Банктік тәуекел

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:41, контрольная работа

Описание работы

Банк активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстар- ды, әртүрлі активтер бойынша орналастырылған каражаттары. Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында корсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердіңсапасы активтік операциялар дың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Работа содержит 1 файл

Банк.docx

— 22.20 Кб (Скачать)

Банк активтерінің сипаты мен сапасы

Банк  активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстар- ды, әртүрлі активтер бойынша орналастырылған каражаттары. Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында корсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне  қатынасын сипаттайды. Активтердіңсапасы активтік операциялар дың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық  құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне  қарай анықталады. Коммерциялық  банктің активтерін томендегідей төрт топқа бәлуге болады: касса және оган теңесетін ақьиалай қаражаттар; берілген несиелер; багалы қагаздарга жщсалынган ынвестициялар; банктің гимараты мен жабдықтары.

Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел  активтердің колеміне, толық бағалы емес активтердің ұлес салмағына, активтердің  колеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.  Банк  озінің міндеттемелерін кұнделікті орындап отыруын қам- тамасыз  етуі ұшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын та- лаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және отімділік дәрежесіне қарай  жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бәлінеді: жогары өтімді активтер; өтімді активтер; узақ мерзімді өтімді активтер.   

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерге ар- налған пруденциалдық  нормативтерге сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады: қолма-қол ақшалар; мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ етімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар; құйма қымбат бағалы металдар;

Банктің бұл қаражаттары банк айналымынан қажет уақытында алуға мұмкіндік  беретін активтерге жатады. Банктің етімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда атал- ғандарынан басқалары, яғни қайтару  мерзімі 30 кұнді құрайтын, шетел  валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 кұн ішінде аталған банкке келіп тұсуге тиісті басқа да толемдер жатады. Ұзақ  мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің  бәрі, сондай-ақ 50% кепіл хат және кепілдік- пен 1 жылдан жоғары уақытқа  берілген несиелер, Ұкіметтің кепіл- хатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды қепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен  несиелер. Кейбір  шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына  қарай 4 топқа бөледі:

1 топ. Алгашқ ырезервтер — бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру ұшін тез арада пайда- ланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:  Касса; Орталық банктегі коррьиоттагы және өзге де шоттардагы ақшалай қаражаттар; Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары, басқа да коммерциялық банктердегі корршоттагы қаражаттар. Мұндай  активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ  банктің өтімді- лігінің негізгі  көзі болып табылады.

2-топ. Екінші реттегі резервтер — бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық)несиелер; бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер. Бұл топтың активтерінің тағайындалуының  басты мақсаты - алғашқы резервтерді  толықтыру көзі ретінде қызмет ету  болып табылады.

3-топ. Банктік активтердің маңызды болігі - банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты козін құрайды.

4-топқа инвестициялық портфелъ жатады. Инвестициялық і юртфелді қалыптастыру екі мақсатгы коздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналды- руда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.

Банк активтерінің жіктелуі   

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру» туралы ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы қаржылық қадағалау агенттігіне банктер ай сайын айлық баланспен бірге активтер мен шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларға қарсы провизиялар құру туралы мәліметтер береді. Мұндағы активтерге занды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа банктерге байланысты банктің талаптары жатады. Аталған ережеге сәйкес, активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелінген болып бөлінеді. Жіктелінген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады. Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер кумәнді(5 санатты күмәнді) және умітсіз болып бөлінеді. Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.  Несиелердің жіктелуі олардың сапасына, қамтамасыз етілуіне, қарыз алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, несиелердің жіктелу санаттарына байланысты жүзеге асады.  Банкаралық  несие басқа банктердегі депозит  сияқты жіктеледі. Занды және жеке тұлғаларға берілген несиелердің жіктелуі 5-қосымшада берілген. Басқа банктерде орналастырылған банк депозиттерінің жіктелуі озінше ерекше. Егер А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен емес жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит (соның ішінде корреспонденттік шот) орналастырылған болса, депозиттен, соның ішінде корроспонденттік шоттан қаражатты аудару уақтында жұзеге асып отырса, онда ондай депозит стандартты болып табылады.

Сонымен қатар, егер А тобындағы рейтингінен  төмен емес Ііейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит (соның ішінде корреспонденттік шот) орналастырылған болса, онда банк құжат негізінде оның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.  Қаржылық  жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай банкте орналасытырылған депозит не корреспондентті к шот бір категорияға төмендеп жіктеледі (6-қосымшаны қараңмыз). Бағалы  қағаздарды жіктеудің өзіндік ерекшелігі бар. Бағалы кағаздарды жіктеу банктің инвестициялық портфеліндегі баланста қайта бағалауға жатпайтын қарыздық бағалы қағаздар түрлері бойынша жүзеге асырылады. Занды тұлғалардың акцияларын жұмсалынған инвестициялар жіктелуғе жатпайды. А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен емес жеке рейтингі бар резидент-эмитенттің, сондай-ақ Қазақстан қор биржасының А категориясының ресми тізіміне енген бағалы қағаздар бойынша төлемдер кешіктірілмеген жағдайларда олар стандартты болып саналады. 

А тобындағы рейтингінен төмен рейтингі бар шетел эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен жеке рейтингі бар резидент-эмитенттің қаржылық жағдайына құжат негізінде банк мониторинг жұргізеді.  Бағалы  қағаз эмитентінің қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай бағалы бағаздар бір категорияға төмендеп жіктеледі (7-қосымша), Дебиторлық  қарыздарды жіктеуге әкімшілік және шаруашылық қызметке байланысты өтеу мерзімі ұш айдан жоғары дебиторлық қарыздардан басқалары жатады. Қайтару мерзімі алдын ала белгіленбеген, бірақ банк балансында алты айдан жоғары мерзімде есепте тұрған дебиторлық қарыздар бойынша бір категорияға төмендейді.   Егер  бір дебитордың дебиторлық қарызы банктің меншікті капиталының 5 пайызынан жоғары болса, онда дебиторлық қарыздың пайда болған кұнінен бастап банк дебитордың қаржылық жағдайына тиісті құжаттар бойынша мониторинг жұргізеді. Дебитордың қаржылық жағдайына жұргізілетін мониторинг болмаған жағдайда ондай активті жіктеу бір категорияға төмендейді (8-қосым- ша).  Банктің шарты міндеттемелерінің жіктелуі клиенттің тапсырмасы бойынша қабылданған және келісімшартқа сәйкес клиент ұшін банкке төлем тәуекелін тудыратын міндеттемелер бойынша жұзеге асады.  Шартты  міндеттемелерді есепке алу және жіктеу банкпен оның клиенті арасындағы келісімшарт жасалған кұннен басталады. Шартты  міндеттеме бойынша сыйақы төлеу мерзімі кешіктірілмеген және шартты міндеттеме ашылған клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда ондай шартты міндеттеме стандартты болып саналады. Клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болмаған және сыйақы төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда ондай шартты міндеттемелер жіктеледі (9-қосымшага қараңыз).

Несиелердің, басқа банктердегі  банктік депозитерінің (соның ішінде корреспонденттік шоттардың), бағалы қағаздардың, дебиторлық қарыздар және шартты міндеттемелердің жіктелуі 10-қосымшада берілген критерийлерге  байланысты жұзеге асады.  Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың сапасына байланысты 5%-дан 100% -ға дейін құрылады  

Провизиялар — активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының төмендеуінен келген шығындарды жабу ұшін қажетті құралдардың сомасы. Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы провизиялар — бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мұмкін шығындарды жабу ұшін құрылған провизиялар,

Арнайы  провизиялар - бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мұмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар.Активтер  мен шартты міндеттемелер айына  екі рет жіктеледі. Алдын ала жіктелім, яғни айдың соңғы кұнінен 7 кұн бұрын жасалатын жіктелім оның мақсаты:

айдың соңына таман Банк бойынша  жалпы алғанда активтер мен шартгы міндеттемелердің сапасын тәуекелдің дәрежесіне қарай болжау;  провизияның мөлшерін болжау; айдың соңына дейін қарыз алушыларды қарыздары бойынша ескерту және қайтармай қалу тәуекелінің алдын алу; қарыз алушыға қызмет көрсетумен байланысты болуы мұмкін мәселелерді несиелік бөлімшелерге хабарлау. Ақырғы жіктелім. Айдың соңғы к8нінде банктің балансында провизия мөлшерінің өзгерісі көрсетіледі.  Активті және пассивті операцияларды есепке алу бөлімшелері, соның ішінде активті және пассивті операцияларды есепке алу басқармасы, филиалдардағы бухгалтерия. Кепілмен қамтамасыз етуге мониторинг жасайтын бөлімшелер, соның ішінде Бас банктегі кепілмен қамтамасыз етуге мониторинг жасайтын бөлім, филиалдардагы кепілмен қамтамасыз етуді багалаушы мамандар. Қаржы институттарымен жұмыс жасайтын басқарма.


Информация о работе Банктік тәуекел