Топырақтың адамзат үшін маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 09:13, реферат

Описание работы

Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.

Содержание

Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. Топырақтың адамзат үшін маңызды.
2. Адам топырақты түзуші фактор ретінде.
3. Топырақ географиясы және егіншілік.
4. Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы.
ІІ. Тақырыпқа байланысты сұрақтар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Топырақтың адамзат үшін маңызы.doc

— 114.50 Кб (Скачать)
 

Құрастарушылар: Өсербай А.Ж. – аға оқытушы

                  Сартаев С.Д. – студент 
 
 

Топырақтану. Оқу кейсі (проблемалық жағдайларды  шешуге және қабылдауға арналған) 
 
 

212121- ..... мамандығының студенттеріне арналған  оқу кейсінде проблемалық жағдай  сипаттаған. 
 
 

Рецензенттер: 
 
 

«» кафедрасы  жиналысында талқыланып, баспаға  жіберілді.

Хаттама № «___»_______________2011ж. М. Әуезов атындағы ОҚМУ әдістемелік кеңесінде  қаралады. Хаттама № «___»__________2011ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Мазмұны

    Кіріспе

    І. Негізгі бөлім

    1. Топырақтың адамзат үшін маңызды.

    2. Адам  топырақты түзуші фактор ретінде. 

    3. Топырақ  географиясы және егіншілік. 

    4. Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы.

    ІІ. Тақырыпқа  байланысты сұрақтар

    ІІІ. Қорытынды 

    ІV. Пайдаланған  әдебиеттер  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Кейс-жағдай, іс

Кейс 
  • шын проблемалық жағдайдың түсініктемесі
 
  • анықталған  проблемалық жағдайды оқу
 
  • шын өмірден  алынған бөлік
 
  • шын мүмкіндіктің түсіндірмесі
 
  • шындындықтың  фото суреті
Талап :
  • қойылған мақсатқа дәл келу
 
  • қиындықтың деңгейіне дәл келу
 
  • аналитикалық  ойлаудың дамыту
 
  • пікірталас  тудыру

    Кейс  әр түрлі формада бірнеше сөйлемнен  бір беттен бірнеше бетке дейін  болуы мүмкін. 

    Кіріспе  

      Топырақтың адамзат қоғамы үшін  маңызы өте ерекше. Ең алғашқы  қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.

      Адамзаттың бүкіл өмірі осы  топырақпен байланысты. Топырақ  ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.

      Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы  өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан  даласының едәуір көп бөлігін  жыртып тастады. Артынан ол  жерлер түгел игерілмей қараусыз  қалды. Осы кезде Қазақстан  жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.

    Литосфера — (грекше — lithos — тас + sphair — шар) — жердiң қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тiрi организмдер 3 км дейiнгi тереңдiкте тiршiлiк етедi.

    Топырақ. Жер бетiнде Күннiң энергиясы заттардың екi айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық жəне заттардың топырақ, өсiмдiктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы- кiшi немесе биологиялық айналымды туғызады. Екi айналым да бiр-бiрiмен тығыз байланысты.

    Топырақтың  табиғи ландшафттар мен экожүйелердегi маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негiзiн салушылардың бiрi В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзiне тəн өзара байланыстары, тiршiлiк ету заңдылықтары мен өзiн-өзi реттеуге қабiлеттi табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсiмдiктерiмен, рельефiмен жəне ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.

    Тау жыныстарының топыраққа айналу процесiнiң  аса бiр маңызды жəне жалпы құбылысы құрлықтың бүкiл бетiн жауып жатқан гумустық қабаттың түзiлуi болды. Бұл қабат топырақтың ең бiр белсендi бөлiгi болып саналады. Топыраққа еңалғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама бердi, ол: топырақ түзiлу процесi құнарлылық түзiле жүретiн өсiмдiктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсеттi.

    Топырақ ресурстары Жер бетiндегi тiршiлiкке  қажеттi ен маңызды алғы шарттардың бiрi болып табылады. Алайда оның шын  мəнiндегi маңызы мен ролiн өз дəрежесiнде  бағалай алмай келемiз. Топырақ биосфераның компоненттерiнiң бiрi ретiнде адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арсындағы тiкелей жəне жанама əсерлердi тепе-теңдiкте сақтап тұра алатын өздiгiнен тазару процестерiнiң механизмдерiнiң аса маңызды резервi болып табылады. Адамдарға азық-түлiк пен жануарларға қоректi өндiру үшiн қажеттi жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады.

    Топырақтың  табиғи дене ретiндегi негiзгi функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсiмдiктерге қажеттi қоректiк элементтердi жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.

    Топырақ — сыртқы орта жағдайлары: жылу,су, ауа, өсiмдiктер мен жануарлар, микроорганизмдердiң бiрiккен əсерiнен қалыптасқан жердiң беткi құнарлы қабаты. Топырақ түзгiш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның iс-əрекетi де жатады. Тiрi организмдер топырақтың негiзгi қасиетi — құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасайды.

    Топырақтың  құнарлылығы дегенiмiз — оның өсiмдiктердi оларға қажеттi қоректiк элементтермен, сумен жəне ауамен қамтамасыз ету қабiлетi. Ол топырақ түзiлу процесi барысында жəне адамның топыраққа əсер етуi нəтижесiнде қалыптасады.

    Ол  бүкiл адам баласының тiршiлiгiнiң көзi болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмiнiң, ауылшаруашылық дақылдары өндiрiсiнiң негiзi.

    Топырақ — барлық элементтердiң аккумуляторы: ол оларды өзiнде жинақтап, сумен  шайылып кетуден сақтайды. Өзiнiң қалыптасқан зат алмасу процесi бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны, эрозия, құрғақшылық, т.б.) əсерiне қарсы тұра алады. Бiрақ топырақ көптеген антропогендiк факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын əсерiне сезiмтал келедi. Топырақтың құнарлылығы адам iс-əрекетiне де байланысты.

    Топырақ — барлық материалдық игiлiктердiң  көзi. Ол азық- түлiк, малға жем, киiм  үшiн талшық, құрылыс материалдарын  бередi. Топырақтың ең маңызды байлық екендiгiн айта келiп, К.Маркс, еңбек — байлықтың əкесi болса, топырақ — анасы деген.

    Топырақ ешнəрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазiргi таңда, ғылым əлi күнге  дейiн табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған  жоқ. Өсiмдiктердi топырақсыз өсiрудiң кез келген əдiсi (гидропонды, пластопонды, аэропонды) топырақтың ролiн дəл өз мəнiнде орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған жəне əлi де маңызды болып қала беретiн аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзiлу процесiндег өзiдiгiнен қалпына келу қабiлетiн сақтап қалуға барынша жағдай жасау.

    Топырақ — биосфераның басқа элементтерiмен  үздiксiз алмасып отыратын, олармен  тығыз байланысты жəне биосфераның  кейбiр элементтерiне (атмосфералық ауа, жер бетiлiк жəне жер астылық сулар) өзi де əсер ете алатын өте күрделi ашық система. Топырақ үнемi климат пен ауа райы компоненттерi, флора мен фауна, əсiресе соңғы кезде түрлi антропогендiк

    зиянды  əсерлерге ұшырап отыр. Топырақта  эрозиялық процестер көбейiп, өздiгiнен  тазару қабiлетi нашарлап, құнарлылығы кемуде.

    Топырақтың  деградациялануының (латын тiлiнен  аударғанда — "төмендеу", "артқа  кету" ) негiзгi факторлары : эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердi шамадан  тыс көп қолдану, т.с.с.

    Топырақтың  қорғау мен бақылау объектiсi ретiнде қоршаған ортаның басқа объектiлерiмен салыстырғанда бiрқатар өз ерекшелiктерi бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетiлiк суларға қарағанда əлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тəн аса қуатты табиғи

    өздiгiнен  тазару қасиетi жоқ. Топыраққа түскен антропогендiк ластаушылар онда жинақталып, көбейе бередi. 

    І. Негізгі бөлім

    1. Топырақтың адамзат үшін маңызы  

      Топырақтың адамзат үшін маңызды. 

      Топырақтың адамзат қоғамы үшін  маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды.

      Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.

      Өндірістің кейбір салалары топырақты  пайдалануға негізделген. Соның  бірі маңызды азық-түлік өнімдерін  жеткізуші ауыл шаруашылдығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда – инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.

      Топырақта жүріп жататын күрделі  биологиялық, физика-химиялық және  химиялық процестердін адамзат  қоғамының түрлі тіршілік салалары  үшін мәні зор. Осы процестерді  тану топырақты іс жүзінде  пайдалануда жаңа мүмкіндіктер  ашады. 

      Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.

      Топырақтағы биогеохимиялық және  геохимиялық процестерді пайдалы  қазба кен орындарын іздеу  кезінде пайдаланады. Жердің ауыл  шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен  қаралуы керек.  

      Топырақ құнарлығы. 

      Топырақ еңбек құралы және өнімі ретінде.

      Топырақ құнарлығы деп оның  табиғи және мәдени өсімдіктердің  қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз  ету қабілетін айтады. Топырақ  құнарлығы оны кез-келген борпылдақ  тау жынысынан ажыратуға мүмкіндік  беретін ерекше сапа. Бұл сапаның  адамзат қоғамы үшін маңызы зор. Табиғи топырақ құнарлылығы олардың қалыптасуы барысында топырақ түзу факторы әсерінен болады және табиғи өсімдіктер өсімділігімен бағаланады.

      Өнделетін жердің құнарлығы ауылшаруашылық  өнімдерінің түсім көлемімен  өлшенеді және ауылшаруашылық өндірістің деңгейіне: осы топырақтың зиянды химиялық қасиетін жоя білуге, қолайлы су мен ауа режиміне, минерал, органикалық, бактериялық тыңайтқыштар пайдалану мүмкіндігіне, ауылшаруашылық өндірісінің механикаландыру деңгейіне байланысты.

Информация о работе Топырақтың адамзат үшін маңызы