Баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 20:50, доклад

Описание работы

Баға саясаты – бұл нарықта баға белгілеу бойынша нарықта жүргізілетін іс-шаралардың кешені. Мақсатты баға саясаты болжанған бағаны алу үшін (немесе нарықтың жоспарланған үлесін жаулап алуға және т.б.) өз тауарларына сондай бағаны бекіту қажеттілігі, сондай-ақ нарық жағдаятына қарай отырып оларды өзгертумен бекітіледі, Басқалай алғанда өмірі циклінің белгілі фазасында тауарды іске асырумен байланысты жедел тапсырмаларды шешу, бәсекелестердің қызметіне жауап беруі тиіс.

Работа содержит 1 файл

Баға саясаты.docx

— 29.11 Кб (Скачать)

Баға саясаты – бұл  нарықта баға белгілеу бойынша  нарықта жүргізілетін  іс-шаралардың кешені.   Мақсатты баға саясаты  болжанған бағаны алу үшін (немесе нарықтың жоспарланған үлесін жаулап алуға және т.б.) өз тауарларына  сондай бағаны  бекіту қажеттілігі,  сондай-ақ  нарық жағдаятына қарай отырып  оларды өзгертумен бекітіледі, Басқалай алғанда  өмірі циклінің  белгілі фазасында  тауарды іске асырумен байланысты  жедел тапсырмаларды шешу, бәсекелестердің қызметіне жауап беруі тиіс.

                                          Баға саясатының мақсаты:

Фирманың  әрі қарай өмір сүруі. Мұндай мақсат нарықтың өткір бәсекелестік жағдайында пайда болады, өндірушілер өте көп, ал кәсіпорынның тауары (қызметі) ешқандай айрықшылықпен сипатталмайды.

 

Пайда максимизациясы. Бұл мақсат келесі шарттарда қалыптасады:

-кәсіпорын бәсекелестерде  жоқ, ерекше тауарларды ұсынады; 

-тауарға сұраныс ұсыныстан  жоғарғы деңгейде болады.

 

Өткізуді  максималды түрде ұлғайту. Осы мақсатты ұстанушы фирмалар, шығынды төмендету есебіне пайданы ұлғайтуға тырысады.

 

Сападағы  лидерлік. Фирма бұйымның сапалы сипаттамаларын максималды түрде жоғарлату жолымен бәсекелестерден алға шығуға ұмтылады. Тауар сапасының жоғарлауы оларға деген, бағаның көтерілуін білдіреді.

 

Жаңа  нарықтарға шығу. Кәсіпорындарды тұтынушыларға қатты ықпал беретін бағаны қолдануға мәжбүр етеді, олар өз кезегінде тұтынушылар көңілін аударады және нарыққа енуге мүмкіншілік береді.

 

Инвестициядан қажетті қайтарылымдыққа бағытталған  бағаны бекіту.

Мұнда кәсіпорын инвестицияның  қажетті қайтарымдылығын қамтамасыз ететін бағаны анықтауы қажет, мысалы инвестициядан 15%-ық қайтарымдылық. Бұл  нәтиже егерде, сату көлемі мен шығындар алдын-ала күтілген деңгеймен сай  болған жағдайда іске асады. Ал, бұл  мәнді дәрежеде тауардың бекітілген бағасына сатып алушылардың байқататын әсеріне, көзқарасына тәуелді.

 

Соңғы жылдары нарықтағы  жетілген бәсеке жағдайы баға белгілеудегі жаңа стратегияларға әкелді. Бірақ оған қарамастан көптеген компаниялардағы баға белгілеу әлі де болса салғырттық, кертарпалылық негізінде жүргізіледі. Әдетте бағаны жұмсалған шығын көлемін анықтап, белгілейді. Қызмет көрсететін фирмалар күннен күнге өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында аса белсенділік таныту керек.

Нарықтық бағаларды орнатуда үлкен табыстарға жеткен мекемелер баға белгілеудегі белсенді позицияны иеленді. Олар бағаларды сатылы жоғарылатып, баға белгілеу стратегиясы саласындағы жетекші күш бола білді.

Баға белгілеуде үлкен табысқа жетудің екі негізгі алғышарты бар.

Біріншіден-бағаның қалай әрекет ететінін білу керек. Жеткізушілердің, сатушылардың, дистрибьюторлардың, бәсекелестердің және тұтынушылардың ықпалы нәтижесінде баға белгілеуде туындайтын қиындықтар салдарынан микроэкономика теориясы ұсынатын қарапайым нұсқамалар заманауи нарық жүйесіне келіспейді. Сонымен қатар, баға орнату барысында тек өзінің шығындарына ғана көңіл бөлетін компаниялар қатты ұтылады.

Екіншіден-әрбір сатушы тұтынушының жаңа баға мен оның өзгеруін қалай қабылдайтынын білуі керек. Баға екі бірдей рөл атқарады. Біріншіден баға сатып алушының қанша ақша төлеу керектігін және қызмет сапасын анықтайтын көрсеткіш ретінде қолданылады. Тұтынушы баға айырмашылығына қарап, өзіне лайықтысын таңдайды. Сондықтан да бағаны орнатушы сатып алушы жаңа бағаны қалай қабылдайтынын білу керек. Баға сатып алушылардың сол тауар құндылығын қабылдауымен өлшемдесу керек. Осы екі негізгі мәселені елемеген кәсіпкерлер қатты қателеседі.

 Баға белгілеудің түрлі әдістемесіне қарамастан  өнімнің бағасын таңдау  бәсекелестер бағасы мен есептеу сомасының шығындары, сұраныс кестесіне  шығарылып жүзеге асырылады. Ең минималды баға өнімнің өзіндік  құнымен, максималды баға кәсіпорын тауарының қандай да бір бірегей  жетістіктерінің болуымен  анықталады. Тауар алмастырушылар мен бәсекелестер өнімдерінің бағалары орташа деңгейді құрайды,  оны кәсіпорын баға белгілегенде ұстауы тиіс.

Жоғарыда айтылғандардан  баға саясаты келесілерге бағдарлануы тиіс деген қорытынды жасауға болады:

- шығындар;

- сұраныс,

- бәсекелестер бағасы.

Кәсіпорынның баға саясаты  тек қана шығындарға бағдарланған болса,  біз өндіріс-өткізілім бағдары туралы (сатушы нарығы) айта аламыз, нарық толықтығы (тұтынушы нарығы) жағдайында  кәсіпорын нарықтың  басқа да факторларын (кәсіпорын мақсаттары, бәселестер бағасы және т.б.) есепке алуы тиіс.  

 Сұраныстың баға икемділігіне  әсер етеді: 

- тауар түрі (өндрістік  қолданыстағы  тауарларға сұраныс – бағасы бойынша төмен икемделген,  жеке қолданыстың тауарларына  жоғары икемділік);

- тауар қажеттілігі (бірінші  қажеттіліктің тауарлары әдеттегідей  бағасы бойынша  төмен икемділік сұранысына ие);

- тауардың бірегейлігі   және эксклюзивтілігі (оларға деген сұраныс тұтынушыларға жоғары құндылықты ұсынады, төмен икемділік);

- бәсекелестер саны (бәсекелестер  көп болса, сұраныс икемділігі  де жоғары);

- ауыстыратын тауарлардың  болуы  (бағасы бойынша  сұраныс икемділігін арттырады);

- тауар негізгі немесе  қосалқы бөлік болып табыла  ма (баға икемділігі қосалқы тауарға  қарағанда негізгі тауарға әрқашан  жоғары);

- тұрғындардың табысы  мен баға арақатынасы (тауар  бағасы тұрғындардың бір адамы  табысының  аз бөлігі болса,  сол тауарға деген сұраныс азырақ  икемді) және т.б. Жоғарыда аталғандардың негізінде кәсіпорынның баға саясатын дайындау мен баға бойынша  шешім қабылдау  негізінде сұраныстың баға икемділігі жатады.

Түпкі баға деңгейіне  келесі факторлар  әсер етеді:

1.Тұтынушылар; 

2.Мемлекеттік реттеу;

3.Тарату арналарының бөлінісі;

4.Бәсекелестер;

5.Шығындар.    

Бағалар мен өткізілім  саны арасындағы өзара байланыс екі  себеппен түсіндіріледі:

1-шісі баға икемділігі, ұсыныс пен сұраныс  заңының әрекетімен түсіндіріледі, 2-шісі түрлі сегменттер сатып алушыларының бірдей емес реакцияларымен түсіндіріледі.

Баға саясатының сараланымы. Баға сараланымын таңдағанда  сұраныстың баға икемділігіне  аса көп назар аударылады. Кәсіпорын баға икемділігін  есепке алуы тиіс, осыдан шығара отырып өнімге бағасын белгілейді (сұраныс төмен икемді болғанда жоғары бағаны белгілейді және сұраныстың жоғары икемділігі жағдайында азайтады).

Еркін бәсекелестік нарығы үш шартпен анықталады:

1. Ағымдағы баға деңгейіне  әсер ету мүмкіндігі жоқ  көп фирмалардың болуы,

2. Бәсекелес тауарлардың  өзара ауыстырмалылығы және біртектілігі,

3. Баға шектеулерінің  болмауы.

Монополистік бәсекелестік нарығы үш шартпен анықталады:

-                            фирмалар арасындағы өткір бәсекелестік күрес,

-                            тауарлардың сараланымы (тұтынушы қасиеттерінің түрлілігі, бірдей емес қосымша қызметтер),

-                            нарыққа енудің жеңілділігі.

Кәсіпорын өндіретін өніміне  бағаны  тұтынушы сұранысы,  құрылымын  бәселестермен бекітілетін бағалар, сондай-ақ  өндірістік меншікті шығындарын  есепке ала отырып қалыптастырады.

Монополистік бәсекеде кәсіпорын  түрлі  баға жасау стратегияларын қолданады.

Географиялық ұстаным  бойынша баға белгілеу. Фирма елдің  түрлі бөлігінде түрлі бағалар  бойынша өнімді өткізеді және бағаны анықтаудың түрлі нұсқаларын қолданады.

Қосымша тауарларға баға стратегиясы. Жарнамалық сипаттағы қабылдау болып  табылады. Мақсат – тұтынушыларды  тарту. Негізгі тауар төмен баға бойынша, ал қосымша өнімдер  жиынтығы жоғары  баға бойынша ұсынылады.

Бұл стратегияның қиындығы  стандартқа жатқызылатындығында. Кәсіпорын өнімнің арзан бағасы шегінде  тұтынушыларды тартады, олар қосымша құрылғымен қандай артықшылықтар мен ыңғайлылықтар алынатынын біліп, тауардың «жабдықталған» қосымша өнімдерін сатып алуға тоқталады.     

Олигополия жағдайында баға белгілеудің келесі  стратегиялары қолданылады:

Көшбасшыға еру. Барлық фирмалар баға белгілеуде көшбасшы бағасының  деңгейінен аспай ереді. Өзара алмасымды  өнімге (бензин) бірыңғай баға белгіленеді, егер өнім (автокөліктер) параметрлері бойынша бір-біріне жақын болса, онда бағасында айырмашылықтар болуы  мүмкін. Абсолютті артықшылық фирма  өнімінің шығарылымы көлемінде  бәсекелестері алдында  көшбасшылыққа ие болғанда немесе шығындар деңгейінде басталады.

Баға орнатқандағы әрекеттерді  үйлестіру стратегиясы. Ол екі түрде  жүзеге асырылады: бағалар туралы келісім  қабылдау, паралельді баға саясатын жүргізу. Кейбір елдерді баға туралы келісім жасауға тыйым салынады.

Нарықтық механизмнің  негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың  өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр кәсіпорынның табысты тұрақты алуына және өндіріс  бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі  бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.

Баға құрудың негізгі  міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның  қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын  анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде  қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет.  Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның  құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы  сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.

1.Бағаны нарық категориясы ретінде қарастыру. 
Баға нарықты экономиканың шешуші элементтерінің бірі б.т. 
Баға- күрделі экономикалық категория. Онда қоғамдағы бүкіл негізігі экономикалық қарым-қатынастар айқындалады. Бұл ең бастысы тауар өндірісі мен оны өткізуге, олардың құнын қалыптастыруға, сонымен қатар ақша қорларының жиналуына, бөлу мен қолданылуына қатысты. Баға барлық тауар-ақша қатынастарын айқындайды. 
Баға сатушының өз тауарына сұрайтын ақша сомасы мен сатып алушының сол тауарға төлеуге дайын ақша сомасының мөлшерін сипаттайтын экономикалық категория. Оның классикалық анықтамасы: «Баға- тауар құнының ақшалай формасы.

2.Баға түсінігі мен мәні. 
Әдетте баға теориясын екіге бөліп қарастырады: 
1-сі бойынша тауардың бағасын оның құны анықтайды. Ал 2-ші теорияны жақтаушылардың пікірінше, тауар бағасы деп тұтынушылардың қандай да бір игілікке қол жеткізу үшін беруге дайын сомасын айтуға болады. Олай болса, баға- тауар құнының ақшалай формасы б.т.

3.Бағаны кәсіпорынның экономикалық мәселелерін шешудің басты құралы ретінде қарастыру. 
Әкімшілік шаруашылықтан нарықты экономикаға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік саясаттың құралы ретінде бағаның рөлі белсенді сипатқа ие болып, басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері қиыстырылған өтпелі дәуірде баға белгілеуде бірқатар қиыншылықтар мен күрделіліктер қатар жүруде. Өз тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу- барлық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың негізгі проблемасына айналды. Нарық жағдайында баға белгілеу көптеген факторлардың ықпалына түсетін күрделі процесті құрайды. Баға белгілеудегі жалпы бағыттарды, өндірістегі және жаңа тауарлаға баға белгілеу тәсілдерін анықтауда, өткізу көлемін, тауар айналымды, өдіріс тиімділігін жоғарылату мен мекеменің нарықтық позициясын күшейту маркетингтік шаралардан тұрады. Баға мен баға саясаты фирма маркетингінің басты шараларының бірі. Фирма таруарларының баға деңгейі компания қызметінің басқа жақтарына байланысты, мемкеменің коммерциялық-шаруашылық қызметтерінің нәтижесі дәл баға деңгейлеріне байланысты. Фирманың жүргізетін баға саясатының дәлдігі мен дұрыстығы түбінде оның коммерциялық қызметінің сәттілігін анықтап береді. Баға саясатының түпкі мақсаты- тауарға өтім көлемін арттыруға септігін тигізетін деңгейін анықтап, қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізіп отыру. Тарихи түрде баға- сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім-шарт негізінде анықталып отырған. Сатушылар ойындағы бағадан көбірек сұрап, ал сатып алушылар төлеуге дайын сомасынан кем ұсынады. Сөйтіп, түбінде олар бір ортақ шешімге келіп отырған. 

Баға бағыттарының мазмұны

Бағаны орнату барысында ескерілуге тиіс алты фактор :

1. Талаптар . Қызметке қойылатын талап деңгейі орнатылатын бағаның максимал бағасын немесе ең жоғарғы шегін орнатады. Максимал бағаны анықтау тұтынушының ұсыныс құндылығын қаншалықты қабылдайтынына байланысты.

2. Шығындар. Олар мүмкін болатын бағаның төменгі деңгейін шектейді. Қолданыстағы қызметтер үшін тән шығындар — бұл әзірлеу, маркетинг және таратуға қатысты шығындар. Жаңа қызмет үшін — бұл келешекте болатын қызметтің бүкіл өмірлік циклына жұмсалатын тікелей шығындар.

3. Бәсекелестік ф актор лар ы. О лар бағаның жоғарғы шегін төмендету нәтижесінде сол шектерді тарылта алады.

Информация о работе Баға саясаты