Мемлекеттік бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 22:54, реферат

Описание работы

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттан-дыруға арналған ортақтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.

Содержание

Жоспары:
1.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.
2.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.
3.Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы.

Работа содержит 1 файл

бюджет.doc

— 50.50 Кб (Скачать)
 
 

          Жоспары: 

1.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.

2.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.

3.Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          Пайдаланылған әдебиет: 

      «Қаржы»    Алматы 2005

Жоғары  оқу орындарына арналған оқулық.

Авторлары: Ілиясов Қ.Қ.

                       Құлпыбаев С. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі. Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттан-дыруға арналған ортақтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақ-саттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

   Қаржы қатынастарының белгілі  бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік  бюд-жетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастары-на белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгі-лердің шеңберінен шықпайды.

   Құндық бөліністің айрықшылықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

   1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байла-нысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

   2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруа-шылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қыз-меттің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

   3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей бай-ланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзі-лісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары матиериалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

   Мемлекеттік бюджет, кез келген  басқа экономикалық категория  сияқты, өндірістік қатынастарды  білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты мате-риалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорында- бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәти-жесінде қоғамда болып жатқан нақты экономиалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бджеттік қор- бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмт көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысы-ның объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді. 

  2.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы. Мемлекеттік ор-гандардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық дең-гейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтар-дың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік-терді  абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұ-мылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптасты-ру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қар-жылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы- бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындары-ның өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құ-қықтарының жиынтығы- бюджет құрылысын құрайды.

   Дүние жүзілік әр түрлі елдерінде  бюджет құрылысы мемлекеттің  құрылы-сына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктер-мен ерекшеленеді.

   Бюджет құрылысында басты орынды  бюджет жүйесі алады, ол экономика-лық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиын-тығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюд-жеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

   Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анық-талады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүм-кін.

   Федеративтік мемлекеттерде бюджет  жүйесі үш буыннан тұрады:

   мемлекеттік бюджет немесе федералдық  бюджет немесе орталық мемле-кеттің бюджеті;

   федерация мүшелерінің бюджеттері;

   жергілікті бюджеттер.

   Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде  екі буынды бюджет жүйесі қолданы-лады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюд-жеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процес-терді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттер-ге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетке сақталады.

  3.Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары-ның құрамы мен құрылымы. Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келе-тін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар- бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың ерекше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орта-лықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекет-тің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыз-дар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

   Кірістер мен шығыстардың құрамы  мен құрылымы нақты әлеуметтік-эко-номикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдалана-ды.

   Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджеті-нің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі толемнен- айналым салығы мен пайдадан алынатын толемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізіл-ген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жү-йесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

   Дағдыдағыдай, кірістердің көзі  салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістер-дің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттарымен түсімдерімен айқындалады.

   Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің  құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

  1. кірістер:

 салықтық  түсімдер;

 салықтық  емес түсімдер;

 негізгі  капиталды сатудан түскен түсімдер;

 ресми  трансферттер түсімдері;

   2) шығындар;

   3) операциялық сальдо;

   4) таза бюджеттік кредит беру;

     бюджеттік кредиттер;

     бюджеттік кредиттерді өтеу; 

   5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;

     қаржы активтерін сатып алу;

     мемлекеттің қаржы активтерін  сатудан түсетін түсімдер;

   6) бюджет тапшылығы (профициті);

   7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):

     қарыздар түсімі;

     қарыздарды өтеу;

     бюджет қаражаты қалдықтарының  қозғалысы.

   Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің  атқарылуы туралы есептерді түзу  осы көрсетілген құрылым бойынша  жүзеге асырылады.

   Бюджеттің кірістері салықтық  және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін  басқа міндетті төлемдер), ресми  трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есепте-луге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер- бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферт-терден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды са-тудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемле-кеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің тү-сімдері- бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

   Мақсатты ресми трансферттерді  қоспағанда, кірістердің нысаналы  мақсаты болмайды.

   Бюджеттің шығындары- қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қара-жаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

   Бюджет шығындары мынадай түрлерге  бөлінеді:

   1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

   2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланыс-ты шығындар;

   3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;

   4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәй-кес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;

   5) заңи тұлғаларға субъсидиялар- мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз жәе қайтарусыз негізде қаржыландыру;

   6) ресми трансферттер- бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орын-дауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Информация о работе Мемлекеттік бюджет