Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 16:49, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі.

Содержание

Кіріспе
1.Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1.Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
2.Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 40.85 Кб (Скачать)

                                         ЖОСПАР

 
Кіріспе 
1.Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері 
1.1.Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі 
2.Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау 
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау 
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау 
Қорытынды 
Пайдаланған әдебиеттер 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       КІРІСПЕ

 
  1.Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері,жүйесі мен көрсеткіштері 
     1.1.Қаржылық жоспарлаудың  мәні, әдістері мен қағидаттары

 

 
     Қаржылық жоспарлау мен болжау  бұл қаржы механизмінің қосалқы  жүйесі, саналы басқарудың аса  маңызды элементтерінің бірі  және әлеуметтік экономикалық  жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар  экономиканың үйлесімді және  тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас  ұлттық шаруашылық кешенінің  барлық буындарының қызметін  үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің  жоғарғы қарқынын қамтамасыз  етуге, халықты әлеуметтік қорғауға  бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың  өзіндік ерекшелігі сол, бұл  жоспарлау өндірістің материалдық  заттай элементтері турасында,  ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске  белсенді ықпал жасау турасында  ақша қозғалысының салыстырмалы  дербестігімен шарттасылған ақша  нысанында жүзеге асырылады. 
     Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет  етеді.  
     Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).  
Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер  анықталады. 
     Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік  туғызады. 
     Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда  белгілі  бір  мерзімге   белгіленген  кірістер  мен  шығыстар, қаржы  
және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардын көздерін анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

 
                                 ЖОСПАРЛАУ

 
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін  қамтиды) 
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді); 
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді)  сипатталады.

 
      Қаржылық жоспарлаудың мына  тәсілдемелер пайдаланылады: 
       а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі). Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде  пайдаланылады; 
       ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына  бөледі); 
       б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен  үйлестіріледі). 
      Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлау экономикада қаржы жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады. 
     Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды. 
      Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылманған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады. 
      Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпклікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде  жүргізіледі. 
      Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді ( жыл) және ұзақ мерзімді (жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатның тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқауларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді. 
      Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:  
     - экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы    жоспарлары көрсеткіштерін динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді  жасау; 
     - корреляциялық регрессиялық  талдау; 
     - тікелей сараптамалық бағалау  әдісі. 
      Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық үйлестіруші рөлді орындайды және қарды қызметінің субъектілеріне эконмикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік теттеуде және экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталды. 
      Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары  қалыптасады. 
      Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді.Арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада бәсекелестікті  арттыру. 
      Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттрді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген аморизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляяцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдарлың  нормалары. Әлеуметтік экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қарастыру резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды таратуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындырын қарастыруды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады. 
      Бұл жоспарлаудың жүйелік түрлендірме әдісі жоспарлау, бағдарламалау және  бюджетжасау: 
    - жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды  кіріктіреді. 
    -  бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пацдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсіндіреді;   
    - бюджет жасау жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу  процесі. 
     Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар: 
1. Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері  бар: 
      - мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтер анықтауды есепке   алмайды; 
      -   материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңге олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай  анықталады. 
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есепке шығарылады. 
3. Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына көшіру.  
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің  өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының  талаптарын сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен  табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан жақты негңздеуге мұмкіндік  берді. 
5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың  тәжірибесін пайдалануды қажет   етеді. 
      Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштерідің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.

 

 

                        1.2 Қаржылық жоспарлаудың жүйесі

 
      Қаржылық жоспарлаудың негізгі  құжаты болып келетін қаржы  жоспары шаруашылық жүргізуші  субъектілердің, салалардың, аймақтардың  және жалпы мемлекеттің ақшалай  табыстары (кірістері) мен қорланымдарын  құрудың және пайдаланудың жоспары  болып табылады. Қаржы жоспары  ұлттық шаруашылықтың ресурстармен  қамтамасыз етілуін көрсетеді. 
Басқарудың барлық деңгейлеріндегі жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орындар. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары. Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін  белгілейді.Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Бюджет белгіленетін жалпы мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауда, демек, мемлекеттің функциялары оның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады..Салалық (ведомтволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс салалары министрліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыстарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кіріктіреді.Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және тағы басқа жоспарлары  жатады.Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық жоспарлар ведомстволар қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді.Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге  жасалынады.Шаруашылық баланстар мен экономика теңдестігінің бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі ұштылығына байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс.Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінң қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары. Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке дара айналымын негіздеу қабілетінде болып келетіндігі, осыдар барып олардың айрықша арналымын бұл объектінің кірістер мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын тиісті қатынастарды  анықтау.Бастапқы қаржы жоспарларын топтастырудың негізіне кірістердің, шығыстардың құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай ақ мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен қаржылық өзара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы  мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен, мемлекеттік, жалгарлік, кооперативтік кәсіорындардың, акционерлік қоғамдардың, бірлескен шетелдік кәсіпорындардың, жеке меншік фирмалардың, қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.Бұл топтардың әрқайсысының кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өндіріс өзгешелігіне, кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты нысаны мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы, қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немесе бюджеттік қаржыландыру) қаржыландыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына, құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша да (бірлестіктер, концернер, ірі, орта, шағын кәсіпорындар) топтастырылған орынды.Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарларының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары жасалынады.

 

 
  

2.Мемлекеттің қаржысын  жоспарлаудың тәжірибесін талдау 
    2.1.Мемлекеттік бюджетті жоспарлау

 
     Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесінбасқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда  көрінеді.  
     Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.  Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады. 
     Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың және оның маңызды құрамалы буыны – бюджеттік жоспарлау, яғни барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлакеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастырды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді. 
     Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлағымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады. Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі: 
• Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау; 
• Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау; 
• Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу; 
• Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау; 
• Бюджеттің жалпы және  шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау. 
         Мемлекеттің бюджетін жоспарлау мен болжаудың үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді  қарастырады: 
• Кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша континенттердің болжамдық мөлшерін  анықтау; 
• әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің  бөлісі; 
• қаржылық жәрдем,бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебін жоғары,төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау;  
     Бюджеттік жоспарлау іс-әрекетінің негізгі шарты – ол жалпымемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдарды тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамасыз  еру. 
     Бюджеттік жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық, теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асылылады. 
     Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттер деңгейлері арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындау негізделеді. 
         Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджеттік жоспарлаумен қамтамасыз  етіледі. 
     Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субввенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысақарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі. 
     Дәйектемелік прицип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.  
     Бюджетті жоспарлағанда аймақтар арасындағы табиғатты климаттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді есепке алу қажет, себебі олар әр аймақ тұрғындары  жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары. Сондықтан бюджетті жоспарлауда нормалар мен нормативтер пайдаланады. Бюджеттік кодекске сәйкес натуралды нормативтер – ол бюджетті жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланатын материалды немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады және  бекітіледі. 
     Жергілікті бюджеттерде қолданатын кірістерді бөлісу нормативтер – ол әр дейгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл нормативтер тұрақты сипаты бар, себебі олар орта мерзімді фискалдық саясаттың негізінде анықталады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша шығындық өкілеттілікті шектеуде байланысты. 
  Мемлекеттің алдағы жылғы бюджетке кірістердің түсуін болжамдау Салық, Бюджет кодекстер мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске асырылады. Сонымен қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеметтік-экономикалық даму  жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштері, елдің ортамерзімді фискалдық саясаттың ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады. Бюджетті болжамдауда пайдаланатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфляция индексі, тауар айналымының көлемі, импорттық-экспорттық операциялардың көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады. 
     Бюджет кодексі мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімді бюджеттік жоспарлау негізінде бюджеттік процесті іске асыруын анықтайды. Ал бюджеттік жоспарлауға стратегиялық бағытты беретін Үкімет тарапынан жасалып, алдымыздағы үшжылдық мерзімге салықтық-бюджеттік бағдарламаны анықтайтын арнайы құжат – ол Үкіметтің Орта мерзімді фискалдық саясат атты құжат. Бұл құжат елдің Орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспары мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын бір жылға ұзартылып отыратын үшжылдық мерзімге жасалады. Бұл құжаттың маңыздылығы мен қажеттілігі, ең алдымен елдің экономикалық дамуы көп жағдайда оның қаржы жүйесінің даму бағыттарына тәуелді екенімен, жүргізіп жатқан салықтық-бюджеттік саясаттың ахуалы мен оның бүгінгі талаптарға сәйкестігімен дәлелденеді. 
         Бюджеттік түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ақпарат береді. Ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда, республикалық бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді. Уақытша бос ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі салымдарына орналастырады; бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді; егер республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді; бөлінген қаражаттар рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарды кері қайтарып алуды жүргізеді.Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспары республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына жатады.Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен: бюджеттік бағдарламаларды қаржыландару жаоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді; бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестігін қамтамасыз етеді; бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын табыс етеді. Мемлекеттік бюджеттің атқарылу жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттар шегінде бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерге рұсаттар береді, бюджеттік бағдарламаларды іске асырылу мониторингін және олардың бағалауды жүргізеді. 
     Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме белгіленген  тәртіппен: 
• бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын жасайды және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту жөнінде ұсыныс енгізуге  құқылы; 
• республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды; 
• бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер шегінде шығыстарды  жүргізеді; 
• республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін  жүргізеді; 
• бюджеттің атқарылу жөніндегі уәкілетті органға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындауға қажетті ақпаратты табыс етеді. 
      Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді. Бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін алдағы айларда міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы ақпарат  береді. 
      2008 жылдан бастап экономиканың шикізаттық емес секторында шағын және орта бизнестің жобалары бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алудың хабарлау жүйесін енгізу. 
     Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді: 
 -   стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін  ықпалдастыру; 
 -  бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау; 
 - бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету; 
 -  бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша қойылатын талаптарды  күшейту; 
 -     бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың сапасын арттыру.

 
 
                                   2.2. Бюджет түсімдерін болжамдау

 
     Бюджеттік кірістері ол мемлекеттік  функциялардың орындауға қажетті  елдің бір ортаға топталған  қаржы ресурстарының бөлігін  және заңнамаларға сәйкес билік  органдарының әр деңгейлеріне  иелік істеуге ақысыз және  қайтарылмайтын тәртіппен түсетін  ақша құралдарын көрсетеді. Бюджетке  түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын  формалар мен әдістер жиынтығы  мемлекеттік бюджеттің түсімдер  жүйесін құрады. Мұндай түсімдер  маңында Бюджет кодексімен тағайындаған  белгілі мөлшерде және тағайындарған  мерзімде бюджет есебіне алынатын  міндетті төлемдер түсініледі. 
     Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден  басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері  тағайындалады.  
     Бюджет түсімдерін болжау. Салық түсімдері контингентінің есеп әдісінің сипаттамасы. Корпарациялық табыс салығының болжауы бірнеше есептеу нұсқаларымен анықталады. Бірінші нұсқа бойынша есептік кезеңде тапсырылған салық декларацияларының мәліметтер жиынтығы пайдаланады. Бұл мәліметтер арқылы ең алдымен болжамдау мезіміне салық салынатын табыс анықталады. Сонымен бірге шешімдер көлемінің өзгерістері де     есептеледі, яғни есепті мерзімі бойынша анықталған салық салынатын табыс ағымдағы жылғы инфляция деңгейі мен келесі салық жылына болжамдап отырған инфляция деңгейіне коррекцияланады. Сондай ақ, осыған қоса зияндар көлемінің өзгерістері мен оларды ауыстыру мерзімі есептелуге  тиісті. 
     Төлем көзінен  салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу үшін салық салуға жатпайтын табыс сомасы мен салықтық шегерімдер сомасына азайтылған төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына орташа мөлшерлемені қолданылады. Бұл арада аймақ бойынша қалыптасқан орташа мөлшерлеме мөлшері әсер ететін факторларға коррекцияланған есепті мәліметтер арқылы  анықталады. 
     Біржолғы талон бойынша қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жеке табыс салығын болжамдау үшін аймақ аумағында осындай тәртіппен іс әрекет атқаратын жеке тұлғалардың саны жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері мен жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілген біржолғы талондардың құны  пайдаланады. 
     Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығын болжамдау үшін ақырғы есепті мезгілдегі жеке тұлғалардың негізгі құралдары мен материалды емес активтерінің құны жөніндегі статистикалық мәліметтер пайдаланады. Есептеу маңында жалпы құнынан салық салынбайтын объектілер құны, мүлік салығын төлемейтін жеке тұлғалардың негізі құралдары мен материалды емес активтерінің құны алынады. Негізгі құралдардың салық салатын құны болашақ қайта бағалау коэффициентіне түзетілімделіп, Салық кодекснде бекітілген салық мөлшерлемесі негізінеде келесі формуламен  есептеледі: 
                      См  =  (Қнқ*К/100%)*Сс/100% 
     Жеке тұлғалардың мүлік салығының болжамы жеке тұлғаның меншік құқығында жеке кәсіпкерлік іс әрекетте пайдаланбайтын мүлігінің құны жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтер негізінде анықталады. Уәкілетті орган салық  салатын мүлік құнын анықтау үшін тұрғын үй жайлардың бір шаршы метрінің базалық құны, оның көлемі, тозу коэффиценттерімен бекітілген мөлшерлемелерді пайдаланады. Сонымен қоса, есептеу жасағанда әрекеттегі заңнамаға сәйкес берілген жеңілдіктер де есептелуі қажет. Бұл арада болжамдық түсімдер сомасы келесі формула арқылы анықталады: 
                                 См = Қнқ*  Сс/100% 
     Көлік құралдарының салығының болжамы көлік құралдарының двигатель көлемі, жүк көтергіштігі мен отыратын орындарына  байланысты түрлері және топтары бойынша ішкі істер органдары дайындайтын олардың саны жөніндегі мәліметтері негізінде есептеледі. Осылай есептелген жалпы санынан салықтық заңнамаға сәйкес берілетін жеңілдіктері бар заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдары саны  алынады.  
     Жер салығын жоспарлау келесі категория бойынша іске асырылады – а) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер; ә) елді мекен жерлері; б) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер.Бірыңғай жер салығын болжамдау үшін де декларациялар мәліметтері пайдаланады. Бұл салықты есептеу базасы болып жер учаскесінің бағалау құны табылады, ал оның сомасы осы бағалау құнға заңнамада бекітілген мөлшерлемені пайдалану арқылы есептеледі. 
     Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының болжамдық сомасы су ресурстары жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтері негізі мен төлемақы төленетін объектілер бойынша және су тұтыну мен арнайы су пайдалану түрлеріне байланысты Үкімет тағайындаған мөлшерлемелерді қолдану арқылы келесі формуламен  есептеледі: 
                          Тс = Сп * С    

Информация о работе Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау