Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 07:09, реферат
Әрбір адам дүниеге келген күннен бастап қорек, жылу,қауіпсіздік сияқты физикалық қажеттіліктерден басқа туған-туысқандардың, жақын адамдарымен қарым-қатынасқа мұқтаж болады. Осындай қарым-қатынас негізінде адамды адам қылатын құндылықтар: сүю, біреу үшін мазасыздану, өзің және басқа да адамдарды түсіну, агрессиялық шабытты реттеу және өзіне және қоршаған ортаға зиян келтірмеу, алға қойған мақсаттарға жете білу, өзінің және өзгенің өмірін құрметтеу және т.б. жеке бас құндылықтары дамиды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесіде отбасының ролі
Әрбір
адам дүниеге келген күннен
бастап қорек, жылу,
Мүмкіндігі шектеулі
баланы тәрбиелеп отырған
Отбасының функциялары
мен құрылымы өмірлік іс-
Әрбір
адамның өмірінде отбасы
Баланың мінез-құлқы, өзі және өзің қоршағанорта туралы көзқарастары отбасында қалыптасады. Сондықтан баланың ауруына отбасының түсініспеушілікпен қарауы және оның қиындықтары мен мәселелерін бірлесе шешіп отыруы – дамушы тұлғаны емдеу мен сауықтырудың маңызды факторлары.
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасында ерекше жағдай менн ахуал қалыптасады. Ол ең алдымен ата-аналарға байланысты жүзеге асды. Балаға деген туған туыстарының қарым-қатынасы негізінде баланың бойындағы қасиеттер дамиды (махаббат пен сүйіспеншілік немесе керісінше жек көрушілік, т.б).
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке бас ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектелген балалардың көбіне тез шаршағандық тән. Олар тез босаңсып, ашуланады, жылайды, тапсырманы шешуде қиындықтар туындайды. Сәтсіздікке ұшыраса қызығушылығы төмендеп, тапсырманы орындаудан бас тартады. Тез шаршайтын балардың көбі аз қозғалады. Бала мазасызданады, ымдау немесе бет-аузын тыжырайту, қисайту қасиеттері көріне бастайды, сілекей безінің көптеп бөлінуі байқалады. Ойын ойнағанда барлық ойыншықтарды өзіне алып оларды лақтырады, тез сөйлеп, сөйлеген сөздері түсініксіз болады. Бұндай балада ойын ойнау кезіндегі ұйымдастырушылығы қиындықпен қалыптасады.
Кейбір
мүмкіндігі шектелген
Мүмкіндігі
шектелген балалардың көбінде
тез әсерленгіштік болады: дауыс
ырғағына қынжыла жауап
Мүмкіндігі шектелген балалардың көбісінде ұйқының бұзылуы байқалады: қиындықпен мазасызданып ұйықтайды, қорқынышты түстер көріп, кейде ұйықтап жатып жылайды. Бұндай ұйқы ағзаның жүйке жүйесінің тынығуына мүмкіндік бермейді: таңертен бала босаңсып оянады, мазасыз болып, сабаққа барудан бас тартады. Сондықтан баланың ұйқысы бұзылса, ата-аналары дәрігермен кеңескен жөн. Сонымен бірге бұндай баланы тәрбиелеуде күн тәртібін сақтап, ұйықтар алдында тыныштық жағдайды сақтаған дұрыс: шулы ойындардан аулақ болу, видео мен телехабарларды көрмеуге тырысу. Бұл айтылған ерекшеліктер мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу кезінде белгілі бір ұстанымдардың қалыптасуын жүзеге асырады. Ата-аналар дәрігерлермен кеңесе отырып, нақты тамақтану мен ұйқы тәртібін ретке келтіріп, жүйелі емдеу шараларын жүргізу керек. Мұндай балаға отбасында дұрыс тәрбие берілмесе, баланың жүйке жүйесінде бұзылулар қалыптасады.
Мүмкіндігі шектелген балалардың көбісінде қоршаған орта туралы көзқарастары шекетулі келеді. Сондықтан баланың дүниетанымын үнемі кеңейтіп, әртүрлі заттамен құбылыстармен таныстырып, кейбір құбылыстар мен өмірлік жағдайларға мүмкіндік жасау маңызды. Мәселен, балаға үй жануарын көрсетпес бұрын, оған сол жануар туралы түсіндіріп,суретін көрсетіп алған дұрыс.
Қорқыныш сезімі
басым болып келген балаға
ерекше мән берген жөн. Ата-
Кез келген іс-әрекет нәтижесінде баланың дүниетанымы қалыптасып, ақыл-парасаты дамиды. Кейбір ата-аналар бала құлап қалады, ыдыстарды сындырып немесе дұрыс киіне алмайды деп баланың өзігінен дамуына кедергі келтіреді. Бұл баланы енжар, селқос, бойкүйез болуына әкеледі. Мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы оның ауруы тек оның жалғыз кемшілігі екенін айтып, баланың бойында көптеген ерекше жақсы қасиеттер бар екенін балаға жеткізуі тиіс. Ата-ана мүмкіндігі шектеулі баласы бар екеніне намыстанбауы тиіс – себебі ол баланың жалғыздық күйге душар тетеді. Ата-анасының махаббатына бөленген бала эгоцентризмнен айрылып, күш жетерлік жұмыс атқарып, қол жеткізген жетістіктеріне қуанады. Бұл қасиеттер баланың тыныштық жағдайда, уайымсыз дамуына көмектеседі.
Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуына жағымды жағдайлар жасау үшін та-анасы баланың ауруының негізгі ерекшеліктерін біліп, тиісті жаттығулар жасап отырғаны дұрыс. Дұрыс күн тәртібінің болуы зор маңызға ие: тамақтану мен ұйқы тәртібінің реттілігі, баланы қыдырту мен демалысты кезектесіп отыруы. Сонымен бірге тіл мәдениетін дамыту мақсатында жүйелі тапсырмалар орындау, басқа да ақыл-естің дамуына қажетті мүмкіндіктер жасау маңызды ролге ие. Ғалымдардың пайымдауынша,0 осындай реттілікпен жүрген бала кірпияздылықтан айрылып, барлық берілген міндеттерді жауапкершілікпен орындайды. Уақыт өте келе ол өзін-өзі ұстауға, өзінің іс-әрекеттеріне жауап беруге үйренеді. Үйдегі жағдайлардың жүйелі тәртіппен дамуы баланың дүниетанымы қалыптасып, ақыл-есі, байқағыштығы мен білімге деген құмарлығы дамиды. Күн сайын баланың алдында тек өзінің ақылы мен физикалық мүмкіндіктерімен шеше алатын түрлі мәселелер болады.
Мүгедек-баланың өзің-өзі
дәлме-дәл бағалауы, өз бойындағы
кемшіліктерге дұрыс қарауы
Информация о работе Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесіде отбасының ролі