Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:40, реферат
Әлеуметтік өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауьісу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді. Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде өрбиді.Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды.
Әлеуметтік
өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік
жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері
мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары
бір күйден екінші күйге ауьісу, не кейбіреуі
жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын
бастан өткереді. Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде
және макродеңгейде өрбиді.Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен
шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам
өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барл
90-жылдардағы денсаулық
Қазір жағдай мүлдем өзгеше, тіпті салыстыруға да келмейді. Адамдардың баға жетпес байлығы – денсаулығын, өмір сапасын жақсарту жолында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар ұшан-теңіз. Сол бір кезеңнің экономикалық қиындықтарына қарамастан Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау саласын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде белгілеп, халыққа арнаған Жолдауларында нақты талаптар қойып отырды. Содан бергі уақытта Қазақстан медицинасы қай жағынан болсын дамып, өрлеу, өркендеу кезеңіне бет алды. 2000 жылы барлық санаттағы азаматтарға тегін медициналық көмекті кепілдендіретін жаңа бюджет үлгісі енгізілді. Мұның өзі 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау ісін реформалаудың жаңа көкжиектерін белгілеп берді. Медицина саласы материалдық, кадрлық және қаржылық-техникалық жағынан да сапалық деңгейге көтерілді. Мемлекет Басшысының тікелей қолдауымен «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қабылданып, медициналық қызметтің қолжетімділігі, сапалы ем, алғашқы медициналық көмек мәселелеріне баса назар аударылды. Адамдарға ең маңыздысы – ауруынан құлан-таза айығып шығу. Мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан шаралардың нәтижелілігі де осы көрсеткішпен анықталса керек. Бұл орайда, қалыптасқан іс-тәжірибелер аз емес. Азаматтарды, үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыра отырып, аурулардың профилактикасына негіз жасау, медицина қызметкерлерін оқыту, науқастардың құқығын қорғау институтын дамыту, сапалы және қауіпсіз дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Медициналық қызметтің қолжетімділігі бойынша арыз-шағымдардың азаюы байқалады. Сол сияқты стационарды еркін таңдау мәселесін тиімді шешу жолдары да қарастырылған. Денсаулық сақтау ұйымдарында еңбектің түпкі нәтижесіне қарай сараланған еңбекақы төлеу үрдісі өзін-өзі ақтаған тәсіл. Мәселен, дәрігерлер жалақыға қоса 15 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін төлемақы алады. Учаскелік дәрігерлерге де осындай ынталандыру жүйесі қолданылады. Бүгінде заман ағымына байланысты әр дәрігер өз мамандығын терең игерумен қатар кәсіби менеджмент болуы да барынша ескерілген. Қазір үш мыңға жуық дәрігер менеджмент ісіне баулынуда. Әрі қарай да жүйелі сипатта ұйымдастыратын боламыз. Осы қасиет бірінші басшыдан да талап етіледі.
2010 жылдан бастап экстракорпоральдық ұрықтандыру және жақ сүйегінде туа бітті кемістігі бар балалардың пластикалық хирургиялық түзету қызметі тегін медициналық көмек тізбесіне кіргізілді. Осылайша жұртшылықтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары одан әрі дәйектілікпен жалғастырылды. Биылдан бастап барлық алғашқы медициналық көмек ұйымдарында (дәрігерлік амбулаториялар мен емханалар) халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатымен медициналық-әлеуметтік қызметкерлер және психолог лауазымдары енгізілді. Бүгінгі таңда 400 психолог және 1998 әлеуметтік қызметкер өз міндеттеріне кірісті.
Қазақстанның жері кең, ұлан-байтақ болғандықтан, жол-көлік оқиғалары кезінде жедел медициналық көмек көрсету жіті ұйымшылдықты қажет етері сөзсіз. Осы мақсатта ағымдағы жылдан бастап Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп трассалық медициналық-құтқару бекеттері құрыла бастады. Қазір 6 бекет ашылып, осынша тікұшақ сатып алынды. Санитарлық авиация жүйесі қалыптасты. Шілде айынан бері 193 ұшу жүзеге асырылды. Республика тұрғындарының 40 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұратынын ескерсек, мұндай медициналық байланыстың маңыздылығы өте зор. Мамандандырылған медициналық көмектің тиімділігін арттыру үшін өңірлерге 17 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. «Денсаулық», «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан» консультациялық-диагностикалық пойыздары облыстарға сапар шегіп, 110 станцияның халқына 260 мыңнан аса емдеу-диагностикалық қызмет көрсетті. 48 мыңнан аса адам, оның ішінде 14 мың бала тексерілуден өтті.
Бүгінде шет ел клиникаларында емделетін аурулар тізбесі 20-дан 8-ге азайды. Сөйтіп, елімізде бірегей операциялардың санын елеулі түрде ұлғайтуға мүмкіндік туды. 2010 жылы 10 мың кардиохирургиялық, оның ішінде 3 мыңнан аса ашық жүрекке операциялар жасалды. Биыл Ұлттық кардиохирургиялық орталықта жүректі ауыстырып салудың алғашқы операциясы сәтті аяқталды. Енді бауырды ауыстырып салу отасы жасалатын болады. Міне, осыған қарап-ақ Қазақстан медицинасының жоғары сапалық деңгейге көтерілгенін анық байқауға болады.
Тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру анағұрлым көбейді. 2011 жылы бұл салаға 600 миллиард теңге бөлінді. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауға 380 млрд.теңге қаражат қарастырылған. 2002 жыл Президенттің Жарлығымен Денсаулық жылы болып жарияланғаны белгілі. Тұрғындар жаппай профилактикалық тексерулерден өтіп, ауруханалар мен емханалардың нақты жағдайы, медициналық жабдықтардың жай-күйі, дәрі-дәрмектің сапасы жан-жақты сараланды. Нақты деректер негізінде мемлекеттік бағдарлама әзірленді. Қаржылық ресурс көздері қарастырылды. Оның нәтижесін бүгінде жұртшылық жақсы сезініп отыр. Тарқатып айтар болсақ, бес жылда барлық емдеу желілері қалпына келтірілді. Көптеген денсаулық сақтау объектілеріне күрделі және ағымдық жөндеулер жүргізілді. 500 жаңа аурухана бой көтерді. Емдеу орындарының материалдық-техникалық базалары жақсарып, осы заманғы медициналық қондырғылар орнатылды. Бір сөзбен айтқанда, денсаулық сақтау саласын сапалық деңгейге көтеру жолдары тиімді пайдаланылды. Қазақстан – балалардың пневмококк инфекциясына тегін вакцинациялауды және ересектерге В және С гепатитіне вакциналауды жүргізетін бұрынғы Кеңес Одағындағы жалғыз ел. Оларды мемлекет есебінен емдеуді бастау үшін скрининг аясында науқас балалар мен ересек адамдарды анықтау зерттемесі жүргізілуде. Балалар тегін дәрілер ала бастады. Сондай-ақ науқас түріне қарай қымбат дәрі-дәрмектер жеңілдікпен беріледі. Елімізде тұрғындарды, әйелдер мен балаларды профилактикалық, иммунопрофилактикалық тексерулерден өткізу қалыпты құбылысқа айналды.
Денсаулық сақтау саласының тиімділігі әркез бөлінген қаражат көлеміне байланысты емес екенін ескерте кеткіміз келеді. Әртүрлі табыс көздерінен медицинаға қаражат қарастыратын елдер бар. Мысалы, АҚШ. Алайда, мұхиттың арғы жағалауындағы мемлекетте халықтың 15 %-ы медициналық қызметтерге қол жеткізе алмайды. Сарапшылар жоғары технологияларды қоспағанда, екпе жасау, туберкулез, диабет және тағы басқа ауру түрлері бойынша медициналық қызметтердің қарапайым түрлерімен халықты қамтамасыз ету жайына алаңдаулы. Батыс елдерінің азаматтары жүрекке немесе буындарға операция жасату сияқты жоғары мамандандырылған медициналық көмекті сақтандырусыз немесе ақшасыз ала ала ма? Жоқ. Ал бізде алыс орналасқан ауылдың тұрғыны осындай көмекті тегін ала ала ма? Әрине, және тұрған өңірінде ота да жасата алады. Міне, денсаулық сақтау жүйелеріндегі принципті айырмашылықтар осындай салыстыруларда айқын аңғарылады. Біздің медицина саласындағы бағдарламаларымызды еуропалық елдер де қуаттап, қолдап отыр.
Республика бойынша 201 денсаулықты нығайту орталықтары, олардың ішінде медицинаның профилактикалық бағыттылығын күшейту мақсатында ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдары жұмыс істейді. Олардың қызметі аурулардың алдын алуға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Ана мен бала денсаулығын сақтау мемлекеттің негізгі басымдық саясаты болып табылады. Қысқа мерзім ішінде Астана, Алматы, тағы басқа қалаларда жоғары мамандандырылған көмек көрсететін ана мен бала денсаулығы ұйымдарының кешенді желісін құруымыз – соның айқын дәлелі.
Іске асырылған шаралардың нәтижесінде ана өлімі 1,5 есеге, баланың шетінеуі 15%-ға төмендеді.
Жиырма жылда Қазақстан медицинасы алға қарыштап дамыды. Мемлекеттің жүйелі қолдауы арқасында денсаулық сақтау саласында жаңа жүйе орнады. Ол түпкі нәтижеге бағдарлануымен сипатталады. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Елбасы Жолдауында 2020 жылға таман орташа өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа дейін ұлғайту атап көрсетілді. Ол үшін бала мен ана өлімін азайту, қатерлі аурулардың алдын алу секілді шаралар ұлттық міндет болып табылады.