Вирус биологияда

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:07, реферат

Описание работы

Вирус биологияда – нуклеин қышқылдары мен белоктық қабықтан тұратын, клеткалық құрылымы болмайтын, өсуі мен бинарлық көбею қасиеті жоқ өте ұсақ тірі бөлшектер. Вирусты 1892 жылы орыс ғалымы Д.И. Ивановский ашты. Вирус терминін 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым М. Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог У. Стенли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенденде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді.

Работа содержит 1 файл

В и р у с.docx

— 14.36 Кб (Скачать)

В и р у с

В и р у с  
Вирус биологияда – нуклеин қышқылдары мен белоктық қабықтан тұратын, клеткалық құрылымы болмайтын, өсуі мен бинарлық көбею қасиеті жоқ өте ұсақ тірі бөлшектер. Вирусты 1892 жылы орыс ғалымы Д.И. Ивановский ашты. Вирус терминін 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым М. Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог У. Стенли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенденде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 жылы неміс ғалымы Ф. Леффлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Ф. Раус тауық саркомасының вирустардың 500 – дей, ал өсімдіктердің 300 – дей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарлар да вирустық мкрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі. Вирустың клеткадан тыс және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтарынан тұрады. Оларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидты мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15-350 нм. Негізінен вирустарды тек элоктрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирустар тек бір типті нуклеин қышқөылдарынан тұрады. ДНҚ – да вирустардың молекулаларның саны 106-200 • 106 , ал РНҚ – дағы вирустардікі - 106 – 156 болады. Вирустардың көптеген жылдпр бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар.олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вируста көпшілі 60ºС қыздырғанда тіршілігін немесе ауыр қоздырғыштық қабілетін жояды. Ал темекі теңбілінің вирустары 10 минут бойы 90 ºС тең. Сары ауру вирустары 30 минут бойы 80 ºС дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелері мен химиялық заттарға төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. 
Вирус көбеюі 5 сатыға бөлінеді: 
1. клеткаға ену  
2. клеткада вирус нуклеин қышқылынан қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі 
3. вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы  
4. одан вирионның түзілуі  
5. ересек вирустың клеткадан шығуы. 
 
Вирустарды молекулалық биолгия зерттейді. Вирустар 
нуклеин қышқылының гендік қызметін ашу үшін пайдаланылады. 


Информация о работе Вирус биологияда