Бухгалтерлик баланс жане есеп шоттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 23:54, реферат

Описание работы

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.

Содержание

I .<<Қазақстан Темір жолы>> Ұлттық компаниясы>>АҚ <<Шаруашылық
басқарма>> филиалының құрылу тарихы және құрлымы, қызметтері.
1. Қазақстан Темір жолының құрылу тарихы
2. Қазақстан Темір жолының құрлымы мен қызметі
II. .<<Қазақстан Темір жолы>> Ұлттық компаниясы>> АҚ <<Шаруашылық басқарма>> филиалының бухгалтерлік есебінің ұйымдастыруы
1.Қазақстан Темір жолының бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты
2.Қазақстан Темір жолының Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі

Работа содержит 1 файл

шынар.docx

— 38.41 Кб (Скачать)
           
 
       
         
         

  
 
 
 

                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           

                                       Жоспар

   I .<<Қазақстан Темір жолы>> Ұлттық компаниясы>>АҚ  <<Шаруашылық

    басқарма>> филиалының құрылу тарихы және құрлымы,  қызметтері.

  1. Қазақстан Темір жолының құрылу тарихы

  2. Қазақстан Темір жолының құрлымы мен қызметі

  II. .<<Қазақстан Темір жолы>> Ұлттық компаниясы>> АҚ <<Шаруашылық басқарма>> филиалының      бухгалтерлік есебінің ұйымдастыруы      

1.Қазақстан Темір жолының бухгалтерлік есепті жүргізудегі  саясаты 

2.Қазақстан Темір жолының Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   I .<<Қазақстан  Темір жолы>> Ұлттық компаниясы>>АҚ  <<Шаруашылық

    басқарма>> филиалының  құрылу тарихы және құрлымы,  қызметтері.                                                                1.1. Қазақстан Темір жолының құрылу тарихы .

Қазақстан жеріндегі  тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде  РФ Саратов облысындағы Энгельс  қ.) - Орал тар табанды темір жол  телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін  ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі  Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ  даласын басып өтті.  
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.  
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.1914-1917 жылдарыболашақ Түрксібтің бір бөлігіЖетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.  
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.  
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей)122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.  
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.  
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.  
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынғанАқмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.  
1936-1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстырған, Саратовқа шығатын жол телімі - Орал-Елексалынды.  
1936-1944 жылдары соғылған, Ембінің мұнай кәсіпшілігін Оралмен байланыстырған, Ресейдің бірқатар аймақтарының арасындағы қатынасты жақсартқан Гурьев (Атырау)-Қандағаш-Орскі магистралі өзінің стратегиялық маңыздылығын Ұлы Отан соғысы кезінде дәлелдеді.  
1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қарағандының көмірін Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады. Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды.  
   1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды желісін құрайды.  
   Ал 1953 жылы Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буынының бірі Ақмола (Астана)-Павлодар (546 км) жолы салынды. Оның іске қосылуы Екібастұз көмір бассейнінің және осы жерге жақын аймақтардың тез дамуына жағдайлар жасады. (Тек 1953-1956 жылдардың өзінде Солтүстік Қазақстандағы тасымалдың көлемі 4 есеге артты).  
1950 жылдары тың жерлердің игерілуіне байланысты Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде темір жол құрылысы екпінді қарқынмен жүргізіліп жатты. 1955-1961 жылдары Есіл-Арқалық (224 км), 1959 жылға қарай Қостанай-Тобыл, 1960 жылы Тобыл-Жетіқара желілері салынды. 1950 жылдары Қазақстан теміржол жүйесінің тығыздығы екі есеге артты.  
   1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды. Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және Қазақстанды Сібір, Орал, Волга жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен қосып, барлық кеңістікті және меридионалды магистральдарды біріктірді.  
  1960 жылы шөлді өлкенің дамуына себепші болған Мақат-Маңғышлақ және Маңғышлақ- Өзен (жалпы ұзындығы 900 км) телімдері салынды. Қазақстан мен Ресей байланысының жандануына осы кезеңде салынған Гурьев-Астрахан желісін пайдалану зор ықпал етті.  
1964 жылы Қазақстанда бірінші болып жолдың Целиноград (Астана)-Қарағанды бөлігі электрлендірілді. Осы кезден бастап темір жолды электрлендіру жұмысы алға басты. Олар негізінен, республиканың солтүстік және орталық облыстарында жүргізілді. 1969-1970 жылдары Қарағанды-Магнитогорскі (1180 км) телімі электр тартымына ауыстырылды. 1980 жылдан бастап оңтүстіктегі Мойынты-Шу, Шенгелді-Арыс, Арыс-Түлкібас жолдарында электрлендіру өріс алды. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымға жетті.  
   1977 жылы Қазақ темір жолының негізінде үш жол құрылды:  
Тың, Алматы және Батыс-Қазақстан.  
Осы жылдары ондаған жаңа вокзалдар қайта тұрғызылды.Байланыс және белгі беру жүйелерінің, жол техникасының, электровоздар мен тепловоздардың жаңа түрлері іске қосылды. 1980 жылдан бастап автоматика және ақпараттық есептеу жүйелеріөндіріске белсенді енгізілді.  
   Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986 жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың темір жолы арқылы өткізілді.  
  1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды. 1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі салынды. 1956-1960 жылдары қазақстан әрі қытай жақтан екі елдің темір жолын қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы кеңес-қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы болған темір жолдардың түйісуі қазақстандық Достық стансасы мен қытайлық Алашанькоу стансасын қосатын шекара өткелін жасады. Осы жылдан кейін онда жүк құрамдарының қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі іске қосылды. Сол кезеңде Достық стансасының қайта тиеу және тасымалдау қуаты артты.  
Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.  
Бірінші кезең (1992-1996 жж.) - саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі.  
Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.  
Үшінші кезеңде(2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.  
2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне - 100 жылдығы мерейтойына жетті.  
  Бұл жылы Қазақстан темір жолының мерейтойы 100 жылдығы кең көлемде аталып өтті.Шойын жол тарихының маңызды кезеңдері аталып өтілді.Темір жолды жаңғырту, әлеуметтік саланы, теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсарту шаралары мен ірі құрылыстар аяқталды.  
2004 жылы ақпанда мерейтойлық оқиғалардың басы басталды. Ел Премьер министрі Даниал Ахметов темір жол көлігі саласының ардагерлері тобымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Премьер министр Даниал Ахметов сала жетекшілері мен теміржолға еңбегі сіңген ардагерлер құрамына кіретін "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанынан құрылған Консультативтік кеңесінің мерейтойды өткізу жөніндегі шешімімен таныстырылды.  
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Консультативтік кеңесі темір жол тарихын санауды ұзындығы 1668 км Орынбор-Ташкент магистралі құрылысының аяқталу уақытынан бастау туралы шешім қабылдады. Премьер министр темір жол көлігінің 100 жылдығы мерекесін атап өту туралы шешіміне наурыздың 12-сінде қол қойды. Мұны респубулика ҚР Президенті де қолдады. Сәуірдің 30-ында Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік датаны атап өтуге арналған медал шығару туралы Бұйрыққа қол қойды. Бұл мерекелік медаль төрт мыңнан астам теміржолшыларға бұйырды.  
Бұл жыл біздің елде өткізілген Еуропа мен Азияның 25 елінің теміржол басшыларының қатысуымен болған Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы Бас директорлары конференциясының 19-шы отырысымен тұспа-тұс келді.  
  Жоғары мәртебелі қонақтардың көзінше «Қазақстан темір жолының 100-жылдығына» арналған марка салтанатты түрде пошта айналымына енгізілді.  
Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде «Мудис инвесторс сервис» халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген «Қазақстан темір жолы» компаниясының ұзақ мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, коммерциялық көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарылауы себеп болды.  
    Әлем жолдарының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан теміржолының ғасырдан астам тарихы бар. Ол шетімен бұл шетіне айналып,жылдап жүріп әзер жететінқазақ байтақ даласының байлығын көздеген Ресейдің отаршыл патшылығы 1878 жылы осында теміржол салу жобасын бірнеше реет қарап, қыруар шығынға баруға тәуекел ете алмады. 1894 жылы Покровская Слобода – Орал арасындағы 424 шақырымдық енсіз теміржол арқылы Қазақстанжеріне теміржолдың алғашқы соқпағы түсті. 1901 жылы Орынбор – Ташкент теміржол құрылысы басталды. Қазақстан теміржолы тек кеңес үкіметі орнаған соң ғана шындап қолға алынды.

    1926 жылғы  Қарашаның 25 жұлдызында  ВКП(б)  орталық комитетинде Жетісу темір  жол құрлысы туралы мәселе  қаралып, сол жылдың желтоқсан   айының 3 жұлдызында  Еңбек және  Қорғаныс кеңесі <<  Түркісіб  – Сібір>> темір жол магистралін  салу туралы қаулы қабылдады.

   1927 жылдың  сәуір айында өткен КСРО –  ның VI съезі үкіметтің бұл қаулысын қолдап, Днепр өзенінде су электр станциясын және Жетісу темір жолын (болашақ Түрксіб) салу туралы шешім алды.

   Турксіб  темір жолы екі жақтан жүргізілді. 1927 шілденің 15 – ші жұлдызынды  Семей қаласында алғашқы рельстер  төселіп, сол жылғы 2 – ші  қарашада оңтүстік  бағыттан Луговой  станциясында темір жол құрылысы  басталды. Асыл азаматтар алға  қойған мақсаттарын орындап, халқының  болашағына жол ашты, елін қуанышқа  бөледі.             Темір жол тораптарында деполар, жол бойында станциялар, вокзалдар кеңсе ғимараттары, қоймалар, тұрғын үйлер, балабақша, мектептер бой көтеріп,, темір жол шаруашылығы құлашын кеңге жайды.

   Сөйтіп, ұзындығы 13 мың шақырымнан астам  жолы, 100 – ге жуық вагон және  локомотив деполары басқада көптеген  өндірістік құрылымдары, темір жолшылардың мұқтажын атқаратын жүздеген әлеуметтік мекемелер мен оқу орындары бар, жалпы саны 250 мыңдай адам қызмет істейтін іргелі теміржол шаруашылығы қазақ топырағында  дербес отау көтерді.

   Мұндай  үлкен сенімге алғашқылардың  бірі болып Қазақ темір жолы  басқармасының тұңғыш басшысы  Иван Задорожный, жол басшылығының  орынбасары Есен Дүйсенов, бас  инженер Жұмағали Омаров, сала  қызметкерінің басшылары  Төлеш  Тәженов, Фатима Күленова т.с.с  басшылар ие болды. Олар өз  салаларына ұзақ жылдар бойы  басшылық жасап, Қазақ темір  жолының одан әрі өркендеп, өсуіне  лайықты үлес қосты. 

   Қазақстан  темір жолы  қазір өзінің кемел  шағында. Су жолдарына қашық  ұланғайыр аумақты алып жатқан  еліміздің экономикасында темір  жол көлігінің маңызы ерекше. Бүкіл таымалданатын жүк айналымындағы  теміржолдың үлесі 82 пайыз құрайды.

    Маңғыстау  өлкесі Қазақстан Республикасының  оңтүстік батысында орналасқан. Жерінің жалпы көлемі 16,7 миллион  гектар, қатынас, жан – жақты  байланыс жағынан аймақ өте  тиімді орналасқан.

Одақтың ар жерінен  келген ондаған ұлттар өкілдерін  тұратын мыңдаған жұмысшылар ортақ мүдде жолында білек сыбаға іске кірісті , жанқиярлық еңбектің үлгісін көрсетті.Олардың қажырлыда жігерлі еңбегі нәтижесінде араға екі – үш жыл салып , яғни 1964 жылы екі жақтан тартылған теміржол маусым айының 29 –ында ном:8 және ном:9 бекеттерге келіп беттесті.Сөйтіп , Мақат пен Ақтау арасындағы кең далада 704 шақырымдық теміржол өмірге келді.

1964 жылы Ақтау  – Өзен теміржолының құрылысы жедел қолға алынып, 1965 жылдың 10 шілдесінде, мерзімінен алты ай бұрын, іске қосылды. Ал, ұзындағы 883 шақырымдық Өзен – Ақтау – Мақат теміржолы арқылы Маңғыстаудығы <<қара алтыны>> тиелген алғашқы эшолен Гурьевтің , Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жол тарты.1996 жылғы желтоқсанның  жылғы желтоқсанның 30 – ында теміржол тұрақты пайдалануға тапсырылып ,ол Маңғыстау темір жолының туған күні ретінде , өлке тарихында жазылды. 

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                 1.2. Қазақстан Темір жолының құрлымы мен қызметі.

    1920 жылғы  26 тамызда Қазақ АССР-і құрылғаннан  кейін    <<Түркісіб>>  темір жол жобасын жасау үщін  мемелекеттік комиссия құрылды.

    Сол кездегі КСРО Халық Комиссариаты кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың ұсынысымен комиссияға ьасшылық жасау Петербург құрылыс институтын бітірген қазақтың алғашқы инженері Мұхаметжан Тынышбаевқа жүктелді. Басшылық  тізгінін  қолына алған ол жетекшілік етумен  бірге қазақтардан  теміржолшы кадрлар даярлаумен де айналысты.

  1961 жылы Мақат  станциясының басына  № 137 монтаж  құрылыс пойызы (СМП), ал Маңғыстау қаласына №163 жылжымалы мехникаландырылған құрылыс колоннасы (СМПК) теңіз арқылы келіп қоныс тепті.Аталған екі құрылыс мекемесі ұшқан құспен аңнан еш қара жоқ құладүзде екі жақтан бір – біріне  қарама – қарсы теміржол желісін тарта бастады.Құрылыс алаңы <<Бүкілодақтық екпінді комсомол құрлысы>> деп жарияланды.

      Мақат – Маңғышлак  темір  жолы пайдалануға тапсырылғаннан кейін жол бойындағы тасымалдау процесін жетілдіру, темір жол обьектілерін пайдалану жедел басшылық жасау үшін1967жылдың басында Маңғыстау станциясы басынан атырау темір жол бөлімшесіне қарайтын Маңғыстау темір жол бөлімі құрылып , оған Шақан Жеделұлы Жеделов басшылық жасады.

Темір жол бөлімінің  одан кейінгі бастығы Халел Әлжанұлы Әлжановты ортақ іске өзіндік  қолтаңба қалдырды. Бейнеуден Өзенге дейінгі темір жол бойында  бой көтерген әрбір бекет, станциялар қызметінің ілгері басуы , кадрлердің шеберлігін арттыру жұмыстарын жолға қою осы кісінің есіммен тығыз байланысты.

Кәсіпорынға 1971 – 1986 жылдары басшылық жасаған Марат Айдарбаев пен Әмірхан Төрехановтың сіңірген еңбектері өз алдына бір төбе.

Есімі әлі күнге  ел аузында журген басшылардың бірі – Қыдыр Дәрменқұлұлы Қалағанов. Ол озі басшылық жасаған 1986 – 93 жылдар аралығында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту ісіне күрт бетбұрыс жасады.

1993жылы Атырау  темір жол бөлімшесі бастығының  орынбасары әрі Маңғыстау темір  жол бөлімінің бастығы болып  Табылды Әміров тағайындалды.

Қазақстан темір  жолындағы құрылымдық өзгерістерге орай <<Қазақстан темір жолы>>  РМК құрылғаннан кейін , оның 2000 жылғы 4 наурыздағы ном:24 – ц бұйрығымен Қазақстан Респупликасының Көлік және коммуникациялар министірлігі -   <<Қазаұстан темір жолы>> Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы Атырау тасымалдау бөлімшесінің Маңғыстау бөлімі болып сақталып қалды.

  1979 жылдан 1994 жылға дейін Атырау темір жол бөлімшесінің бастығы болып , 1997 – 98 жылдар батыс қазақстан темір жолын басқарып, 1999 жылдан <<Қазақстан темір жолы >> мемлекеттік кәсіпорынның бас директорының Батыс аймақтық өкілі қызметін атқарып жатқан Амангелді Сельбаев азаматтың Маңғыстаудағы теміржолдың өркендеуіне еткен еңбектері орасан зор болды. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет болып табылады. 
Филиал Қоғам қызметкерлерінің ұтымды, өнімді қызмет етуі үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау мақсатында құрылған. Филиал қызметінің мәні:  
филиалдың теңгерімінде есептелетін және оларға жанасатын аумақтағы
- ғимараттарда инженерлік коммуникациялардың, жабдықтардың авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;  
Қоғамның атынан Астана қаласының
- коммуналдық қызметтерімен Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттарды электр энергиясымен, жылумен, сумен, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шарттар жасасу;  
Филиалдың теңгерімінде
- есептелетін ғимараттардағы жөндеу-құрылыс жұмыстарының, ғимараттарға жанасатын аумақтарды абаттандыру бойынша жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау;  
Қоғам атынан әкімшілік пен өндірістік ғимараттарда жалпы
- жөндеу, өрлеу жұмыстарын және эанасатын аумақтарды абаттандыру жұмыстарын орындауға шарттар жасасу;  
-  Жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау және тексеру; 
-  Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттарда жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау; 
-  Негізгі құралдарды есепке алу; 
- Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерін тауарлық-материалдық қорлармен қамтамасыз ету;  
-  Қоғамның орталық аппаратының қызмет етуі үшін қажетті ТМҚ қоймалық есепке алынуын жүргізу; 
- Құрылымдық бөлімшелердің Қоғамның әкімшілік шығыстар лимиттерін
- сақтауына, оның ішінде коммуналдық қызметтерді төленуіне бақылауды жүзеге асыру;  
- Филиалдың негізгі құралдарын, тауарлы материалдық қорларын күзету болып табылады. 
Филиалды жалпы басқаруды Қоғам жүзеге асырады. Ал филиалдың ішінде басқару құрылымы келесі сызбада көрсетілген. 
Филиал оған Қоғам бекітіп берген құралдардан тұратын мүлікке, сондай ақ Қоғамның теңгеріміне кіретін ақшалай, материалдық құралдарға, құнды қағаздарға және жалпы шаруашылық қызметтің барысында сатып алынған материалдық емес активтерге ие болады. Филиалдың теңгерімінде есептелетін мүлік Қоғамның меншігі болып табылады.
 
 

  II. .<<Қазақстан  Темір жолы>> Ұлттық компаниясы>> АҚ <<Шаруашылық     басқарма>> филиалының      бухгалтерлік есебінің ұйымдастыруы      

  2.1. Қазақстан Темір жолының бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты

   «Қазақстан  Темір жолы» Ұлттық компаниясы»  АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының  есеп саясаты Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 28 ақпанынан «Бухгалтерлік  және қаржылық есептілік туралы  заңының» №234-ІІІ заңына, Халықаралық  қаржылық есеп стандартына (МСФО-IFRS), Халықаралық бухгалтерлік есеп  стандартына (МСБУ-IAS) сәйкес құрастырылған.  Жалпы баптар саны 966. Есеп саясатының  принциптері барлық құрылымдық  бөлімшелерге де қолданылады.  
    Есеп саясатының келесідей мақсаттары белгілі:  
- Есептіліктің барлық түрін кірістіру; 
-  Қаржылық мәліметтердің түсініктілігін, анықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету; 
-  Қоғамда бухгалтерлік есепті жүргізудің бірыңғайлығын қадағалау;  
-  Бухгалтерлік есептің жұмыс жасау аясының, қоғамға байланысы;     нормативтік актілердің өгеруі, ауысуына тез бейімделуін қамтамасыз ету.  
  Есеп саясаты бойынша «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының негізгі валютасы болып Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге болып табылады. Есептілік кезеңі - ағымдағы жыл.  
  Есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру барысында келесі сұрақтарды қарастырған:  
1. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының жалпы жағдайы мен статусы:  
2. Негізгі құралдар есебін жүргізу;  
3. Жал есебі;  
4. Материалдық емес активтер;  
5. Инвестициялық жылжымалы мүлік;  
6. Қаржылық құралдар;  
7. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі;  
8. Сатуға арналған немес жойылуға жіберілген ұзақ мерзімді активтер;  
9. Активтер құнсыздануы;  
10. Ақша қаражаттарының есебі;  
11. Меншікті капитал;  
12. Жұмыскерлерге еңбекақы есебін ұйымдастыру;  
13. Кірістер;  
14. Мемлекеттік субсидия;  
15. Шығыстар;  
16. Займдар бойынша шығыстар;  
17. Әлеуметтік сфера;  
18. Корпоротивті табыс салығының есебі;  
19. Шетел валютасындағы операциялар есебі;  
20. Бағалау міндеттемелері;  
21. Есептілік күнінен кейін жағдай;  
22. Сегменттелген есеп;  
23. Ағымда қаржылық есептілік;  
24. Кәсіпкерліктің қосылуы;  
25. Дисконтталуды қолдану.  
Есеп саясаты бойынша жалпы ережелерді қарастыратын болсақ ол өз ішінде қоғамның:  
-  негізгі валютасын;  
-  есеп саясатының қолданушыларын; 
-  Есептілік кезеңін; 
-  Қаржылық есептіліктің элементтерін; 
-  Қаржылық есептіліктің компоненттерін;  
- Қаржылық есептің құрамын;  
-  Мүлік пен міндеттемелердің түгенделуін;  
-  Бақылау мен аудит; 
-  Бухгалтерлік ақпараттың құпиялылығын анықтайды. 
Есеп саясат 2008 жылы 24 желтоқсанда «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің №13 хаттамадағы шешімімен бекітілген.
 
 
 
 

Информация о работе Бухгалтерлик баланс жане есеп шоттары