Мемлекеттiк
мекемелер өздерiнің кассаларында банктен
чек бойынша және корпоративтік төлем
карточкасын пайдалану арқылы алынған
қолма-қол ақшаны қызмет көрсететiн банктен
ақша алған күндi қоспағанда, 3 жұмыс күн
нен артық емес сақтайды.
Мемлекеттік
мекеме кассаға қабылдаған қолма-қол
ақшаны Банкке қабылдаған күннен бастап
үш жұмыс күннен кешіктірмей қолма-қол
ақшаның тиісті бақылау шоттарына:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерге
түсімдерді есептеумен және шығыстарды
жүргізумен;
2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
сатудан түсетін ақшаны есептеумен және
олардың есебінен шығыстарды жүргізумен;
3) олар Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес алған мемлекеттік
мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық
көмектен түсетін ақшаны есептеумен және
жұмсаумен;
4) тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға
белгілі бір жағдайлар басталған кезде
олардың қайтарымдылық негізінде не аудару
шарттарында жеке және (немесе) заңды тұлғалар
Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге
берілетін ақшаны аударумен байланысты
операцияларды есепке алу үшін тапсырылады.
Ақшаны, оларды алдын ала тиiстi қолма-қол
ақшаның бақылау шоттарына тапсырмастан,
пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
«Мемлекеттік
мекемелерде кассалық
операциялар жүргізудің ережесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2000
жылғы 25 сәуірдегі № 195
бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1. «Мемлекеттік
мекемелерде кассалық операциялар
жүргізудің ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министінің
2000 жылғы
25 сәуірдегі № 195 бұйрығына (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 1135 тіркелген, нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 1483 тіркелген Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы
19 наурыздағы № 146 бұйрықтарымен өзгерістер
мен толықтырулар енгізілді) мынадай өзгерістер
мен толықтырулар енгізілсін:
- көрсетілген
бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде
кассалық операциялар жүргізудің ережесінде:
- бүкіл мәтін
бойынша:
- «шығыстардың
сметасын», «шығыстардың сметасы», «шығыстардың
сметасымен», «шығыстар сметасы» деген
сөздер «қаржыландыру жоспарын», «қаржыландыру
жоспары», «қаржыландыру жоспарымен»
деген сөздермен ауыстырылсын;
- «ақылы қызмет
көрсетулердi» деген сөздер «тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)»
деген сөздермен ауыстырылсын;
- «депозиттік
сома» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалардың
уақытша орналастыру ақшасы» деген сөздермен
ауыстырылсын;
- 1-тармақта
«және қолма-қол ақшаны есеп айырысуда
пайдаланудың шектi сомасын» деген сөздер
«, сондай-ақ, қолма-қол ақшаның сақталуын
және кассалық тәртіптің сақталуын бақылауды
қамтамасыз етуге қажет талаптарды» деген
сөздермен ауыстырылсын;
- 2-тармақ
мынадай редакцияда жазылсын:
- «2. Мемлекеттік
мекемелердің мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне
жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді,
сондай-ақ стипендиялар, жеке тұлғаларға
төлемдер төлеу жөніндегі кассасы арқылы
кассалық операцияларды жүзеге асыру
мынадай жағдайларда жүргізіледі:
- төлем карточкасын
жасау;
- төлем карточкасын
жасау кезеңінде төлем карточкасының
жұмыс істеу мерзімінің өтуі немесе оның
жоғалуы;
- банктің
мемлекеттік мекеме орналасқан жерде
болмауы не алыс болуы;
- сайлау комиссиясының
мүшелерінде, консультанттарда, сарапшыларда,
сараптау лингвистикалық комиссиясының
мүшелерінде және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес сайлау бойынша, сайлау
өткізуге қатысушыларда, сондай-ақ кандидаттарда,
мәслихат депутаттарында Қазақстан Республикасының
сайлау жөніндегі заңнамаларында көзделген
жалақыны өтеу үшін олардың негізгі жұмыс
орны бойынша карт-шотының немесе жинақтау
шотының болмауы.
- Мемлекеттік
мекеменің орналасқан жері бойынша төлем
карточкаларына қызмет көрсету жөнінде
пункттер мен қондырғылар болмаған жағдайда,
шығыстардың экономикалық сыныптамасының
ерекшеліктері бойынша қазынашылықтың
аумақтық бөлімшесінің чектері бойынша
қолма-қол ақшаны алуға жол беріледі.»;
- 3 және 4-тармақтар
алып тасталсын;
- 5-тармақ
мынадай редакцияда жазылсын:
- «5. Мемлекеттік
мекеменің кассасындағы қолма-қол ақша
қалдығының күн сайынғы лимиті осы Ереженің
2-тармағында көзделген жағдайларда,
151 «Ел iшiндегі iссапарлар мен қызметтiк
сапарлар» және 152 «Елден тыс жерлерге
iссапарлар мен қызметтік сапарлар» ерекшеліктері
бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың
жеке жоспарының бекітілген жылдық сомасын
ескере отырып, мынадай шекте белгіленеді:
- 5 млн. теңгеге
дейiн - 50 айлық есептік көрсеткіш;
- 5 млн. теңгеден
20 млн. теңгеге дейiн - 150 айлық есептік
көрсеткіш;
- 20 млн. теңгеден
жоғары - 500 айлық есептік көрсеткіш.
- Ағымдағы
қаржы жылы бюджет шотына есептеуге тапсырылмаған
мемлекеттік мекеменің кассасындағы қолма-қол
ақшаның қалдығы жаңа қаржы жылында кейін
оларды тиісті бюджетке аудара отырып,
206106 «Бұрын республикалық бюджеттен алынған,
пайдаланылмаған қаражатты қайтару» және
206107 «Бұрын жергілiктi бюджеттен алынған,
пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы»
кірістердің бюджеттік сыныптамасының
кодтары бойынша міндетті түрде қайтарылады.»;
- 7-тармақта:
- бірінші
абзац мынадай редакцияда жазылсын:
- «7. Мемлекеттік
мекеме кассаға қабылдаған қолма-қол ақша
оларды екінші деңгейдегі банктерге немесе
банк операцияларының тиісті түрлеріне
(бұдан әрі - банк) Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдарға
қабылдаған күннен бастап үш банктік күннен
кешіктірмей қолма-қол ақшаның тиісті
бақылау шоттарына есептеу үшін тапсырылады:
мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
сатудан түсетін түсімдер және олар бойынша
жасалған төлемдер бойынша операцияларды
есепке алу үшін; мемлекеттік мекемелер
үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен
түсетін түсімдер және олардың есебінен
жасалған төлемдер бойынша операцияларды
есепке алу үшін; жеке немесе заңды тұлға
ақша бірінші талап ету бойынша ма немесе
белгілі бір мезгілден кейін бе, толық
немесе бөліктермен бе, тікелей жеке немесе
заңды тұлғамен алдын ала келісілген үстемақымен
ба не осынысыз ба, не тиісті республикалық
немесе жергілікті бюджеттерге берілген
байланыссыз оларды атаулы көрінісінде
қайтару шартымен мемлекеттік мекемеге
берілетін ақша бойынша операцияларды
есепке алу үшін (бұдан әрі - жеке немесе
заңды тұлғалардың уақытша орналастыру
ақшасы).»;
- екінші абзацта
«шоттарға» деген сөз «қолма-қол ақшаның
бақылау шоттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
- 8-тармақ
мынадай редакцияда жазылсын:
- «8. Мемлекеттік
мекемелердің қолма-қол ақшаны екінші
деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының
тиісті түрлеріне (бұдан әрі - банк) Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы
бар ұйымдар арқылы алуы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы
№ 225 қаулысымен бекітілген Республикалық
және жергілікті бюджеттердің атқарылу
ережесінде анықталған тәртіппен жүргізіледі.»;
- 9-және 10-тармақтар
алып тасталсын;
- 12-тармақтың
екінші абзацында «осы Ереженiң 9-тармағына
сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
- 23-тармақтың
4) тармақшасының екінші абзацында «10»
саны «12» санымен ауыстырылсын;
- 24-тармақтың
бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен
толықтырылсын:
- «Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық
департаментінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 548 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік
мекемелерге арналған бухгалтерлік құжат
нысандарының альбомында көзделген деректемелрдің
болу шартымен компьютер жүйелерді және
арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді
пайдалана отырып толтырылған кассалық
құжат бланктерін пайдалануға жол беріледі.»;
- 29-тармақ
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
- «Мемлекеттік
мекемелерде бухгалтерлік есепке алу
мен қаржылық есеп беру туралы заңнаманы
сақтаған және кіріс және шығыс кассалық
құжаттарының толық сақталуын қамтамасыз
еткен жағдайда, кассалық кітап электрондық
түрде жүргізіле алады.
- Кассир компьютерлік
басылымдарды алғаннан кейін құжаттардың
дұрыс жасалғандығын тексереді, кіріс
және шығыс кассалық құжаттармен бірге
кассир есебінің бірінші данасына қол
қояды және бухгалтерияға береді, есептің
екінші данасы кассирде қалады.
- Қаржы жылы
аяқталғаннан кейін кассир есептің екінші
данасының негізінде касса кітабын қалыптастырады,
ол тігінделуі және мемлекеттік мекеменің
мөрімен расталуы тиіс.Парақтар саны басшы
мен бас бухгалтердің қолдарымен расталады.
- Касса кітабын
электрондық түрде жүргізген жағдайда,
касса құжаттарын өңдеудің бағдарламалық
құралы жұмысының дұрыстығын және толтырылатын
нысандардың Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Қазынашылық департаментінің
1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 548 бұйрығымен
бекітілген Мемлекеттік мекемелерге арналған
бухгалтерлік құжат нысандарының альбомына
сәйкес келуін тексеру жүргізіледі.»;
- 30-тармақта
«203109 «Өзге де санкциялар мен айыппұлдар»
коды бойынша тиiстi бюджеттің» деген сөздер
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттiк мекемелер салатын басқа да
айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп
алулар», «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелермен алынатын басқа
да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар,
өндiрiп алулар» түсімдердің бюджеттік
сыныптамасының кодтары бойынша тиісті
бюджеттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
- 31-тармақта
«уәкілетті» деген сөз алып тастылсын;
- 35-тармақтың
екінші абзацында «милиция» деген сөз
«ішкі істер органдарының» деген сөздермен
ауыстырылсын;
- 42-тармақтың
екінші абзацы алып тасталсын;
- 43-тармақта
«Қаржы бақылау комитетінің» деген сөздер
«ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті
органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
- көрсетілген
Ережеге № 1 қосымша алып тасталсын;
- № 2 және
№ 3 қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға
сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- 2. Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті (Д.М. Шәженова) Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінде осы бұйрықтың
мемлекеттік тіркелуін және заңнамада
белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық
ақпарат құралдарында оның кейін жариялануын
қамтамасыз етсін.
- 3. Осы бұйрық
оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін
10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа
енгізіледі.
Қолданылған
әдебиеттер:
- Мырзагалиев
Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерік
есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы.
– Алматы: Экономика, 2008.-832бет.
- Бухгалтерлік
есеп: Оқулық. – Қарағанды, «Қарағанды
полиграфиясы» АҚ, 2009.568 бет.
- Қазақстан
Республикасы "Қаржы министрірінің
Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар
жүргізудің ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Қаржыминистрінің 2000 жылғы
25 сәуірдегі № 195 бұйрығына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы" 03.04.07
ж. № 103 бұйрығы