Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 10:25, реферат
Мембрананың құрылысы. Мембрана (лат. membrana – жарғақ, үлпек)қалыңдығы 6-11нм жасушаны ішкі ортадан бөліп тұратын майысқақ құрылым. Бұл туралы алғашқы болжамды Дж. Даниели мен Х. Давсон жасады. Ол болжам бойынша, мембрана екі жағынан белокпен қапталған («сэндвич») қосқабат липидтен тұрады. Кейін Дж. Робертсон (1953) ішкі және сыртқы мембраналардың құрылысы бірдей екендігін көрсетті. Қазіргі кезде, көпшілік мақ
Мембрана арқылы заттардың тасымалдануы.
Тасымалдану түрлері мен тетіктері.
Мембрананың құрылысы. Мембрана (лат. membrana – жарғақ, үлпек)қалыңдығы 6-11нм жасушаны ішкі ортадан бөліп тұратын майысқақ құрылым. Бұл туралы алғашқы болжамды Дж. Даниели мен Х. Давсон жасады. Ол болжам бойынша, мембрана екі жағынан белокпен қапталған («сэндвич») қосқабат липидтен тұрады. Кейін Дж. Робертсон (1953) ішкі және сыртқы мембраналардың құрылысы бірдей екендігін көрсетті. Қазіргі кезде, көпшілік мақұлдаған, биологиялық мембрананың С. Дж. Сингер және Г.Л. Никелсон (1972) ұсынған сұйықтау – өрнекті үлгісі кеңінен тараған. Бұл модел бойынша мембрананың негізін екі фосфолипидтер құрады, олардың суды сүйетін (гидрофилді) бастары сыртқа, ал судан сескенетін (гидрофобты) құйрықтары ішіне қарай бағытталған.
Мембрананың майлы қабатының 40-90%-ын глицерин немесе сфингозин туындылары, фосфолипидтер алып жатады. Олардың судан сескенетін бастары липид құрамындағы көмірсулар тізбектерін қабаттастырып және ретке келтіріп қатарластырып тұрады. Бұлар сұйық күйде болғандықтан кейбір белоктар (шеткейлі түрлері) қалқып немесе малынып (бірлестіруші түрлері), мембрананың екі бетіне ұштары шығып тұрады. Шеткейлік белоктардың бәрі түгелдей энзимдік (ферменттік) қызмет атқарады. Мембрананың қабылдағыштары мен антитектері бірлестіруші және шеткейлік белоктардан құралған.
Жасушаның ішкі жағынан мембранаға жабысқан белоктар цитоскелет құрамына кіреді.
Бірлестіруші белоктар – ірі молекулалар мен иондарды іріктеп өткізетін арналардың қабырғасын жасайды. Бұларда мембрана арқылы өтетін тасымалды энергиямен қамтамасыз ететін АТФ-аза ферменті де болады.
Белоктар әртүрлі қызмет атқарады: мембрананың құрылысын сақтайды, қоршаған ортадан сигналдар қабылдайды және оларды өзгертеді, биохимиялық реакцияларды бағыттап жүргізеді.