Омыртқасыздар зоологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 18:30, реферат

Описание работы

Табиғат байлықтарының бірі – жануарлар әлемі, ал жануарларды зерттейтін ғылым – зоология. Зоология қарқынды дамып келе жатқан және биологияның негізін қалайтын ғылым, себебі жануарлар биологиялық ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті объектісі болып табылады. Жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың құрылысы мен тіршілік әрекетін, дамуын, өзінің қрршаған ортамен қарым – қатынасын, шығу тегін зерттей отырып, органикалық дүниенің жеке және даму заңдылықтарын да тануға болады. Жануарлар әлемнің табиғаттағы, адам өміріндегі, халық шаруашылығындағы маңызы зор екені жалпыға мәлім.

Содержание

1) Кіріспе ………………………………………………………………………3


2) Омыртқасыздардың балық тіршілігіндегі маңызы.………………………4-8


3) Бір клеткалы және көпклеткалы
Жануарлар өкілдеріне сипаттама…………………………………………..9-12


4) Негізгі бөлім – сүліктер класы……………………………………………..13-19


5) Қорытынды…………………………………………………………………..20


6) Қолданылған әдебиеттер……………………………………………............21

Работа содержит 1 файл

реферат.docx

— 112.93 Кб (Скачать)

Жұтқыншақ жіңішке  әрі қысқа өңеш арқылы ортаңғы  ішекке жалғасады. Ортаңғы ішектен  тұйықталған бірнеше бүйірлік қалталары  тарайды (медициналық сүлікте 10-11 жұп). Бүйірлік қалталары бар бөліктерді кейде қарын деп те атайды. Осыған сүліктің сорған қаны жиналып, сақталады. Қалталардың артқы жұбы дененің  соңына дейін созылып жатады. Ортаңғы  ішек артқы ішекке жалғасып, ол артқы  сорғыштың үстінде орналасқан аналь  тесігімен аяқталады.

Кейбір еркін  тіршілік ететін сүліктер ұсақ жануарлармен қоректенеді.

Зәр шығару жүйесі - метанефридиялы. Бір қабатты клеткаларымен қапталған нефридиялық түтіктері дененін бүйір жағында метамерлі орналасқан. Бұл түтіктер нефропора (шығарғыш тесіктер) арқылы сыртқа ашылады. Медициналық сүлікте 17 жұп нефридиялары бар.

Сүліктердің нефридияларының негізгі ерекшелігі - нефростома (кірпікшелі воронка) мен  нефридиялық түтігі жалғасқан жерінде  екеуінін де ұшы тұтасып бітеліп, нефростомаға жиналған несеп заттар оның кабырғасы арқылы нефридия түтігіне осмостық жолымен сіңіріледі де, сыртқа шығарылады. Нефростома кенейген ұшымен бүйір жағындағы синустың (целомның калдығы) ішіне, жіңішке жағымен тұйықталған резервуарға ашылады.

Целом калдықтарынан  қабырғаларында дән тәрізді клеткалар  жинақталған. Оларды "ботриодты тканьдер" деп атайды. Азқылтан-дылардағы хлорагогенді клеткаларға ұксас.

Тыныс алу  мүшесі дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңіздерде тіршілік ететін Вгапсһеіііоп туысының өкілдері дене сегменттерінің бүйіріндегі орналасқан желбезектері арқылы тыныс алады.

Қан айналу жүйесі целомға байланысты әр түрлі  кұрылысты. Қылтандылар (Асаnthobdellada отрядының  өкілдерінде целом қуысы сақталып, ішіндегі жатқан ұзын арқа және кұрсақ қан тамырлары са-қиналы тамырларымен жалғасып, тұйықталған. Тұмсықты (Rhynchobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде целом қуысы редукция-ланып, оның қалдығы 4 ұзына бойы созылған түтіктер немесе лакуналар (синустар) түрінде болады: арқа, кұрсақ және екі бүйірлі, Олар бір-бірімен көлденең сақиналы өзектер торымен байланысады. Арқа және құрсақ лакунаның ішінде арқа және кұрсақ қан тамырлары бар, ал екі бүйір лацуналары қан тамырларымен қатыспай, кабырғаларының жиырылуының нәтижесінде, целом сұйық затын дене бойымен өткізіп отырады. Сөйтіп тұмсықты сүліктердің қан тамырлары мен лакуналар жүйесі сақталады. Ақырында, жақты (Gnathobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде қан тамырлары түгелімен жойылып, қан айналуды лакунарлық жүйе атқарады . Лакунарлық жүйенің сұйық заты қан сияқты қызыл (еріген гемоглобині болуынан) және ішінде амебоцид клеткалары кездеседі.

Сонымен, сүліктерде қан айналу жүйесі мен целомның арасын-дағы байланыс субституцияға негізделіен (латынша substitutio ауыстыру, алмастыру), Демек, пайда болу жолы әр түрлі, бірақ физиологиялық  жағдайы бірдей екі мүшенің алмасуы - бір мүшенін жойылып, оның орнына екінші мүшенің ауысуы.

Нерв  жүйесі буылтық құрттарға тән жұп жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглиядан, екі жұтқыншақ айналасындағы коннективтен және кұрсақ тізбегінен кұралған. Нерв түйіндерінен дене бөліктеріне нервтер таралады. Құрсақ тізбегі 20 және одан да көп ганглиялардан тұрады, әрқайсысы бір сегментке сәйкес. Жұтқыншақ асты ганглиясы 4 ганглияның қосылуынан, ал артқы ганглиясы ірі 7 ганглияныц қосылуынан пайда болған.

Сүліктерде  кен тараған сезім мүшелерінің  бірі - әрбір сегментінде бір қатар  көлденең орналасқан "бокал тәрізді" (кейде сезім бүршігі деп те атайды) мүшелер. Бокал тәрізді мүше - ұзынша келген сезгіш эпителиальды клеткалар, бұларға нерв ұштары жалғасады, денесіне жанасқан әсерді сүлік сол арқылы сезеді. Сезгіш эпителиальды клеткалар  тобын сыртынан молдір вакуольдеры  бар ірі клеткалар қоршаған. Бокал  тәрізді мүшенің қызметі әлі  зерттелмеген, бірақ химиялық әсерді сезеді деп болжайды.

Көптеген  сүліктерде алдыңғы сегменттерінде болатын бокал тәрізді мүшелерінің  біршама бөлігі көзге айнала алады. Көздері 1-5-ке дейін жұп болып, дененің алдыңғы бөлімінде орналасады. Медициналық сүліктің көздері пигментті бокал түрінде болады . Бокалдың ішінде толып жатқан ірі көру клеткалары болады. Терінің астындағы паренхимада орналасқан көздің бокалдары сыртынан қара пигментпен қапталған. Бокалдың ортасынан көру нервтері өтеді, әрбір көру клеткасына нервтің ұшы жалғасады. Осындай құрылысты көздердің көру кызметі жарық пен қараңғыны ғана ажыратады.

Жыныс жүйесі - гермафродитті. Медициналық сүліктің (Hirudo medicinalis) аналық жүйесі ұрық қапшығының ішінде орналасқан, тек бір жұп жұмыртқа безінен тұрады, одан жұмыртқа жолы шығып қысқа жатынға косылады. Жатын кең бұлшықетті кынапқа жалғасады. Жыныс тесігі кұрсақ жағында аталық шағылыс мүшесінің жанында ашылады.

Аталық жыныс  жүйесіндегі 9 жұп аталық бездері  тұкым капшық-тарының ішінде, денесінің  ортаңғы бөлігінде метамерлі  орналасқан. ¥рық қапшықтарының әрбіреуінен  жіңішке ұрық түтікшелері тарайды, олар оң және сол жақтағы ұрық жолына ашылады. Ұрық жолдары дененің алғашқы  үштен бір бөлігіне келіп домалақтанып ұрық қалтасын түзейді. Екі ұрық жолы осы қалтадан шығып, бірігіп тақ ұрық шашатын түтігіне ұласады. Түтік бұлшыкетті шағылыс мүшенің ішінде орналасып жыныс тесігімен аяқталады. Тұқым бүрку түтігіне қосымша бездер ашылады. Сүліктердің кейбір түрлерінде (Наеmеntaria Glossіphonia) шағылыс мүшесі дамымаған. Бұл жағдайда сперматозоидтар безді заттардан түзілген сперматофора деп аталатын сопақша келген калташаның ішіне шығарылады. Аталықтары сперматофораны сүліктің аналық жыныс тесігіне жабыстырады иемесе сүліктің қынабына енгізеді. Сперматофорадан шыққан сперматозоидтар жатынға түсіп. жұмырткаларды іштей ұрықтандырады. Барлық сүліктердің жұмыртқаларының ұрықтануы іштей өтеді. Ұрықтанған жұмыртқаларын сүліктер пілләніц ішіне салады.

Сүліктердің денесінің алдыңғы сегменттері  аралығында белдеуше аймағы болады (медициналық  сүлікте 9-10-сегментінде). Белдеушенің  сілекей тері бездері ісініп шырышты  пілләні шығарып тұрады. Медициналық  сүліктің ұзындығы 2 см-ге дейін жететін  пілләнің ішнде 20-ға жуық жұмыртқалары болады. Пілләлар су түбінде немесе су жағалауларында кездеседі. Helobdella  stagnalis,  Pratoclepsis tessellata –ның пілләсі  құрсағына жабысқан.

Жұмыртқаларының бөлшектенуі олигохеттердікіне  өте ұксас спиральды детерминативті жолмен өтеді. Ұрықтарының даму сатысында  кірпікшелерінің, целом қуысының болуы  байқалады, кейіи олар жойылып кетеді. Ересек формасынын калыптасуына Д бластомераның ұрпағы маңызды қызмет атқарады. Осылардың 5 жұп ірі телобласт клеткаларынан 10 ұзын алқап клеткалары шығады кейін екеуінен мезодермальдық алқап, екеуінен кұрсақ нерв тізбегі, калған алтауынан эктодерма қабаты пайда болады.

Жалпы құрылысымен  сүліктер азқылтанды кұрттарға ұксас. Еке-уінде де тұқым бездері тұқым  қапшығының ішінде орналасады, жүмыртқаларын  пілләнін ішіне салады, дамуы личинкасыз. Ерекшелігі: жұмыртқаның ұрықтануы  олигохеттерде сырттай (пілләнін ішінде), ал сүліктерде іштей өтеді.

Классификациясы. Сүліктер класы екі класс тармағына  бөлінеді: ежелгі немесе ертедегі сүліктер – Archihirudinea  және нағыз сүліктер - Еuһігudіпеа.

ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ

Денесінің алдыңғы  сегменттерінде қылтандары бар. Целом  метамерлі бөлшектерге бөлінген, қан айналу жүйесінің қан тамырлары  жақсы жетілген. Бұған бір отряд  жатады - қылтанды сүліктер -Аcаnthobdellida.

Қылтанды  сүліктер отряды - Аcаnthobdellida.

Албырт (лосось) балықтарының сыртқы паразиттері, солтүстік  өлке көлдерінде, Сібір және Камчаткада кездеседі. Бір ғана тұқымдасы (Аcаnthobdellida. ) бар. Денесі 30 сегментті, ұзындығы 30 мм, жуандығы 3 мм. Негізгі түрлері: Аcаnthobdellida. реlеdіnа және Аcаnthobdellida lіvаnоvі.

НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ЕUHIRUDINEA

Қылтандары  жоқ- Целом куысы редукцияланып  лакуна, синус түрінде қалған. Қаң  жүйесі де редукцияланып, оның кызмстін лакуна жүйесі атқарады. Бүларға скі  отряд жатады: түмсықты сүліктер –Rhynchobdellida  және жақты сүліктср - Gnahobdellida.

Тұмсықты  сүліктер отряды – Rhynchobdellida.

Бұл отрядка  еркін жүзетін және паразиттік тіршілік ететіи сүліктер жатады. Тұмсықтарының  болуымен ерекше. Ол ауыздан уақытша  сыртқа шығып корегіне кадалуға кабілетгі. Вгаnchellion туысының өкілдерінде желбезектері болады. Негізгі тұқымдастары: Ichthyobdellidae, Glossiphonidae.

Балық сүліктері - (Ichthyobdellidae) тұқымдасының өкілдері балық  шаруашылығына көп зиян келтіреді. Бұлар теңіздерде, тұщы суларда кең  тараған. Негізгі өкілдері: балық сүлігі - Ріsсісоlа geometra, сүйекті балықтардың желбезегіне жабысып қанын сорады. Ұзындығы 20-50 мм, алдыңғы сорғышы жақсы дамыған, диск тәрізді, денесінсн айқын бөлініп тұрады . Көл, өзен, тоспа суларда кездеседі. Pescicola caspica - Каспий теңізінде мекендейтіи, сүйекті және бекіре балықтардың паразиттері, ұзындығы 8 мм шамасында. Сystobranchys fasicatus- жайынның, С. mammillatus - налимнің паразиті. Тrachelobdella turkestanica Орталық Азияда (Іле өзенін-де) кең тараған каяз бен маринканың паразиті.

Жалпак  сүліктер (Glossiphonidae) тұқымдасының өкілдері әр түрлі омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың паразиттері. Ргоtосlepsis туысының өкілдері кұстардың жұтқыншағы мен кеңірдегінде паразиттік тіршілік етсді. Haementeria соstata - тасбақалардың, Вatracobdella algira- қосмекенділердің, О - ұлулардыц паразиттері.

Кейбір сүліктер өз ұрпағының дамуына камқорлык  жасайды. Жұмыртқаларын денесімен  жауып немесе жас ұрпақтарын денесінде  алып жүреді. Ондай түрлеріне Glossiphonia және Наеmеntегіа туыстары жатады.

Жақты сүліктер отряды

Ауыз қуысындағы үш хитинді тістері - тісті ара  сияқты жақты кұрайды. Еркін тіршілік ететін және паразитті формалар. Негізгі  тұқымдастары: Gnathobdellidae, Herpobdellidae

Жақты сүліктер (Gnathobdellidae) тұқымдасының негізгі өкілі медициналық сүлік – Ніrudo medicinalis. Қоғалы көлдерде, өзен қайырларында, тоспаларда, ағын суларда, Сырдария бойларында, Кавказ суларында өте көп. ¥зындығы 120-150 мм, алдыңгы және артқьі сорғыштары жаксы жетілген (98, А-сурет). Омыртқалы жан-уарлардың қанымен коректенеді.

Медицинада  кейбір ауруды сүлік салып емдсу  әдісі ертеден бар. Мұны бделлотерапия  дейді. Сүліктің 15-ке жуык түрі емге пайда-ланылады.

Медициналық сүлікті гипертония, склероч, инсульт, көз, тері ауру-ларын емдеуге қолданады. Сүліктің гирудин затынан дәрі-дәрмек жасайды.

Адамға және малға кауіпті сүліктердің бірі - жылқы сүлігі (Limnatis nilotica). Ол сумен  бірге жүтылып жұтқыншаққа, кеңірдекке жабысып, қанның тоқталмай ағуына себепкер болады. Ашхабадта, Самарқандта, Бұқарада кездеседі.

Қан сормайтын  сүліктердің ішінде жалған жылқы  сүлігі -(Наemopis sanguisuga) барлық тұщы суларда  кең тараған. Олар моллюскалармен, құрттармен насекомдардың личинкаларымен қоректенетін жыртқыштар.

Наemadispa туысының өкілдері құрлықта тіршілік етіп, адамның  және сүтқоректілердің қанын сорады.

Жұткыншақты сүліктер (Нerpobdellidae) тұқымдасының өкілдері жыртқыштар - ұсақ құрттармен, насекомдардың личинкаларымен қорек-тенеді. Үлкен үшқырлы жұтқыншағы болады. Артқы сорғышы дамымаған. Тұщы суларда жиі кездеседі. Қара теңіз, Каспий жағалауларында да мекендейді.

 

 

 

 

Сүлікпен  емделу - денсаулыққа қауіпсіз

Ауру –  күнәлардан арылудың бір жолы һәм  Алла Тағаланың рахымы. Сондықтан  да оның жаратушының жазасы ретінде  ғана қарастыруға болмайды. Ол арқылы Жаратқан Ие күнәларды кешіретіндігіне үмітпен қарау қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қасиетті Құраннан ем болатындығын айтқан. Жаратушы Хақ Тағала былай дейді: «Ол (Құран) иман келтіргендер үшін туралық әрі шипа деп айт» (Фуссилат, 44) және «Егер ауырсам Ол (Раббым) маған шипа береді».

Сүлікпен  емдеу 1980 жылдарға дейін халық емі  деп саналып келді. Ал 1998 жылдан бері халық емінен дәстүрлі емге айналған.

Ертеректе сүлікті  жұрт арасында «әулиеқұрт» деп атаған. Ол туралы халық арасында аңыз да сақталған. Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көпшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе, аяғының ісігінің де кетіп, бойындағы ауырлықтың да жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқандығын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрттың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді.

Сүліктердің арқа тұсындағы өрнектердің пайғамбардың төрт саусағының іздерінен қалған белгі деген бұл аңыз бүгінге жеткен.

Кейінгі зерттеулердің  нәтижесінде сүлікпен емдеу жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. Ғылымда сүлік салуды «гирудотерапия» деп атайды. Және оны арнайы мамандар салады.

Сүлікпен көптеген сырқатты емдеуге болады. Олар: жоғары қан қысымы, стенокардия, миокард инфаркті, инсульт, тромбофлебит, қан тамырларының кеңеюі, трофикалық ойық жара, көтеу, бронх демікпесі, глаукома, бас сақинасы, невриттер, гипертензивті синдром, холецистит, панкреатит, гепатит, колит, простатит, белсіздік, бедеулік, эндометриоз, семіздік, аналық бездер, иоликистозы, жабысқақтар, парадонтоз, есекжем, остеохондроз, отадан және жарақаттан кейінгі асқынулар кезінде, инфаркт пен инсульттің алдын алу, қанды уыттар мен қалдықтардан тазарту, организмді жасарту т.б.

Сүліктің  организмді жасартатынының тағы бір дәлелі өздері сүлік салатын адамдардың көбінің жастарының 80-нен асатыны.

Қазір ғалымдар сүлік сілекейінің тағы бір қасиетін тапты. Нақтырақ айтқанда, соңғы кезде сүлік сілекейі дәрі-дәрмек, косметика жасауға қолданылуда.

Мәселен, қанды  сұйылтатын гепарин деген дәрі бар. Ол инфаркт, инсульт, тромбоз секілді ауруларға қолданылады. Бұл химиялық заттардан жасалған пре­парат болғандықтан организмге кері әсері көп. Ал дәл осындай дәрі жасау үшін сүліктің сілекейінен алынатын зат – табиғи, сондықтан бұл дәрінің адам организміне кері әсері жоқ. Сондай-ақ сүлік сілекейінен жасалған косметикалық заттар аллергия тудырмайды.

Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде.

Сондай-ақ тек  науқас қана емес дені сау адам да жылына бір рет сүлік салдырып тұрса, қаны тазарып, ағзасы жасаратындығы анықталған. Емдеуге көбінесе белсенді аш сүліктер пайдаланылады. Сүлік сағатына 15 милилитрдей қан сорып үлгереді.

Информация о работе Омыртқасыздар зоологиясы