Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:51, практическая работа
ДНҚ немесе РНҚ вирионның ортасында орналасады. Вирус геномы 3-4-тен (парвовирустар) 150-ге дейін (шешек вирусы) геннен құралады. Әртүрлі вирустардың геномындағы нуклеин қышқылы бір немесе екі жіпшелі, үздіксіз немесе үзікті, түзу сызықты немесе сақиналы болуы мүмкін. Мысалы: ЖИТС вирусында екі үзіксіз түзу сызықты РНҚ жіптері, әрі 1/3 қысқартылған ішкі жіп; тұмау вирусында бір үзікті РНҚ жібі бар. Нуклеин қышқылы геномды белоктармен байланыстырады.
РНҚ геномды вирустардың репликациясы
орындаған ІІ курс студенті
Сайлауова Айгерим
РНҚ-ң химиялық структурасы ДНҚ-дай(Полинуклеотидные цепи
нуклеиновых кислот ДНК и РНК (фрагменты))
Репликация
ДНК матрицасындағы РНК репликациясы(транскрипция)
Генетикалық ақпаратты сақтайтын және жүзеге асыратын негізгі молекула ДНҚ молекуласы болып табылады. Белгілі уақытта белгілі ақпаратты уақытша сақтау үшін негізгі генетикалық ақпаратты көшіру қызметін ақпараттық РНҚ атқарады.
Ақпараттык РНҚ мынадай үлгіде синтезделеді. Алдымен гераза немесе геликаза ферментінің өсерінен ДНҚ бөлігі тарқатылады да, ДНҚ-ға бағынышты РНҚ полимераза ферментінің көмегімен РНҚ-ға комплементарлы принцип бойынша синтезделеді. Фермент толық жұмыс істеу үшін міндетті түрде барлық төрт нуклеотид АТФ, ГТФ, ЦТФ және УТФ болуы керек. Барлық жүретін процесс ДНҚ репликациясына ұқсас болады, мұнда тек дезоксирибоза қанты рибозамен және тимин урацилмен алмасады. РНҚ-ның бір ерекшелігі — ДНҚ-ның негізгі жіпшесінен ажьфап, цитоплазмаға тасымалданады. ДНҚ матрицасындағы РНҚ-ның синтезделу процесі транскрипция (лат. транскрипцио — көшіру) деп аталады.
Ортомиксовирустар (Orthomyxovi
Құрылысы:
Грипп вирусы РНҚ-құрамды вириондар, сфера формалы, диаметрі 80-120 нм. Вирионның ішінде бір жіпшелі нуклеин қышқылдың сегіз (8) фрагменті бар. Вирионның қабықшасы екі қабатты. Ішкі қабаты мембраналық төменгі молекулалы белоктан тұрады, ол форма түзуші роль атқарады, сыртқы екі қабаты – липидтерден тұрады. РНҚ-сы «минус - жіпше» көрсетілген РНҚ-мен байланысты РНҚ-полимераза ферментінің көмегімен ақпараттық РНҚ функциясын атқарады. «плюс - жіпшелі» РНҚ-ның ретикативтік формасы құрастырылады. Вирустың нуклеопротеидімен байланысшы 2 геномдық фермент бар – эндонуклеаза және репликаза. Вирустың сыртында екі гликопротеидтік суббірліктерден тұрады.
Клиникасы, патогенезі және эпидемиологиясы:
Грипп – эпидемиялық таралуы жоғары, тыныс алу жолдарының жедел инфекциясы. Инфекция көзі – науқас адам, таралу жолы – ауа-тамшылы. А грипп вирусы адамға және жануарларға патогенді; В және С грипп вирусы адамға ғана патогенді. Аурудың өршуі қыс мезгілінде және әрбір он жыл сайын пандемиясы өтеді.
«Испанка» деп аталған А типті грипптің ең ауыр пандемиясы 1918 жылы болды 20 млн адам өлімге ұшырады. 1957 жылы А грипптің пандемиясы азиаттық вирусымен шақырылған, 2 млрд адам зақымдалды.
Клиникасы:
Адам ағзасында вирустың негізгі таралуы (локализациясы) – трахея, бронхлардың тыныс алу эпителийі, ауру жалпы симптомдарымен басталады; қызба, дене қалтырау, бас және бұлшықеттерінің ауруы, көз симптомдары (көзден жас ағу, көздің ашуы т.б.). Кейін респираторлық белгілері қосылады; жөтел, мұрыннан су ағу, фарингит, ларингит, 3-4 күннен соң жазылу байқалады.
Патогенезі.
Төменгі тыныс алу жолдарының эпителиальдық клеткаларының микопротеиндік рецепторларын да грипп вирусы гемагглютининнің көмегімен адсорбциялайды. Нейраминидазаның қатысуымен эндоцитоз арқылы клеткаға енеді. Зақымдалған клетканың ядросында вирустық РНҚ-ның репликациясы, вирустық белоктардың синтезі, жаңа вириондардың жиналуы өтеді. Клеткадан вирус бүршіктенумен шығады. Тыныс алу жолдарының шырышты қабатындағы эпителиоциттердің мембранасының бұзылуынан эрозиялар пайда болады. Эрозияланған беткейлерден вирус қанға өткен соң вирусемия дамиды. Ол жоғарғы температурамен, бұлшық еттер мен сүйектердің ауруымен, цитоксикациямен білінеді.
1