Қаржылық жоспарлау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 22:49, реферат

Описание работы

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Содержание

1.Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
2.Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер

Работа содержит 1 файл

қаржылық жоспарлау.docx

— 40.84 Кб (Скачать)

     Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара  байланысты: мәселен, салалық жоспарлар  ведомстволар қарасты ұйымдардың жоспарларын  біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді.

     Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі  кезде жоспарлардың жоғарыда аталған  барлық түрлері бір және бесжылдық  мерзімге жасалынады.

     Шаруашылық  баланстар мен экономика теңдестігінің  бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының  екі ұштылығына байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа  өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға  жиынтық қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы  тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері  мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері  бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс.

     Бастапқы  қаржы жоспарларының саны жиынтық  қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінң  қызметі, ұйымдастыру типі, басқару  әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары. Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке дара айналымын негіздеу қабілетінде  болып келетіндігі, осыдар барып  олардың айрықша арналымын бұл  объектінің кірістер мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерін  және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын  тиісті қатынастарды анықтау.

     Бастапқы  қаржы жоспарларын топтастырудың  негізіне кірістердің, шығыстардың  құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай ақ мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен қаржылық өзара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен, мемлекеттік, жалгарлік, кооперативтік кәсіорындардың, акционерлік қоғамдардың, бірлескен шетелдік кәсіпорындардың, жеке меншік фирмалардың, қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.

     Бұл топтардың әрқайсысының кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өндіріс өзгешелігіне, кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты нысаны мен мазмұны жағынан  айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы, қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немесе бюджеттік  қаржыландыру) қаржыландыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына, құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай ақ кәсіпорындардың түрлері  бойынша да (бірлестіктер, концернер, ірі, орта, шағын кәсіпорындар) топтастырылған орынды.

     Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының  қаржы жоспарлары болады және қаржы  жоспарларының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.

     Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелердің қаржы жоспарлары смета  деп аталады және негізінен олардың  шығындары анықталады, ал кірістердің  қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін  кіріс-шығыс сметалары жасалынады. Ұжымшылар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік  биліктің органдары түрлі деңгейлері бюджеттерді жасайды. Коммерциялық есепте жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын  бұрын кірістер мен шығыстардың  балансы түрінде жасайтын. Бұл  жоспарлардың құрылымы негізінен кәсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлестіктер үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде  табыстар мен қаражаттардың түсімі,шығыс  бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталады. Баланстың  «Кәсіпорындардың бюджетпен өзара  қарым қатынастары» бөлігі бюджетке түсетін түсімдердін және бюджеттен  қаржыландыруды көрсетеді.

     Қаражаттарының  айналымы үлкен емес шаруашылық –  жүргізуші субъектілер екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын  қаржы жоспарларын жасайды, оларда бюджеттен төленетін төлемдер шығыстардың  құрамына кіріктіріледі.

     Кәсіпорынның  кірістер мен шығыстары балансының ерекшелігі сол, онда шаруашылық қаржы  қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал аралық нәтижелер ақша қаражаттарының айналымдары болмайды.

     Есептеулер  мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу арнаулы қаржы жоспарында - төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. «Түсімдер» бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден  түскен табыс, банктардің қысқа мерзімді өткен дебиторлық берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының басқадай түсімдері, кассадағы және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі. «Шығыстар» бөлімінде тауар- материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбекақыға, салықтарды төлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдардың көлеміне қарай қысқа уақыт ішінде ( бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асырылады. Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады.

     Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік қызметтің  техникалық экономикалық негізіне сайма-сай  болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың  экономикалық және әлеуметтік  дамуының  жоспарларына  қарағанда жекеше

кәсіпорындар  қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым  толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің  немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.

     Нарықтық  ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым  жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады  және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы  техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процестің  жүргізуге мүмкіндік беретін  жаңа нысандармен және әдістермен молаяды. 

Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер 

     Басқаруда және шаруашылық қаржылық қызметті жоспарлауда  қаржылық көрсеткіштер шаруашылық жүргізуші  субъектілердің, салалардың және жалпы  ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстар мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің  түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп қисаптың мәліметтері  пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады.қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде  белгілі бір қаржы экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементі бейнелейді.

     Шаруашылық  жүргізуші төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:

    • өнімді өткізуден түсетін табыс;
    • өткізілген өнімнің өзіндік құны;
    • жалпы табыс;
    • кезең шығысы;   
    • негізгі қызметтен түсетін табыс;
    • табыс салығының сомасы;
    • таза табыс.

     Айрықшалықты  көрсеткіштер  банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларды пайдаланылады.

     Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым  және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады. Мемлекеттік қйымдар  мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер бойынша шығыстырдың  көрсеткіштері қолданылады.

     Ұлттық  шаруашылық деңгейдегі қаржылық көрсетікштер мемлекеттің қаржы ресурстарының  ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік  бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділігін  және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарын  қалыптастырудың тиімділігі жалпылама  бағалауды қаржы ресурстары ауқымының  жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа  қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.

     Қаржылық  көрсеткіштерді есептеу кезінде  нормалар мен нормативтер пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.

     Нормалар  мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.

     Қаржылық  жоспарлауда қаржы ресурстарын  жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ең төменгі, орташа және жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе

орташа  нормалар мен нормативтер, нақтылы  шаруашылық органдарының қаржылық көрсеткіштерін жоспарлағанда жеке дара нормалар мен нормативтер пайдаланылады.

     Қаржылық  нормалар мен нормативтері сондай-ақ бекітілетін және есеп қисаптық болып  бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен  нормативтер қолданыстағы заңнамамен белгіленеді, есеп қисаптықтары ішкі жоспарлауда  пайдаланылады. Бекітілетіндерге салық  мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс қорларға аударылатын  аударымдардың нормалары, есеп қисаптарға аударымдардың нормалары және кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлану және тұтыну қорларын, негізгі қорларды жөндеу қорын жасау нормативтері және кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сандай ақ бірыңғай нормалар мен нормативтер  болып ажыратылады, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салалар  үшін амортизациялық аударымдардың  нормалары және сараланған түрлі  шаруашылық жүргізуші субъектілерде  түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері.

     Көптеген  қаржылық көрсеткіштер бір мезгілде нормалар, нормативтер немесе лимиттер бола алады, мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі қаржы қорларының атаулары көрсеткіштер де, нормативтер де немесе лимиттер де болып табылады. Қызметтің қаржы нәтижелерін жоспарлау мен болжау процестеріндегі қаржы механизімінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс қимылы байқалып отыр 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі 

    1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі  - Алматы – 1994.
    2. Қазақстан Республикасының  Бюджеттік  Кодексі.
    3. ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2009 ж.
    4. Амрекулов Н. «Организация финансовой и бюджетной системы» //Транзитная экономика 2002 ж. №6 
    5. Булатова А.С.   Экономика // Москва. Из.Дом: Юрист-2002 г.
    6. Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері: Оқулық. Лекциялық курс. Орал: БҚМУ баспасы, 2001-242 бет.
    7. Жолдасбаева Г.Ө.  «Кәсіпорын  экономикасы»  Оқу  құралы  Алматы «экономика» - 2003
    8. Жалғасбаев Р. «Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедураның  орны мен ролі» // Аль Пари  2004 ж. №1 62-67 б.
    9. Кеулімжанов Қ.К., Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. Алматы: Экономика
    10. Көшенова А.М. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Оқу құралы.-Алматы: Экономика

Информация о работе Қаржылық жоспарлау