Қазақстан Республикасының валютасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 09:54, доклад

Описание работы

Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының валютасы.docx осы.docx

— 45.22 Кб (Скачать)

Банкноттың орталық бөлігінің  сол жағындағы жоғарғы және төменгі  бөліктері қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген Әль-Фарабидің тура қарап отырған суретінінің су тамғы белгілері бар, Әль-Фарабидің су тамғы портретінің оң жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Нөмір екі рет қайталанады: оң жақ шетінде тігінен және елтаңбаның үстіне көлденеңінен жазылған. Нөмір жеті саннан және сериясын білдіретін екі әріпті префикстен тұрады.

Сыртында сол жағына Қожа Ахмет Ясауи кесенсінің бір үзігі бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында су тамғы белгінің астында ақшаның номиналы екі түсті етіп санмен және жазумен көрсетілген.

Номиналы 500 теңгелік банкноттардың  негізгі айыру ерекшеліктері  тенге

1999 ж. 1994 ж.

 Сол жақ жоғарғы  бұрышы

 Оң жақ жоғарғы бұрышы 

Орта тұсының сол жағындағы  қорғау жібі 

Сол жақ жоғарғы бұрышы

Оң жақ жоғарғы бұрышы 

Орта тұсының сол жағындағы  қорғау жібі

Назар аударыңыз: 1999 ж. және 1994 ж. үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңі 2001 ж. 1 қыркүйекте аяқталады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін 1994 ж. үлгідегі банкноттар заңды төлем құралы бола алмайды.

2002 ж. 1 қыркүйектен бастап  екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан 1994 ж. үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және айырбастауға міндетті емес.

2002 жылғы 1 қыркүйектен  бастап Ұлттық Банктің филиалдары 10 жыл бойы заңды және жеке  тұлғалардан 1994 ж. үлгідегі банкноттарды  қабылдайды және сараптама жүргізіліп, олардың түпнұсқа екендігі расталғаннан кейін қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды.

10 жыл өткеннен кейін  Ұлттық Банктің Басқармасы белгіленген  қабылдау және айырбастау мерзімін ұзартуға құқылы.

200 теңге

2006 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкнотаның сипаттамасы.

 

Банкнота өлшемі 126х64 мм қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі сарғыш-жасыл, басым бейнесі – тігінен. Орталық  бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында көк, қоңыр және жасыл жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі сарғыш-жасыл, басым бейнесі –  көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан  картасының контуры, алдыңғы жағында  ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

Банкноталарды айырбастау тәртібі.

Ескі үлгідегі және 2006 жылғы  үлгідегі ақша белгілерінің айналыста  қатар жүру кезеңі 1 жыл болады.

Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар  жүру кезеңі заңды төлем құралы болып  табылады, Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылдануға тиіс.

Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша заңды төлем құралы болуын тоқтатады.

Екінші деңгейдегі банктер  ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталған күннен бастап заңды және жеке тұлғалардың ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және айырбастауға міндетті.

Осы мерзім аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастауға қабылдауға құқылы емес. Екінші деңгейдегі банктер ескі үлгідегі банкноталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес оларды одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына сараптамаға өткізу үшін қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің ескі үлгідегі банкноталарды  айырбастау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жыл бойы  оларды заңды және жеке тұлғалардан қабылдауды жалғастырады және олардың сараптамадан түпнұсқалылығы расталғаннан кейін қолданылып жүрген ақша белгілеріне айырбастайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген он жылдық мерзімін ұзартуға құқылы.

1999 жылғы үлгідегі құны 200 теңгелік банкноттың сипаттамасы.

200 теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.

Бет жағы: негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870-950 ж.ж.) қырынан салынған портреті. Портреттің оң жағына ою-өрнек әшекейі салынып, металл бояумен орындалған "200" саны интаглио бояуымен алмастырылған және банкнотты қай бұрышынан қарауға байланысты "200" санының бейнесі көрінетін болады. Банкноттың бет жағындағы оң жақ жоғарғы және төменгі бөлігіндегі металл бояумен салынған өрнек "200" саны жазылған микрошрифтке ауыстырылған.

Сырт жағы: негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің  бір үзігі.

1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкнот.

 Көлемі 144х69 мм.

Бет жағы: басым түстер - қоңыр, қызыл. Оң жағына философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті бейнеленген. Сол жағына қызыл-қоңыр түсті "Қазақстан Ұлттық Банкі" деген жазу бар. Портреттің сол жағында су тамғы белгілер: Әль-Фарабидің қырынан салынған бейнесі бар және ақшаның номиналы жазылған. Портреттің сол жағында металсыздандырылған жіпке "Қазақстан" деп жазылған және "200" саны көрінеді. Портреттің сол жағына алтын бояумен "500" саны екі рет салынған және/ немесе банкнотты қай бұрыштан қарауға байланысты пайда болатын қазақтың ою-өрнегі.

Портреттің оң жағына тігінен  қызыл бояумен салынған көлемі әр түрлі реттік нөмір қойылған. Жоғарыда, портреттің сол жағына көлденеңінен қара бояумен реттік нөмір салынған. Портреттің сол жағына номиналы ірі сандармен және әріптермен көрсетілген, олардың астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған.

Сырт жағы: Басым түстер - қоңыр, қызыл. Негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі. Кесене бейнесінің оң жағында ақшаның номиналы санмен және жазумен көрсетілген. Жоғарғы оң жағына "Қазақстан Ұлттық Банкі" деп жазылған.

Номиналы 200 тенгелік банкноттардың  негізгі айыру ерекшеліктері.

2002 ж. 2000 ж.

1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкнот

 Көлемі 144х69 мм 

Банкноттың бет жағында  қызыл-қоңыр түс басым. Сол жағындағы төменгі бұрышына "200" саны бар. Банкноттың ортасына 200 номиналы жазумен және санмен жазылған, оның астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған. Банкноттың оң жағына Әль-Фарабидің портреті бейнеленіп, портреттің төменгі жағына астына қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің төменгі оң жақ бұрышы ою-өрнекпен өрнектелген. Банкноттың сол жағында Әль-Фарабидің тура қарап отырған суретінінің су тамғы белгілері бар. Жоғарыдағы сол жағының ашық ақ жері ою-өрнекпен көмкерілген. Жоғарғы және төменгі жақтары қазақтың бітпес өренегі салынған. Сол жақ бөлігіндегі әсем өрнектелген жерге екі әріпті сериясы бар қара түсті жеті санды нөмір орналастырылған. Әріптер мен сандар бір сызықтың бойына қатаң орналастырылған; цифрлардың ара қашықтығы бірдей. Портреттің оң жағына тік сызықтың бойымен екі әріпті сериясы бар қызыл түсті жеті саннан тұратын нөмір жазылған. Банкноттың сырт жағында сарғыш-көк түс басым.

Сырт жағында Қожа Ахмет  Ясауидің кесенесі.

Номиналы 200 тенгелік банкноттардың  негізгі айыру ерекшеліктері

1999 г. 1994 г.

 Сол жақ жоғарғы  бұрышы

 Оң жақ төменгі бұрышы 

Орта тұсының сол жағындағы  қорғау жібі 

Сол жақ жоғарғы бұрышы

 Оң жақ төменгі бұрышы 

Орта тұсының сол жағындағы  қорғау жібі

Назар аударыңыз: 1999 ж. және 1993 ж. үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңі 2001 ж. 1 қыркүйекте аяқталады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін 1993 ж. үлгідегі банкноттар заңды төлем құралы бола алмайды.

2002 ж. 1 қыркүйектен бастап  екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан 1993 ж. үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және айырбастауға міндетті емес.

2002 жылғы 1 қыркүйектен  бастап Ұлттық Банктің филиалдары 10 жыл бойы заңды және жеке  тұлғалардан 1993 ж. үлгідегі банкноттарды  қабылдайды және сараптама жүргізіліп, олардың түпнұсқа екендігі расталғаннан кейін қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды.

10 жыл өткеннен кейін  Ұлттық Банктің Басқармасы белгіленген  қабылдау және айырбастау мерзімін ұзартуға құқылы.

Қазақстан Республикасының  монеталары

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 1993 жылғы қарашада өзінің ұлттық валютасы "теңгені" айналысқа енгізді. 1994 жылы ұсақ қағаз тиындардың орнына құны 2; 5; 10; 20 және 50 тиындық латуньнан жасалған металл ақшалар шығарылды. Ақша айналысындағы 1993 жылғы үлгідегі "нейзильбер" қоспасынан жасалған құны 1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік металл ақшалар 1997 жылғы үлгідегі "нибрасс" қоспасынан жасалған құны 1; 5; 10 теңгелік және "нейзильбер" қоспасынан жасалған құны 20; 50 теңгелік металл ақшалармен ауыстырылды

Қазіргі кезде Республика аумағында сондай-ақ мынадай металл ақшалар айналыста жүр:

• "нейзильбер" қоспасынан жасалған құны 20; 50 теңгелік ескерткіш металл ақшалар;

• мерейтойлық және ескерткіш  күміс және алтын ақшалар;

• инвестициялық алтын ақшалар.

1997 жылғы үлгідегі метал  ақшаны (жаңа металл ақша қатары) ақша айналысына шығару металл  ақшаны халықтың пайдалануы үшін  барынша ыңғайлы етіп жасауға, металды аз жұмсауға, сондай-ақ 50 теңгелік металл ақшаның қосымша номиналын енгізуге ұмтылудан туындаған

 

Монеталар Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында белгіленген  құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне, сондай-ақ есепшотқа, салымға, аккредитивке есептеуге және аударымға міндетті түрде қабылдануға тиіс, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз қабылданады және айырбасталады.

Мерейтойлық және ескерткіш  металл ақшалар белгіленген номиналына сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ  олар негізінен мәдени-ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.

Номиналы 100 теңгелік монета

     

Диаметрі - 24,5 мм. Қалыңдығы - 1,95 мм. Массасы - 6,65 гр.

Қыры - "СТО ТЕНГЕ ЖҮЗ ТЕҢГЕ" деген жазумен бедерленген.

Биколорлы (құрамды) монета үйлестіріле орналасқан сақина дискіден тұратын шеңбер формасында. Монетаның ішкі дискісі ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан, сыртқы сақинасы сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) ортада бедерлі шеңбер ішінде монетаның құнын білдіретін "100 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған. Айналдыра үстіңгі бөлігінде сегіз бұрышты өрнекпен, сол жақта "ҚҰБ" деген жазумен, оң жақта Қазақстан теңге сарайының тауар белгісімен бөлінген ұлттық ою-өрнектің үш элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) ортада Қазақстан Республикасының  елтаңбасы бейнеленген. Төменгі  бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін датасы "2002". Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Жазу мен бедерленген жылы бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Номиналы 50 теңгелік монета

 

Диаметрі - 23 мм. Қалыңдығы - 1,6 мм. Массасы - 4,7 гр.

Қыры бедерленген.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан жасалған.

Үстіңгі бетінің орта бөлігінде "50" саны орналастырылған. Номинал санының астында "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан  Республикасының елтаңбасы, төменгі  бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Номиналы 20 теңгелік монета

     

Диаметрі - 18,27 мм. Қалыңдығы - 1,6 мм. Массасы - 2,9 гр.

Қыры бедерленген.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан жасалған.

Үстіңгі бетінің орта бөлігінде "20" саны орналастырылған. Номинал санының астында "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Информация о работе Қазақстан Республикасының валютасы