Бюджет және бюджет жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:37, реферат

Описание работы

Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы. Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

Работа содержит 1 файл

Бюджет және бюджет жүйесі.docx

— 26.63 Кб (Скачать)

       Бюджет және бюджет жүйесі

Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.                                                   Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын "кіріс" жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы "шығыс" болады. Мемлекеттік бюджеттің "кірісінің" ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден, ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды айналымға қосудан түсетін табыстардан және гранттар мен өтемдерден құралады. Бюджеттің шығысы кіріс бөлігінің және бюджет тапшылығының деңгейіне, оның орындалуына қарай реттеледі. Бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі бюджет тапшылығын туындатады, ал оның көлемі жалпы ішкі өнімге не ұлттық валютаға шағып көрсетіледі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (жою) көздеріне мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар, ішкі және сыртқы капитал нарығынан алынған қарыздар, Ұлттық банктің кредиттері жатады. Мемлекеттік бюджетте жалпы ішкі өнім көлемінің 2-3% шамасындағы тапшылыққа ғана жол беріледі. Көрсетілген шамадан асып кеткенде, бюджет тапшылығын ішкі және сыртқы заемдар жаба алмайды. Сондықтан мемлекет айналымға еріксіз қосымша ақша шығаруға мәжбүр болады. Бұл ақшаның құнсыздануына, инфляцияның өршуіне және халықтың тұрмыстық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ҚР Президентінің тікелей басшылығымен құрылған бюджеттік комиссия Үкіметтің парламентке ұсынған заң жобаларын алдын ала қарап, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ, бюджеттің кірісі мен шығысы арасындағы сәйкестіктің бұзылмауын назарда ұстап, оның орындалу барысын үнемі қадағалап отырады.                                                                                               Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады .                                                                                 Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» үғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады. Облыс бюджеті - өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры. Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін. Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасынын, Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті орғандардың бюджеттері туралы мэслихаттар шешімдерінің қолданылуы токтатыла тұрады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылуы токтатылысымен Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.                                               Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.                                          Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс.Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік- аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамассыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым- қатнастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы- бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатнастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы- бюджет құрылысын құрайды. 
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық- әкімшілік бірлігіне, экономиканың және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді. 
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады. 
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық- мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады; 
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті: 
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ- та- штаттардың, ГФР-да- жерлердің, Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің бюджеттері;) 
жергілікті бюджеттер. 
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады; орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік- экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.  
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типіне анықталады, өйткені Қазақстан- федералды емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. 
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатнастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді қамтиды. Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.  
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО- ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 ж.ж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды. 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған. 
Республикалық бюджет- бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген мінднттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.

                                         
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесінің  принциптері

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мына кағидаларға негізделеді.   Бірлік қағидасы бюджет жүйесін ұйымдық-экономикапық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік кағидасы бұрынғы КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржылық ресурстарды иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл кағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржылық саясатты қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекетіне, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта белудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген. Бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуінің бірыңғай кағидаттарын қолданумен,бірынғай бюджеттік сыныптаманы және бюджеттік үдерістің бірыңғай рәсімдерін пайдаланумен камтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салықтық саясатты қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады. 
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің дербестік қағидаты - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және Бюджеттік кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттік үдерісін дербес жүзеге асыру құқығы,жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының калдықтарын жоғарғы бюджеттерге алып коюға жол берілмеуі төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі. 
Бюджеттің толымдылығы кағидаты Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджетте және
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсетуді, бюджеттік қаражаттарды пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға, сол сияқты бюджеттік қаражаттар бойынша талап құқықтарынан шегінуге жол бермеуді білдіреді. Сөйтіп ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін бейнелеп көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақшалай түсімдерді, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нактылы бағыттарын айқындау қажет. Әлемдік практикада бұл кағидат оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса кеп шығыстарды жүктейтіндіктен казіргі кезде орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі кабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың - зейнетақы, әлеуметтік сактандыру, жол, халықтың жұмыспен камтылуына жәрдемдесу және т.б. қорлардың қаражаттары кіріктірілген. 
Реалистік қағидаты - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің
әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік, параметрлеріне бекітілген (түзетілген), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары параметрлеріне болжамдарының бағыттарына сәйкестігі. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарларын және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау үдерісінде кол жетеді. Дәйектілік қағидаты деп мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар сферасында бұрын кабылдаған шешімдерді сақтауын айтады. Нәтижелік қағидаты мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тура және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару. 
Сабақтастық қағидаты - өткен кезендерде бекітілген әлеуметтік-эконо-микалық даму мен бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар, болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау. Негізділік қағидаты - бюджет жобасына кандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды кіріктіру қажеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің және басқа құжаттардың негізінде бюджетті жоспарлау. Касса бірлігінің қағидаты - бюджеттке түсетін барлық түсімдерді бірыңғай казынашылық шотқа есептеу және бірыңғай казынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютада жүзеге асыру. 
Уақтылық қиғидаты - республикалық және жергілікті бюджеттерге,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының колма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды Ұлттық банктегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердік міндеттемелер кабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сактай отырып, мерзімінде бюджеттік қаражаттарды алушылар шоттарына аудару. 
Тиімділік қағидаты - бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тура нәтижелерге кол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттардың аз көлемін пайдаланып тура нәтижеге кол жеткізу. 
Жауапкершілік қағидаты - тура және түпкілікті нәтижелерге колжетімділікке және бюджеттік бағдарламапар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінін қабылдануы. 
Бюджеттік қаражаттардың атаулық және нысаналық сипаты қағидаты - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінін Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтай отырып, бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік орғандардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне кол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы. 
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджеттік кодексте, «Жергілікті өкілді және атқарушы орғандар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде көрсетілген. Нақтылы жағдайларда бұл қағидаттардан жиі ауытқу болады. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидатынан ауытқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады.
Реалистік кағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржылық қатынастарды саралауға ұмтылады. Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-эрекеттеріне негізделген.             2005 жылы бюджетті қалыптастырудан бастап, оны атқарумен және бақылаумен аяқтаудың барлық қаржылық рәсімдерін регламенттейтін бірыңғай заң - Бюджеттік кодекс күшіне енді. Бюджеттік кодексте бюджет жүйесінің жаңа кағидаттары қойылған, бюджеттік жоспарлаудың бұрынғы қағидаттары, барлық денгейлер бюджеттерінің кірісжәне шығысбөлімдерін қалыптастыру жөніндегі амалдар түбегейлі қайта қаралды. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды әзірлеу өзінің дамуы жағынан жетілдірілді, бюджеттің атқарылу үдерісі тәртіпке келтірілді, бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау жүйесі туралы қағида күшейтілді. 
Стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру үшін үш жылдық кезеңге арналған салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын құжат - орта мерзімді фискалдық саясат әзірленді. Сонымен бірге бюджеттің атқарылу үдерісі де тым егжей-тегжейлі регламенттелінді, бюджеттік үдерістің жаңа кагидаттары енгізілді. 
Бюджет деңгейлері жүйеленілді, әрбір деңгейдің кала мен аудан бюджетіне дейінгі шығыстары, олардың түсімдері мен бюджеттерді әзірлеудің тәртібі егжей-тегжейлі жазылып койылды. 
Заңнамада бюджеттердің тек екі деңгейі - республикалық және облыстық денгейі ретке келтірілген, ап төменгілері «ойын ережелерін» өздері анықтайды. Айқындықты қамтамасыз ету және олардың қызметіне бірыңғай талаптарды белгілеу үшін тиісті нормалар енгізілді. 
Шығыстарды бөлудің негізгі уәжі шығыстардың үлкен бөлігін жергілікті деңгейге табыстау болып табылады. Әрбір бюджеттің белгілі бір, қатаң жүйеленілген және орнықты шектері болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары
Бюджеттік кодексте мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейіне дейін анықталған. Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген бағдарламалармен аудандық бюджетге бекітілетін болды, олардың әкімшілері ауылдың және поселкелердің өкімдері болады. 
Республикалық және жергілікті бюджеттерді ішкі бақылаудың сатылас сызбасы енгізілді: ішкі бақылауды Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті жүргізеді.Сыртқы бақылаудың функциялары Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті мен маслихаттардың
ревизиялық комиссияларында калды. Бюджеттік инвестициялар ұғымы кеңейтілді, инвестициялық жобаларды кезеңдік іріктеу, сондай-ақ жобалардың тиімділігін бағалау тәртібі енгізілді. Капиталдың ішкі және сыртқы рыноктарында жергілікті атқарушы орғандар-дың қарыз алуы жойылған, тек жоғарғы бюджеттен олардың қарыз алуы сақталынған.

    

Информация о работе Бюджет және бюджет жүйесі