Жануарлар селекциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 12:26, реферат

Описание работы

Будандастыру мен сұрыптау жануарлар селекциясының негізгі әдістері болып табылады. Әдетте бұл әдістерді бірге пайдаланады. Сұрыптау жаппай және жеке болып екіге бөлінеді.
Жаппай сұрыптау дегеніміз бастапқы материалдан сұрыптаушы үшін тиімді белгілері бар даралар топтарын бөліп алу.

Работа содержит 1 файл

Жануарлар селекциясы.doc

— 74.50 Кб (Скачать)


                       Жануарлар селекциясы

   

Будандастыру мен сұрыптау жануарлар селекциясының негізгі әдістері болып табылады. Әдетте бұл әдістерді бірге пайдаланады. Сұрыптау жаппай және жеке болып екіге бөлінеді.

Жаппай сұрыптау дегеніміз бастапқы материалдан сұрыптаушы үшін тиімді белгілері бар даралар топтарын бөліп алу.

Жануар селекциясында жаппай сұрыптау кеңінен қолданылады, шаруашылық тұрғысынан алғанда маңызы көптеген белгілірдің дамуы, мысалы, мүйізді ірі қараның сүттілігі, олардың белгілі дене құрылысына қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің және т.б. дамуына байланысты болады. Сондықтан олардан жақсы өнім алу үшін көптеген белгілерге байланысты жаппай сұрыптауды пайдаланады. Мысалы, осындай бірнеше белгілеріне бір уақытта сұрыптау жүргізу арқылы мүйізді қараның еті тұқымы қазақтың ақ бас сиыры мен сүтті қолтұқым даланың қызыл сиыры шықты.                          

           

           

        

                                              Ақбас сиырдың аталығы

 

Сыртқы жағдайдың өзгеруі, жемдеу әр түрлі тұқымға өзінше әсер етеді. Мысалы, ірі қара қолтұқымын жақсы жемдегенде олар, ең алдымен, салмақ қосады, сүтті тұқымдарда – сүт көбейеді.

Жеке сұрыптау адамның назарын аударатын белгілері бар және олардан ұрпақ алуға болатын жекелеген дараларды бөліп алуға негізделеді. Оны қойылған мақсатқа байланысты бір немесе бірнеше рет пайдаланады. Туыстық жағынан жақын малдарды будандастыруда бастапқы тұқымдар ретінде бір ата – енеден туған төлдерді немесе ата –енесі мен төлдерді   пайдаланады. Будандастырудың бұл түрін тұқым гендерінің көпшілігі гомозиготалы күйге көшіру қажет болған жағдайларда қолданылады.  Мұнда гомозиготалар санының көбеюімен шаруашылық үшін құнды белгілер нығая түсіп, олар ұрпақтарда сақталады, өйткені ол бұл белгілері бойынша гомозиготалы болып табылады. Осындай жолмен қалыптасқан таза салалар (линиялар) асыл тұқымды мал заводтарында, ядро ретінде пайдаланады және көптеген асыл тұқымдар осы әдіспен алынған. Мысалы, М.Ф. Иванов қолтұқымдарды будандастыру мен іріктеп алудың осы заманға сай әдістерін пайдаланды. Жануарларға жүргізген сұрыптауда генетиканың негізгі заңдылықтарын қолдау қажеттігін дәлелдеп берді. Осының негізінде Украинаның далалық ақ шошқасы мен асқаниялық рамбулье сияқты атақты асылтұқымдар алынды.

Украина мегежіні мен ағылшын ақ шошқасының қабанын будандастырып, одан алынған будандарды сол қабанмен қайта будандастыру арқылы, жем талғамайтын, қатаң ауа райына төзімді, өсімтал, еті сапалы Украинаның далалық ақ шошқа қолтұқымы алынды. Осындай туыстық жағынан жақын шошқаларды будандастырудың нәтижесінде өте өсімтал, ірі, еті жоғары сапалы Асканий қабаны алынды. Осыдан кейін сала аралық будандарды алу мүмкіндігі туды.

Туыстық жағынан жақын малдарды (төлдерді) будандастырудың тиімсіз жағтары да болды. Олардың гендері гомозиготалы күйге көшуге байланысты сыртқы жағдайлар әсеріне төзімсіз, ауруға шалдыққыш болады осындай тиімсіз көріністерді депресия деп атайды. Мұндай зиянды қасиеттерді болдырмау үшін шаруашылыққа тиімді белгілері бар дараларды қатал сұрыптайды. Бұдан кейін жақын туыстарды будандастыру нәтижесінде алынған әр түрлі салалар қайтадан шағылыстырылады. Осының нәтижесінде қолайсыз әсер ететін рецесивті гендер гетерозиготалы күйге көшеді де туыстық жағынан жақын малдарды шағылыстырудың зиянды әсері кемиді.

Үй хайуанаттарын әріден будандастыру. Өсімдік сияқты жануарлардың да түраралық будандары көбіне тұқым бермейді. Жануарлардың хромосомаларының санын екі есе көбейту арқылы полеплоидтар алу іс жүзінде мүмкін болмайтындықтан, олардың тұқым бергіштік қасиетін қалпына келтіру өте қиын жұмыс. Әріден будандастыру арқылы алынған ұрпақтар тұқым бермегенімен де шаруашылықта маңызы зор. Мысалы, бие мен есектің арасынан шыққан будан – қашырды алайық. Бұлар ата-енесімен салыстырғанда гетерозистіу қасиеттерімен ерекшеленеді. Олар сыртқы орта жағдайларының өзгерісіне өте төзімді, күшті, ата-енелерімен салыстырғанда ұзақ өмір сүреді бірақ ұрпақ бермейді. Сол сияқты адамзат ертеден түйе мен нардың гетерозисін пайдаланып келеді. Әріден гибридтендіру әдісін пайдаланып Н.С. Бутарин, А.Е. Есенжолов және А.И Жандеркиндер биязы жүнді қойларды жабайы қой-арқармен жалғыз тұқым – арқар мериносты шығарды.

 

 

         

                                           Арқар – меринос

 

Арқар- меринос жыл бойына Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде биік таулы өңірлеріне мекен етуге бейімделген қодас пен мүйізді ірі қараның буданып күш-көлік ретінде ертеден пайдаланып келк жатыр. Бұл буданның сүті мен еті қодасқа қарағанда сапалы, гетерозистің күші айқын білінеді.

Қазақстан селекционерлерінің жетістіктері. Қазақстан ғалымдарының жаңа қолтұқымдар шығарудағы жетістіктерінің кейбіреулерін жоғарыда атап өттік. Сондықтан біз республикамызда шыққан жаңа қолтұқымдарға тоқталайық. Академик Ф.М.Мұхаметқалиевтың басшылығымен экспериментальдық биалогия институтында 1965 жылы трансплантация әдісімен дүние жүзінде алғаш рет қозы алынды. Қазіргі уақытта трансплантайия әдісімен жүздеген бас қой, сиыр алынып, Қазақстан республикасының шаруашылығын дамытуда өз үлесін қосуда. Б.М.Мусин, Н. З. Галиакбаров және т.б ғалымдар мен мамандар мүйізді ірі қараның етті тұқымы- қазақтың ақбас сиырын шығарды. Бұл тұқым ағылшынның герефорд қолтұқымы қалмақ малы мен қазақтың жергілікті малын будандастыру арқылы алынды. Ол шөлді және шөлейтті аймақтарға шыдамды, өсімтал тұқым. Қазақстаннан басқа Ресей, Монголия және т.б. дерлерде кен тараған.

Д. Н. Пактың басшылығымен шығарған республикамыздың таулы аймақтарында кең тараған ірі мүйізді қараның сүтті тұқымы – алатау сиырын атауға болады.

Республика ғалымдары академик В. А. Бальмонттың басшылығымен жаңа етті- жүнді қолтұқым- қазақтың биязы жүнді қойын шығарды. Бұл тұқым өсімтал және Қазақстанның оңтүстік- шығысына жақсы бейімделген. Сонымен қатар қойдың шығыс қазақстандық және солтүстік қазақстандық меринос қолтұқымдары шығарылды. 1976 жылы республиканың шөлейтті аймағында жақсы бейімделген, етті және сүтті табын жылқысы- көшім қолтұқымы шығарылды. Малшаруашлық ғылымындағы соңғы елеулі жетістіктердің бірі- П. Н. Есков, В. Ли, С. У. Қалдыбаев және т.б. ғалымдаррдың шошқа тұқымын жабайы қабанмен шағылыстыру арқылы алған жетісулық тұқымы.



Информация о работе Жануарлар селекциясы