Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелді басқару қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 21:58, реферат

Описание работы

Несие тәуекелдігі – сыртқы және ішкі орта факторлары әсерінен қарыз алушы тұлғаның банк алдындағы өз міндеттемелерін орындаудан жартылай немесе толықтай айырылуы. Шынайы экономикаға жіберілген қарыздарды икемді басқарудың бірден – бір жолы – тәуекелдерді дұрыс басқара білу.

Работа содержит 1 файл

реферат.docx

— 19.83 Кб (Скачать)

Коммерциялық  банктердегі несиелік тәуекелді  басқару қызметі

     Несие тәуекелдігі – сыртқы және ішкі орта факторлары әсерінен қарыз алушы  тұлғаның банк алдындағы өз міндеттемелерін  орындаудан жартылай немесе толықтай айырылуы. Шынайы экономикаға жіберілген қарыздарды икемді басқарудың бірден – бір жолы – тәуекелдерді дұрыс  басқара білу.

     Қарыз алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін бірнеше факторларды  ескерген жөн:

  • Экономикадағы өзгерістерге сезімтал қандай да бір салаға банктің несиелік қызметінің араласу деңгейін;
  • Қиындықты айтарлықтай сезінетін клиенттерге тиесілі болатын несиелер мен басқа да банктік мәмілелердің үлес салмағын;
  • Жаңа, дәстүрлі емес, аз зерттелген салаларға банктің араласу деңгейін;
  • Несиелер ұсыну, банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру бойынша саясатқа жиі өзгертулер мен толықтырулардың жасалуын;
  • Жаңа және жақында тартылған клиенттердің үлес салмағын;
  • Аз уақыттың ішінде тәжірибеге жаңа қызметтердің неғұрлым мол түрін енгізуін;
  • Тез құнсызданатын немесе нашар өтімді кепілзаттарының қабылдануын.

   Несие тәуекелділігін басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін кемшіліктер деп келесілерді  атауға болады:

  • Несиелік саясат туралы жазбаша құжаттың болмауы немесе нашар дайындалуы;
  • Несиелік портфель концентрациясына қатысты шектеу қойылмауы;
  • Несиелік жетекшілердің орталықтандырылуы мен деорталықтандырылуы;
  • Несиелік объектінің жеткіліксіз талдауы;
  • Қарыз алушыны үстіртін талдау;
  • Кепілзатының асыра бағалануы;
  • Клиентпен байланыстың жиі болмауы немесе тіптен болмауы;
  • Бақылау аралығының ұзаруы (кәсіпорындарды несиелеуде) немесе тіптен жүргізілмеуі;
  • Құжаттарға байланысты жеткіліксіз бақылау;
  • Қарыз қаржыларды шектен тыс қолдану;
  • Несиелік құжаттар топтамасының толық болмауы немесе қатаң қадағаланбауы;
  • Несиелік процесті тиімді бақылап, уақытында аудиторлық тексеруге ұсынбау және т.с.с

   2005 – 2009 жылдар аралығында жылдан  – жылға артып келе жатқан  ЕДБ несиелері бойынша берешек  сомалардың артуы көптеген ішкі  және сыртқы факторларға байланысты, бүгінгі күні оның бастылары  болып Әлемдік экономиканың бұдан  әрі бәсеңдеуі, ірі экономикалық  державалардың рецессиясы және  әлемдік қаржы институттарының  тұрақсыздығы жағдайында тек  қана қаржылық емес, сонымен қатар  тауар нарықтарының да қолайсыз  конъюнтурасы  Қазақстанда экономикалық  өсудің бұдан әрі бәсеңдеу  тәуекелділігінің күшеюіне және  төлем балансын қаржыландырудың  тапшылығына әкелуде, бұл елдің  ішкі ресурстарымен қатар халықаралық  резервтеріне де әлеуетті жүктемені  ұлғайтуда (1 – кесте).

   Ал  енді нақты банк мысалында несиелік тәуекелді басқару қызметіне  талдау жасау мақсатында «БТА Банк»  акционерлік қоғамының несиелік тәуекелді басқару саясатын қарастырамыз.

   Банктер қаржылық ұйымдар ретінде белгілі  бір тәуекелдерге бейім болып  келеді. Тәуекелдерді басқару құрылымы қызметтің белгілі бір түрлерімен байланысты тәуекелдерді жылдам анықтау  және бағалауға қатысты ұйымдастырылған. Банктің күн сайынғы қызметінің ажырағысыз бөлігі ретінде тәуекелдерді басқару процесі маңызды болып  табылады.

   Өтімділік тәуекелі, несиелік тәуекел және сауда  операцияларымен және саудалық емес қызметпен байланысты тәуекелдерге жіктелетін нарықтық тәуекел, Банктің  капиталы мен табыстары әсер етуі мүмкін операционды тәуекелдер ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

   «БТА  Банк» акционерлік  қоғамында  тәуекелдерді басқару құрылымы келесі суретте бейнеленген (1 – сурет).

   1 – суретте Банктің тәуекелдерді  басқару құрылымы беріліп отыр. Осы құрылымда бейнеленгеннің  әрқайсысына жеке – жеке тоқталып  өтейік.

   Директорлар кеңесі. Тәуекелдерді басқару процесі  тікелей Директорлар кеңесіне бағынады және есепті болады. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқаруға жалпы тәсілдеме  жасауға, тәуекелдерді басқару бойынша  саясатты бекітуге және тәуекелдерді  басқару бойынша стратегиялық шешімдерді қабылдауға жауапты болады.

   Тәуекелдер  бойынша комитет. Тәуекелдер бойынша  комитет тәуекелдерді басқару бойынша  Банк қызмет жүзеге асырады, нормативтік  құжаттарды бекітуге қатысты басқарушылық шешімдер қабылдайды, бөлімше қызметтерінің  бағыттарын анықтайды.

   Тәуекелдерді  басқару бөлімшелері. Тәуекелдерді басқару бойынша бөлімшелер тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және бақылауға  жауап береді. Бұл бөлімшелер Тәуекелдер бойынша комитетке және Басқармаға есеп береді.

   Тәуекелдерді  басқару. Тәуекелдерді бақылау бөлімшелері  бүкіл Банк бойынша тәуекелдерді басқару қағидалары мен саясатының және тәуекелдер лимиттерінің сақталуына бақылау жасайды. Сонымен қатар  бұл бөлім тәуекелдерді бағалау  жүйесі мен тәуекелдер туралы есептілікке  ақпараттардың толық жинақталуын  қамтамасыз етеді.

   Ішкі  аудит. Ішкі аудит тәуекелдерді бақылауды  қоса алғанда, ішкі бақылаудың ең маңызды  құрамдас бөлігі болып табылады. Ішкі аудит бөлімі Банктің ішкі тәртіптерінің  жеткіліктілігін тұрақты тексеріп отырады. Нәтижелер Директорлар  кеңесінің қарауына ұсынылады, ал ол өз кезегінде кемшіліктерді жою  үшін сәйкес шешімдер қабылдайды.

   Тәуекелдерді  бағалау және тәуекел туралы ақпараттарды беру жүйесі. Банк тәуекелдері әдеттегі қызмет барысында пайда болуы  ықтимал күтілетін залалдарды, сонымен  қатар статистикалық модельдер  негізінде соңғы нақты залалдарды бағалауды білдіретін күтілмеген залалдарды айқындайтын әдістер көмегімен  бағаланады.  Модельдерде өткен  тәжірибеден алынған және экономикалық жағдай есебімен түзетілген ықтимал  мәндер қолданылады.

   Тәуекелдер  моноторингі мен бақылауы ең бастысы, Банк тарапынан белгіленген лимиттерге негізделеді. Мұндай лимиттер қызмет жүргізу  стратегиясы мен банк қызмет ететін нарықтық жағдайларды, сонымен қатар  Банк қабылдауға дайын тәуекелдер деңгейін айқындайды.

   Қызметтің барлық түрлері бойынша алынған  ақпараттар тәуекелдерді талдау, бақылау  және алдын – ала анықтау мақсатында зерттеледі және өңделеді. Аталмыш  ақпараттар түсіндірмелерімен Басқармаға,Тәуекелдер бойынша комитетке және әрбір  бөлімшенің басшыларына ұсынылады. Тоқсан сайын басқарушы персонал несиелік жоғалтуларға резервтер құру қажеттіліктерін анықтайды. Тоқсан сайын Директорлар кеңесі Банк тәуекелдерін бағалау үшін және сәйкес шешімдер қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттар берілген тәуекелдер туралы есептілікті  алып отырады.

   Банктің тәуекелдерді басқару шеңберінде пайыздық мөлшерлемелер, айырбас бағамындағы, сонымен қатар болжалды мәмілелер  бойынша жайғасымдардағы өзгерістер салдарынан пайда болатын жайғасымдарды  басқару үшін туынды және өзге құралдар қолданылады. Банк өзінің несиелік тәуекелін  төмендету үшін қамтамасыз етуді  қолданады.

   Несиелік  тәуекел – Банктің клиенттері немесе контрагенттері тарапынан келісімшарттағы  міндеттемелерін орындамауы салдарынан залалдардың пайда болу тәуекелі.

   Банк  несиелік тәуекелдерді жеке контрагенттер, тәуекелдің салалық немесе географиялық шоғырлануы бойынша Банктің қабылдауға дайын тәуекелдердің шекті көлемін  белгілеу жолымен, сонымен қатар  белгіленген тәуекел лимиттерінің сақталуының моноторингі көмегімен  басқарады.

   Банкте  Несиелік комитеттер жүйесі қызмет етеді, олар  несиелік тәуекелді басқаруға  жауапты болады және қарыз алушыларға жеке лимиттер белгілейді және Басқарманың  бекітуімен несиелер қоржынына лимиттер ұсынады.

   Несие алушыны қаржыландыру туралы шешімді  қарастырылып отырған қарыз алушыға  қойылатын лимит шегінде сәйкес Несиелік комитет қабылдайды. «БТА Банк» тарапынан қазақстандық заңнама  талаптарын ескере отырып, қамтамасыз ету көлемін жүйелі түрде қайта  қарауды қоса алғанда, контрагенттердің несиелік қабілеттілігіндегі мүмкін өзгерістерді алдын – ала анықтауды қамтамасыз ету үшін несиелік сапаны тексеру  тәртібі жасалған. Контрагенттер  бойынша лимиттер әрбір контрагентке несиелік рейтинг бере отырып, несиелік тәуекел сыныптамасының жүйесін  қолданумен анықталады. Рейтингтер тұрақты  түрде қайта қаралып отырады. Несиелік сапаны тексеру тәртібі  Банк бейім болып келетін тәуекелдер бойынша әлеуетті залалдар көлемін  бағалауға және қажетті шаралар  қолдануға мүмкіндік береді.

   Клиенттердің  мерзімі өткен несиелері тек  бірнеше күнге мерзімі өткен  несиелерден тұрады. 2 – кестеде  көрініс тауып отырғандай,  2009 жылы мерзімі өтпеген және құнсызданбаған несиелер көлемі 2008 жылмен салыстырғанда  төмен болған, яғни 2008 жылы мерзімі  өтпеген және құнсызданбаған несиелер көлемі 1 406,0 млрд. теңгені құраса, 2009 жылы небәрі 698,1 млрд. теңгені болған. Бұл әрине жалпы несиелер көлемімен қарағанда 2009 жылы мерзімі өтпеген және құнсызданбаған несиелердің өте төмен деңгейде екендігін көрсетіп отыр. Ал жеке негізде мерзімі өткен және құнсызданған несиелер көлемінің динамикасы келесі суретте көрініс тапқан (2 – сурет).

   Жалпы банк бойынша мерзімі өткен және құнсызданған несиелер көлемі 2009 жылы өткен жылдармен салыстырғанда  едәуір көлемге өскен. Атап көрсетсек, 2007 жылмен салыстырғанда 2165,7 млрд. теңгеге, 2008 жылмен салыстырғанда 1037,8 млрд. теңгеге  ұлғайып, 2466,1 млрд. теңгені құрап  отыр. Яғни, бұл бірнеше күнге  мерзімі өткен несиелер көлемінің  артуы банкте несие тәуекелділігінің бар екендігін көрсетіп отыр.

   Банктің несиелік тәуекелді басқару саясатына  сәйкес Банк өзінің несие қоржыны  шеңберінде нақты және реттілікті рейтингтер беруді жүзеге асыру қажет. Бұл бар  тәуекелдерді тиімді басқару мүмкіндігін  қамтамасыз етеді, сонымен қатар  қызметтің әртүрлі түрлері, географиялық аймақтар және өнімдер бойынша несиелік тәуекел көлемін салыстыруға  мүмкіндік береді. Рейтингтерді беру жүйесі бірқатар қаржылық – аналитикалық әдістерге, сонымен қатар контрагенттер  тәуекелдерін бағалау үшін негізгі  бастапқы ақпаратты білдіретін өңделген нарықтық мәліметтерге негізделеді. Тәуекелдің барлық ішкі санаттары түрлі санаттар есебімен және Банктің рейтинг беру саясатына сәйкес анықталады. Рейтингтің эквиваленттік санаттары тұрақты  түрде бағаланады және жаңаланып  отырады.

   Келесі  кестеде мерзімі өткен, бірақ  төлемнің кешіктірілген мерзімінен өткен мерзім бойынша құнсызданбаған қаржылық активтер класының шеңберінде несиелер келесі кестеде берілген (3 – кесте).

   Кесте мәліметтеріне сүйенетін болсақ, 2009 жылы мерзім 30 күннен төмен мерзімге кешіктірілген несиелер көлемі өткен  жылмен салыстырғанда 1,4%-ға артып, 31 354,0 млн. теңгені құраған. Алайда олардың құрылымына талдау жасайтын болсақ, коммерциялық несиелеу көлемі 2009 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда 13,5%-ға, ШОБ кәсіпорындарын несиелеу 15,3%-ға қысқарса, жеке тұлғаларды несиелеу бойынша мерзімі 30 күннен кешіктірілген несиелер көлемі 29,5%-ға артқан.

   Несие тәуекелін басқару бірнеше кезеңдерден  тұратын белгілі бір реттілікпен  ұйымдастырылған әрекеттерді білдіреді. Бұл кезеңдер келесі тәртіпте көрініс  табуы мүмкін:

  1. Тәуекелді сәйкестендіру (несиелік тәуекелдер факторын анықтау);
  2. Несиелік тәуекел дәрежесін бағалау;
  3. Тәуекел стратегиясын таңдау (тәуекелді қабылдау туралы шешім, тәуекелмен байланысты әрекеттерден бас тарту немесе тәуекел дәрежесін төмендету);
  4. Тәуекелдерге бақылау жасау. Тәуекелдерді төмендету әдістерін таңдау және қолдану;
  5. Тәуекелдер моноторингі. Тәуекел дәрежесіне бақылау жасау.

Информация о работе Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелді басқару қызметі