ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 04:45, реферат

Описание работы

Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығының синдромы (СПИД, AIDS ағылшынша) туралы алғашқы ақпарат өткен ғасырдың 80 жылдарының ортасында пайда болған. Сол кезде тек уақытына жетпей дүниеге келген балаларда ғана болатын аурудың ересек адамдарда болатыны байқалған. Дәрігерлер науқас адамдардың иммунитеті төмендегенін анықтаған, бірақ ол туғаннан емес, жүре пайда болған.
Сондықтан ауруды анықталғаннан кейін бірінші жылдарынан бастап жүре пайда болатын иммунитет тапшылығының синдромы, яғни ЖИТС деп атап кеткен.
Содан бері ЖИТС-тің таралуы эпидемия жағдайына жетті. Қазіргі заманғы деректерге сүйенсек, науқас адамдардың саны 40 миллионға жеткен, аурудан қайтыс болғандардың саны 20 жыл ішінде 20 миллионға жеткен. Бұл ауруды «ХХ ғасыр індеті» деп те атайды.