Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:46, реферат
Витаминдер химиялық табиғаты әр түрлі, организмдерде аз мөлшерде кездесетін, өмір сүруге өте қажетті, жеке, немесе құрылымы күрделі заттардың құрамына еніп, каталитикалық және реттеушілік қызмет атқаратын төменгі молекулалы органикалық қосылыстар. Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. Ол тышқандарға тәжірибе жүргізу арқылы тағамның құрамында белоктар, майлар, көмірсулар және тұздар мен судан басқа, тағы бір қосылыстардың бар екендігін анықтады.
В12 витамині жарықта активтілігін жояды, ал қараңғыда өте ұзақ сақтауға болады. Цианкобаламинді микроорганизмдер ғана синтездейді, өсімдіктер мен жануарлар организмдері синтездей алмайды. Күйіс қайыратын малдың қарнында микроорганизмдер әрекетінің әсерімен түзіледі. В12 витамині оптикалық активті зат. Бұл витамин адам организміне ас арқылы түседі. В12 витамині бауырда, етте, сүтте, жұмыртқада, жануардан алынатын азықтарда болады.
Биомедициналық қызметі
В12 витамині жануарлардың өсіп өнуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметіне, қан түзілуіне қажет. Әсіресе, қанның қызыл түйіршіктерінің жетілуіне өте үлкен әсер етеді, гемоглобин құрамына кіретін порфириндер түзілуіне қажет. В12 витамині организмде липотроптық қызмет атқарып, бауырды майланудан сақтайды, метионинмен қамтамасыз етеді. В12 витаминін байлап, ішек қабырғаларынан өткізетін белоктан тұратын ішкі фактор бар (Касл факторы). Егер бұл фактордың синтезі бұзылса, ас арқылы организмге витамин мол түссе де, авитаминоз ауруы пайда болады.
В15 витамині (пангам қышқылы, антианоксикалық)
В15 витамині алғаш рет 1950 жылы ірі қара малдың бауырынан, кейіннен көптеген өсімдіктердің тұқымдарынан бөлініп алынады, сондықтан бұл витаминді пангам (грек. пан – барлық жерде, gamі – тұқым) қышқылы деп атайды. Пангам қышқылы табиғатта өте кең таралған. Химиялық құрылымы, құрамы синтездік жолмен дәлелденген.
В15 витамині суда жақсы еритін, эфирде, хлороформда, бен–золда ерімейтін кристалды ақ түсті борпылдақ зат. Осы уақытқа дейін бұл витамин адам организмінде синтезделетіндігі, немесе ас арқылы түсетіндігі белгісіз.
В15 витаминінің тағам көздері: бауыр, әр түрлі өсімдік дәнде–рі, ашытқы т.б.
Биомедициналық қызметі
В15 витаминінің биомедициналық маңызы толық зерттелмеген. Пангам қышқылы организмді оттегінің жетіспеушілігінен (аноксия) сақтайды, ұлпалардағы тотығу процесінін энергетикалық мүмкіншілігін арттырады. Витамин құрамындағы глюконат қалдығы бұлшық ет пен бауырдағы гликоген синтезіне ықпал етеді, ал метил топтары оның метил топтарын тасымалдауға қатысатынын байқатады. Пангам қышқылы гуанидилсірке қышқылының метилденуіне, одан креатин мен холиннің пайда болуына әсер етеді. Бұл витаминді организмге енгізгенде креатин мен креатинфосфаттың мөлшері бұлшық етте көбейеді, бауырда холинфосфатидтердің синтезі жеделдейді. Пангам қышқылы майлардың алмасуына ықпал жасап, олардың бауырда жиналуына кедергі келтіреді (липотроптық қасиеті). Қазіргі кезде В15 витамині клиникалық, авиациялық, спорттық медицинада қолданылып жүр. Кальций пангаматы инфаркттың алдын алу және инфаркттан кейінгі емдеу кезінде қолданылады. Пангам қышқылы организмге шамадан тыс функциялық ауыртпалық түскен кезде, жүректің бұлшық еттерінде креатин мен креатинфосфаттың азаюына кедергі келтіреді.
Р витамині (рутин, биофлавоноидтар,
капилляр қабырға нығайтушысы)
А. Сцент-Дьердьи тағы басқалар
1936 жылы лимон қабығынан капиллярдың
өткізгіштік қабілетін
Қазіргі кезде ортақ аты биофлавоноидтар деп аталатын ондаған заттар белгілі, олардың химиялық құрылымының негізінде флавон деп аталатын дифенилпропаны бар көміртек тізбегі жатады.
Р витамині сары немесе қызғылт түсті, суда нашар, ал сірке қышқылында, спиртте, сілтілік ерітінділерде жақсы еритін кристалды заттар.
Р витаминінің тағам көздері: биофлавоноидтар аскорбин қышқылы бар барлық тағамдарда кездеседі және осы витаминмен қатар жүреді. Олар қара қарақатта, итмұрында, шай жапырақтарында, барлық цитрустардың жемісінде, қарақұмықта, бауырда және т.б. тағамдарда көп болады.
Биомедициналық қызметі
Қазіргі кезде биофлавоноидтар
гиалуронидаза ферментінің
Витамин тәріздес заттар
Бір топ органикалық қосылыстар
витаминге ұқсас заттар қатарына
жатады. Олардың әсер ету механизмі
витаминдердікі сияқты болмаса да,
кейбір жағдайда бұл заттардың
Инозит
Тышқандарға жасалған тәжірибе арқылы тағамда, суда еритін бір зат болмағанда бойдың өспеуі, жүннің түсуі, бауырда холестерин жиналып, майланатындығы анықталды. Ал тағамға бауырдан бөлініп алынған сөлді қосқанда жоғарыдағы келтірілген құбылыстар байқалмаған. Ол зат инозиттің фосфорлы эфирі екендігі анықталды. Инозитфосфор қышқылының тұзы – фитинде де витаминдік қасиет бар.
Химиялық тұрғыдан инозит – циклогексанның алты атомдық спирті:
Инозит табиғатта кең тараған, ол барлық өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларында кездеседі.
Биомедициналық қызметі
Инозиттің биологиялық ролін фосфолипидтердің алмасуымен байланыстырады, себебі ол малдардың бауырын майланудан сақтап, липотроптық қызмет атқарады. Бұны белоксыз диетада болған малдардан және бауырында ісігі бар ауру адамдардан байқауға болады. Инозитті мидың кефалиндерінен де тапқан, бірақ оның физиологиялық маңызы әлі белгісіз.
Парааминобензой қышқылы
Парааминобензой қышқылы
фоль қышқылының құрамына енеді және
витаминге ұқсас заттардың
Парааминбензой қышқылы
(ПАБҚ) микроорганизмдердің өсіп-
В4 витамині (холин)
Бұл затты1892 жылы Стрекер өттен бөліп алып холин деп атайды. Ол ерте кезден белгілі болса да, витаминдерге ұқсас заттардың қатарына кейін ғана енгізілді.
Химиялық құрылысы тұрғысынан холин – азотында үш метил тобы бар этиламин спирті. Ол суда, спиртте жақсы еритін, түссіз, жабысқақ сұйық зат. Адам организміне қажетті мөлшері әлі белгісіз. Холиннің тағам көздері: жұмыртқаның сарысы, бауыр, бүйрек, ет, балық, қырыққабат, қытай бұршақ, ас бұршақ, ашытқылар.
Биомедициналық қызметі
1867 ж. К. Дьяков жұмыртқа
сарысынан және ми ұлпаларынан
бөлінген күрделі органикалық
қосылыс фосфатидилхолиннің
Холин жүйке жүйесінде жүйке қозуын одан әрі жалғастырушы медиатор ацетилхолиннің құрамына енеді, ол трансметилдену реакцияларына, метиониннің, пуриндік және мен пиримидиндік нуклеотидтердің, фосфолипидтердің биосинтезіне қатысады. Организмде холиннің синтезі этиламиннің қатысуымен өтеді, ал этиламин болса, метиониннің метил тобы, серин мен глицин және В12,Вс,С витаминдерінің қатысуымен түзіледі. Сондықтан холиннің жетіспеуі рациондағы белоктың, В12 және Вс, С витаминдерінің мөлшеріне байланысты. Холин бауырды майланудан сақтайды, ішектердің жиырылуына, майлардың ішекте сорылуына әсер етеді, ол, сондай-ақ, адреналин, креатин, метионин секілді биологиялық әрекетшіл заттардың түзілуіндегі метил топтарының берушісі. Организмде холин тотығып бетаинге айналады.
Бетаин өсімдіктерде кездеседі, ол алғаш рет қызылша шырынынан бөлініп алынды.
Холин авитаминозының белгілері
Организмде холин жетіспегенде
бауыр майланып, бүйрекке қан кетеді,
протромбиннің синтезі
Липой қышқылы
1950 жылдары бауыр ұлпалары
мен ашытқыда сүт
Липой қышқылы тотыққан және тотықсызданған түрінде бола алады. Организмдегі негізгі атқаратын қызметі – α – кетоқышқылдарының декарбоксилдену реакцияларына қатысуы (пирожүзім және α – кетоглутар қышқылдары). Липой қышқылы тиаминпирофосфат және КоА мен қатар пируват- және кетоглутаратдегидрогеназалық күрделі мультиферменттік жүйеге простетикалық топ ретінде енеді. Бұл қышқылдың жануарларда, өсімдіктер мен микроорганизмдерде синтезделу механизмі әлі белгісіз.
Орот қышқылы
Орот қышқылын микроорганизмдер мен малдардың тез өсуіне ықпалды екендігі анықталғаннан кейін витамин тәріздес заттардың қатарына жатқыза бастады.Химиялық тұрғыдан орот қышқылы – урацил–4–карбон қышқылы:
Нуклеин қышқылдарының құрамына
енетін пиримидин негіздері –
цитозин, урацил, тимин – орот қышқылының
туындылары екендігі зертханалық тәжірибелерден
белгілі болды, яғни, орот қышқылы
нуклеин қышқылдарының
Әдебиеттер
1. Анисимова А.А. Основы биохимии. – М.: Высшая школа,
2. Березов
Т.Т. Коровкин Б.Ф.
3. Василенко Ю.К. Биологическая химия. – М.: Высшая школа,
4. Верболович П.А. с соав. Практикум по огранической, физической, коллоидной и биологической химии.
5. Воробьева
Л.И. Микробиологический