Қазақстан экономикасындағы меншікті қайта құрудың ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 06:49, реферат

Описание работы

1. Меншіктің құқықтық және экономикалық мазмұны.

2. Меншіктің формалары және олардың ерекшеліктері.

3. Меншікті қайта құрудың экономикалық критерилері.

4. Қазақстандық экономикадағы меншікті қайта құрудың ерекшеліктері.

5.Қазақстандық жекешелендірудің нәтижелері, кезеңдері формалары.

Работа содержит 1 файл

Ақшагүл қаржы.docx

— 31.12 Кб (Скачать)

    Екінші  кезең (1994-95 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1992-93 жж. жекешелендіру  нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объектілер саясатынан оларды өткізуге 1994-95 жылдарға ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіпорындар жекешелендірілді.  Жекешелендірудің дербес  жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.

    Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен  қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру  нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен  нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай  дамуда деп сенімділікпен айтуға болады. Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру  нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің  жаңа қатынастары пайда болды. Олар:

    - жеке мүлікті - жеке тұлға ретінде  кәсіпкер иеленеді;

    - ұжымдық тұлғалар тобы мен  ұжымдар мүлкінің иелері (заңды  тұлға ретіндегі жалдық және  халықтық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашылықтардың формасы);

    - мемлекеттік - меншік  пен оның  халқының меншігін үкімет басқарады.

    Республика  заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру негізінде меншіктің  аралас формаларын құруға болады. Қазір  әлемде меншікті мемлекет иелігінен  алып, жекешелендіру нәтижесінде  меншіктің жаңа қатынастарына көшу  дамуда деп айтуға болады.

    Республикадағы  аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға  мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік  нарықтық экономика» түріне көшуде. Өндірістің меншік иелерінің осы принципті  бұзуы қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді  жоғалтуға, көп ұлттық меншікті мемлекет иелігінен алу жағдайы қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.

    Республикада  жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болмай, бөлу қатынастарының монополиясын жүзеге асырмайтын, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын нарықтық принципке бағдарланған меншіктік қатынастарды құру.

    Әлемдік тәжірибе негізінде республикада жүргізілген реформалардың нәтижелері, негізінен келесі әдістермен  іске асырылған:

  • нарықты бейтараптандыру;

    - аралас кәсіпорындарды  құру үшін  жағдайлар жасап, оларды дамыту;

  • бәсекелестік ортаны қалыптастыру;

    - мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру  жолымен меншікті мемлекет иелігінен  алу.

    Реформа кезінде Қазақстан нарықты бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Бірақ жүргізілген  жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне  әкелді.

    Сонымен, ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның негізіне  мыналар жатады:

    1. Шаруашылық субъектілеріне меншік  формасының ерікті және сапалы  түрлерін таңдауға мүмкіндік  беру. Меншік оны кім билейтініне  қарамастан жұмыс істейді, ал  ол жұмыс жасаудан бас тартты  деген пікірлер туындаған. 

    2. Меншіктік қатынастар меншік  субъектісі мен объектісін жақындатуға  тырысады. Субъектіге -еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын  ұжымдары жатады. Егер меншікті  шеттету жеңіп шықпаса немесе  осы жеңіп шығу тек қағазда  жазу түрінде ғана болса, онда  қазіргі меншік өзінің мотивациялық  күшінен айрылып, шығармашылық  бастамашылық болуын доғарады. Нарық  пен жеке меншіктің басты артықшылығы  - бөлу және ынталандыруды жоғалтпай,  нарықтың өзін-өзі реттеушілік  заңы «көрінбейтін қол» әрекетін  жоймауы.

    3. Жеке кәсіпкерді заңдық және  қаржылық қатынастарда қолдау, меншік  иесін, шағын және орта бизнесті  жеңілдетілген несие, шикізат,  материалдарға жеңілдікті, жалгерлікті  қамтамасыз ету.

    4. Қазақстанның өтпелі экономикадағы  жеке меншіктік қатынастарының  өзгерудегі ең қиын мәселе - мемлекеттік  меншікті билейтін органдарға  бақылау жүргізу болып табылады. Олар мемлекет иелігінен алып,  жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етуші меншік иелерінің  пайдасын қорғау ісіне үнемі  қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау,  сату, сатып алу қылмыстың жай  түрлеріне айналуда. Осының барлығын  жеңу үшін қандай тәсілдермен  болмасын «өзін-өзі сыйлауға»  мәжбүр ететін күшті және беделді  мемлекеттік билік қажет. Ол  үшін, мемлекет меншіктік қатынастардың  тиімді және әлеуметтік әділ  жүйесін құру керек. 

 

5.Қазақстандық жекешелендірудің нәтижелері кезеңдері формалары.

   Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

Жекешелендірудің  тәсілдері  
1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды) 3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.

 
Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.  
1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.  
2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.  
3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.  
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:  
1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.  
2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.  
3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.  
4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.  
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:  
шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;  
бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;  
шағын және орта бизнесты дамыту;  
жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;  
бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

Сұрақтар.

1.Жеке меншік  қай ғасырға негізделген 

2.ТМД елдерінде  меншік қатнастары қай принцип  бойынша дамыды 

3.Жекешелендірудің  тәсілдері .

Реферат.

1.Меншікті қайта  құру және оның мазмұны.

2.Қазақстандық  жекешелендірудің кезеңдері. 

Информация о работе Қазақстан экономикасындағы меншікті қайта құрудың ерекшеліктері