Улардың организмге әсер етуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 08:08, реферат

Описание работы

едуцирленген гемоглобиннің қышқылдық қасиеттері оксигемоглобинға қарағанда 70 рет әлсіз, сондықтан оның еркін валенттіліктері көмірқышқыл газын байланыстырады, ал ол қанмен ұлпалардан өкпеге жеткізіледі, өкпеде түзілген оксигемоглобин карбогемоглобиннің сілтілік валенттіліктерімен қосылысқа түсіп, көмір қышқылын ысырып шығарады. Гемоглобин концентрациясының төмендеуінде немесе оның сапалық өзгерістерге ұшырауы кезінде ұлпалар гипоксиясы дамиды. Гемоглобин өзге газдармен қосылысқа түсе алады.

Содержание

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Улардың организмге әсер етуі.
2.2. Ароматты көмірсутектермен улану.
2.3. Метгемоглабияның организмге улы әсері.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

микробиология (Автосохраненный).docx

— 334.86 Кб (Скачать)

-  бензол өндірістері бойынша әйелдер жұмысқа алынбайды

Кезеңді түрдегі медициналық  қараулар:

12 айда бір  рет терапевт, невропатологта қаралу (ҚЖА тромбоцитопениямен, ретикулоциттермен). 

2. 35 жастағы маляр, 10 жыл  жұмыс стажы бар, еріткіш ретінде  бензолды қолданады. Жалпы әлсіздікке, иектің қанағыштығына шағымданады,  жылына екі рет жатырдан қан  кету болды. Ұрттарының шырышты  қабықтарында нүктелі қанталау, пульс 70 соғ/мин, АҚ 100/60 ммртст. Эмоционалды, лабилді, ашуланшақ, жылауық, сіңірдің рефлекстері жоғаылаған, жалпы гипергидроз, тұрақты қызыл дермографизм, саусақтарының треморы. Қанның анализінде: Нв — 66 г/л, Эр-3,7, ТК-0,75, Л-5,6, ЭТЖ-5, тромбоциттері-110000. Сіздің диагнозыңыз және жұмыс қабілетінің эксперттік шешімі?

1.жеңіл дәрежелі бензолмен  соз.улану, еңбекке жарамсыздық парағы беріледі

2.орташа ауырлықта бензолмен  соз.улану, стационарлы ем, кәсіптік аурумен еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.

З. ауыр дәрежелі. бензолмен  соз улану, стационарлы ем, ДЕСК (ВТЭК) жіберу.

4. Верльгоф ауруы, амбулаторлы  ем, жалпы аурумен еңбекке жарамсыздық  парағы беріледі.

5.геморрагиялы васкулит, жалпы аурумен еңбекке жарамсыздық  парағы беріледі, амбулаторлы ем.  

3. Бензолмен жедел уланудың  ауыр дәрежесіне тән:

  1. күрт естен тану, токсикалық команың дамуы, тыныстың тоқтауы
  2. өршімелі әлсіздік, бас ауыру, мазасыздық, дене температурасының төмендеуі, АҚ төмендеуі, тоникалық-клоникалық  тартылулар, тахипноэ, мидриаз
  3. жеңіл эйфория, жалпы әлсіздік, бас айналу, құлағында шу, жүрек айну, құсу
  4. жалпы дегбірсіздік, бас ауру, ұйқысының бұзылуы, тітіркендіргіштік, эпигастридегі ауырсыну, диспепсия, геморрагиялар
  5. сезімтал және вегетативті талшықты токсикалық энцефалопатияның зақымдалуымен полиневротикалық синдромның дамуы, фоникулярлы миелоздың дамуы

 

 4. Бензолмен сүлелі улану  кезінде ең алдымен зақымданады:

  1. бүйрек
  2. қан-түзетін сүйек миы
  3. жүрек-тамыр жүйесі
  4. АІЖ

 

ІІІ. Метгемоглобияның организмге улы әсері.

Метгемоглобин оттегін тасымалдау қабілетінен айырылған гемоглобин туындысы болып табылады. Метгемоглобинемияның туа пайда болған және жүре пайда болған түрлерін ажыратады.

Метгемоглобинемияның улану  кезіндегі туа пайда болған  түрі  гемоглобин  молекулаларының құрлымының  немесе эритроциттердің кейбір ферменттерінің күрт төмендеуімен (жоғалуы) негізделген. Метгемоглобинемияның жүре пайда болған түрі кәсіпте және тұрмыстық жағдайлардағы химиялық заттармен (қышқылдармен, бензол, анилин туындылары, азот қышқылдары), дәрілік зататрмен улану (фенацетин, викасол, кейбір сульфаниламидтер және малярияға қарсы заттар), нитраттарға бай колодезді суды қолданғанда. Қалыпты жағдайда метгемоглобиннің қандағы көрсеткіші жалпы гемоглобин құрамының 1,0-2,5% жоғарламайды, ал зәрде болмайды. Ол зәрде пайда болса, зәр қанды қызыл түске боялады.

Бензолдың аминды-нитратты қосындысымен және оның гомологтарымен улану. Олар органикалық қосындыларды, жанама смолаларды, жарылғыш заттарды, дәрілік заттарды дайындауда, мотор жанармайларына қосынды ретінде инсектицидивте, фото суреттерді шығарудағы  пластикалық массаларды алудағы бастапқы материял ретінде қолданады.

Ағзаға ену  жолдары:

- тыныс мүшелері  арқылы

- тері жабындылары арқылы

- сирек асқазан іщек жолдары арқылы

Байланыстың ұзақтығымен концентрациясына байланысты:

-  жедел уланулар

-  созылмалы уланулар

Патогенезі:

Жедел уланулар жиі зақымдануларға әкеледі:

-  ОНЖ: пирамида жолының, жолақты денешіктің, қыртыстың, шеттік жүйке жүйесінің

- Метгемоглобин түзуге(гипоксемия)

- Гемолизге тура емес билирубиннің жоғарлауынан гемолитикалық анемия

Созылмалы уланулар — паренхиматозды ағзалардың  зақымдануы.

Эритроциттерде көкшіл дөңгелек  түзіліс түріндегі  қайтымсыз дегенеративті өзгерістер дамиды, Гейнц денешіктерінің шеті бойында орналасқан. Бензолдың аминді-нитратты қосындысы құрамында күкірт қосындысы бар амин қышқылдарымен әсерлесіп, SH-тобының молекулаларын ынталандырып, осы арқылы амин қышқылдарының биологиялық белсенділігі жоғалады.

Шумақшаларға және зәр  шығаратын  жолдардың шырышты қабаттарына нефротоксикалық әсерінен жедел бүйрек  жетіспешілігі дамиды.

Зәр шығаратын жолдардағы неопластикалық процестің дамуында байланыстың ұзақтығы, түрі, жеке орналасуының маңызы зор.

Клиникасы: Жедел улану:

  1. Шырышты қабаттарымен терісі сұр-көкшіл түсті. Қаны- қою қоңыр түсті. Пигменттің түстерімен байланысты.
  2. Эритроциттерге бензолдың аминді-нитратты қосындысының токсикалық әсерінен екіншілік гемолитикалық анемия белгілері: эритроциттердің гемолизі, тура емес билирубин деңгейінің жоғарлауы, пойкилоцитоз, анизоцитоз, Гейнц денешіктері, эритроциттердің базофилдерінің түйіршіктенуі, ретикулоцитоз, нормобластар, мегалобластар. Лейкоцитоз, қан формаларының солға қарай ығысуымен, ЭТЖ жоғарлауы, қанның ұйығыштығының жоғарлауы. Зәрде уробилин, нәжісте стеркобилин болады. Сарғаю. Терідегі геморрагиялық бөртпелердің болуы.
  3. ОНЖ зақымдануы: астеновегетативті синдром, милы құсулар, депрессия, тартылулар, кома. Тыныс орталығының параличімен жүрек жетіспеушілігінен өлім.
  4. Бронхит, ларингит, трахеит көріністері.
  5. Геморрагиялық цистит белгілері, жедел бүйрек жетіспеушілігінің «гемолитикалық» немесе токсикалық бүйректің дамуы(ЖБЖ 4 кезеңі).

Уланудың 3 дәрежесін  ажыратады: жеңіл, орташа, ауыр.

Жеңіл – метгемоглобин 20-30%ке дейін; бірен-саран Гейнц денешіктері

Орташа – метгемоглобин 30-40%ке дейін; 15%ке дейін Гейнц денешіктері

Ауыр – метгемоглобин 60-70%ке дейін; 80%ке дейін Гейнц денешіктері

Емі: 

  1. Зардап шеккен адамды алып шығару.
  2. Былғанған дене бөлшектерін жуу.
  3. Оттегілік ем.
  4. 1% — 10-20 мл метилен көк ертіндісі; 30 %-10-20 мл тиосульфат натрии, глюкоза ертіндісі.
  5. Бүйректің жіті жетіспеушілігімен күрес.
  6. Симптомды ем.

Еңбек ету қабілетінің  сараптамасы:  

Жедел улану кезінде —  стационарлық ем →  жұмысқа қайта келу.

Созылмалы уланулар кезінде  – уақытша 2 айға басқа жұмысқа  ауысу(еңбекке жарамсыздық парағы).

Алдын алу:

  1. Желдеткіштің рационалды жүйесі
  2. Дербес қорғаныс шаралары
  3. Терапевт, неврапотолог, офтальмологтардың қатысуымен 20 айда бір рет медициналық қаралудан өту.

Жұмысқа қабылдаудың қарсы көрсеткіштері: кеңінен

Бензидин, деанизидин, толуидинді қолданған кезде – 3 айда бір рет медициналық қаралу, уролог, терапевт, цитоскопия жасату.

Нитрофенолды  пестицидтермен улану: Нитрофеналды пестицидтерді дүст, ерітінді түріндегі фунгицид ретінде қолданады.

Патогенезі: Метгемоглобин түзетін заттармен улану (жоғарыдан қараңыз).

Клиникасы: Жедел уланулар: әлсіздік, бас ауыру, қызба, склераның ағаруы, гипотония, тондардың тұйықталуы. Кейінне токсикалық гепатит, нефрит симптомдары. Қызба. Қанға тән емес өзгерістер: сүт қышқылы және ацетон.

Созылмалы уланулар: астеновегетативті синдром. Аллергиялық дерматит. Катаракта. Терімен склераның сарғаюы. Миокардиодистрофия көріністері.

Емі:

  1. Метилен көгі                                         3. Қан ағу
  2. Дезинтоксикациялық ем                      4. Симптомды ем

ІІІ. Қортынды.

          Белгілі мүшенің зақымдалуы қанмен жабдықталу мөлшеріне және мерзіміне байланысты; бірден зақымдалатын мүшелер: өкпе, бүйрек, бауыр, жүрек, ми. Ағзаға түскен улы заттың әсері басталған уақыт пен оның токсинді эффектісі өзара байланыста. Ағзаға түскен улы заттың концентрациясын білгеннен соң улану дәрежесі анықталады, дезинтоксикациялық шаралар ұйымдастырылады. 
Уланудың клиникалық кезеңдері: 
1. Токсинді – улану бірден басталу негізінде токсинді агенттің дозасы улы әсер береді. 
2. Сомотогенді – токсинді агент әсері ағзадан шыққан соң немесе ыдыраған соң басталады, көрінісі- зақымдалу “іздері” түрінде. Улы газдар, булар, тұмандар, аэрозольдер-тыныс алу жолы. 
Аэрозольдер-тағам арқылы, тері арқылы. 
Тыныс алу жолы- қан айналымы. 
1. кәсіби аурулар- қан айналымы 
2. улану –жалпы және жергілікті. 
           Токсиндік әсер мынаға байланысты: адамның жасы, адамның жынысы, ағзаға ену жолы, адамның сезімталдығы,зиянды заттардың ағзаға ену жолы, заттың ағзадан шығу долы, ағзада таралу жолы, метеорологиялық жағдайлар , заттың мөлшері, заттың физикалық қасиеті, токсинділігі, ену ұзақтылығы, өзара әрекеттесу қабілеті. Зиянды зартардың ағзаға әсер ету сипаты бойынша жіктелуі: 
1. Жалпы улы әсерлі (тұтас ағзаны немесе жеке жүйені уландыру) 
2. Тітіркендіргіш (тыныс алу жолы, көздің кілегейлі қабықшасын, тері жабынын) 
3. Сенсибилиздеуші (күшеіткіш) (аллерген ретінде әсер ететін) 
4. Мутагенді ( генетикалық кодты бұзатын, тұқым қуалау ақпаратын өзгентетін) 
5. Концерогенді (қатерлі ісіктерді тудыратын) 
6. Репрадуктивті функцияға әсер етуші 
7. Адам әсерін үйреніп кететін зиянды заттар, бейімделу тудырғыш зиянды заттар. 
 

 

 

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мал дәрігерлік микробиология, Шоқанов Н, Бияшев Қ ,Булашев А. 1999ж.
  2. 9months.ru, http://kutkarushy.kz/emergency-situation/60-himiyaly-aup.html, http://stud24.ru/biology/an-zhjesn-fiziologiyasy-zhne-ony/432069-1571811-page1.html

Информация о работе Улардың организмге әсер етуі