Бюджеттің мәні және ұйымдастырылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 15:40, лекция

Описание работы

Мемлекетік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді

Содержание

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
2. Бюджет жүйесі

Работа содержит 1 файл

№6 лекция ПКЯ.docx

— 24.65 Кб (Скачать)

№6 Дәріс

Бюджеттің мәні және ұйымдастырылуы

1. Мемлекеттік  бюджеттің экономикалық мәні

2. Бюджет  жүйесі

1-сұрақ. Мемлекетік бюджет, кез келген басқа экономикакалық  категория

сияқты,өндірістік қатынастарды білдіреді  және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында-бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланылатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор- бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының обьективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдалануы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.    Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшылағымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінді. Сонымен бірге мемлекеттік қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан аутқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.

Мемлекетік  бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресустарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Ақырында, мемлекеттік  бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң ).

2-сұрақ. Мемлекет бюджет саясатын, яғни әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыратын бюджеттік нысандар мен әдістерді пайдалану бойынша шаралардың жиынтығын жасайды. Бюджет саясаты бюджет жүйесі арқылы іске асады.

Бюджет  жүйесі – елдің экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген барлық бюджеттерінің жиынтығы.

    Бюджет жүйесі мына  қағидаларға негізделген:

  1. Біртұтастылық: бұл қағида бойынша бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттер біртұтас құқықтық базамен, біртұтас бюджет сыныптамасын пайдаланумен, біртұтас мемлекттік қаржы статистикасымен, келісілген бюджет процедураларымен, барлық бюджеттердің қайта бөлу қатынастары арқылы қалыптасатын ара қатынасымен қамтамасыз етіледі.
  2. Бюджеттердің толықтылығы мемлекеттік заңнамамен анықталған барлық түсімдерді міндетті және толық көрсетуімен қамтамасыз етіледі.
  3. Нарықтылық бюджеттің қаржы операцияларының шынайы көрстетілуімен, бюджет салаларының орындалуымен сәйкес болуын білдіреді.
  4. Жариялылық. Үкімет пен жергілікті билік органдары өз бюджеттерін жариялауға міндетті. Бұл қағида шаруашылық саясатта байқалатын қателердің алдын алуға, бюджет баптарын ашуға мүмкіндік береді.

Бюджет жүйесін  құрудағы басты құжат – ел  Конституциясы мен бюджет жүйесі туралы Заң. Жыл сайын тиісті қаржы  жылына республикалық бюджет туралы Заң қабылданады, бюджет ресурстарының  көздері мен жұмсалуы көрсетіледі.

Бюджеттік үдеріс (бюджеттік  процедура) – билік пен басқару органдарының бюджетті құру, қарау, бектіту, атқару, атқарылуын бақылау және атқарылғаны туралы есепті бекіту бойынша заңмен реттелетін қызметі. Бюджеттік процесс Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңымен, жыл сайын қабылданатын «Республикалық бюджет туралы» Заңымен, атқарушы билік органдарының шешімімен анықталады.

    Бюджеттік құру, атқару  және атқарылғаны туралы есеп  құру атқарушы билік органдарының  функциясына, ал қарау және  бекіту Парламент пен жергілікті  өкілетті орган – мәслихаттың  функциясына; бюджеттің атқарылғанын  бақылау биліктің екі деңгейінің  функциясына кіреді.

    Қазақстан Республикасының  Президенті республикалық бюджеттің  жобасын жасауды бюджет комиссиясына  жүктейді.

    Бюджет процесін жүзеге  асыруда Қаржы министрлігіне  үлкен роль жүктеледі.

 

 

10) Үстеу – Наречие

В казахском языке есть еще одна неизменяемая часть речи. Она так же, как прилагательное, примыкает к слову, от которого задан вопрос. К ней вопрос задается только от глагола. С некоторыми особенностями этой части речи Вы уже частично знакомы по теме «Біздің үйіміз», где она представлено как слово с временным значение. Это ни что иное, как наречие времени, широко представленное в казахском языке. Кроме наречий времени, которые отвечают на вопросы қашан? қашаннан? қашанға дейін? (алдыгүні – позавчера, енді – теперь, ежелден – издавна), в казахском выделяют:

наречия места (мекен үстеулер), которые обозначают место, где совершается действие или указывают направление движения, и отвечают на вопросы қайда? қайдан? (үстінен – сверху, төменде – внизу, алға – вперед);

наречия образа действия (қимыл-сын  үстеулер), которые характеризуют способ совершения действия и отвечают на вопросы қалай? (как?), қалайша? (каким образом?), қайтіп? (каким способом?) -(дереу - быстро, қазақша- по-казахски, жаяу-пешком, әрең - еле-еле, әбден - окончательно;

наречия причины (себеп-салдар үстеулер), которые обозначают причину действия и отвечают на вопросы неге? (почему?), неліктен (отчего?), не себептен (по какой причине?) : амалсыздан - поневоле, вынужденно, бекер – напрасно;

наречия цели (мақсат үстеу), которые обозначают цель действия и отвечают на вопросы не үшін? (для чего? зачем?), неліктен (зачем?), не мақсатпен? (с какой целью?) : қасақана - назло, әдейі - нарочно, арнайы - специально;

наречия количества и меры (мөлшерлік  үстеулер), которые обозначают количество и меру действия и отвечают на вопросы қанша? (сколько?), қаншама? (как много?), қаншадан? (по скольку?) : соншама - столько, настолько, бір-бірден - по-одному, едәуір – значительно.


Информация о работе Бюджеттің мәні және ұйымдастырылуы