Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 21:46, реферат
Ісік- деп соматикалық жасушалардың мутацияға байланысты тоқтаусыз және бақылаусыз көбейіп кетуі нәтижесінде пайда болатын патологиялық үрдісті атайды.
Ісіктер қазіргі таңда ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде жүрек-қан тамырлар ауруларынан кейінгі екінші орында тұр.Адамдардың әрбір бесінші немесе алтыншы осы қатерлі ісіктен өледі. Сол үшін ісіктердің пайда болу себептерін,оның таралу жолдарын,морфологиялық өзгешіліктерін білу және үйрену медицина тәжірибесі үшін өте маңызды мәселе.