Жемис шаруашылыгы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 13:32, реферат

Описание работы

Жеміс өсімдіктерін ботаникалық жіктеу және өндірістік-биологиялық топтарға бөлу. Жеміс өсімдіктерінің пайда болу және шығу орталықтары. Негізгі жеміс дақылдарының қысқаша өндірістік сипаттамалары, өсірілетін аймақтары және дақылдың Қазақстандағы болашағы.

Работа содержит 1 файл

1 ЖЕМІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ.docx

— 18.54 Кб (Скачать)

      ЖЕМІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ 

    1.1  Жеміс шаруашылығының  биологиялық негіздері

    Жеміс дақылдарының жіктелуі мен сипаттамасы

    Жеміс өсімдіктерін ботаникалық  жіктеу және өндірістік-биологиялық  топтарға бөлу. Жеміс  өсімдіктерінің пайда  болу және шығу орталықтары. Негізгі жеміс  дақылдарының қысқаша  өндірістік сипаттамалары, өсірілетін аймақтары  және дақылдың Қазақстандағы  болашағы.

      Жеміс өсімдіктерінің  морфологиясы

    Жер үсті бөлігі діңгек ағаш бөріабасы (крона). Қаңқалық, жартылай қаңқалық және түкше  бұтақтар, бұтақтану  реті мен типтері.

          Өркеннің  құрылысы, жіктелуі. Жапырақ, олардың  орналасу заңдылықтары. Бүршік, олардың жіктелуі, биологиялық қасиеттері, ерте өнгіштігі. Өркен  пайда болу және өркенді  қайта қалпына  келтіру қасиетері. Гүлдер, гүл шоғырлары, жемістер, олардың  құрылысы және типтері.

          Тамыр жүйесі, тамыр мойыншасы (нағыз, шартты). Тамыр жүйелерінің  типтері және олардың  жіктелуі: шығу тегіне қарай (ұрықтық және қосалқы тамырлар), топырақта орналасуына  қарай (көлденең, тік), өлшеміне қарай қаңқалық, жартылай қаңқалық, шашақты) анатомиялық  құрылысына және орындайтын қызметіне қарай (өскіш, сорғыш, ауыспалы, өткізгіш). Микориза және оның маңызы.

    Жеміс өсімдіктерінің өсу  және жеміс салу заңдылықтары

    Ұрықтық, ұластырылған және тамыры өзіндік өсімдіктер онтогенезіндегі  ерекшеліктер. Гетерозиготалық  және мутациялық өзгергіштік. Сорт және клон туралы түсінік. Қазақстан  Республикасында  аудандастырылған дақылдар мен сорттар.

          Ағаш, бұтатектес және шөптектес  жеміс және жидек  өсімдіктеріндегі жас  шамасына қарай болатын  өзгерушіліктер. Н.П. Кренко бойынша өсімдіктің қартайуы және жасаруы. П.Г Шитт бойынша  өсу және жеміс  салудың өмір кезеңдері, олардың агротехникалық маңызы. Өсіп-өнудің жылдық циклы, вегетация  және тыныштық кезеңдері. Жеміс өсімдіктерінің гүлдеу, тозаңдану  және ұрықтану ерекшеліктері. Өзін-өзі жемістеу, жемістенбеу, партенокарпиялық ұрықсыз жеміс  байлау, ремонтанттылық күзге дейін бірнеше  жеміс беруі. Дақылға, сортқа, телітушіге, топырақ жағдайларына және агротехникаға байланысты тамырлардың өсу заңдылықтары: қарама-қарсылық (полярность) және тепе-теңдік (корреляция), қабаттылық, морфологиялық паралеллизм, қаңқалық, жартылай қаңқалық және түкше бұтақтардың циклдық алмасуы, қайта қалпына келтіру қасиеті (регенерация).

          Жеміс салу заңдылықтары. Жеміс өсімдіктерінің жеміс сала бастауы, оның биологиялық  және өндірістік-экономикалық маңыздылығы. Жемісті  қалыптастыру: гүлдер мен гүл түйіндерінің түсуі, жемістің өсуі және пісіп жетілуі. Жеміс дақылдарының өнімділігі. Жеміс  салу кезеңділігінің негізгі себептері, кезеңділік индексі, Қазақстанда аудандастырылған негізгі дақылдар мен сорттар тобының  жеміс салу типтері. Жыл сайын және жоғары өнім алудың биологиялық негіздері.

    Жеміс өсімдіктері өміріндегі экологиялық факторлар

    Сыртқы  орта және жеміс өсімдіктерінің негізгі өмір факторларымен  байланысы.

          Жарық. Жеміс өсімдіктерінің жарық қарқындылығына реакциясы. Жарықтық режим, фотосинтездің қарқындылығы және өнімділігі. Фотосинтетикалық белсенді радиацияның (ФБР) сіңірілуі және пайдалану коэффиценті. Әртүрлі дақылдардың жарыққа қатынасы. Жарықтық режимді реттеудің биологиялық негіздері. Бақтарда күн радиациясын пайдалануды күшейту.

          Температура. Жеміс өсімдіктері өміріндегі температуралық режим. Қысқа, суыққа, ыстыққа төзімділік. Кейбір жекелеген дақылдар мен сорттар тобының өсіп-өнудегі температуралық шекаралары. Жеміс ағашы жеке мүшелерінің жоғары және төменгі темперетуралармен зақымдануы, оны анықтау әдістері.

          Су. Жеміс өсімдіктерінің өсу жағдайларына, жасы мен вегетация фазаларына байланысты суды қажет ету, қатерлі кезеңдер. Әртүрлі дақылдар және сорттар мен телітушілер ұласымдарының топырақ пен ауа ылғалдылығына қатынасы. Жеміс өсімдіктерінің құрғақшылыққа төзімділігі. Бақтардағы су режимін реттеу.

          Ауа. Атмосфера мен топырақтағы ауа. Жеміс өсімдіктерінің оттегімен және көмір қышқыл газымен қамтамассыз етілуі. Ауа айналымы мен іркілуі. Бақтардағы ауа режимін реттеу.

          Топырақ. Жеміс өсімдіктерінің топырақ жағдайларына реакциясы. Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері, оны реттеу. Топырақ құнарлығын арттыру және оны эрозиядан сақтау.

          Жер бедері. Табиғат факторларын қайта таратудағы жер бедерлерінің маңызы. Жеміс өсімдіктерінің өсуі мен жеміс салуына жер бедерінің әсері. Жеміс өсімдіктеріне сыртқы ортаның біріккен факторларының әсер ету сипаты.

          Жеміс дақылдары мен  сорттарын аудандастырудағы топырақтық климаттық  факторлар. Қазақстандағы  жеміс шаруашылығы  табиғи-экономикалық аймақтары және олардың  сипаттамасы. 

    1.2 Жеміс өсімдіктерін  көбейтудің биологиялық  және практикалық  негіздері

          Жеміс өсімдіктерін көбейтудің биологиялық негіздері. Ұрықтық және вегетативті  көбейту. Регенерация - вегетативті көбеюудің  биологиялық негізі. Жеміс шаруашылығында вегетативті көбею  тәсілдері. Жеміс  дақылдарының телітушілері және оларды өсіру.

          Көшеттік  территориясын ұйымдастыру, құрамы мен мақсаты. 

    
    1.   Бақ орналастыру  технологиясы мен  жеміс өндірісі

    Жеміс бағын құру

    Бақтарды  отырғызудағы шешілетін  міндеттер. Жеміс  бақтарын отырғызуды табиғи және ұйымдастырушылық-экономикалық жағдайларға байланысты жобалау. Қазақстанның әртүрлі топырақтық-климаттық  аймақтарында бақ  отырғызатын учаскелерді  таңдау және бағалау.

          Өзара тозаңдануы ескерілген жеміс дақылдары  үшін бақ типтері  мен конструкциялары.

          Бақты отырғызу мерзімдері, технологиясы және механикаландыру. Отырғызар алдындағы  күтім. Бақ топырағын  өңдеу және күту жүйелері.

          Жеміс бағының  ылғалды-қоректік  режимі мен тыңайтылуы

    Жеміс өсімдіктерінің минералдық қоректену және суару  ерекшеліктері. Жеміс  өсімдіктерінің тыңайтқыштары  қажет етуі және оны  болжау әдістері.

          Тыңайтқыштардың түрлері, пішіні, мөлшері, енгізу мерзімдері және әдістері. Бақтағы  тыңайтқыштар тиімділігін  арттыру жолдары. Суару әдістері мен техникасы, топырақ астымен суару, олардың артықшылығы мен кемшілігі. Әр түрлі бақ құрылымдарында суару режимдері. Терең ылғалдап және вегетациялық суару түрлері. Ылғалдандыру және суару мөлшері. Суару мезгілдері. Бақ суару режимін реттеудің агротехникалық тәсілдері. Топырақты су эрозиясынан сақтау шаралары.

      Жеміс ағаштарын  шырпу

    Шырпудың  мақсаты мен міндеттері. Шырпу түрлері: қалыптастырып, мөлшерлеп және жасартып шырпу. Шырпу тәсілдері: сиретіп, қысқартып, аударып шырпу. Ағаштардың өсуі мен жеміс  салуын реттейтін  басқа да тәсілдер: бұтақтың шығу бұрышы мен бағытын өзгерту, бұтақтарды сақиналау, шытынату, керту, өркендерді сындыру және ұштарын  жұлу. Ағаш бөрікбасының ыңғайлы пішінін  таңдап алу. Шырпу  мерзімдері мен техникасы: мақсаты, міндеті  мен принциптері.

      Жеміс бақтарын  күтіп-баптау және  бақта орындалатын  тағы да басқа  жұмыстар.

    Жеміс ағаштарының қысқы  зақымданулары және оның алдын алу. Ағаштарды  кеміргіш зиянкестерден  қорғау. Жарақаттанған  ағаштарды күтіп-баптау.

          Жеміс ағаштарын көктемгі үсіктерден қорғау: түтіндету, суару, тұмандату, жылыту, өсімдіктерді жабу т.б. Жеміс салуын және жемістердің  пісуін реттеу үшін араларды қолдану.

    Өнім  жинау

    Өнімді  болжау және анықтау. Өнім жинауға дайындық. Жемістерді теру мезгілін анықтау. Жинау тәсілдері, жұмысты ұйымдастыру. Жемісті қолмен және механикалық жинау. Жемісті жинау  және тасымалдау технологиясы. 

    1.4  Қазақстан республикасының  жекелеген аймақтарындағы  жеміс шаруашылығының  ерекшеліктері

          Қазақстанның  оңтүстігі мен  оңтүстік-шығысындағы  таулы, суарылмайтын аймақтарындағы жеміс  шаруашылығының ерекшеліктері.  Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері.

          Жаңа  бақша өсімдіктері  және Республика жағдайындағы болашағы. 
 
 

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі

    1. Аяпов К.Ж. Қазақстан  жеміс шаруашылығы.  – Алматы: Қайнар, 1993

    2. Аяпов К., Үкібасов  О., Есеналиева М.  Жеміс, көкөніс  шаруашылығы. Практикум.  Астана, 2009. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Жоспар: 

    1.1  Жеміс шаруашылығының биологиялық негіздері

    Жеміс дақылдарының жіктелуі мен сипаттамасы

    1.2 Жеміс өсімдіктерін көбейтудің биологиялық және практикалық негіздері

    1. Бақ орналастыру технологиясы мен жеміс өндірісі

    Жеміс бағын құру

    1.4  Қазақстан республикасының  жекелеген аймақтарындағы  жеміс шаруашылығының  ерекшеліктері 
 

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Информация о работе Жемис шаруашылыгы