Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 08:32, курсовая работа
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Кіріспе.................................................................................................
I. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны...............................
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............................................................
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.........................................
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері..................................
II Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру............................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері...............................................................
2.2 Салық алуды ұйымдастыру.........................................................
2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері..........................
2.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары.....................................................
Қорытынды..........................................................................................
Қосымша кесте....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................
Республикамызда өмір сүріп отырған жалақылары төмен азаматтар үшін салық заңымызда жеңілдіктер қарастырылмаған деуге болады. Мысалы, салық заңында жеке тұлғалардың табыстарына қолданылатын шегерімдердің мөлшері барлық жеке тұлғалар үшін бірдей – бірайлық есептеу көрсеткіші діңгейінде және әрбір бір айлық есептеу көрсеткішінен төмен табыс табатын немесе мүлдем табысы жоқ әрбір жанұя мүшесі үшін бір айлық есепьеу көрсеткіші мөлшерінде шегерім жасауға рұқсат етіледі. Яғни жалақы мөлшері 45000 тенге болатын және жалақысы 4500 тенгені құрайтын жеке тұлғалардың табыстарына қолданылатын шегерімдердің шамасы бірдей. Бұл әрине әділдікке жатпайды, алсалықтардың классикалық үлгісі бойынша әділдік принцмпі алдыңғы орынға ие болуы қажет.
Осындай объективті және субъективті жақтарды ескере отырып, келесі ұсыныстарды қозғауға болады. Біріншісі жеке тұлғаларға қолданылатын шегерімнің мөлшерін өзгерту және оны тек табысы төменгілерге ғана қолдану, екіншісі, табыс салығынан ең төменгі жалақы алушыларды босату.
Сонымен, егер республикамыздың салық жүйесіндегі жеке тұлғаларға салынатын табыс салығына осындай өзгерістерді енгізетін болса, табысы өте төмен дәрежедегі азаматтарыға едәуір көмек болар еді.
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру қиынға соқпайды, ал олардан түсетіе экономикалық тиімділік айтарлықтай болары анық.
Сонымен тақырыбымды қорыта келсем, салық – мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Сонымен қатар салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
1991ж. желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделген. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.
Салық төлеушілердің жекелеген санаттары – арнаулы салық режімі – шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңды тұлғалар – ауыл шаруышылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының салық түрлері: жанама салықтар, корпорациялық табыс салығы, қосымша құн салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салықтар, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар.
1-сызба. Салық механизмінің элементтері
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. А.Д.Байдүйсенов. // Қаржы және қаражат // 2001, №4, 32-36-беттер.
2. Ә.Е.Өтембаев. “Экономикалық өсімге кепіл болатын құжат” // Егемен Қазақстан // 2001, 22 қараша 2-бет.
3. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов. //Нарықтық экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.
4. Б.Медешов. //Нарықтық экономика теориясына кіріспе // Алматы, 1998 ж.
5. Г.Д.Митюгина. “Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша жеңілдіктер ” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж., №47 қараша 6-7-беттер.
6. Е.Б.Жатқанбаев. //Аралас экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.
7. Е.Смайлов. “Салық мәдениеті – салықты дұрыс төлеп, адал өмір сүру” //Егемен Қазақстан // 2002 ж., 7 маусым 3-бет.
8. З.Кәкімжанов. “Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер еліміздің экономикасына оң әсер ететін болады” // Егемен Қазақстан // 2002 ж., 22-қаңтар, 2 бет.
9. Н.Чернягина. “Көлікке салынатын салық” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж., №9 ақпан 5-7-беттер.
10. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі //Салық кодексі// Алматы, 2004.
11. С.Құлпыбаев, Қ.Қ.Ілиясов. // Қаржы // Алматы, 2003 .
12. Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев. //Экономикалық теория негіздері// Алматы, 2004, 391-395-беттер.
Информация о работе Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері