Мемлекеттик бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2011 в 17:38, реферат

Описание работы

Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.

Содержание

І. Кіріспе


1. Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы

2. Мемлекеттік бюджеттік жоспарлау


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Мемлекттик бюджет.doc

— 82.50 Кб (Скачать)
 

     Бюджеттік жоспарлау – қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Бюджеттік жоспарлаудың негізі –республиканың әлеуметтік – экономикалық  даму жоспарлары мен болжамдары және оның мақсатты бағдарламаларының көрсеткіштері мен болжамдары.

     Бюджеттік жоспарлауға тегінде оның кең  мағынасында тек бюджетті жоспарлау ғана емес, сонымен қатар оның атқарылуы да жатады. Өйткені бюджеттің құрылуы мен орындалуы бір принципке негізделгендіктен, бірін – бірі толықтырады, белгілі бір процестің өзара байланысты екі бұтағы.  Алдағы жылға тікелей бюджет құрау ағымдағы жылдағы орындалу барысына қарай және шаруашылық органдарға жіберілген қаржы нормалары мен нормативтері негізінде жүргізіледі.

     Бюджеттік жоспарлауды бюджет процесінен айыра  білген жөн. Бюджет процесі – бюджеттің  сан алуан жұмыстары кезеңінде  құрылып, орындалу тәртібі, бұл жұмыстың орталық пен жергілікті жерлерде ұйымдастырылуының нақты формалары хақында, республиканың бүкіл аумағындағы мемлекеттің шаруашылық, басқару органдары, жоспарлау – қаржы органдары, банкілері, бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында бюджетті құрау мен барлық қаржы жоспарларының теориясы және әдістемелік мәселелері енеді. Мемлекеттік бюджетті құраудың екі кезеңі бар:

     1. Жиынтық бюджеттік жоспарлау.  Оның барысында жоспарлы жұмыстың  негізгі бағыттары, қаржы ресурстарын жинаудың жолдары мен әдістері анықталып, мемлекеттің алдағы жылдағы белгіленген кірістері мен шығыстарын байланыстыру мүмкіндіктері іздестіріледі. Оның негізінде жиынтық қаржы балансы жасалады. Негізінен жиынтық бюджеттік жоспарлау мемлекеттік бюджет жобасын алдын ала әзірлеу кезеңінде жүзеге асырылады. Жиынтық бюджеттік жоспарлау қаржы жүйесінің орталық буынында қолданылады.

     2. Екінші кезеңде бюджеттік жоспарлау  нақтыланады, яғни халық шаруашылығындағы  барлық қаржы жоспарының бюджетпен  нақты байланыстары орнатылады. Содан соң қаржы міндеттемелері формасын қабылдайды.

     Бюджеттік жоспарлау мынадай принциптермен  жүзеге асырылады:

     - бюджеттік және халық шаруашылықтық  жоспарлаудың бірлігі;

     - ресурстарды салалық, ведомстволық, аумақтық жоспарлауды ұштастыру;

     - еңбек, материал және қаржы  ресурстары шаруашылық – мәдени  құрылысының барлық учаскелерінде  пайдалану кезінде үнем тәртібін  сақтау;

     - халық шаруашылығы, әлеуметтік  – мәдени, қорғаныс, басқару шараларын  қаржыландыру тәртібімен бюджет  қаржысын мақсатты жұмсау.

     Бюджеттік жоспарлауда оның кіріс және шығыс  бөліктерінің нақтылық, біртұтастық, ауқымдылық негізінде баланс әдісі кең қолданылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды. 

     Мемлекеттік бюджетте қаржы жоспарының барлық қажетті негіздері берілген. Ол кез  келген қаржы жоспары сияқты кіріс және шығыс бөліктерінен тұрады. Ондағы кірістер (ақша қаражаттары қорларының құрылуы) нақты көздеріне, ал шығыстары (ақша қаражаттары қорларының) нақты бағыттары мен шараларына орай құрылған.

     Бюджет  кірістерінің щоғырланып, шығыстарының бағытталуы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшіне енген «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығына және Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына сәйкес іске асады.

     Үкіметтің жоспарланатын жыл ішінде қандай тауарлар  мен қызметтер алатыны, қандай әлеуметтік жәрдемақылар төлейтіні, бұл шығындардың жиынтығын қандай салық түрлері мемлекеттік бюджет арқылы жабатыны анықталады. Бірақ, бүгінгі таңда салық түсімдері шығындарды толығымен жаппауда. Егер үкімет шығыстары кірістер деңгейінен асып кеткен болса, онда тапшылығына тап боламыз.

     Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ақша қаражаттары қажет. Бұл ақша қаражаттарын мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы тартуға болады.

     Егер  де экономикада мемлекеттік бюджеттің тапшылығы немесе профициті (бюджетке келіп түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдері жалпы соманың жалпы шығыстар көлемінен және қайтарымды негізде бөлінетін несиелерден асып түсуі) болғанда, жинақ ақшалар мен инвестициялар тең болмайды. Мысалы үшін, бюджет тапшылығы болғанда, үкімет нақты ақшаның бір бөлігін осы тапшылықты қаржыландыруға жұмсайды, яғни жинақ ақша сомасы инвестициялардан асып түседі.

     Мемлекеттік бюджет жобасын талқылау кезінде  бюджет, қаржы, мәдени - әлеуметтік даму және халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығын қорғау, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиялардың ұсыныстары мен сын ескертпелері назарға алынды. Мұның өзі нашақорлықпен күрес, қоршаған ортаны қорғау және селолық аймақтарды кезеңімен дамыту жөніндегі шығындарды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

     Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың  көпсалалы қызметтерін бейнелейтін  құжат деуге болады. Ол мемлекеттік  шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің  жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде немесе муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен кейін атқару үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді. 
 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

     1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: 1995ж.

     2.  Салық Кодексі.  Алматы 2004ж.

     3. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің  атқарылуын бақылау

       туралы» Қазақстан  Республикасының  Заңы. – 2002ж 29 қаңтар.

     4.  Аубакиров Я. «Экономикалық теория  негіздері» Алматы

     5.  Әкімбеков С. «Экономикалық теория»  Астана 2002ж.

     6.  Әкішев К.  «Қаржы ұқсатуға ұқыптылық керек». Орталық Қазақстан 25     желтоқсан 2003ж.

     7.  Баянов Е. «Мемлекет  және  құқық негіздері» Алматы 2002ж.

Информация о работе Мемлекеттик бюджет