Вирустардың морфологиясы,генетикасы мен жіктелуінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:13, творческая работа

Описание работы

Презентация содержит 11 слайдов на тему: "Морфология вирусов, особенности структурирования генетики".

Работа содержит 1 файл

Микробиология3.ppt

— 297.00 Кб (Скачать)

Презентация

 
Қазақ мемлекеттік медицина академиясы

 

Тақырыбы:Вирустардың морфологиясы,генетикасы мен жіктелуінің ерекшеліктері.

                

 

 

 

                                          

  • Вирустар Vira патшалығына жатады.Бұл өте ұсақ микроорганизмдер, жасушалық құрылысы,ақуыз түзетін жүйесі жоқ,тек бір ғана нуклеин қышқылын құрайды(ДНҚ немесе РНҚ).Олар ерекше бытыраңқы көбею әдісімен ерекшеленеді:жасушада вирустардың нуклеин қышқылы мен ақуыздарының жекелеп түзілуі жүреді,сосын олар вирусты бөлшектерге жинақталады.Вирустар облигатты жасушаішілік паразиттер болып табылады,жасушаның цитоплазмасында немесе ядросында көбейеді.Құралған вирустар белшектер вирион деп аталады.Вирустардың морфологиясы мен құрылымы электронды микроскоп көмегімен зерттеледі,себебі өлшемі ұсақ және бактерияның қабықшасының қалыңдығына сәйкес келеді.                                                                                           
  •              Вирустардың құрылысы
  • Вириондар пішіндері әртүрлі болуы мүмкін: таяқша тәрізді(темекі мазоикасы вирусы), оқ тәрізді (құтыру вирусы), сфералы (полиомиелит,АИТВ-адамның иммунды тапшылық вирустары), сперматозоидқа ұқсас (көптеген бактериофагтар).
  • Вирустардың өлшемдерін электронды микроскоп арқылы, ультрафильтрация әдісімен,ультрацентрифугалау әдісімен анықтайды.Ең ұсақ вирустардың бірі-полиомиелит вирусы, ал ең ірі- табиғи шешек вирусы.
  • Вирустар бірегей геномға ие, себебі олар тек ДНҚ немесе РНҚ-дан тұрады, сондықтан да ДНҚ құрамды,РНҚ құрамды вирустар болып бөлінеді.Олар әдетте гаплоидты, яғни бір ғана гендер жиынтығы бар.
  • Вирустардың геномы нуклеин қышқылдарының әртүрлі пішіндерінен тұрады:қос жіпшелі, бір жіпшелі,сызық тәрізді,сақина тәрізді,бөлшекті.РНҚ құрамды вирустардың ішінде оң(плюс-жіпшелі РНҚ) геномды вирустарды ажыратады.Бұл вирустардың плюс-жіпшелі РНҚ-сы екі қызмет атқарады:тұқым қуалаушылық және ақпараттық.Сондай-ақ РНҚ құрамды вирустардың ішінде теріс (минус-жіпшелі РНҚ) геномдар бар.Бұл вирустардың минус-жіпшелі РНҚ-сы тек тұқымқуалаушылық қызметін атқарады.
  • Вирустардың геномы жасушаға генетикалық паразиттілігін көрсете отырып провирус түрінде жасушаның генетикалық аппаратына қосылуға қабілетті.
  • Вирустардың қарапайым және күрделі құрылымды түрлерін бөледі.Қарапайым вирустарда нуклеин қышқылы ақуызды қабықшамен байланысқан,мұны капсид(латын сөзінен capsa-қапшық)деп атайды.Капсид капсомерлерден тұрады,бұл қайталанатын морфологиялық суббірліктерден тұрады.Нуклеин қышқылы мен капсид өзара байланысып нуклеокапсид құрайды.Күрделі вирустардағы капсид қосымша липопротеидті қабықша-”тікендері” бар суперкапсидпен қапталған.Вириондардың капсидтерінің симметрия типтері спиральды,кубты және күделі болып келеді.Спиральды симметрия типі нуклеокапсидтің бұралмалы тәрізді құрылымымен, ал кубты симметрия типі-құрамында вирусты нуклеин қышқылы бар капсидтен изометриялы қуысты денешіктің түзілуімен байланысты. 
  • Капсид пен суперкапсид вириондарды  қоршаған орта әсерінен қорғайды, жасушамен таңдамалы өзара байланысын қамтамасыз етеді,вирионның антигендік және иммуногендік қасиетін анықтайды.Вирустардың ішкі құрылымын жүрекше деп атайды.
  • Вирусологияда келесі таксономиялық категорияларды қолданады:Тұқымдас, тұқымдас асты, туыстық.
  • Дегенмен мұндай жіктелу барлық вирустарға тән емес,әсіресе тұқымдас асты. Вирустың түрі бактериялардағы сияқты биноминалбдыатқа ие емес. Кейбір вирустардың нуклеин қышқылдары плазмидаға ұқсап зақымданған жасушаның цитоплазмасында орналасуы мүмкін.

Вирустардың жіктелуі негізі келесі категориялардан тұрады

 

  • Нуклеин қышқылының типі,оның құрылымы, жіпшелерінің саны, вирусты геномды қайта құрастыру ерекшелігі;
  • Вириондардың өлшемі мен морфологиясы, капсомерлердің саны мен симметрия типі;
  • Суперкапсидтің болуы;
  • Эфир мен дезоксихолатқа сезімталдығы;
  • Жасушадағы көбею орны;
  • Антигендік қасиеті және т.б.

 


Информация о работе Вирустардың морфологиясы,генетикасы мен жіктелуінің ерекшеліктері