Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 13:14, лекция
Елімізге ерлік істерімен және ерен еңбектерімен әйгілі: ауданымыздан 8 Кеңес Одағының батыры, 13 Кеңес Одағының Социалистік еңбек ерлері, Алаштың айтулы азаматы, елім деп еңіреп өткен ерлердің алдыңғы сапында жүрген Мұхаметжан Тынышбаев.
Сарқан аудан әкімінің
Тіл – халықтың діңгегі
Жерлес ақын, «Сарқан» газетінің редакторы Жомарт Мақатұлы Игіманның шығармашылығына арналған кездесу кештің сценарийі
«Тіл –
халықтың діңгегі»
Жүргізуші: Армысыздар, зиялы қауым, халайық!
Күндеріңіз
шуақты, мерекелі әрі берекелі болсын!
Өсіп - өніп, өркендейтін тұстамын,
Бақытымды сомдап жатқан ұстамын.
Азияда айшықталған Барыс ел,
Мақтанышым – менің Қазақстаным.
Көк байрақты қолға берік ұстадым,
Көк жүзінде еркін самғау– құштарым.
Елтаңбам бар өзіме тән, етене,
Әнұраным – «Менің Қазақстаным!»
Жүргізуші: Сарқан өңірі өзінің сұлу табиғаты мен әсем жерлері мен көрікті өлкенің бірі. Өлке топырағынан тек Сарқандықтар ғана емес, есімі әлемге танылған, біртуар тұлғаларды ұрпақтарымыз мақтан тұтады.
Елімізге ерлік істерімен және ерен еңбектерімен әйгілі: ауданымыздан 8 Кеңес Одағының батыры, 13 Кеңес Одағының Социалистік еңбек ерлері, Алаштың айтулы азаматы, елім деп еңіреп өткен ерлердің алдыңғы сапында жүрген Мұхаметжан Тынышбаев. Есімі тек Қазақстанға ғана емес бүкіл әлемге белгілі саңлақ, сазгер Мұқан Төлебаев, қалам – қайраткері Кәкімжан Қазыбаев, белгілі ғалым Мұхтар Арын, талантты ақындар Әділбек Абайділданов, Жаскілен Қалиев, танымал композиторлар Еркеғали Рахмадиев, Күнсайын Қуатбаев, даңқты балуандар Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев, Әсет Серікбаев, кино өнерінің жұлдыздары Кәдірбек Төлеуұлы Демесінов, Құман Тастанбеков, әнші Сара Тыныштығұлова т.б., дарындар легі жалғасын таба береді ...
Бүгін біз жоғарыда аты
Жүргізуші: Бүгінгі іс – шарамыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл, Елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне сай ұйымдастырылып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев « Бойында қаны бар, намысы бар», әрбір азамат «Енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз» деп, ой санасын қамшылау керек деген болатын. Осы мақсатта халқымыздың рухани гүлденуіне, өзінің күш жігеріне, қалам қаруын пайдаланып, толымды еңбек еткен ақын, жазушы, «Сарқан» газетінің бас редакторы Жомарт Мақатұлы Игіманның еңбектері: «Жүздесу», «Шарайна», «Көкжиек», «Ғұмыршырақ», «Жайқоңыр» тағыда өлеңдер жинағынан басқа, алғаш рет өлке тарихы ел мен жер, елімізге танылмал болған азаматтар жайында «Саялы төрім – Сарқаным» атты тарихи деректі кітап жазды.
/Сұрақ кезегі Жомарт Мақатұлы сізге туындап отыр/
Сұрақ: Өлең өлкесіне сізді табиғи дарындылық ұмтылдырды ма немесе өзгеше әсерлер медет болды ма?
(Ақын сұраққа жауап беріп, өлеңін оқиды.)
Жүргізуші: Жігітке жеті өнер аз дегендей бүгінгі таңда Тәуелсіз еліміздің, өркендеп, гүлденуіне, Елбасымыз айтқандай «Халқына жаны шындап ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге шығатын жол сілтейді», деген ұлағатты сөзі сізге айтылғандай.
Жомарт Мақатұлы Игіман ақындығымен қоса, сазгерлігімен де, халқына тамаша әндер тарту етті.
Енді
бірнеше әндерді
1. « Жүрегім мені жазғырды»
2. «Сағыныш сазы»
Орындайтын
Аудандық мәдениет үйінің
Жүргізуші:
Ел ертеңі білімді жастар болса, жастар
ішінде сіздің еңбектеріңізге қызығушылық
танытып, «Туған», «Отан», атты тақырыбына
кіші ғылыми жұмыс жазып жүрген жастар
қатарына СГК ің «Бастапқы білім беру»
факультетінің 3курс студенті
Меруерт Абылқастың еңбегіне бір сәт көңіл
бөлсек:
Ұсынды тәуелсіздік биік тұғыр,
Айбарлы хан мен биім, бек – төрім де.
Жаратқан тұрған кезде иіп бүгін,
Береке
– бірлік керек өскен елге.
деп ақын өзінің «Тәуелсіздік тартуы», деген өлеңде жырлағандай.
Тәуелсіздік
– тәңірдің біздің ұрпаққа
берген ұлы бақыты, хақымыздың
мәңгілік құндылығы. 20 жыл ішінде
қадірлі Жомарт Мақатұлы
Сізге алда тағыда мол шығармашылық табыстар тілейміз.
Құрметті қауым
сіздер мен біз қоштаспаймыз келесі
кездескенше күн жарқын болсын демекпіз!