Витаминдердің топтары мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 21:32, реферат

Описание работы

Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.

Работа содержит 1 файл

Дәрумен.doc

— 72.50 Кб (Скачать)

Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.

Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі  құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.

Витаминнің  мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.

\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда  витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Тағамда витаминдердің  жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оғанауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.[1]

Витаминдердің топтары мен түрлері


 

Барлық витаминдер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.

Майда еритіндерге А, D, Е, К витаминдері жатады.

Суда еритін витаминдерге С, РР және В тобындағы барлық витаминдер жатады. соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа боледі: алифатты , алициклды, ароматикалық, гетероциклды,

Дәрумендер жане мөлшерлері

[Майда еритін витаминдер


А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, кызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.

Суда еритін витаминдер


С витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді

витаминi

Ввитамині

Ввитаминi

В12 витамині

15 витаминi


.Е витаминi

К витаминi

Р витаминi


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Д – ГИПЕРВИТАМИНОЗЫ.

Д- витаминінің шамадан тыс көбеюі бала организімінің сезгіштік қабілетін  ескерместен, оны көп  мөлшерде, бақылаусыз қолданған жағдайда болады.

Патогенезі. Д- Гипервитаминозы көбінесе Д- витаминін, ультракүлгін сәулесін және кальций препараттарын қатар қолданғанда болады. Д гипервитаминоздық улану жасанды және аралас тамақтанатын, гипотрафиясы бар, шала туылған балаларда оңай дамиды. Д витаминінің уландыру әсері бауырға, бүйрекке, жүректің бұлшық етіне, қан тамырларына тиеді, дистрофиялық өзгерістер туғызады .

Клиникасы.Тәбеттің төмендеуі немесе жоғалуы, салмақтың нашар қосылуы, эксикозы бар жалпы улану.Тері қабаттарының бозаруы және құрғауы, қатты шөлдеу, бауырдың және көк бауырдың ұлғаюы, тахикардия, жүрек соғысының әлсізденуі, оның шекарасының кеңеюі, ситолалық шу, іш қату немесе іш өту, денесі құрысып-тырысуы мүмкін. Қанда және кіші дәретте кальций көбейеді.

Емі. Емді ауруханада жүргізу керек , оған гиперкальциемия мен токсикозға қарсы жүйелер мен ағзалар жұмысын қалпына келтіру және бала организімінің қарсыласу қызметін жоғарылату шаралар жатады. Олар;

Д витаминіңберудімүлдемтоқтату;

1.        Сатұздарыншектеу;

2.        А, Е және Втобывитаминдерінтағайындау;

3.        Глюкоза, тұзерітінділерін , альбумин, плазма, аскарбинқышқылы, инсулин, ККБ инфузияменжеткізу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет  :

 

 

 

1. Дәрумен — Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия

kk.wikipedia.org

 

2. Гипервитаминоз D. Симптомы. Диагностика. Лечение ... - Eurolab

www.eurolab.ua

3. Гипервитаминоз D - Бутузики -

www.butuzici.ru/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар :

 

 

 

  1. Кіріспе

 

 

  1. Негізгі бқлім :

 

 

  • витаминдер жіктелісі
  • Д дәрумені және оның рөлі
  • Д гипервитаминоз

 

 

      3.Қорытынды

 

 

  1. Әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Қорытынды

 


Информация о работе Витаминдердің топтары мен түрлері