Комерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 21:32, курсовая работа

Описание работы

Егеменді Қазақстан Республикасы басынан шиленістер мен аңғалдықтарды аз кешірген жоқ. Ендігі таңда еліміз тұрақталып, шаруашылық белсенділікке түсуде. әрбір мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізіде қажетті рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады.
Тәуелсіздікті алғаннан бері Қазақстан Республикасында қаржы делдалдар функцияларын орындайтын қаржы институттары қалыптасты. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін қаржы институттары құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.

Работа содержит 1 файл

комерциялық банктер.doc

— 42.50 Кб (Скачать)
 

Кіріспе 

     Егеменді  Қазақстан Республикасы басынан  шиленістер мен аңғалдықтарды аз кешірген жоқ. Ендігі таңда еліміз тұрақталып, шаруашылық белсенділікке түсуде. әрбір  мемлекеттің деңгейі мен негізін  анықтауда экономика негізіде қажетті  рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады.

     Тәуелсіздікті алғаннан бері Қазақстан Республикасында  қаржы делдалдар функцияларын орындайтын қаржы институттары қалыптасты. Әрбір  елдегі нарықтық қатынастардың маңызды  бөлігін қаржы институттары құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.

     Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі оның аумағында КСРО несиелік жүйесінің  филиалдары мен бөлімдері жұмыс  жасады. Жетпіс жыл бойы республикадағы несиелік -  банктік қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік ұсақ регламенттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті. Банктер нарықтық экононмикада делдал болып табылады және қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналды.

     Банктердің  нарықтық экнонмикадығы рөлі мемлекеттік  меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және тағы басқа байланысты экономиканы басқару орган ретінде  көрінеді.

     Қазақстанда банктік реформаны жүргізу нәтижесінде  екі деңгейлі банктік жүйе құрылды. Ұлттық банк (жоғары деңгей) және коммерциялық банктер (төменгі деңгей).

     Несиелік  жүйенің төменгі буыны халық  шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең  көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер тарабынан  тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

     Қоғамның  барлық даму деңгейінде оның белсенділігі  коммерциялық банктердің іс-әрекетімен сабақтасып, байланысып отырады. Көптеген несиелеу, жинақтау, ақша қаражатын шоғырландырып, есеп жұмыстарын жүргізетін бірден-бір орын  - бұл коммерциялық банк.

     Қазіргі кезде коммерциялық банк – заңды  тұлға, Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес депозиттік, кассалық, аударымдық, есептік, ссудалық және басқа да операциялар орындайтын коммерциялық ұйым.

     Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, олардың қызметтері мен операциялары. Коммерциялық банктердің түпкілікті мәнін, типтерін қарастырып, оның ұйымдастырылу құрылымының ерекшеліктерін, қызметтері мен операцияларына талдау жүргізіп, еліміздегі банктердің даму белгілерін зерттеу.

     Бүгінгі таңда коммерциялық банктердің іс-әрекеттеріне бірқатар жаңашылдықтар енгізілуде. Жұмыс барысында мен оны да қарастырмақшымын.

     Экономикалық  жағдайдың тұрақсыздығы салдарынан, өзгермелі сипатына байланысты банктердің жұмыстары әрқашанда бірыңғай түрде жүріп отырады деп айту қиын, сондықтан да оны тұрақтандырып, ары қарай дамыту үшін бірқатар жетілдіру шараларын жүргізу маңызды болып табылады.  

      Коммерциялық  банктер түсінігі және олардың жіктелуі. 

     “Коммерциялық банк” термині банк ісінің ертеректегі  даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар  айырбасы операциялары мен төлемдеріне  қызмет көрсетуі барысында пайда  болды. Негізгі клиенттері саудагерлер  болған. Бірақ өнеркәсіптің дамуымен және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге сфераларына  қызмет көрсете бастағандықтан да банктің “коммерциялық” деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол  банктің “іскер” деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық опреациялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

     Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің  басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызттерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде.

     Сонымен қатар банктер қаржы делдалы ретінде ақша каптиалын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халықшаруашылық қызметін атқарады.

     Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне екі жүзге жуық әр алуан өнімдер  мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

     Бұл операциялардан болған зиян, екінші бір  опреациялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған  барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша – несие нарығының жағдайына көндігітін қабілетінің барлығын көрсете алады.

     Коммерциялық  банктер мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Жарғылық  капиталдың қалыптасуына қарай:
    • мемлекеттік;
    • акционерлік;
    • жеке;
    • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
    • аралас (шетел капиталының қатысуымен).
  2. Операцияларының түрлеріне қарай:
    • әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және
    • маманданған, яғни бір салаға ғана қызмет көрсететін банктер.
  3. Аумақтық белгісіне қарай:
    • халықаралық;
    • мемлекетаралық;
    • ұлттық;
    • аймақтық.
  4. Салалық белгісіне қарай:
    • өнеркәсіптік банктер;
    • сауда банктері;
    • ауылшаруашылық банктері;
    • құрылыс банктері:
    • басқалары.
  5. филиалдар санына қарай:
    • филиалсыз;
    • көп филиалды.
  6. Капитал мөлшеріне қарай:
    • I разядты:
    • II разрядты;
    • III разрядты.
 

     Қазақстан Республикасындағы банктік жүйеде 01.07.2003 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға Қазақстан даму банкі мен Эскимбанк, ал шетел каптиталының қатысуымен (100% - 10 банк, 50%-дан аса – 4 банк) құрылған банктерде саны  - 14, оның ішінде, еншілес банктер – 10.

     Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын  акцияларын сатудан түсетін түсімдерден  құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.  Жай  акция – оның иелеріне сол қоғамды  басқару ісіне араласуына, оның пайдасына дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция – оның иесіне қоғамды басқаруына қатысатынына қарай құқық бермегенімен, уақытылы, яғни қоғамның пайдысна байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен  бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

     Егер  де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам  түрде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі  құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздерін тиісті үлем шегінде ғана міндеттемелеріне жауап береді.

     Банктің ұйымдастырылу және құқықтық формасына  байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.  Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тиым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаржаттар есебінен құрылуы мүмкін.

     Тіркеуге  алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық  құжатта хабарланған, оның акционерлерінің  сомасының 50% төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап 1 жыл ішінде оның жарияланған сомасы толық төленуге тиісті.

     Еліміздегі банктерге келсек, 2009 жылдың 1 мамырына қарай II деңгейдегі банк – 35, 1 – мемлекеттік, 16 – шетел мекемелерінің қатысуымен, 18 – акционерлік қоғам бар екендігі анықталды. 24 коммерциялық банктің филиалдық желісі бар, жалпы саны 354. “Халық банк” – 149,    “Казкоммерцбанк” – 23, “Каспий” банкі, “Туран Алем” – 22 филиалы бар. 21 банктің есептеу кассалық бөлімшесі бар. Саны 1038. осының ішіндегі ККБ-ке тоқталсақ, ол 1990 жылы құрылған, 67 РКО және Лондонда шетелдік уәкілдігі бар. Банктің 2003 жылдың 30 маусымындағы еншіліс компаниялары төмендегідей: 

       

Информация о работе Комерциялық банктер