастапқы, ағымды,  баланстық, өткізу құнын және жойылу құнын бөледі.

 

  1. Негізгі қорлардың  бастапқы құны.

 

      Негізгі қорлар бухгалтерлік есепте бастапқы құн бойынша кіріске алынған кезде көрінеді, ол өзіне барлық қажетті шығындардың нақты жұмсалуын, төленген қайтарылмайтын салықтар және жинақтар, сонымен қатар активті жұмыс жағдайына және оны белгіленіміне пайдалануымен тікелей байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, эксплуатацияға жүргізу шығындары және басқа да әр түрлі шығындардың жұмсалуын қосады. Жер учаскесінің бастапқы құнына келесілер кіреді:

 

●  Шотта көрсетілген сатып алу бағасы;

● Қозғалмайтын мүлік жөнінде агенттерге комиссиондық сый-ақылар;

●  Сату-сатып алу келісім шартын жасаған заңгердің қызметіне төлем;

●  Салықтар және жинақтар;

●  Мақсатты пайдалануға жерді дайындау шығындары (ғимараттарды құлату, тазарту, тегістеу) және т.б. 

      Сатып алынған құрал-жабдықтың бастапқы құнына келессілер жатады:

●   Сатып алу құны;

● Тасымалдауға кеткен шығындар (соның ішінде тасымалдау кезіндегі сақтандыру);

●   Монтаж;

●   Құрал-жабдықтардың эксплуатацияға жарамдылығын тексеру мақсатымен сынау жүргізу және т.б.

      Ғимараттардың және құрылыстардың құрылысын жүргізгенде негізгі қорлардың бастапқы құнына құрылыс бойынша барлық шығындар кіреді:

● Материалдар;

● Еңбекақы төлеу;

● Үстеме шығындардың сәйкес үлесі;

● Архитекторлар, заңгерлердің қызметіне төлемдер;

● Құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;

● Құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;

● Құрылыс кезіндегі берілген кредит проценті;

● Құрылысқа рұқсат алуға кеткен шығындар.

 

     Негізгі қорлар объектісінің бастапқы құны анықталады:

 

●   Негізгі қорлар субъектісінің өзім дайындалған кезде немесе оларды фактілік шығындар сомасымен сатып алу;

●   Объектілерді басқа бір заңды немесе жеке тұлғалардан эксперттік жолмен немесе қабылдау-беру актісі бойынша тегін алған кезде.

 

     2. Негізгі қорлардың ағымдық құны – бұл белгіленген уақытқа негізгі қорлардың пайдаланып жүрген нарықтық бағасының құны. Әр түрлі уақытта эксплуатацияға енгізілген біртекті негізгі қорлар олардың өндірісіне әр түрлі шығын деңгейі көрсетеді. Сондықтан оларды ағымдық құн бойынша бағалау қажеттілігі туады.

 

    3. Негізгі қорлардың баланстық құны – бұл негізгі қорлардың активі есепте және есептемеде көрсетілетін жиналған амортизация сомасын шегеріп тастағандағы бастапқы және ағымды құн. Бұл негізгі қорлардың өндірілетін өніміне, жұмысына және қызмет көрсетуіне немесе ағымды шығындарға әлі ауыстырылмаған құны. Бұл құнның төмендеуі негізгі қорларды эксплуатацияда табу уақытының жоғарылау себебінен болады.

 

   4. Негізгі қорлардың жойылу құны – негізгі қорлар жойылған кезде туатын запас бөлшектерінің, ломның, қалдықтардың болжамды бағасы.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы

 

      Негізгі қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысып, жәй-жәй тоза бастайды, яғни физикалық күштің, техникалық және экономикалық факторлардың әсер етуімен өзінің құрамын жоғалтады және жарамсыз болып қалады.

       Тозу – моральдық және физикалық сипатынан айыратын процесс. Негізгі қорлар тозуының екі түрі бар физикалық және моральдық.

Физикалық тозуда негізгі қорлардың тұтыну құнының жоғалтуы болады, яғни еңбек процесінің, табиғат күштерінің әсер етуімен технико-экономикалық және әлеуметтік сипатының нашарлауы, сонымен қатар негізгі қоррларды пайдаланбау есесінен.

Өндірісте тозған негізгі қорлардың  көпшілік бөлігі, мысалға өнеркәсіпте халық шаруашылығында елеулі шығындарға алып келеді, себебі біріншіден – құрал-жабдықтың көнеруі оны жұмыс жағдайында сақтап тұру үшін капиталдық жөндеуге қаржы салуды көбейтуді қажет етеді; екіншіден – ескірген өндіріс түгелдей жаңа техниканы пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан өнім және қызмет көрсету көлемі азаяды. Техникалы қартта қалған және моральды тозған шығынды өндіріс ғылыми техникалық прогресске бөгет жасайтын тоқырау аймағын тудырады.

Моральдық тозу көбінесе физикалық тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:

Моральдық тозудың бірінші  түрі – машиндердің жарты бөлігінің құнын физикалық тозусыз жоғалту, яғни сол машиндердің жаңа жағдайдағы дайындалуының арзандау нәтижесінен (ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдаланып). Бұл түрдің моральдық тозуы дәл сондай конструкциялы машиндерді шығару үшін жұмыс уақытының азаюынан болып тұр. Моральдық тозудың бірінші түрі құрал-жабдықтың қызмет ету уақытының ұзақтығымен, оның физикалық тозуының дәрежесімен байланысты емес, ол өнімді дайындау құнын төмендететін техникалық прогресстің қарқынына байланысты. Моральдық тозудың бірінші түрінде негізгі қорлардың тұтыну құны, құрал-жабдықтың өнімділігі өзгермейді, тек негізгі қорлар құны өзгереді.

Моральдық тозудың екінші түрі -  бұл бар машиндердің, құрал-жабдықтардың әрекет ету ұзақтығының қысқаруы, оның өнімділігінің және қуаттылығының төменделуімен, ал көне машиндердің жаңалармен салыстырғандағы эксплуатациясы өндірісті үлкен шығындарға алып келетіменен серттелген.

Тозуды анықтау әдістері:

Физикалық тозу негізгі  қорлардың қызметтену негізінде  анықталады:

 

Ттозу(ф) = Тфн · 100%                (10)

 

 мұндағы: Тф – нақты қызмет ету уақыты (жыл);

Тн – нормативті қызмет ету уақыты (жыл).

Тозуды толық анықтау үшін негізгі  қорлардың элементінің жағдайын анықтау қажет.

Моральдық тозудың  бірінші  түрі баланстық және қалпына келтірілген  құнның қатынасы негізінде анықталады:

 

Ттозу(м1) = Фб – Фвб · 100%      (11)

 

мұндағы: Фб – баланстық құн (мың тг.);

Фв – қалпына келтірілген құн (мың тг.).

Моральдық тозудың екінші түрі көп  жағдайда құрал-жабдықтардың  өнімділігін  салыстыру негізінде анықталады:

 

Ттозу(м2) = Пр2 – Пр1 /Пр2 · 100%                                (12)

 

мұндағы: Пр1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өнімділігі;

Пр2  – жаңа негізгі  қорлардың өнімділігі.

Бірақ бұл кезде жаңа негізгі қорлар қамтамасыз ете алатын шикізат және материалдарды үнемдеу немесе еңбек күшін үнемдеу есептелмейді. Сондықтан моральдық тозудың екінші түрін дәл есептеу үшін келесі формуланы қолданып негізгі қорларды және өндіріс шығындарын салыстыру   қажет:

 

Ттозу(м2) = Изд2 – Изд1 /Изд2 · 100%       (13)

 

мұндағы:  Изд1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өндіріс  шығындары (тенге);

Изд2  – жаңа негізгі  қорлардың өндіріс шығындары (тенге)

 

«Амортизация» термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.

Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.

Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.

Өнімді шығарғаннан  кейін сәйкесінше негізгі қор  құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға тұседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.

Амортизацияның негізгі  функциялары – қайта өндірісті  қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.

Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық  пайдалануын қарастырып ынталандырушы  функцияны да орындайды: құрал-жабдықтың функционирлеу  мезгіл қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.

Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің  өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.

Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың физикалық және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының  аванс беруін қажет  етеді.

    Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан функционирленуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсіімінен басқа

Өнімге ауыстырылған құн көлемі келесіндей анықталады; біріншіден негізгі қорлардың бастапқы құнымен, бастапқы құн қанша жоғары болса, сонша негізгі қорлар құнының ауыстырылатын бөлігі көп болады.

Екіншіден, бұл мөлшер негізгі қорлар түрімен анықталады, мысалға: өнеркәсіпте ғимараттардың нормативті қызмет ету уақыты 30-50 жыл (өндіріс спецификасына байланысты), ал машиндердің және құрал-жабдықтардың қызмет ету уақыты – 3-15, 15-20 жылға дейін.

Үшіншіден, өнімге ауыстырылатын негізгі қорлар құнының мөлшері өндіріс спецификасының саласымен де шартталған: бір салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісіне шығын амортизация үлесі өнеркәсіптердегі орташадан жоғары, бірінде төмен болады.

Амортизациялық аударымдардың  көлемі норма амортизациясы бойынша негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін есептеумен анықталады.

Осыған байланысты амортизация  нормасы мына формула бойынша  анықталады:

 

На = Фп (б) – Фпп · tсл · 100%         (14)

 

мұндағы: На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%);

Фп (б) – негізгі қорлардың бастапқы құны;

Фп – жойылатын құн;

   tсл – негізгі қорлардың жұмыс жасау мерзімі.

 

Амортизация нормасы  негізгі қорлар құнының жылдық процентін  өтеумен байланысты. Амортизация  нормасы амортизациялық аударымының жылдық мөлшерінің негізгі қорлардың ортажылдық құнына қатынасымен анықталады.

Амортизация нормалары  экономикалық оқшауланған және негізгі  қорларды уақытында төлеуге бағытталуы қажет. Оларды есептегенде негізгі  қорлардың экономикалық лайықты  жұмыс жасау уақытын келесі факторлардың есебімен дұрыс анықтау маңызды болып табылады: моральдық тозуы (бірінші және екінші түрі); техникалық қайта құралдануының перспективалық жоспары; құрал-жабдық балансы; модернизация мүмкіндіктері және капиталдық жөндеу. Амортизация деңгейі капитал салымдарының және жаңа техниканың тиімді вариантын таңдауда маңызды роль ойнайды.

Бухгалтерлік есептің 6 стандартына сәйкес амортизацияны  есептеу үшін келесі әдістер қолданылады:

    1. Бірқалыпты құнды тізімнен шығару;
    2. Жасалған жұмыс көлеміне сәкес құнды тізімнен шығару (өндірістік әдіс);
    3. Тездетілген тізімнен шығару:

    а) кішірейетін қалдық

         б) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару  (комулятивтік әдіс).

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Негізгі қорлардың техникалық жағдайын талдау негізгі қорлардың  көп бөлігі жақсы жағдайда екенін көрсетеді. Талдау қорытындысы бойынша  жарамдылық коэффициенті 93%  құрады, ауыстыру коэффициенті 2007 жылы 20,7 % құрады. Барлық негізгі қорлар бойынша тозу коэффициенті жыл аяғына 0,003 (0,064 – 0,067) төмендеді және 0,064 немесе 6,4% құрады. Кәсіпорынның негізгі қорлардың техникалық жағдайының берілген көрсеткіштері кәсіпорында негізгі қорлардың техникалық деңгейі өндірістің берілген көлемін толық масштабты орындауға жағдай туғызады.

Кәсіпорынның негізгі  қорларын сапалы пайдалануды сипаттайтын  көрсеткіш – қорқайтарымы болса  жүргізілген талдау бойынша өнеркәсіпті-өндірістік және олардың активті бөлігі алдыңғы  жылмен салыстырғанда өскен.

    Нарықтық экономикада қаржылық талдау басқарудың негізгі бір функциясы болып табылады. Есеппен қатар ол осы талдау арқасында тек қана нақты нәтижелердің констанциясын алып қана қоймай санымен қатар негізгі қорларды пайдалану тиімділігіне оң немесе теріс әсер еткен факторларды анықтауға мүмкін болатындай етіп құрылуы қажет.

Информация о работе Негізгі қор нарығы