Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:56, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы «Қаржылық есеп және аудит әдістемесі департаментінің» «Ақша қаражаттарының айналым қалдық ведомось»- деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды түлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген.
Шетел валютасындағы
ақша қаражаттарының ағындары есептерде
21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері»
IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына
сәйкес беріледі. Бұл валютаның айырбас
бағамын нақты бағамға бірдей жақындатып
пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы,
кезең ішіндегі
3
Касса операцияларының
есебі
3.1
Банктердегі арнайы
шоттардағы ақшалай
қаржылар есебі
Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады. Касса - бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорын, яғни субьектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне тиісті мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелдігіне жұмысқа деген немқұрайлылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субьектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген эрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса опрацияларымен таныстырып, кәсіпорын, яғни шаруашылық субьектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасалуы керек. Касса операцияларының есебі ҚР ¥лттық Банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.
Кассалық ордерлер
кассадағы ақшалай операциялар
бойынша негізгі бастапқы құжаттар
болып табылады. Қолма қол ақшаларды
кассаға қабылдау бас бухгалтер
немесе ол үкілеттік берген түлға
қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс
касса ордері бойынша жүргізіледі.
Қолма қол ақшаларды кассадан
беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері
(КШО) бойынша немесе шығыс касса ордерінің
мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде рәсімделген
құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны
беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі.
Шығыс касса ордеріне бас бухгалтер мен
басшысының қолы қойылған болу керек.
Егер шығыс касса ордеріне қоса берілетін
құжахта рұқсат ету туралы басшының қолы
болса, онда оның ордерде қойған қолының
болуы міндетті емес.
- Аудармалы вексель (тратта) - бұл вексельде көрсетілген соманы белгіленген мерзімде ұсынушыға немесе үшінші тұлғаға (эмитентке) төлеу
жөнінде
кредитордың (трассантың) борышкерге (трассатқа)
берген бұйрығы. Аудармалы вексельді төлеуші
(трассант) табыстау қолының (индосаменттің)
көмегімен акцептеуге тиіс. Вексель бірнеше
рет пайдаланылуы мүмкін, сүйтіп әмбебап
несиелік-есеп айырысу құжатының рөлін
атқарады. Вексель қаражаттардың айналымын,
банктегі вексельдегі есебін (дисконттауды)
жылдамдатады. Мүндай жағдайда вексель
ұстаушы индосаменттің көмегімен вексельді
төлем мерзімі басталғанға дейін банкке
табыстайды және банк пайдасына берілетін
процентті (дисконтты) шегеріп тастап,
вексель сомасын алады. Бухгалтерлік есепте
вексель емес, вексельді қамтамасыз ететін
берешек сомасы көрсетіледі. Ал вексельдің
өзі баланстан тыс 006 "Қатаң есеп беру
бланкілері" шотында ескерілуі мүмкін.
3.2
Төлем карточкаларының
есебі
Инкассация шығындарын төмендету, бухгалтерия жүктемесін азайту, Қазақстаннан әлемнің кез - келген жеріне ақшаны автоматты тез түрде аудару мақсатында кәсіпорындар төлем карточкаларын қолданады. Төлем карточкасы -карточка ұстаушыға төлемді жүзеге асыруға, қолма - қол ақшаларды алуға, валюта айырбастауға және карточка шығарушы банкпен белгіленген басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараты бар элетронды терминал немесе өзге де қондырғылар арқылы ақша қаражаттарға қол жеткізу әдісі.
Төлем карточкаларының төмендегідей түрлері бар:
Дебеттік - осы карточканы ұстаушыға карт - шоттағы (төлем карточкасын қолдану арқылы іске асатын төлемдерді көрсететін ағымдағы шоттар) ақша қаражаттар сомасының шегіндегі төлемді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін карточкалар. Сонымен қатар, олар ұстаушыға банк ұсынған заем сомасының көлемінде де төлемді жүргізуге мүмкіндік береді;
Кредиттік - банктік заимдық келісім-шарт негізінде төлем карточкасын шығаруды жүзеге асыратын банкпен ұсынған заим сомасының көлемінде ғана карточка иесіне төлем жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кәсіпорын іс-сапар, кеңсе, үстеме шығындарын төлеу үшін корпоративті төлем карточкаларын аша алады.
Корпоративті
карточка - банк пен заңды тұлға -
карт-шот иесі арасындағы келісім-шарт
негізінде ұстаушыға берілетін төлем
карточкасы. Корпоративті төлем карточкасын
қолдану арқылы жүргізілген төлемдер
заңды түлғаның карт-шотындағы ақша сомасының
шегінде ғана немесе аталған заңды тұлғаға
ұсынылған заем шегінде ғана жүзеге асады.
-«күн»
- операцияның нақты орын алған күні. Шоттар
корреспонденциясын құрайық.
6-кесте
Шоттар корреспонденциясы
№ | Шот атауы | Дебет | Кредит |
1 | банкоматтан кеңселік шығындарды жабу мақсатында қолма қол ақша алынды: | 1250 | 1063 |
2 | Валюталық шоттан карт - шотты толтыру үшін ақша қаражаттар аударылды | 1063 |
1032 |
3 | Астана қаласы. қонақ үйінде тұрудың 1 күннің ақысы төленді | 7110 | 1063 |
4 | Карт -шоттағы депозит бойынша гфоценттер есептелді | 1063 | 6110 |
5 | банк комиссиясы кәсіпорын шығындарына жатқызылды | 7210 | 1063 |
6 | Валюталық шот бойынша бағамдық айырым көрсетілді | 1063 | 6250 |
3.3
Ақша қаражаттар қозғалысының
есебі
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі №4 БЕС сәйкес жасалынады. Есеп беруді құрудың қажеттілігі ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығуы бойынша ақпарат алуда және қаржылық қызметі жөнінде мәліметке ие болуда жатыр.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебі ақпарат қолданушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді, шаруашылық субъектінің операционды, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша есепті мерзімде ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығысы туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді.
Операционды қызмет - заңды тұлғаның табыс табу мақсатындағы негізгі қызметі, сонымен қатар инвестициялық және қаржылық қызметке жатпайтын басқа да қызмет.
Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату.
Қаржылық қызмет - нәтижесінде меншіктік капитал мен заемдық қаражат құрамы мен мүлшерінің өзгеруі болып табылатын заңды түлғаның қызметі
Қорытынды
Сонымен, қаржылық есеп бүгінгі таңда басқару жүйесінде маңызды орындардың бірін алады. Ол өндірістің, айналыстың, бөлудің және түтынудың нақты өрдістерін көрсетіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешімдерін қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп Бухгалтерлік есеп стандарттарында және Типтік шоттар жоспарында бекітілген принциптеріне сәйкес жүргізіледі.
Әр бір кәсіпорын өзінің қызметі барысында сатып алынған тауарлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін басқа шаруашылық жүргізуші субьектілермен, бюджеттік мекемелермен, бюджеттен тыс қорлармен және т.б. мекемелермен есеп айырысады. Ал, есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына байланысты. Ақша қаражаттар бойынша есеп айырысу қолма қол және қолма қолсыз нысанда жүреді. Қолма қолсыз ақшаның есебі есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттар операцияларының есебі арқылы, ал қолма қол ақшалардың есебі касса операцияларының есебі бойынша жүзеге асады.
Ақша қаражаттардың есебі
- төлем тапсырмасы;
- нақты жарнаға хабарландыру;
- төлем талап тапсырмасы;
- кіріс касса ордері;
- шығыс касса ордері;
- ақшалай чектер;
- слиптер;
- қаражатты депонирлеудің төлем тапсырмасы;
- банктік көшірмелер.
Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма - қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мөлшерде ғана жүзеге асады.
.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы. 28.02.2007. №234
2 Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің «Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары»,бұйрық №185, 23.05.2007.
3 Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары, 2001.
4
Ақша, несие,банктер,валюта
5 Дюсембаев К.Ш., Түлегенов Ә.Т. т.б. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, 2001.
6 Кеулімжаев Қ.Қ., Әжібаев З.М. т.б. «Қаржылық есеп». Алматы, 2001.
7 Кодекс РК о налогах и других обязательных платежах в бюджет. Алматы, 2003.
8
Международные стандарты
9 Нидлз Б., Андерсон X. Принципы бухгалтерского учета Москва, 2000.
10 Радостовец В.К. и др. «Бухгалтерский учет на предрприятиях». Алматы, 2002.
11 Көшекенова Б.А. Ақша, несие,банктер,валюта қатынастары:оқу құралы. Алматы: экономика, 2000.
12 А.Д. Байдүсенов «Қаржы жане қаражат»2001,№4
13 С.Құлпыбаев, Қ.Қ.Ілиясов «Қаржы» Алматы,2003.
14 Қабылова Н.Қ. Доспалинова Ш.А. Оразалиев Е.Н «Бухгалтерлік есеп негіздері» Астана, 2007.
15
Толпаков Ж.С «Бухгалтерлік есеп-I,
II» Қарағанды, 2009.
Информация о работе Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі