Лимфа жүйесінің физиологиясы
Лимфа (латынша «lympha» - таза су, ылғал) - адамның лимфа
тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын
сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті
мөлдір сұйықтық. Лимфа - ағзаның ішкі
ортасы, ұлпа сүйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы:
95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды түздар. Адам денесінде
бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі.
Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4
есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның
құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу
болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа
қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады.
Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда
түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық
лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер
- ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және
ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер
ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны
көбейеді.
Лимфаның
құрамы
Лимфада өте ұсақ липидтер
болады. Олардың мөлшері көбейсе,
лимфаның түсі сүттей болып
ағарады. Сондықтан да ішектің
лимфа тамырларын сүт тамыры
деп те атайды. Хиломикрондар
ішектің шырышты қабығы арқылы
ішек бүрлеріндегі лимфа тамырларына
өтеді. Лимфа құрамында адреналин,
тироксин, эстроген, тестостерон т.б
гормондар, көптеген ферменттер
болады. Олар әсіресе бауыр мен
лимфада көп. Аталған энзимдердің
көбі қан жүйесіне лимфа тамырлары
арқылы өтеді. Сонымен бірге
лимфа қуысында лимфоциттер мен
аздаған лейкоциттер басқа да
түрлері болады. Кеуде түтігінің
сағасына жақындаған сайын лимфа
құрамында лифоциттер көбейеді,
олар лимфа тамырларына лимфа
түйіндерінен өтеді. Сондықтан
да лимфоциттер саны ір ағзада
ір түрлі, қай ағзадан алынуына
қарай 1 мкм лимфада 2-25 мың лимфоциттер
болады. Кеуде өзегі арқылы қан
жүйесіне тәулігіне 35 млрд лифоцит
ауысады. Осы өзекті байлап
тастаса қанда лифоцит саны
азайып кетеді. Адам денесінде
қанша лимфа бар екені белгісіз.
И. Русньяктың мәліметі бойынша,
лимфа тамырларында 1-2 литр лимфа
бар, ал кейбіреулерлер лимфаны
қан көлемімен бірдей деп санайды.
Лимфа
қылтамырлары
Лимфа қылтамырлары (лимфатические капилляры); (vasa lymphocapillaria, лат. vas, vasis — тамыр, lympha — ылғал, су, capillaris — қыл)
— пішіні саусақ тәрізді тұйық басталатын,
тым жүқа қабырғалы лимфа тамырлар жүйесінің
басталар бөлігі. Лимфа қылтамырларының
қабырғасы жалаң қабат эндотелиоциттерден
тұрады. Қан қылтамырларына қарағанда лимфа қылтамырлары
қабырғаларында негіздік жарғақ болмайды
және арнасы кең келеді. Лимфа қылтамырлары мида, тері эпидермисінде,
шеміршек ұлпасында, көз алмасының ақ
қабығында, көз бұршағында, плацентада
(ұрық жолдасы) болмайды. Лимфа қылтамырлары
лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі
бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар
лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке)
қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі
лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен
қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына
қосылады. Лимфа сұйықтығы вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне
құйылады.
Лимфа түйіндері
Лимфа
түйіндері (лимфатические узлы); (nodi lymphatici, лат. nodi - түйін, lympha - таза су, ылғал) - пішіні дөңгелек
немесе сопақша келген, лимфа тамырларының бойында орналасқан, лимфоциттердің
түзілу процесі (лимфоцитопоэз) жүретін
шеткі қантұзу мүшесі. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен
қапталған. Ол коллаген талшықтарынан,
аздаған эластин талшықтарынан және миоциттерден
құралған. Дәнекерүлпалық қапшықтан лимфа
түйіндері ішіне тарала енетін дәнекерүлпалық
перделікгер бір-бірімен торлана жалғасып,
лимфа түйіндерінің негізін (стромасын)
құрайды. Олардың аралықтарында лимфа
түйінінің негізгі қызметтерін атқаратын
оның паренхимасы орналасады. Паренхиманың
негізін ретикулалы ұлпа құрайды. Лимфа
түйіндері сыртқы — қыртысты заттан, ішкі
— бозғылт заттан және осы заттардың аралығындағы
— қыртысмаңы (паракортикальды) аймақтан
тұрады. Қыртысты затты лимфобласттардан,
макрофагтардан, дендритті жасушалардан
және лимфоциттерден түзілген лимфа түйіншелері
және қапшық пен түйіншелер аралығындағы
шеткі қойнау құрайды. Бозғылт затты перделікгер,
орталық қойнаулар, лимфоидты ұлпадан
құралған жүмсақ баулар түзеді. Қыртысмаңы
аймағын перделікгер, аралық қойнаулар
мен төменгі лимфа түйіншелері және жұмсақ
баулар құрайды. Шеткі, аралық және орталық
қойнаулармен ретикулалы ұлпа арқылы
лимфа сүзіле ағып, механикалық және биологиялық
тазартулардан өтеді. Лимфа түйіндерінде
фагоцитоз арқылы бөгде заттар жойылады,
Т-және В- лифоциттер, иммунды денелер
түзіледі. Лимфа түйіндері организмдегі
қорғаныс және қантұзу қызметтерін атқарады.
Лимфа жуйесінің қызметі:
- Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі.
- Лейкоциттер түзеді.
- Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады.
- Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.
Лимфаның ағуы
Адамда лимфаның қозғалуына
3 жағдай әсер етеді:
- Лимфа тамырларына жақын орналасқан қаңка бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты.
- Кеуде қуысының тынысалу қозғалыстарының әсерінен.
- Ішек бүрлерінің жиырылуы мен босаңсуына сәйкес ағады. Қаңқа бұлшықеттері жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт бойымен қозғалады. Лимфа қанға қарағанда баяу қозғалады
Лимфа
түйіндерінің қатерлі ісігі
- Бұл ауру жайында алғаш рет 1832 жылы Ходжкин жазған.
- Ең жиі кездесетін жері – АҚШ.
- Жапонияда бұл ауру сирек кездеседі
- Жастарда жиі кездеседі.
- Балалар 16 жасқа дейін, ер балалар жиі ауырады.
- 30 жасқа дейін 45-50 пайыз.
- Лимфа жүйесінде кездесетін ісіктердің арасында лимфогранулематоз жиілігі жағынан бірінші орында тұр (40%).
- Әйелдерге қарағанда еркектер 1,3-1,7 есе жиі ауырады.
Гистологиялық жіктелуі
- Лимфогистиоцитарлы
- Склеронодулярлы
- Аралас клеткалы
- Лимфаның азуы
Лимфогистиоцитарлы
түрі - лимфоидтың элементтерінде және
гистиоциттерде ерекше пролиферативтік
өзгеріс пайда болуымен белгілі болалы.
Березовский – Штернберг клеткалары сирек
кездеседі.
Нодулярлы склероз түрінде
- лимфа түйіндерін бірнеше бөлшектерге
бөлетін өрескел талшықты қоспа тіндер
пайда болады. Березовский – Штернберг
клеткалары көбірек болып, іру ошақтары,
нейтрофилдер және гистеоциттер кездеседі.
Аралас клеткалы түрі
- Березовский – Штернберг клеткаларының
көптігімен қатар, әр түсті аралас клеткалары
және некроз ошақтарынан тұрады.
Лимфоидтың (истощение)
азуы - екі түрде болады:
1) диффузды фиброз – байланыс тіндері
ретсіз дамып, клеткалардың саны, оның
ішінде, алдымен лимфоциттер азаяды.
2)Гистеоцитті түрінде Березовский –
Штернберг клеткаларының және атипиялық
гистеоциттардың пролиферациясы байқалады.
Лимфогранулематоз 4 сатысы
- I саты (жергілікті) – бір аумақтық лимфа түйіндерін немесе лимфа түйінінен сырт бір мүшені, не тінді зақымдандырған.
- II саты (регионарлы) – екі немесе одан көбірек, көк еттің бір жағындағы бір және одан көбірек сыртқы бір мүшені зақымдандырған.
- III саты (генерализацияланған жан-жақты тараған түрі) – диафрагманың екі жағындағы екі немесе одан көп лимфа түйіндерінің аумағына, көк бауырға тараған, немесе лимфа түйінінен тыс бір мүшеге, не тінге тараған.
- IV саты (диссеминацияланған) - лимфа түйіндерінің зақымдануымен не оның зақымдануынсыз жалпылама бірнеше ішкі ағзалардың (бауыр, өкпе, сүйек т.б) зақымдануы.
Клиникасы
- жалпы белгілері – ешбір себепсіз шеткі лимфа түйіндерінің үлкеюі, ауырмайды, бірімен-бірі байланыспаған, жан-жағындағы тінге өспеген, қозғалмалы болады.
- жекелеген белгілері – лимфа түйіндерінің әр топтарының үлкеюімен, ішкі ағзаларда патологиялық өзгерістердің пайда болуымен байланысты.
Клиникалық ағымына байланысты ауру
үш түрде басталады:
- Жедел түрі - аяқ астынан басталып, дененің ыстығы 400-қа дейін көтеріледі, тер ағып, дене босаңсиды, әлсіздік пайда болып, буындар ауырады.
- Жеделдеу түрі – шеткері орналасқан лимфа түйіндерінің және іштегі мүшелердің зақымдануымен басталады.
- Аурудың созылмалы түрі - 90 пайызда кездесіп, қолданған емнен кейін аурудың өмірі 10-15 жылға созылады.
Қызудың 38-қа дейін көтерілуі. Түнде ағып
терлеу. Жүдеую Терінің қышуы т.б. (75-80 пайыз)
алдымен мойын түйіндері зақымданады.
Емдеу
- Негізгі емі тоқпен емдеу (гамматерапевтикалық, мегавольттік аппарат)
- Лимфогранулематоздың I – IIа сатысында радикалды бағдарлама қолданылады.
- Зақымданған лимфа түйіндерге қолданылатын сәуленің жиынтық дозасы 40-50 пайыз
- Профилактикалық емнің жиынтық дозасы 35-40 гр.
- Химиялық дәрілер МОРР (эмбихин+винкристин +прокарбазин+преднизолон), СУРР (ССNY+винбластин+прокарбазин+преднизолон), АВУД (адриамицин+блеомицин+винбластин) схемалары қолданылады.
- Химиялық ем мен сәулені қосып қолданған емнің нәтижесі одан да жоғары.
Лимфа бездерінің қабынуы
Лимфа жүйесіне микроорганизмдердің немесе улардың (токсиндердің) енуінен пайда болады. Лимфадениттердің
жедел (острый), созылмалы (хронический)
түрлері бар. Жақсүйек-бет маңайында түрлі жаралар, жарақаттар, периодонтиттер, остеомиелиттеркезінде байқалады.
Іріңді лимфадениттер тромбофлебитке,
сепсиске әкеп соғады.
Лимфангиома
Лимфангиома (Lymphangioma - лимфа тамырларының ісігі) - Лимфа тамырларынан дамитын қатерсіз
ісік. Лимфангиоманың капиллярлық, каверналық,
кисталық түрлерін ажыратады.
Лимфангит
Лимфа тамырларының қабынуы. Микроб уымен зақымданған ткань клеткалары бөліп шығаратын улы заттардан пайда
болатын дерт.
Қорытынды
Лимфа адам денесіндегі
еуінші сұйық орта. Сонымен, қанайналымы,
әсіресе микроциркуляция, лимфа
түзілуі, ағуы бірбірімен тығыз
байланысқан өте күрделі үрдістер.
Лимфа жүйесіне қарағанда қан
жүйесі, оның марфологиясы, физиолгоиясы
жақсы зерттелген. Сондықтан да,
қазіргі таңда тасымал жүйесі
туралы әңгіме болғанда алдымен
қанайналымы, оның реттелуі еске
алынады. Дегенмен, соңғы жылдары
лимфа жүйесінің морфологиясы, физиологисы
және патологиясы туралы ғылым
жаңа деректермен толықтырылды.
ғылыми-практикалық маңызы бар
сол деректер қазіргі таңға
сай жан-жақты зерттеу әдістерін
қолдану нәтижесінде жиналды.
Лимфа жүйесінің физиологиясы
мен лимфология туралы түсінік
тереңдеді. Қанайналымы мен лимфа
айналысының қызметі жағынан
өзара байланысы, түрлі аурулар
кезінде тасымал жүйесінің
қызметі қаншалықты және қалай
өзгеретіндігі анықталды. Ауруды
анықтау оны емдеу мақсаттарымен
клиникада лимфа жүйесіне әсер
ету әдістері кеңінен пайдалына
бастады.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет.
- Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. –Алматы, Ана тілі, 1993.
- Сәтбаев Х., Өтепбергенова А., Нілдібаева Ж. Адам физиологиясы. Алматы 2005.
- Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. –Алматы, Ана тілі, 1993.
- http://kk.wikipedia.org/wiki/Лимфа
- Google.kz
интернет желісі