Сабақ реті

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 11:18, реферат

Описание работы

Кез-келген оргонизмге тән барлық белгілер мен қасиеттер туралы ақпарат оның генотипінде жазылған.Ол белгілер мен қасиеттердің дұрыс қалыптасып,организмнің жеке дамуы барысында фенотипінде көрінуі қоршаған орта жағдайларына тікелей байланысты.Өйткені генотиптің құрамындағы жеке ген анықтайтын белгі немесе қасиет сол геннің жұмысына қолайлы ортада ғана қалыпты дәрежеде жарыққа шығады.

Работа содержит 1 файл

Сабақ барысы.docx

— 20.43 Кб (Скачать)

Пәні: Биология

Сынып: 9 «Б»

Күні:07.02.2013

Сабақ реті: 5

Тақырыбы: §39. Генотип, қоршаған орта және адам денсаулығы. Адамның тұқым қуалайтын аурулары

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қоршаған орта және адам денсаулығы туралы оқушыларға білім беру, тұқым қуалайтын аурудың түрлерімен таныстыру

2. Дамытушылық: Өткен сабақтарды ұштастыра отырып оқушылардың білімін, ой-өрісін  дамыту

3. Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілік: слайд, плакаттар,кестелер

Пән аралық байланыс: химия, физика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, ән ұранды орындату, сабаққа оқушылардың көңілін аударту, оқулықтарды тексеру

ІІ. Жаңа сабақ

 Жаңа сабақтың  жоспары:

1. Қоршаған ортаның экологиялық  жағдайы

2. Тұқым қуалайтын аурулар

3. Гендік аурулар

      1. Кез-келген оргонизмге тән барлық белгілер мен қасиеттер туралы ақпарат оның генотипінде жазылған.Ол белгілер мен қасиеттердің дұрыс қалыптасып,организмнің жеке дамуы барысында фенотипінде көрінуі қоршаған орта жағдайларына тікелей байланысты.Өйткені генотиптің құрамындағы жеке ген анықтайтын белгі немесе қасиет сол геннің жұмысына қолайлы ортада ғана қалыпты дәрежеде жарыққа шығады.

     Қазіргі кезде өнеркәсіптің жан-жақты дамуына сай ірі-ірі зауыт,фабрикалар жұмыс істеп,олардан шығатын түрлі қалдықтар мен автокөліктерден шығарылытын улы газдар топырақты,суды,ауаны ластауда.Соңғы жылдары тамақ өнеркәсібінде,ауылшаруашылығында, дәрі-дәрмек жасауда алуан түрлі химиялық заттар кеңінен қолданылуда.Ондай заттардың бірқатары пайдалы болғанымен,кейбір қосылыстар организм үшін зиянды.ХХ ғасырда түрлі мемлекеттерде атом бомбалары сыналғаны (Хиросима,Нагасаки ),ядролық жарылыс (Чернобыль), сондай-ақ Семей полигонында бірнеше жылға созылған ядролық сынақтың болғаны бәрімізге мәлім.Мұндай радияциялық апаттардығ салдарынан тіршілік ортасында радиоактивті заттар көп химиялық қосылыстар немесе радиоактивті заттар,ең алдымен,клетканың құрылысы мен қызметін бұзып,қатерлі ісік,ақ қандық (лейкемия) және басқа да көптеген тұқым қуалайтын ауруларға себепші болады.                                                                                                                                                           Атырау,Арал,Семей өңірлерінің экологиялық ластануына байланысты адамдардың денсаулығы нашарлап,жас нәрестелер түрлі кемістіктермен дүниеге келуде.Жасөспірімдердің темекі тартуы,есірткіге құмар болуы,ішімдік ішуі өсіп,қалыптасып келе жатқан организмге үлкен зиянын тигізеді.Мұндай улы заттар мутагендік  фактор ретінде сол организмнің генотипіне әсер етіп,дене бітімінің дұрыс жетілмеуіне,түрлі кемтарлықтың туындауына апарып соғады.

       2. Адамның тұқым қуалайтын аурулары.Медициналық генетикада адамның 3000-ға жуық тұқым қуалайтын аурулары анықталады.Тұқым қуалайтын аурулар деп генетикалық материалдың (генотиптің)өзгеруіне байланысты ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін ауруларды айтады.Тұқым қуалайтын аурулар хромосомалық және гендік аурулар болып екі топқа бөлінеді.Хромосомалық аурулар хромосомалар санының немесе құрылысының өзгеруінен пайда болады.Қатарынан бірнеше мүшелер жүйесінің құрылысы мен қызметін бұзатын мұндай аурулар медицинада синдромдар деп аталады.

      Гендік аурулар ген құрылысының өзгеруіне,атап айтқанда,нуклеотидтер ретінің бұзылуына байланысты пайда болады.Мұның нәтижесінде синтезделетін нәруыздың құрамы өзгереді,сондықтан арнайы бір нәруыздың немесе ферменттің жұмысы бұзылыды.                                         

   Даун ауруы.Бұл аурудың пайда болу себебі:аутосомалық хромосомалардың 21-жұбында артық  ауыратын адамның адамның дене клеткаларындағы хромосомалар саны 47-ге тең.Даун ауруы айел және ер адамдарда бірдей жиілікте кездеседі.Ауру адамның жүйке және қан тамырлары жүйесінде жалпы дене құрылысында көптеген кемістіктер бйқалады.Иммундық қасиеттері төмен болғандықтан,жұқпалы және қатерлі ісік ауруларына жиі ұшырыйды.

    Клайнфельтер  ауруы.Ер адамдарда кездесетін бұл аурудың себебі:хромосомалардың соңғы 23 жұбында артық бір жыныстық Х-хромосомасы болады.(ХХУ)Сондықтан ол адамның дене клеткаларында хромосомалардың жалпы саны 47-ні құрайды.Әдетте,мұндай ауру балалардың бойы биік,аяқ-қолдары ұзын,көсе және айел жынысына тән бірқатар белгілер байқалады.

   Шерешефский-Теренер ауруы қыз балаларда кездеседі.Өйткені аутосомалық хромосомалары толық болғанымен,әйел жынысына тән екі Х-хромосоманың біреуі болмайды.(ХО),ал хромосомаларының жалпы саны-45.Ауру әйелдің бойы аласа,мойнының екі жағында ерекше қатпарлары көрініп тұрады,жыныстық жетілуі толық емес,бедеу келеді.Сонымен қатар көптеген мүшелердің құрылысы мен қызметі бұзылғаны байқалады.

3.Гендік аурулар. Гендік аурулар -моногендік және полигендік аурулар болып екі топқа бөлінеді. Моногендік аурулар нақты бір геннің мутацияға ұшырап,құрылысының өзгеруіне байлансты пайда болады.Полигендік аурулар бірнеше геннің өзгеруінен және сыртқы орта жағдайларына байланысты қалыптасады.                                                                                                                                           Моногендік аурулардың тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес жүреді.Олардың көпшілігі арнайы ферменттердің жетіспеуінен нәруыздардың,көмірсулардың,майлардың және минералды заттардың алмасуының бұзылуы мен сипатталады.Сондықтан олпрды зат алмасудың аурулары деп те атайды.Жиі кездесетіндері:фенилкетонурия,альбенизм,галактоземия,т.б. Фенилкетонурия және галактоземия белгілерімен туылған жас нәрестелер бірден дәрігерлердің бақылауына алынып,емшек емізу тоқтатылып,арнайы тағамдармен тамақтпандырылады.

    Полигендік аурулардың  ішінде жиі кездесетіндері:қантты  диабет,шизофрения,гипертония,т.б. Қазіргі  кезде қантты диабет ауруы  жиі кездеседі.Бұл ауру ұйқы  безінен бөлінетін инсулин гормонының  жетіспеуінен пайда болады.Инсулин  қанның құрамындағы қанттың мөлшерін  реттейді.Мұндай науқас адамдардың қанына инсулин енгізіп,арнайы диата (қажетті құрамы бар тағамдар)тағайындайды.Полигендік аурулардың ерекшелігі:адамның ауруға бейім болуына және сыртқы орта жағдайларына байланысты әртүрлі дәрежеде көрінеді.

Жаңа сабақты  бекіту

1.Тұқым қуалайтын аурулардың  пайда болу себебі неде?

2.Хромосомалық аурулар  деген не?

3.Гендік аурулардың ерекшелігі  қандай?

4.Хромосомалық аурулардың  түрлерін ата? 

Үй тапсырмасын  сұрау «Кім жылдам?» сайыс түріндегі сұрақ-жауаптар

1. Мендельдің бірінші  заңы қалай аталады?

2.Мендельдің екінші заңы  қалай аталады?

3.Мендельдің еңбектерін  ата?

4.Моногибридті будандастыру дегеніміз не?

5.Генетикалық терминдерге  анықтама беріңдер?

6.Шартты белгілерді атаңдар

7.Доминантты қандай белгі?

8.Рецессивті қандай белгі?

9.Модификациялық өзгергіштік  дегеніміз не?

10.Мутагендік факторларды  атаңдар?

11.Аллельді гендер дегеніміз  не?

Үйге тапсырма §40. Селекция негіздерін оқып келу

Бағалау


Информация о работе Сабақ реті