Жүйке жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 19:38, курсовая работа

Описание работы

Жүйке жүйесінің көптеген бөліктері бар, айта кететін болсам біріншіден - жүйке жүйесінің дамуы және маңызы. Екінші бөлімі - жүйке жүйесінің эмбриогенезі. Жүйке жүйесі жан – жануарлар мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Ол сыртқы ортаның түрлі құбылыстарының әсерінен өзгеріп, күрделіленіп отырады. Осыған байланысты, ішкі – сыртқы тітіркендіргіштерін қабылдап, оған жауап беріп, организмді өзгермелі жағдайларға бейімдейді.

Содержание

Кіріспе.
1. Жүйке жүйесінің дамуы және маңызы.
1.1 Жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы.
1.2 Эффекторлық нейрон дегеніміз не.
2. Жүйке жүйесінің эмбриогенезі.
2.1 Орталық жүйке жүйесі.
2.2 Шеткі жүйке жүйесі.
2.3 Жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары.
2.4 Орталықтан тепкіш эференттік жолдар.
Қортынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Жүйке жүйесі.doc

— 146.50 Кб (Скачать)

Жоспар.

       Кіріспе.

1.      Жүйке жүйесінің дамуы және маңызы.

    1.1 Жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы.

    1.2 Эффекторлық нейрон дегеніміз не.

    2.  Жүйке жүйесінің эмбриогенезі.

    2.1 Орталық жүйке жүйесі.

2.2  Шеткі жүйке жүйесі.

  2.3 Жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары.

   2.4 Орталықтан тепкіш эференттік жолдар.

  Қортынды.

  Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Жүйке жүйесінің көптеген бөліктері бар, айта кететін болсам біріншіден - жүйке жүйесінің дамуы және маңызы. Екінші бөлімі - жүйке жүйесінің эмбриогенезі. Жүйке жүйесі жан – жануарлар мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Ол сыртқы ортаның түрлі құбылыстарының әсерінен өзгеріп, күрделіленіп отырады. Осыған байланысты, ішкі – сыртқы тітіркендіргіштерін қабылдап, оған жауап беріп, организмді өзгермелі жағдайларға бейімдейді. Сонымен қатар әртүрлі ағзалардың, тіндердің  және жасушалардың қызметін реттеп, оларды өзара  және сыртқы ортамен байланыстырып, организмнің біртұтастығын жүзеге асырадыаяқталады. Организмде барлық ағзалар жүйкемен қамтамасыз етіледі, яғни жүйкелендіріледі. Орталық жүйке жүйесі сол етіледі, яғни жүйкелендіріледі. Орталық жүйке жүйесі сол жүйкелердің ағзаларда, тіндерде аяқталуы нәтижесінде, жалпы организмнің шет бөлімдерімен тікелей байланыста болады. Жүйке жүйесі ұрықтың даму кезіңінде өте ерте пайда бола бастайды. Екі апталық ұрық денесінің дорсальді (арқа жақ) бөлігінде эктодермадан (сыртқы ұрық жапырақшасынан) ми жүйке пластинкасы қалыптасады. Даму нәтижесіне байланысты пластинканың екі жақ ұзына бойы жиегі қалыңдап, бір – бірімен бірігіп, ұзынша жүйке түтігін түзеді. Жүйке түтігі хорданың үстіңгі жағында қатар жатады. Оның сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық арнасын айнала орналасқан. Сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіз дп атайды. Жүйке жүйесі тек қарапайым жануарлар өкілдерінде ғана  болмайды. Бірақ тітіркену процесі барлық тірі материяға тән қасиет болғандықтан, оларда да тітіркену, тітіркендіргіштерді қабылдау, оған жауап қайтару процестері өтеді. Сонымен қатар әртүрлі ағзалардың, тіндердің  және жасушалардың қызметін реттеп, оларды өзара  және сыртқы ортамен байланыстырып, организмнің біртұтастығын жүзеге асырады. Жүйке жүйесінің осы жұмысына байланысты организмнің ағзалары мен тіндерінің арасында күрделі физиологиялық процестер де жүреді.

1.      Жүйке жүйесінің дамуы және маңызы.

1.1 Жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы.

Жүйеке жүйесінің дамуы және оның маңызы. Жүйке жүйесі жан – жануарлар мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Ол сыртқы ортаның түрлі құбылыстарының әсерінен өзгеріп, күрделіленіп отырады. Осыған байланысты, ішкі – сыртқы тітіркендіргіштерін қабылдап, оған жауап беріп, организмді өзгермелі жағдайларға бейімдейді. Сонымен қатар әртүрлі ағзалардың, тіндердің  және жасушалардың қызметін реттеп, оларды өзара  және сыртқы ортамен байланыстырып, организмнің біртұтастығын жүзеге асырады. Жүйке жүйесінің осы жұмысына байланысты организмнің ағзалары мен тіндерінің арасында күрделі физиологиялық процестер де жүреді. Жүйке жүйесі тек қарапайым жануарлар өкілдерінде ғана  болмайды. Бірақ тітіркену процесі барлық тірі материяға тән қасиет болғандықтан, оларда да тітіркену, тітіркендіргіштерді қабылдау, оған жауап қайтару процестері өтеді. Тітіркенуден туған жүйке процесі және оның жүйке бойымен өтуін жүйке серпіні деп атайды.

              Адам жүйке жүйесі еңбекпен айналысуына байланысты өте күрделі және жоғары дәрежеде дамыған. Ол ағзасына айналған. Қорта айтқанда, жүйке жүйесі барлық ағзалардың тұтас организмнің жұмыс әрекетін басқарып, күрделі физиологиялық процестердің  үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді. Мәселен, бұлшық еттердің жиырылуы, жүректің соғуы, бездердің сөл бөлуі, зат алмасу процестерінің дұрыс жүріп отыруы. Сонымен қатар әртүрлі ағзалардың атқаратын қызметі бір – бірімен тығыз байланыста болады. Ішкі, сыртқы ортаның  өзгеруіне байланысты не күшейеді, не нашарлайды. Бір ағзаның өзгеруіне байланысты басқа ағзалар қызметі де өзгереді. Мәселен, бұлшық еттердің жиырылуына байланысты қоректік заттар мен оттегіне мұқтаждығы артады. Осыған байланысты жүрек пен өкпе жұмысын күшейтіп, бұлшық еттерді қанмен қамтамасыз етеді. Зат алмасу процесін арттырып, организмде жылу пайда болды. Оның сыртқа бөлінуінен тері бездері мен несеп шығару ағзаларының жұмысы да күшейеді. Осы сияқты организмнің сыртқы және ішкі орталықтарды тұрған әсерлері мен өзгерістеріне бейімделуі оның тіршілік етуінің негізі болып саналды. Осы жағдайдың бәрі жүйкенің реттелуімен іске асады.

              Жүйкенің реттелуімен іске асады. Жүйке жүйесі ми мен жұлыннан және оларда тарайтын жүйкелерден тұрады. Ми мен жұлынның орталық жүйке жүйесі, олардан тарамдалған жүйкелерді шеткі жүйке жүйесі деп атайды. Жалпы жүйке жүйесі мен жүйке тінінен нейрондар мен нейроглиядан т.б. тіндерден түзілген. Нейроглия жүйке жасушасының тірегі болумен  бірге оған белгілі бір пішін беріп, оларды қоректендіру (трофикалық) жұмысына қатынасады. Нейрон – толық келген негізгі бөлімінен, денесінен және одан тарамдалған ұзынды – қысқалы өсінділерден түзілген. Денесі сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды. Аксон өсірділері жүйке серпінін жасуша денесінен шығарып отырса, дендриттер керісінше, жасуша денесіне жеткізіп отырады. Осы жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды.

Ми мен жұлынды кесіп қарғанда олардың сұр және ақ заттан тұратынын байқаймыз. Олардың сұр заттары  әрдайым жүйке жасушалары денелерінің шоғырлануынан пайда болса, ақ заттары жүйке талшықтарының тораптануынан пайда болады. Ми мен жұлынның сұр заты мен ақ заты біркелкі орналаспаған. Ми сұр заты сыртқы, ақ заты ішкі жағында жатса, жұлында, керісінше, сұр заты ішінде, ақ заты сыртында жатады. Алдыңғы үлкен ми сыңарының сыртын жауып жатқан сұр заты ми қыртысы немесе  сұрғылт қабық деп аталады. Ми қыртысының іш жағын ала жүйке талшықтарынан түзілген ақ зат жатады. Осы ақ заттың қалыңында жасуша денелерінің шоғырланған жерлерін ядролар деп атайды. Мұндай ядролар ми мен жұлыннан тыс жерлерде де кездеседі. Оларды омыртқа аралық түйіндер, жұлын түйіндері және жүйке түйіндері деп атайды. Жұлын мен ми құрамындағы жүйке талшықтары ақ заттар түзіп, орталық жүйке жүйесінің бөліктерін бір – бірімен байланыстырып тұратын өткізгіш жолдар түзеді.  Жұлын мен ми бөліктері қан тамырларына өте бай келеді. Олар арқылы жүйке тініне қоректік заттар мен оттегі үнемі жеткізіліп тұрады. Жүйке дегеніміз сырт жағы ақ қабықшамен жабылған жүйке талшықтарының будасы. Жүйкелерді атқаратын қызметіне қарай үш түрге бөледі : 1) егер жүйке тек қозғалтқыш жасушаларынан, жүйке талшықтарынан түзілсе, оны қозғалтқыш немесе орталықтан тепкіш жүйке деп атайды. Жұлын мен ми бөліктерінде жатқан қозғалтқыш жасушалар шоғыры ядролар түзеді. 2) Егер жүйке құрамы сезімтал жүйке талшықтарынан түзілсе, оны сезімтал немесе орталыққа тепкіш деп атайды. Сезімтал жүйке сезімтал жасушалардың өсінділері. Бұл жасушалар шоғырланып, жүйке түйіндерін түзеді. 3) Егер жүйке құрамына әрі  қозғалтқыш әрі сезімтал жүйке талшықтары кіретін болса, оларды аралас жүйкелер деп атайды.

              Қозғалтқыш жүйкелердің жүйке ұштары, эффекторлары жұмыс ағзаларында аяқталса, сезімтал жүйкелердің ұштары рецепторлары сезім ағзаларында (теріде, көзде, ішкі құлақта, тіл мен мұрын қуысында т.б.) аяқталады. Организмде барлық ағзалар жүйкемен қамтамасыз етіледі, яғни жүйкелендіріледі. Орталық жүйке жүйесі сол етіледі, яғни жүйкелендіріледі. Орталық жүйке жүйесі сол жүйкелердің ағзаларда, тіндерде аяқталуы нәтижесінде, жалпы организмнің шет бөлімдерімен тікелей байланыста болады.

              Организмде қозу сезімтал жүйке ұштарына тиген тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болады. Жалпы организмде үздіксіз түрлі тітіркендіргіштер (дыбыс, жарық, иіс, дәм т.б.) әсер етіп тұрады. Олар жүке рецепторлары арқылы орталық жүйке жүйесінің бөліктерін жеткізіледі. Мұны жүйке тінінің қоз өткізгіштік қасиеті деп атайды. Қозу әрбір жүйке талшықтары арқылы жеке дара өткізіледі, берілмейді. Сондықтан бұзылған жүйкенің қозу аппараты (еттің, бездің т.б.) ағзаларының қызметі де бұзылады.

              Жүйке жасушалары бір – бірімен жалғасып, нейрондар тізбегін түзеді. Мұндай жағдайда бір жасушаның екінші жасушамен байланысқан жерін түйіспе деп атайды. Нейрон бойындағы жерін түйіспе деп атайды. Нейрон бойындағы жүйке қозуы жасушаның дендрит – дене аксон бағыты бойынша өтеді. Жалпы қозу (жүйке серпіні) сезімтал жүйке арқылы шеттен (рецептордан) жүке жүйесінің орталығына, ал одан қозғалтқыш жүйке арқылы шеткі (бұлшық еттерге, бездер т.б.) ағзаларға өткізіледі. Организмнің орталық жүйке жүйесінің қатысуымен өтетін және ішкі – сыртқы тітіркендіргіштерге қайтаратын жауабын рефлекс деп атайды. Мәселен, төрт басты еттің сіңірін, тізеден төмендеу жерден балғамен жайлап ұрсақ, еттің жиырылуы нәтижесінен аяқ тізе буынынан дереу жазылады. Жарық көзге түссе, көздің қарашығы дереу кішірейеді, ауызға бір нәрсе түссе, сілекей өлінеді. Релекстің (жүйке серпінінің) жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды.

              Рефлекторлық доға бес бөлімнен түзілген : Бірінші – ағзалардан сезім мүшелерінен басталатын рецепторлар (сезімтал нейрондар ұштары), екінші – сезімтал жүйке нейрондарының афференттік жүйкеталшықтары, үшінші – рефлекстің орталығы болып саналатын жұлын мен мидағы жүйке жасушаларының шоғыры, төртінші – қозғалтқыш нейрондардың жүйке талшықтары, бесінші – қызметке енетін ағзаларда аяқталатын эффекторлы жүйке ұштары.

 

 

 

 

 

 

1.2 Эффекторлық нейрон дегеніміз не.

Рефлекторлық доғаны жай және күрделі деп екіге бөлеміз. Жай доға құрамында (көп жағдайда) үшінші қосымша нейрон қатысады. Ол жүйке серпінін сезімтал нейроннан қозғалтқыш нейронға беріп отырады. Осы жай доғадан да басқа ми бөлімдерінен өтетін, кейде ми қыртысына дейін баратын, көп нейронды рефлеторлық доғалар да болады. Нейрон – толық келген негізгі бөлімінен, денесінен және одан тарамдалған ұзынды – қысқалы өсінділерден түзілген. Денесі сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды. Аксон өсірділері жүйке серпінін жасуша денесінен шығарып отырса, дендриттер керісінше, жасуша денесіне жеткізіп отырады. Осы жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды.Сонымен қорта айтқанда, бүкіл жүйке жүйесін (функциональды жағдаймен қарағанда) үш туынды элементтермен қарастырамыз. Рецепторлар (қабылдағыштар) эфференттік (орталыққа тепкіш) сезімтал нейрондармен байланысты, олар пайда болған қозуды орталыққа өткізгіш (апарушы) нейрондар.

1.      Кондукторлар (өткізгіштер) қосымша немесе ассоциативті нейрондар. Олар жүйке қозуын орталыққа тепкішнейроннан орталықтан тепкіш нейронға өткізеді.

2.      Эфференттік (орталықтан тепкіш) нецрон орталқтан шеткі жұмыс ағзаларына еретін эффекторға жеткізу, жауап беру реакциясын қамтамасыз етеді.Эффекторлар дегеніміз жүйке серпіні жұмыс ағзасына (бұлшық етке, безге т.б.) беретін эфференттік нейрондар жүйке ұштары. Ал нейрондардың өзін эффекторлық нейрондар деп атайды. Сонғы кезде ашық рефлекторлық доғамен қатар ағзаларды орталықпен кері байланыстыратын тұйық шеңберлі рефлекс тізбектері туралы пікірлер пайда болып жатыр. Олардың жүйке жүйесінің функциональды қызметін физиология пәнінен тереңірек түсінуге болады.

2. Жүйке жүйесінің эмбриогенезі.

Жүйке жүйесі ұрықтың даму кезіңінде өте ерте пайда бола бастайды. Екі апталық ұрық денесінің дорсальді (арқа жақ) бөлігінде эктодермадан (сыртқы ұрық жапырақшасынан) ми жүйке пластинкасы қалыптасады. Даму нәтижесіне байланысты пластинканың екі жақ ұзына бойы жиегі қалыңдап, бір – бірімен бірігіп, ұзынша жүйке түтігін түзеді. Жүйке түтігі хорданың үстіңгі жағында қатар жатады. Оның сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық арнасын айнала орналасқан. Сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіз дп атайды. Алдыңғы жағында алдыңғы мүйіз, артқы жағында артқы мүйізі, ал бүйір бөлігінде бүйір мүйізі жатады. Бүйір мүйізі жұлынның тек көкірек бунақтарында ғана кезеседі. Сұр зат жүйке  жасушаларының шоғырынан түзілген, осыған байланысты оның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш мотонейрондар орналасады. Ал көру, есту, тепе – теңдік сақтау анализаторларының миеленденуі ұрық кезеңінен басталып, туғаннан кейін аяқталады. Үш айлық балалар дыбыс пен жарыққа көңіл аудара бастайды. Ал алты айлық баланың көру қабылеті тұрақтап, заттарды ұстауға ұмтылады. Сонымен қатар әртүрлі ағзалардың, тіндердің  және жасушалардың қызметін реттеп, оларды өзара  және сыртқы ортамен байланыстырып, организмнің біртұтастығын жүзеге асырады. Жүйке жүйесінің осы жұмысына байланысты организмнің ағзалары мен тіндерінің арасында күрделі физиологиялық процестер де жүреді. Жүйке жүйесі тек қарапайым жануарлар өкілдерінде ғана  болмайды. Бірақ тітіркену процесі барлық тірі материяға тән қасиет болғандықтан, оларда да тітіркену, тітіркендіргіштерді қабылдау, оған жауап қайтару процестері өтеді. Одан кейін басын, денесін тік ұстап, отыруға, тұруға икемделеді. Ал бір жасқа тола келгенде ми сыңарларының жетілуіне байланысты денесін тік ұтап, жүруге әрекет жасайды. Жалпы миелендену процестері екі жастан кейін аяқталады. Сонда тіл шығып, сөйлеу қабыілеті біліне бастайды.

Олардың нейриттері жұлыннан шыға алдыңғы қозғалтқыш түбір түзеді. Артқы мүйізінде рефлекторлық доғаның афференттік нейроның эфференттік нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейрон орналасады. Бүйір мүйізінде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық нейрондары шоғырланып, сипатикалық орталық түзеді. Олардың нейриттері алдыңғы түбір құрамында жұлыннан шығып, ішкі ағзаларды жүйкелендіруге бағыт алады.

Оның алдыңғы бөлігі біртіндеп ми бөліктеріне айнала бастаса, артқы ұзынша бөлігінен жұлын пайда болады. Ал түтіктің келіп қосылған жиегі ганглиозды пластинкаға айналады. Осы пластинакадан бара – бара омыртқа аралық жұлын түйіндері мен жүйкелерінің түйіндері дамиды.Жүйке түтікгінің алдыңғы жақ қуысы кеңейіп, өзгеріп, ми қарыншаларын түзсе, артқы бөлігінің қуысы жұлын өзегіне айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Орталық жүйке жүйесі.

Жүйке жүйесінің орталық бөліміне филогенетикалық ең ерте бөлігі – жұлын, және кеш дамып келе жатқан ми бөлігі жатады. Бұл екеуі құрылысы және жұмысы жағынан бір – бірімен өте тығыз байланыста келеді. Жүйке жүйесін топографиялық жатқан жағдайына  қарай орталық және щеткі бөлімдер деп екіге бөліп оқимыз. Оның орталық жүйке жүйесі деген түсінікке сұр және ақ заттан  тұратын жұлын мен ми жатса, жүйке түбіршіктері, жүйке түйіндері, жүйке тораптары бөлімдері мен жүйке ұштары шеткі жүйке тораптары бөлімдері мен жүйке ұштары шеткі жүйке жүйесіне жатады.

              Жұлын (medulla spinalis) омыртқа өзегінің ішінде жатады. Мұның ұзындығы ересектерде 45 см, ені 1,5 см, салмағы 80 г. Жұлын ауыз омыртқасының тұсында сопақша миға жалғасады. Төменгі жағынан соңғы жіпшесі арқылы құйымшақ омыртқасына бекиді. Соңғы жіпшеден айнала жұлынның төменгі буынақтарынан таралған түбіршіктер ат құйрығын түзеді. Олардың көбі сегізкөз тесіктері арқылы сыртқа тебеді.

              Жұлын жаңа туған балада омыртқа өзегін толық толтыра жатса, бара – бара өсуі баяулап, бірінші бел омыртқа тұсында қалады. Жұлынның көлденең қимасы ұзына бойында бірдей емес, жоғарыдан төмен қарай жіңішкере бастайды. Жұлын төменгі мойын омыртқалары мен төменгі көкірек омыртқаларының тұсында екі буылтық түзеді. Оның біреуін мойын буылтығы десе, екіншісін бел буылтығы деп атайды. Осы буылытықтар тұсында қол мен аяқты жүйкелендіретін ірі әрі ұзын жүйкелер басталады. Сол жүйкелердің жасуша денелері буылтықтар тұсында жұлын буылтығы шоғырын түзеді.

              Жұлынның алдыңғы және артқы бетімен ұзына бойына алдыңғы орталық сай және артқы орталық сай өтеді. Алдыңғы орталық сай өте терең жатқандықтан, оны кейде алдыңғы орталық саңылау деп те атайды. Осы сайлар арқылы жұлын оң және сол екі бөлікке бөлініп тұрады. Алдыңғы орталық сайдың екі жағында алдыңғы бүйір сай жатса, артқы орталық сайдың екі жағында артқы бүйір сай орналасқан.

              Жұлын тізбектеліп жатқан 31 буынақтан түзілген. Оның әрбір бунағының екі жағынан алдыңғы және артқы жұлын түбіршіктері шығып, омыртқалық тесік тұсында бір – бірімен қосылып, 31 жұп жұлын жүйкесін түзеді. Жұлынның ішімен ұзына бойы жұлын ағзасы өтеді. Ол жоғарғы жағында мидың төртінші қарыншасында жалғасады. Жұлынның көлденең кесіндісі қарағанда оның ақ және сұр заттан түзілгенің байқаймыз.

              Оның сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық арнасын айнала орналасқан. Сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіз дп атайды. Алдыңғы жағында алдыңғы мүйіз, артқы жағында артқы мүйізі, ал бүйір бөлігінде бүйір мүйізі жатады. Бүйір мүйізі жұлынның тек көкірек бунақтарында ғана кезеседі. Сұр зат жүйке  жасушаларының шоғырынан түзілген, осыған байланысты оның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш мотонейрондар орналасады. Олардың нейриттері жұлыннан шыға алдыңғы қозғалтқыш түбір түзеді. Артқы мүйізінде рефлекторлық доғаның афференттік нейроның эфференттік нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейрон орналасады. Бүйір мүйізінде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық нейрондары шоғырланып, сипатикалық орталық түзеді. Олардың нейриттері алдыңғы түбір құрамында жұлыннан шығып, ішкі ағзаларды жүйкелендіруге бағыт алады.

              Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады. Оның өзі жұлын бетінде жатқан сайлар арқала үш жұп бағанға бөлінеді. Алдыңғы баған – алдыңғы орталық сай мен алдыңғы бүйір сайының аралығында, бүйір бағаны – алдыңғы бүйір сайы мен артқы бүйір сайының аралығында, ал артқы баған артқы бүйір  сайы мен артқа орталық сайдың арасында орналасқан. Бұл бағандар жүйке талшытарынан түзіліп, жұлынның өткізгіш жолдарын түзеді. Жұлынның сұр заты мен бағандарының аралығында бунақаралық келте талшытар болады. Осы талшықтар арқылы жұлынның бунақаралық байланыстары өтетін болғандықтан оларды жұлынның өз аппараты деп атайды. Жұлынды қоректендіретін артерия тамырларына қабырғааралық артериялар жұлынның көкірек бунақтарына тарамдалса, төменгі бел, сегізкөз, құйымшақ бунақтарына бел, сегізкөз артериялары тарамдалады. Ал жұлынның жоғарғы мойын бунақтарына бұғана асты артериясының омыртқа тарамы барды. Бұл артериялар омыртқа арнасына енгеннен кейін жұлынның алдыңғы, артқы артерияларына бөлінеді. Алдыңғы артериялары жұлынның алдыңғы жағында, артқы артериялары артқы жағында тарамдалып, жұлынның ақ заты мен сұр затын қоректендіреді. Сұр затына қан тамырлары көбірек барады және бір – бірімен көлденең қосылыстар жасап байланысады. Жұлынның вена тамырлары артерияларына аттас келеді. Жұлында лимфа тамырлары болмайды, олардың жұмысын қабықшаларының арасында жатқан жұлын – ми сұйықтығы атқарады.

              Ми (encephalon) жүйке жүйесі ұрықтың арқа бөлімінде, жүйке пластинкасы – эктодермадан пайда болады. Ол пластинканың екі шеті жиырылып, жүйке түтігіне айналады. Оның алдыңғы толық бөлігінен алғашқы үш ми көпіршіктері пайда болады. Одан мидың бес бөлігі дамиды. Осы ми бөлімдерінің әртүрлі қарқында дамуына байланысты алдыңғы және артқы ми көпіршіктері екіге бөлінеді. Алдыңғы ми көпіршігінен алдыңғы, артқы және сопақша ми пайда болады. Ал ортанғы ми көпіршігі көп өзгермей, ортанғы мидың өзін түзеді. Ми бөліктерінің дамуына байланысты көпіршіктердің қуысы да өзгере бастайды. Алдынғы ми көпіршігінің қуысынан екі ми сыңарларының ішінде жатқан екі бүйір қарыншалары, аралық мида үшінші қарынша пайда болады. Ал ортанғы мидың қуысы жіңішке түтік тәрізді болғандықтан оны су өткізгіш деп атайды. Ол жоғарғы жағынан үшінші қарыншамен байланысып жатса, төменгі жағынан төртінші қарыншаға жалғасады. Артқы ми қуысында төртінші қарынша пайда болады. Ол төменгі  жағынан жұлын арнасына жалғасады. Бұл ми қарыншалары мен түтіктері өзара тығыз байланыста жатып, ішіндегі жұлын ми сұйықтығын бір – біріне өткізіп тұрады.

              Ми бөлімдерінің әртүрлі дәрежеде байланысты ортаңғы ми тұсындағы төбе, артқы мидағы көпір, сопақша ми мен жұлын аралығындағы шүйде иіндері пайда болады.Ұрықтың бес айлық мерзімінде ми сыңарларының беттерінде сайлар пайда болады. Оларға орталық, бүйір және төбе – шүйде сайлары жатады. Осы тұрақты сайлардан кейін екінші, үшінші қатардағы тұрақсыз сайлар пайда бола бастайды. Бір жасар мерзімде тұрақты және тұрақсыз сайлардың саны көбейіп, бес жасқа дейін мидың құрылысы мен кесіндісі қатты өзгереді. Ал бес жастан кейін мидың даму жолы алғашқы кезден баяулай бастайды. Екі ми сыңарларын қосып жатқан сүйелді дене жас нәрестеде әрі жіңішке, әрі қысқа келеді. Бұл да алғашқы бес жыл мерзімінде ұзарып, қалыңдайды. Жалпы ми 20 жасқа дейін біршама кемеліне келеді. Ми адам организміндегі басқа ағзаларға қарағанда жылдам дамиды. Ми қыртыстары бес жаста ересек адамның ми қыртысндай болады. Нейрондар мөлшері де жасқа қарай өзгермейді. Бірақ нейрондар жалпы дамып, өздерінің өсінділерін күрделілендіреді. Олардың сыртқы жағы миеленделініп, қозғалтқыш қызметі дамиды. Осыған байланысты рефлекстері де қалыптасады. Ал көру, есту, тепе – теңдік сақтау анализаторларының миеленденуі ұрық кезеңінен басталып, туғаннан кейін аяқталады. Үш айлық балалар дыбыс пен жарыққа көңіл аудара бастайды. Ал алты айлық баланың көру қабылеті тұрақтап, заттарды ұстауға ұмтылады. Одан кейін басын, денесін тік ұстап, отыруға, тұруға икемделеді. Ал бір жасқа тола келгенде ми сыңарларының жетілуіне байланысты денесін тік ұтап, жүруге әрекет жасайды. Жалпы миелендену процестері екі жастан кейін аяқталады. Сонда тіл шығып, сөйлеу қабыілеті біліне бастайды.

              Ми пішіні ми сауытына сәйкес үстіңгі жағы дөңес, астыңғы жағы ойлы – қырлы келеді. Жаң туған балада мұнің салмағы 400 г болса, бір жаста екі есе үлкейіп, алты жаста 1 кг – нан асады. Ал 20 – 30 жастан қалыптасып, 60 жастан кейін кішірею процесі байқалады. Кейбір жануарларда ми салмағы адам минан ауыр. Мәселен, китте – 7000 г, дельфинде – 5200 г, пілде – 400       г. Бірақ жалпы дене салмағымен салыстырғанда адам озады. Адамның ақыл – ой қабылетін ми салмағымен байланыстыруға болмайды. Себебі, мидың қызметі мидың ұр затының жалпы көлеміне, онда жатқан ми нейрондарының қабілетіне, қызметіне байланысты. Мәселен, атақты және дарынды адамдардың ішінде И.С. Тургеневтің миының салмағы 2012 г болса, жазушы А.Франстың миыныңи алмағы 1012 г, дәрігер – психиатр В.М. Бехтеревтің миының салмағы 1720 г, болған. Ми бөлімдері өзінің дамуына, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ми сыңарларының қыртысына, қыртысасты бөлігіне және ми бағанына бөлінеді. Ми сыңарларының қыртыстары мидың тарихи даму жолында жаңа және өте күрделі көлемді бөлігі. Ми сыңарлары ұрықтың бірінші ми көпіршігінде дамыған. Көлемінің үлкендігінен астыңғы жағында жатқан басқа ми бөліктерін қоршай жауып, жабындыға ұқсап жатады. Сондықтан оны ми жабындысы деп те атайды. Оның сыртқы жағы өте қыртысты. Ал ішкі жағы ақ заттан түзілген. Осы ақ затта нейрондар жиынтығынан түзілген ядролар орналасады. Оларды қыртысасты ядролар деп атайды.

              Қыртысасты бөлімі де ұрықтың бірінші ми көпіршігінен пайда болады. Бұл ми сыңарларының ақ затының ішінде терең жатқан сұр түсті ядролар бар. Олар нейрондардың шоғырынан түзілген. Бұл бөлімді И.П.Павлов мидың жаңа қыртысасты бөлімі деп атаған. Мидың баған бөліміне сопақша ми, көпір, мишық, ми сабақтары мен төрт төмпешік жатады. Олар мидың тарихи ерте дамыған бөлімдері. Олар ми сыңарларына қарағанда жай құрылысты, көлемдері де кіші. Сопақша ми жұлынның тікелей жалғасы. Сондықтан да жұлын құрылысына өте ұқсас. Кейде қосымша ми деп те атайды. Жұлын бетімен өтетін сайлар сопақша ми бетіне жалғасып, оның ақ затын алдыңғы, ортанғы және артқы үш жұп бағандарға бөлінеді. Алдыңғы баған алдыңғы ұзынша сайдың екі жағында орналасқан. Оны сопақша ми пирамидасы деп атайды. Ол ұзынша келген ақ дөңес ұзына бойы жүріп жатқан жүйке талшықтарынан түзілген. Олар мидың орталықтан тепкіш қозғалтқыш жолдарын түзеді. Ол талшықтардың кейбіреулері оңнан солға солдан оңға ауысып, пирамида айқасын жасайды. Бұл айқасқан талшықтар жұлынның бүйір бағанымен төмен түседі. Мұны бүйір пирамида жолы деп атайды. Ал айқаспаған талшықтары алдыңғы бағанамен төмен түсіп, жұлынның әрбір буынағына айқасады. Мұны алдыңғы пирамида жолы атайды. Сопақша мидың ішкі жағындағы сұр заты буынақ түзбей, бөлшектене жатқан жүйке ядроларын түзеді. Оларда сопақша мидың сыртынна тебетін жүйке түйіршіктері шығады.

              Сопақша ми жұлынның тікелей жалғасы. Сондықтан да жұлын құрылысына өте ұқсас. Кейде қосымша ми деп те атайды. Жұлын бетімен өтетін сайлар сопақша ми бетіне жалғасып, оның ақ затын алдыңғы, ортанғы және артқы үш жұп бағандарға бөлінеді. Алдыңғы баған алдыңғы ұзынша сайдың екі жағында орналасқан. Оны сопақша ми пирамидасы деп атайды. Ол ұзынша келген ақ дөңес ұзына бойы жүріп жатқан жүйке талшықтарынан түзілген. Олар мидың орталықтан тепкіш қозғалтқыш жолдарын түзеді. Ол талшықтардың кейбіреулері оңнан солға, солдан оңға ауысып, пирамида айқасын жасайды. Бұл айқасқан талшықтар жұлының бүйір бағанымен төмен түседі. Мұны бүйір пирамида жолы деп атайды. Сопақша мидың ішкі жағындағы сұр заты бунақ түзбей, бөлшектене жатқан жүйке ядроларын түзеді. Оларда сопақша мидың сыртына тебетін жүйке түйіршіктері шығады.Сопақша ми ортасымен жұлын арасының болып саналатын орталық түтік өтеді. Ол мидың жоғарғы жағында екі бүйірінен кеңейіп, IV қарыншаға көшіеді. Бұл қарыншаның төменгі жақ бөлігінде IX, X, XI, XII жұп жүйкелерінің ядролары жатады.

Сопақша ми пирамидасының екі жағында жатқан ұзынша ақ дөңесті зәйтүн деп атайды. Оның ішінде нейрондар жиынтығынан түзілген тіст ядро жатады. Зәйтүн дөңесі денесін тік ұстап жүретін маймыл тектестер мен адамда ғана кездеседі. Зәйтүн мишықпен тығыз байланысты. Сопақша мидың екі жағында бүйір бағандары жатады. Бұл бағандардан IX, X, XI ми жүйкелерінің түбірлері басталады. Сопақша мидың артқы жақ бетімен артқы бағандар көтеріледі. Бұл бағандардың әрқайсысы нәзік және сына тәрізді екі будадан түзілген. Нәзік және сына тәрізді будаларының жалғасы. РОлар жоғары көтеріліп, екі (сына және нәзік) төмпектерін түзеді. Бұл төмпектер мишықтың төменгі сабақшасының құрамына кіріп, қиықша ойысының төменгі жоқ жиегін түзеді. Мишықтың төменгі аяқшасының құрамындағы жүйке талшықтары орталық арна алдында жатқан ретикулярлы зат жұлын затының жалғасы. Соңғы ғылыми зерттеулерге байланысты бұл заттың маңызы мен атқаратын міндетінің күрделілігі анықталады. Ондағы нейрондар арқылы мидың қыртысы тікелей байланыс жасап, бір – біріне жүйке серпіндерін жеткізіп, әсер етіп отырады.

Сопақша мидан басталатын ми жүйкелерінің ішінде кезеген жүйкенің маңызы өте зор. Себебі, ол жүйке бүкіл ішкі ағзаларды жүйкелендіріп, тыныс алу, ас қорыту, жүрек соғу жұмыстарын реттеп отырады. Сондықтан сопақшамиға тиген зақым адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Сонымен қатар сопақша ми арқылы орталықтан тепкіш , орталыққа тепкіш өткізгіш жолдары өтеді. Бұл жолдар жұлынды мидың жоғарғы бөліктерімен, ал жоғарғы ми бөліктерін, керісінше, жұлынмен жалғастырып тұрады. Ол жолдарға қызыл – ядро – жұлын жолы, алдыңғы және артқы жұлын – мишық жолы, кіреберіс – жұлын жолы, жұлын – төмпек (таламикалық) т.б. жолдар жатады. Сопаша ми жұлын сияқты өткізгііш және рефлекторлы міндет атқарады.

Артқы мида көпір мен мишық жатады. Көпір сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ дөңес. Жоғарғы жағынан ми сабақша мимен аралығынан VІ, VІІ, VІІІ ұлу – кіреберіс жүйкелерінің түбірлері шығады. Көпірдің жіңішкеріп барып мишыққа жалғасқан жері мишықтың ортаңғы аяқшасы деп атайды. Осы жерде V (үшкіл) жүйкенің түбірі жатады. Көпір ортасымен ұзынша сай өтеді. Онда мидың негізгі артериясы орналасқан. Көпірдің көлденең кесінен табан бөлігі мен қақпақшасынан тұратынын ажыратамыз. Табан бөлігі деп сыртқы жағында жатқан бөлігін айтса, қақпақша деп ішкі жағын айтады. Көпірдің табан көлденең және ұзына бойы жатқан жүйке талшықтарынан түзілген. Сыртқы – көлденең талшықтары көпірдің сыртқы бетімен жүріп отырып, мишықтың ортаңғы аяқшаларының құрамына кіреді. Бұл жол арқылы ми сыңарларының қыртыстарынан серпін жеткізіледі. Ішкі – ұзына бойы талшықтары жоғарыдан төмен қарай келе жатқан сопақша мидың пирамида жолына жалғасады. Көпірдің табан бөлігі болып саналса, сопақша мимен тікелей байланыста жатқан қақпақша бөлігі болып мимен тікелей байланыста жатқан қақпақша бөлігі болып есептеледі. Көпір қақпақшасына сопақша мидағы ретикулярлы заттар жалғасып жатады. Онда V, VІ, VІІ, VІІІ ми жүйкелерінің ядролары орналасқан.

Көпір жұлын мен сопақша ми сияқты өткізгіш және рефлекторлы қызмет атқарады. Мишық көпір мен сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Ми сауытының артқы ойысын толтырып жатады. Салмағы ересек адамда 120 – 150г. Жоғарғы жағыннан ми сыңарларының шүйде бөлігі жауып тұрады. Мишық екі жарты шардан және оларды байланыстырып жатқан құртша бөлігінен түзілген. Мишықтың сыртқы жағында сұр заты жатса, ішкі жағында ақ заты орналасқан. Сыртқы сұр затының бетімен көптеген көлденең сайлар мен қатпарлар өтеді. Бұл сайлардың тұрақтылары мишықты бірнеше бөліктерге бөледі. Ол бөліктердің әрқайсысы дененің әрбір бөлігіне сай келіп, сол бөліктерінің жұмысын өзара байланыстырып отырады. Мишықтың төменгі жақ кішкенк бөлімшесі, адамның тепе – теңдік сақтау аппаратымен тікелей байланыста. Сондықтан оны тепе – теңдік орталығы деп те атайды. Мишықтың сұр заты екі қабат болып жатқан жүйке жасушаларынан түзілген. Сыртқы – молекулярлы қабаты жұлдыз жасушаларынан, ішкі қабаты – дәнді жасушаларынан тұрады. Мишықтын ақ заты ішкі жағында орналасқан. Оның ортасында сұр заттан мишықтың төрт жұп ядролары кіреді. Мишықтан үш жұп сабақша шығып, оны айнала жатқан ми бөліктерімен байланыстырып тұрады. Жоғарғы сабақшасы жоғарғ жағында жатқан ортаңғы мидың төрт төмпешігімен, ортанғы сабақшасы ми көпірімен, ал төменгі сабақшасы сопақша мимен байланысады. Төменгі сабақшасы жұлын – мишық жолын түзіп, мишықтың құртша бөлімімен жалғасады. Бұл жол дененің пропиорецепторлық серпінін қабылдап тұрады. Ортаңғы сабақшасы мишықтың көпірмен байланыстырып тұратын көпір – мишық жолын түзеді. Ал көпірдің табан бөлігіне үлкен ми сыңарларының қыртысынан шыққан талшықтары жалғасады. Осыған байланысты бұл жолды қыртыс – көпір мишық  жолы деп атайды.

Ортаңғы ми мидың басқа бөліктеріне қарағандың басқа бөліктерін қарағанда үлкен өзгерістеріне қарағанда үлкен өзгерістерге ұшы рамаған және көлемі де кішірек болып келеді. Ортаңғы ми екі сабақшасымен төрт төмпешіктен түзілген. Оның жіңішке қуысын құбыр деп атайды. Ми сабақшалары ортанғы мидың алдыңғы жағында ұзына бойы жатқан қос бағанға ұқсайды. Олар төменгі жағынан көпірге, жоғарғы жағынан ми сыңарларына еніп жатады. Ми сабақшаларының көлденең кесіндісінің ортасында жатқан қара затты байқауға болады. Осы меганин жояғына бай қара заты ми сабақшасын сыртқы жағындағы табан бөлігіне және ішкі жағындағы қақпақшасына бөліп тұрады. Қақпақша бөлігінде ұзына бой жатқан қызыл ядродан қозғалтқыш жолы басталады. Ал қызыл ядроның екі жағында көру төмпегіне баратын сезу жолдары жатады. Ми сабақшасы табан бөлігінде өтетін жүйке талшықтары пирамида жолының жалғасы. Бұл жол төмен қарай түсіп, көпір мен сопақша ми арқылы жұлынға дейін жетеді. Қыртыскөпір жолы көпірдің өзінде аяқталса, қыртыс – ядро жолдарының талшықтары төртінші қарынша мен құбыр түбіндегі ми жүйкелерінің ядроларына жалғасады. Ортаңғы мидың да құбыры түбінде ретикулярлы зат болады. Ол сопақша ми мен көпірдің ретикулярлық затының жалғасы.

Аралық ми үлкен ми сыңарларының аралығында орналасқан. Оған көру төменгі мен төмпек аймақтары жатады. Көру төменгі эллипс тәрізді дене, ол сұр түсті ішкі, сыртқы және алдыңғы ядролардан түзілген. Бұл ядролардан ми сыңыарларына серпін жеткізіледі. Сондықтан көру төмпегін қыртысасты орталғы деп атайды. Көру төмпегінің маңына астыңғы, үстіңгі және сыртқы жақтары жатады. Төмпекасты маңына мидың астыңғы жағындағы гипофиз, сұр төмпек, сұр пластинка, көру жүйке шоғырының айқас және қос емізікше денелер жатады.

Гипофиз мидың астыңғы жғындағы ми қосымшасы болып саналады. Ол түрік ершігінің үстіңгі ойысында орналасқан ішкі секрециялық бездер қатарына жатады. Бұл без сабақшасы арқылы аралық мидың астыңғы жағындағы сұр төмпекте ілініп тұрады. Көру тоғысы көздің артқы полюсінен келе жатқан көру жүйкесінің кейбір талшықтарының тоғысқан жерінен пайда болады. Бұл тоғыс түрік ершігінде орналасқан. Мидағы вена қаны майда вена тамырлары арқылы жиналып, мидың қатты қабығындағы қойнауларға құяды. Осы қойнаулардан жүрген қан сигма қойнауы арқылы ішкі мойынтұрық венасына жалғасады. Ішкі мойынтұрық вена қанын жинап, жүреке қарай әкететін негізгі тамыр. Сонымен қатар вена қаны ми сауытының тесіктері арқылы қойнауларынан бастың теріасты веналарына да өтеді.

Жұлын – ми сұйықтығының  қысымын  сақтап  тұруға жәрдем  етеді. Бұл сұйықтың тамырлар торларынан  (өрімдерінен) пайда болып , ми қарыншаларын толтырып, одан жұлын мен ми қабықтарының астына еніп, оларды өзара байланыстырып жатады.

Ми қабықтары. Ми сырт жағынан қатты, торлы және тамырлы үш қабықшамен жабылған. Қатты қабық мидың ең сыртқы қабығы. Олми сауытының ішкі жағында жатқан сүйек жабындысы. Бұл қабықтан ми бөліктерінің аралығына еніп жатқан өсінділер шығады. Оларға үлкен орақ тәрізді, кіші орақ тәрізді өсінділер мен мишық шатыры, түрік ершігінің пердесі жатады. Үлкен орақ тәрізді өсінді ми сыңараларының аралығындағы саңылауға кіріп, екеуін бөліп тұрады.

Кіші орақ тәрізді өсінді үлкен орақ тәрізді өсіндінің төмен мишыққа қарай созылған жалғасы. Ол мишықтың екі жарты шарының аралығына кіріп жатады. Мишық шатыры мишықты ми сыңарларының шүйде бөлігінен бөліп тұрады. Мишық осы шатырдың астында жатқандықтан мишық шатыры деп атайды. Тамырлы қабық мидың ең ішкі миға тығыз жанаса жатқан тамырлы қабықшасы. Тамырлы қабықша ми сайларына терең еніп, ми бөліктеріне қан тамырларын жеткізіп жатады. Бұл қабықша ми қарыншаларының тамырлы өнімдер, торлар түзіп, жұлын – ми сұйықтығын шығарып тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Шеткі жүйке жүйесі.

Жүйке жүйесінің шеткі бөліміне ми мен жұлыннан таралатын жүйке жатады. Мидың 12 жұп ми жүйкелері тарамдалса, жұлыннан 33 жұп жұлын жүйкесі болады. Оларды жатқан жағдайына қарай 8 жұп мойын, 12 жұп көкірек, 5 жұп бел, 5 жұп бел, 5 жұп сегізкөз, 1 жұп құйымшақ жүйкелеріне бөледі. Жұлын жүйкелері жұлынның алдыңғы қозғалтқыш, артқы сезімтал түбірлерінің қосындысынан пайда болады. Сондықтан оларды аралас жүйке деп атайды. Себебі, құрамында соматикалық сезімтал және қозғалтқыш  талшықтардан басқа вегетативті талшықтар да кездеседі.

Жұлын жүйкелерінің артқы түбірлерінде сезімтал жасушалар орналасқан жұлын түйіндері жатады. Әрбір жұлын жүйкесі омыртқа аралық тесіктен шығысымен бірнеше тарамдарға бөлінеді. Оның екі  ұзын тарамын алдыңғы және артқы десе, екі қысқасын қабықты және жалғастырушы тармдары дейді. Жалғастырушы тарамдар вегетативті жүйке жүйесінің түйіндерімен жалғастырады. Олардың құрамында ішкі ағзалармен байланыстын эфференттік жүйке талшықтары өтеді. Ал қабық тарамдары омыртқа аралық тесіктер арқылы омыртқа арнасына кері өтіп, жұлын қабықшаларын жүйкелендіреді. Сондықтан кері өтіп, жұлын қабықшаларын жүйкелендіреді. Сондықтан оны қабық тарамдары деп атайды. Жұлын жүйкелерінің артқы тарамдар дененің артқы жағында бунақты түрде кездеседі. Бұл тарамдар омыртқа аралық  және сегізкөз  тесіктерінен шыққаннан кейін өз тұсындағы тұлға еттері мен терісіне тарамдалып, шүйде, арқа, бел, бөксе бөліктерін жүйкелендіреді. Жұлын жүйкелерінің алдыңғы тарамдарының айырмашылығы, олар бір – бірімен көлденең қосылыстар жсап, тораптар түзеді. Бұл тораптардан шыққан жүйкелер дененің алдығы жағымен қол – аяққа таралады.

Жұлын жүйкелерінің алдыңғы тарамдарынан пайда болған төртторапты айырамыз. Оларға : мойын, иық, бел, сегізкөз – құымшақ жүйке тораптары жатады. Тек көкірек жүйкелері торап түзбей , бунақты жағдайын сақтайды. Оларға бір біріне қатар жүріп жатқан 12 жұп қабырға аралық жүйкелер кіреді. Олар қабырға аралық жүйкелер іштің алдыңғы бетіне бағытталып, құрсақ еттері мен терісін де жүйкелендіреді. Мойын өрімі негізінен төрт жұп мойын жүйкелерінің алдыңғы бұталарының қосылысынан пайда болады. Ол мойын омыртқаларының жанында мойын еттерінің астында орналасқан. Бұл өрімнен таралатын жүйкелерді ет, тері және аралас жүйкелер деп бөледі. Өрімнен шығатын жүйкелер бастың тік және бүйір бұлшық еттерін бас пен мойынның ұзын еттерін, сатылы және төс – бұғана еттерін жүйкелендіреді. Мойын өрімінен төмендеу жүйкесі төмендеу тіласты жүйкесімен бірігіп, мойын – жүйке ілмегін түзеді. Бұл жүйке ілмегі тіласты сүйегінің төменгі жағындағы еттерді жүйкелердіреді. Мойын торабынан еттерге баратын қозғалтқыш жүйкелерден басқа сезімтал жүйкелер де шығады. Оларға негізінде мойын терісінде тарамдалатын шүйделік кіші жүйке, мойынның көлденең жүйкесі, бұғанаүсті жүйкелері жатады.

Шүйденің кіші жүйкесі төсбұғана – емізікше етінің астынан өтіп, шүйде бөлігінің терісі мен емізік өсіндісінің маңын жүйкелендіреді. Құлақтын үлкен жүйкесі мойын өрімінен шығатын жүйкелердің ішіндегі ең ірісі. Ол төс – бұғана емізікше етінің астынан артқа қарай өтіп, құлақ қалқанының терісіне, беттің сырт және самай терісіне тарамдалады.

Мойынның көлденең жүйкесі төс – бұғана емізікше етінің астынан мойынның алдына қарай көлденең бағыт алады. Осы жерде мойынның тіласты етінен өтіп, мойын алдына қарай бағыт алып, мойын жүйкесін жүйкелендіреді. Бұғанаүсті жүйкесі мойын өмірімінен басталып, төс – бұғана емізік етінің сыртқы жиегімен төмен қарай түсіп, бұғана – иық буынына, көкіректің жоғарғы жағына және дельта тәрізді етке қарай тарамдалып, сол жерлердің тері бөліктерін қамтиды. Мойын өрімінің ең ұзын жүйкесі көкет жүйкесі. Ол өрімнен басталғаннан кейін бұғана асты артериясы мен венасының аралығымен төмен қарай көкірек клеткасына түсіп, көкетке жетеді. Жолында өкпеқап пен жүрек үлпершегіне тарамдалып, аяғында көкетті жүйкелендіреді. Сондықтан негізгі тыныс алу жүйкесі болып саналады. Көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын көкет эмброниальды даму кезіңінде ұрықтың мойын бөлігінде көкірек ағзаларымен бірге пайда болады. Осы ағзалармен бірге дами келе құрсақ қуысына дейін төмендеп, мойын өрімінен алған жүйкесін бірге ұзартып әкетеді. Бұл жүйке негізінде қозғалтқыш жүйкеге жатады. Оның құрамында өкпеқапқа және перикардқа, бауыр байламына баратын сезімтал талшықтары да болады. Бұл өрім мойынның екі  жағында сатылы еттердің аралығында жатады. Мұның бұғанаүсті бөлігінен шыққан қысқа жүйкелері адамның иық буынының иық белдеуіне, көкіректің беткей еттеріне тарамдалса, бұғанасты бөлігінен шыққан ұзын жүйкелер қолдың ұзына бойына тарамдалып, бұлшық етері мен терісін жүйкелендіреді.

Иық өрімінің бұғанаүсті бөлімінен жауырынды қоршай  жатқан жауырынасты, жаласты, жалүсті, жауырын көтеретін қиықша тәрізді, алдыңғы тіс тәрізді, үлкен және кіші көкірек еттерін жүйкелендіретін тарамдар шығады. Иық өрімінің бұғанасты бөлімнен шыққан ұзын жүйкелер үш ірі будадан басталады. Оларға : сыртқы, ішкі және артқы будалар жатады. Сыртқы будадан ет – тері жүйкесі және ортаңғы жүйке шығады. Ішкі будадан шынтақ жүйкесі мен қол терісін жүйкелендіретін тарамдар шығады. Еттері жүйке аралас жүйке, құстұмсық – тоқпан жілік етін тесіп өтіп, тарамдалып, қолдың құстұмсық – тоқпан жілік, екі басты еттерін және тоқпан жіліктің өзін, шынтақ буынын жүйкелендіреді. Оның тері тарамдары білектің қол басының және бас бармақтың терісін жүйкелендіреді.

Ортаңғы жүйке аралас жүйкеге жатады. Ол иық өрімнінің ішкі және сыртқы будаларынан басталып, қолдың алдыңғы бетінде аттас артериямен қатар жүріп, білек өлігінің беткей және терең еттерінің аралығымен қол басына жетеді де, үш саусаққа тарамдарын береді. Бұл жүйке адамның білек бөлігінде ғана тарамдалып, оның бұрушы және бүгуші еттерін, қол басының еттері мен терісін жүйкелендіреді. Шонданай жүйкесі не оның тарамдары қабынып ауырса, еттерінің жұмысының бұзылуына байланысты адам аяғын бүге алмайды. Ал жалпы шыбық жүйкесі бұзылса, адам әуелі аяғын ұшынан басып, онда сыртқы қырына көшіп барып, өкшесін жерге тигізеді. Шонданай жүйкесінің қабынып ауруы тек зақымданудан ғна емес, жұқпа суық тиюден де болады.

Қолдың бұлшық еттеріне тармдалатын жүйкелер топан жіліктің алдыңғы еттерін ет – тері жүйкесі, ал артқы  еттер тобын ортаңғы және шынтақ жүйкелері, артқы тобын кәрі жілік жүйкесінің терең бұталары жүйкелендіреді. Қолдың тері бөліктерінің жүйкелері қардың алдыңғы және іш жағының терісіне  қардың ішкі тері жүйкесі, сыртқы бетіне қолтықасты жүйкесі, ал артқы бетіне кәрі жілік жүйкесінің бұталары тарамдалады. Білектің ішкі және алдыңғы бетіндегі  терісін  жеке білектің ішкі  тері  жүйесі, сыртқы жағының терсін  ет-тері  жүйкесі,  ал  артқы  бетін  кәрі жілік  жүйкесінің  бұталары  жүйкелендіреді.

Қол басының алақан  бетін  ортаңғы жүйке,  сыртқы  бетін  кәрі жілік және  шынтақ жүйкелері  жүйкелендіреді. Аяқтың топ еттерін сан жүйкесі, санның ішкі жағында жатқан еттерін жапқыш жүйкесі, санның артқы жағында жатқан еттер тобын шонданай жүйкесінің тарамдары жүйкелендіреді.  Сирақтың алдыңғы жағындағы еттер тобын шыбық жүйкесінің терең тарамдары, сирақтың сырт жақ еттер тобын шыбық жүйкесінің беткей тарамдары, сирақтын артқы жағында жатқан еттер тобын асық жілік жүйкесі жүйкелендіріеді.

Аяқ басының табан жағындағы еттерін асық жілік жүйкесі, ал үстіңгі бетіндегі еттерін шыбық жүйкесінің терең тарамдары жүйкелеңдіреді.

 

 

 

2.3    Жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары.

Жұлында рефлекторлық орталықтар болады. Сол орталықтар арқылы тері, ет және ішкі ағзалардың қарапайым рефлекстері іске асытылады. Осы рефлекстердің жолы төмендегідей болады : тітіркендіргіш рецептормен қабылданып, пайда болған қзуды жұлын түйінінде жатқан сезімтал нейронға, оның талшықтары арқылы мүйізде жатқан қосымша нейронға, одан алдыңғы мүйізде жатқан қозғалтқыш жасушасына беріледі. Қозғалтқыш жасушасының нейриті арнаулы бұлшық етке жеткізщіледі. Рефлекторлық доға деп серпіннің рецептордан жұлынға, одан эффекторға, жұмыс ағзасына келу жолын айтамыз. Бұл қарапайым доға. Ал өмірде жүйке қызметі күрделі доға қатысымен өтеді. Мұндай жағдайда бірнеше нейрондар өзара түйісіп, қозуды бір нейроннан екінші неронға өткізіп, өекізгіш жолдар арқылы жүйке серпінін орталық жүйкесіне – миға, одан кері жұлын арқылы жұмыс ағзасына дейін жеткізеді. Сонымен бірге бұл жолдар орталық жүйке жүйкесінің бөліктерін бір – біріне жалғастырып отырады. Осының нәтижесінде күрделі рефлекторлық қызмет жүзеге асырылады.

              Серпіндерді шеттен жұлын арқылы миға, керісінше, мидан жұлынның қозғалтқыш нейрондары арқылы ағзаларға жеткізетін жолдарды жүйке жүйкесінің өткігіш аппараты деп атаймыз. Егер серпін сезімтал нейрондар  арқылы орталық жүйке жүйкесіне бағыт алса, оны орталыққа тепкіш немес афференттік жолдар деп атайды. Егер серпін, керісінше, нейрондар арқылы қарама – қарсы бағытқа жүретін болса, оны орталықтан тепкіш жолдар деп атаймыз. Орталыққа тепкіш жолдар нәзік және сына тәрізді будалары, артқы және алдыңғы жұлын – мишық, жұлын төмпек т.б. жолдар жатады. Олар бұлшық еттерден, буындардан тері экстрорецепторларынан басталып, жұлын құрамына енеді. Жұлынның ақ затының құрамын мен жүріп отырып, ми сыңарлары мен мишықтың қыртысына жетеді. Нәзік будасы сезімді дененің төменгі бөлігінен өткізсе, сына тәрізді будасы дененің жоғарғы бөлігінен өткізеді. Оларды проприорецепторлы жолдар деп атайды. Нәзәк және сына тәрізді будалардың рецепторлы бұлшық еттер мен буыннан басталып, жұлын жүйкелерінің құрамында жұлын түйінінде жатқан бірінші нейронға, одан артқы түбір құрамын мен жұлынның артқы бағынына бағытталады. Осы бағанмен жоғарғы  көтеріліп, сопақша мидың нәзік және сына тәрізді төмпешіктеріндегі ядроларға келіп аяқталады. Бұл жерде кезекші нейрондар басталып, олардың аксондары көру төмпегінің сыртқы ядросына жетеді. Осы жерден басталған нейрон талшықтары ми сыңарының артқы орталық қатпары мен жоғарғы төбе жоғарғы төбе қыртысында аяқталған.

              Пропириоцепторлы жолдарға алдыңғы және артқы жұлын – мишық жолдары жатады. Алдыңғы жұлын – мишық жолы бүйір бағандарының алдыңғы бөлігінде орналасқан. Бұл жолдың бірінші нейроны жұлын түйінінде жатқан униполярлы жасушалар. Олардың аксоны жұлынның артқы түбіршігі арқылы жұлынға еніп, оның сұр затының артқы мүйізшелерінің аралығында аяқталады. Осы жерден кезекші нейрон басталады. Оның аксоны сұр заттан ақ затқа шығып, бүйір бағанының алдыңғы жағымен миға бағытталады. Екінші нейронның талшықтарының бір бөлігі алдыңғы ақ байланыс арқылы қарама – қарсы жаққа ауысады да, бір бөлігі өз бағытымен сопақша ми, көпір, төрт төпешікке барып айқасып, мишықтың жоғарғы сабақшасы арқылы ми сыңарының алдыңғы орталық қатпарына жетеді.

              Артқы жұлын – мишық жолы бірінші нейрон омыртқа аралық түйіндерінде жатқан униполярлы жасушалар. Олардың аксондары артқы түбіршік құрамына еніп, жұлынның сұр затының артқы мүйізшесінде аяқталады. Осы жерден екінші нейрон басталып, оның аксоны бүйір бағанының артқы жағымен жоғары көтеріліп, сопақша ми арқылы мишықтың қыртысына жетеді. Одан тісті ядроға бағытталады. Жұлын – төмпек жолы тері сезімін жұлын арқылы көру төмпегіне жеткізеді. Бұл жолдар жұлын бағандары арқылы өтеді. Алдымен жұлын жүйкелерінің сезімтал талшықтары жұлын түйініндегі бірінші нейрондарға, одан артқы түбіршік арқылы жұлынның артқы мүйізшесіндегі жасушалар мен сопақша ми ядроларында аяқталады. Осы жерлерден кезекші нейрон басталып, қарама – қарсы жағына өтіп, бүйір бағанының құрамы арқылы жоғары көтеріліп, сопақша миға, одан әрі көпір арқылы көру төмпегінің ядроларында аяқталады. Осы жерден үшінші нейрон басталады. Оның аксондары төмпек – қыртыс жолдың құрамына өтіп, ми сыңарының артқы орталық қатпары мен жоғарғы төбе қыртысына жетеді. Бұл қыртыстар аймағы тері сезу анализаторлардың орталығы.

              Жұлын орталыққа тепкіш жолдармен келген серпіндер жүйке талшықтарының айқасуына байланысты, дененің о бөлігінен келген сезімді ми сыңарларының сол қыртысына, ал сол жағынан мидың оң қыртысына өткізеді. Бұл серпіндер ми сыңарларының қыртысындағы қозғалтқыш жасушаларына беріледі. Ол жасушалардан орталықтан тепкіш жолдары басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Орталықтан тепкіш эференттік жолдар.

Адам организмінің қимыл – әрекеттері жүйкесінің басқаруымен жүзеге асады. Кейбір қарапайым қимылдар жұлынның бір бунақ жүйке жолдарының қыртысмен бітеді. Мұны қарапайым рефлекс деп атайды. Ал күрделі  рефлекстер жұлынмен бірге ми бағанының қыртысасты лроларының және ми сыңрларының қыртыс бөліктерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қозғатқыш жолдардың кейбіреулері серпіндерді ми қыртысынан, екінші біреулері қыртысасты ядролардан бұлшық етке алып барады.

              Ми қыртысынан басталатын орталықтан тепкіш жолдарға пирамидалық қыртыс - жұлын жолдары  жатады. Олар ми сыңарларының алдыңғы орталық қатпарының жасушаларынан басталып, аксондары арқылы ішкі қабықшаны құрамында жүріп отырып, көпір негізінен сопақша мидың пирамидасына жалғасады. Пирамида құрамындағы талшықтар жартылай айқасып, одан жұлынның бүйір бағандарына енеді. Бұл жолды бүйір пирамида жолы деп атайды. Ал сопақша мидың пирамида бөлігінде айқаспағн талшықтар жұлынның алдыңғы бағанымен жүріп отырып, оның әрбір бунағында айқас жасап, сұр заттың алдыңғы мүйізшелеріне келіп аяқталады. Бұл жолды алдыңғы пирамида жолы деп атайды. Алдыңғы және бүйір пирамида жолдары жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізшелеріндегі қозғалтқыш жасушаларында аяқталады. Осы жерден кезекші нейрондар басталып, олардың аксондары бұлшық еттерге жетеді.

              Вестибуло – жұлын жолы сопақша мидан басталып, жұлынның алдыңғы бағанымен төмен түсіп, оның алдыңғы мүйізшелеріндегі жасушаларына беріледі. Олардан шыққан жүйке серпіндері бұлшық еттерге жетеді. Вестибуло – жұлын жолы арқылы дененің тепе – теңдік сақтауы қамтамасыз етіледі.

 

 

 

Қорытынды.

Қорта айтқанда, жүйке жүйесі барлық ағзалардың тұтас организмнің жұмыс әрекетін басқарып, күрделі физиологиялық процестердің  үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді. Мәселен, бұлшық еттердің жиырылуы, жүректің соғуы, бездердің сөл бөлуі, зат алмасу процестерінің дұрыс жүріп отыруы. Сонымен қатар әртүрлі ағзалардың атқаратын қызметі бір – бірімен тығыз байланыста болады. Ішкі, сыртқы ортаның  өзгеруіне байланысты не күшейеді, не нашарлайды. Бір ағзаның өзгеруіне байланысты басқа ағзалар қызметі де өзгереді. Орталық жүйке жүйесі сол етіледі, яғни жүйкелендіріледі. Орталық жүйке жүйесі сол жүйкелердің ағзаларда, тіндерде аяқталуы нәтижесінде, жалпы организмнің шет бөлімдерімен тікелей байланыста болады. Бүкіл жүйке жүйесін (функциональды жағдаймен қарағанда) үш туынды элементтермен қарастырамыз. Рецепторлар (қабылдағыштар) эфференттік (орталыққа тепкіш) сезімтал нейрондармен байланысты, олар пайда болған қозуды орталыққа өткізгіш (апарушы) нейрондар.

Серпіндерді шеттен жұлын арқылы миға, керісінше, мидан жұлынның қозғалтқыш нейрондары арқылы ағзаларға жеткізетін жолдарды жүйке жүйкесінің өткігіш аппараты деп атаймыз. Егер серпін сезімтал нейрондар  арқылы орталық жүйке жүйкесіне бағыт алса, оны орталыққа тепкіш немес афференттік жолдар деп атайды. Көпір жұлын мен сопақша ми сияқты өткізгіш және рефлекторлы қызмет атқарады. Мишық көпір мен сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Ми сауытының артқы ойысын толтырып жатады. Салмағы ересек адамда 120 – 150г. Жоғарғы жағыннан ми сыңарларының шүйде бөлігі жауып тұрады. Мишық екі жарты шардан және оларды байланыстырып жатқан құртша бөлігінен түзілген. Мишықтың сыртқы жағында сұр заты жатса, ішкі жағында ақ заты орналасқан.

 

Падаланған әдебиеттер.

1.      Ж.К.Ермаханы «Тәнтану» Алматы 2004 ж.

2.      М.Дайырбекова «Адам анатомиясы» алматы 2002 ж.

3.      Рақышев «Адам анатомиясы» 1 том Алматы

4.      Рақышев «Адам анатомиясы» 2 том Алматы

5.      М. Нұрышев «Адам анатомиясы» Алматы 2006 ж

    6. Жөкебайқызы, С.Сейсенбекқызы Алматы 1997 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Жүйке жүйесі