Микробиолгоия

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 07:38, реферат

Описание работы

Микробиология – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиетерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зертейтін ғылым.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі – бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды зерттейді. өйткені бұл организмдердің сыртқы пішіні, құрылысы өте ұқсас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан да бірлестікте болады.

Работа содержит 1 файл

Микроорганизмдер.doc

— 124.00 Кб (Скачать)

Қарапайымдар – аэробты  организмдер. Сондықтан топырақтың беткі қабатында көп болады да, олардың саны жыл мерзіміне қарай  өзгеріп отырады. Олардың мөлшері топырақ реакциясында да тығыз байланысты. Әсіресе реакциясы нейтралды топырақтарда олар жақсы дами алады. Ал рН 3,5 – тен төмендегенде және 9,8 – ден артқанда қарапайымдар тіршілік ете алмайды. Қарапайымдардың кейбір түрлері мезофильді организмдер. Бірақ төменгі темпратурада  тіршілік ететіндердін де кездестіруе болады. Мәселен, оның фитомастинға деген өкілі қыста қар бетінде де өсе алады.

 Қарапайымдардың біразы  автогрофты жолмен қоректенеді,яғни  көмір қышқыл газын және минерал тұздарды тікелей сіңіреді. Кейбір қарапайымдар белок, углевод, май және клетчатка заттарын да ыдырата алады. Клетчатканы ыдырататын түрлері жауарлар асқазандарында көп кездеседі және олар организмнің целлюлоза сіңіруіне көмектеседі. Топырақтың өздігіен тазаруында қарапайымдардың маңызының зор екені ғалымдардың назары аударды. Өйткені олардың көпшілігі топыраққа түсетін түрлі ауру қоздырғыш бактерияларды құртып жібереді. Никитинскийдің зертеуіне қарағанда, бір сағат ішінде қарапайымдар 30 мыңға жуық бактериаларды жоятыны мәлім. Сонымен қатар, қарапайымдар топырақтағы күрделі органикалық қосылыстарды өсімдіктерге сіңімді қарапайым қосылыстарға айналдыруға көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саңырауқұлақтар жөнінде мәлімет

 

Саңырауқұлақтар микроорганизмдер ішінде ең үлкен топ. Олар төменгі сатыдағы өсімдерге жатады, клеткасында клорофилл болмайды, дайын органикалық заттармен қоректенеді. Саңырауқұлақтар аэробты организмдер. Сондықтан олар қоректік заттардың бетінде колония құрып тіршілік етеді.

Сыртқы орта жағдайларында саңырауқұлақтар төзімді организмдер. Төменгі температура, тұздың едәуір концетрациясы және ортаның қышқылдығы аса әсер ете қоймайды. Сондықтан саңырауқұлақтар іс жүзінде барлық жерлерде кезжеседі.

Саңырауқұлақтардың құрылысы. Саңырауқұлақтардың денесі  өте нәзік, яғни гифтерден тұрады. Бұл гифтердің өз ара шатасып орналасуынан барып мицелий пайда боолады. Кейбір саңырауқұлақтардың денесі жіптерден құралмайды. Мұндай саңырауқұлақтардың басым көпшілігі өсімдіктер ауруын қоздырады. Мәселен, бұларға картоптың рак ауруын қоздыратын саңырауқұлақтар жатады. Саңырауқұлақтар бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтың бұтақталған мицелийі бір ғана клеткадан тұрады. Ал көп клетклы саңырауқұлақтардың гифінде аралық перделер бар.

Жалпы саңырауқұлақтар клеткаларының  кұрылысы басқа  организмдердің клеткаларына ұқсас. Клеткалары сыртқы қабықтан, цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан тұрады. Қабық құрамында клетчатка, пектин және азот тектес заттар бар. Цитоплазмада әр түрлі заттармен бірге вакуоля да бар. Қор заттары ретінде клеткада углевод және май заттары кездеседі.

Саңырауқұлақтардың көбеюі. Саңырауқұлақтар бірнеше түрлі жолмен көбейеді. Олардың көпшілігіне көбеюге қажетті арнаулы органдар бар. Негізінен саңырауқұлақтар споралар арқылы көбейеді. Қоректік оргаға кез болған споралар тез арада, жаңадан гифтер түзеді. Саңырауқұлақтар гифтерден үзіліп қалған бөлшектерден де көбейе алады. Ал кейбір саңырауқұлақтар ерекше клеткалар – ойдийлер арқылы көбейеді. Ойдийлер, гифтер және клеткаларға бөлінгенде пайда болады және одан қоректік ортада жаңадан саңырауқұлақтар өсіп шығады. Бұл жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетавтивтік органдармен көбеюіне (мәселен, картоптың түйнекпен өсуі) ұқсайды.

Саңырауқұлақтарда спора түзілу жынысты және жыныссыз жолдармен журеді. Жыныссыз жолмен көбейгенде споралар ерекше грифтердің ұшына пайда болады. Мұндай грифтер құрылысы жағынан әдетті гифтерден өзгеше келеді.

Кейбір саңырауқұлақтардың осындай гифтердің ұшында споралар бірден, топталып немесе моншақталып  орналасады.Бұл спораларды конидий, ал олар орналасқан гифтерді конидиеносцалар  деп атайды. Пісіп жетілген кезде  кезде конидий шашылады да, қолайлы  жағдайда туғанда көбейеді.

Басқа саңырауқұлақтарда  споралар спорагиеносцарлар деп  аталатын гифтердің ұшындағы дөнгелек споангийлер ішінде түзіледі.Пісіп  жетілген спорангийлер жарылып, споралары  төгіледі. Бұлар да қолайлы жағдайға тап болса көбейіп, жаңадан саңырауқұлақ береді. Саңырауқұлақ споралары орасан көп және олар едәуір қашықтыққа дейін таралады. Конидийлер де, спорангийлер де пішіні және бояуы жағынан түрліше болып келеді. Міне бұл қасиеттер оларды анықтау үшін қолданылады.

Жыныстық жолмен көбейгенде екі жыныстық клтка қосылғаннан кейін зигоспора түзіледі, немесе оспора деп те  атайды. Қолайлы жағдай туғанда бұлардан жаңа саңырауқұлақтар түзіледі.

Жаңа сатыдағы саңырауқұлақтарда  бірнеше споралар  пайда болады. Кейбір түрлерінде төрт базидиспора, ал басқа бір түрлерінде сегізден аскаспора негізделеді. Базидиспоралар  қап сияқты ерекше дененің жоары жағында түзілсе, аскоспоролар сумка сияқты цилиндр пішінді жұмыр клеткаларда пайдаболады.

Жынысты және жыныссыз жолдармен  көбейе алатындарын жетілген (совершенные) , ал тек жыныссыз жолмен ғана көбейе алатындары – жетілмеген (несовершенные) саңырауқұлақтар деп аталады.

Кейбір саңыауқұлақтар қалың қабықпен қапталған гифер, яғни хламидоспоралар тузуге беймделген. Бұлар, әсіресе астық тұқымдасөсімдіктерді зақымдайды. Сөйтіп саңырауқұлақтар микроорганизмдер дүниесінен ерекше орвн алады. Бұлардың табиғатын жете тусініп білгенде ғана пайдалы жақтарын қолданып, зиянды әрекеттеріне қарсы күрес жүргузуге мүмкіндік туады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саңырауқұлақтар систематикасы

 

Морфологиялық және физиологиялық қасиеттеріне қарай саңырауқұлақтарды негізгі бес класқа бөлуге болады. Олар: архимицеттер, фикомицеттер, аскомицеттер, базидиомицеттер және жетілмеген (несовершенные) саңырауқұлақтар

1-схема


 

 

                  кластар

 

 

 

               тұқымдастар                   тұқымдастар

 

 

                                     қатарлар                        туыстар                    туыстар

 

 

 

тұқымдастар         тұқымдастар

 

 


       туыстар                туыстар                            туыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Архимицеттер.

Архимицеттердің ерекшелігі сол, мицелийі болмайды, болас да ол нашар жетілген, 300-ден астам  түрі бар. Көбінесе жыныссыз жолмен көбейеді. Споралары спорангийде түзіледі.

Бұл саңырауқұлақтардың бір қатары жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктерді зақымдайды.

 

Фикомицеттер.

Мицелийі жақсы жетілген бір клеткалы саңырауқұлақтар, жынысты  және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз жолмен көбейгенде зооспоралар  пайда болады. Мұның 700-ге жуық түрі бар.

Бұл класқа табғатта кең тараған мукор саңырауқұлағы жатады. Мукор – тағамдық заттарды бұзатын саңырауқұлақ. әсіресе ол нан, жеміс және жидек тағамдарын зақымдайды. Мукор ылғал тартқан қойма қабырғаларында көп кездеседі. Бұның кейбір түрлері адам мен жануарларды ауруға ұшыратады. Көптеген мукор саңырауқұлақтары қантты спирт және органикалық қышқылдарға айналдырады. Сондықтан олардың кейбіреулерін тамақ өнеркәсібінде қолданады.

Сонымен қатар, бұл класта фитофтора және плазмопара деп аталатын ауыл шаруашылық дақылдарын (картоп, помидор, жүзім) зақымдайтын түрлері бар.

Аскомицетер.

Бұлардың көп клеткалы мицелийлері бар. Конидий арқылы көбейеді, жынысты жолмен көбейген кезде аскоспоралар түзеді. Бұл кластың 20 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың көпшілігі мәдени өсімдіктерді және түрлі тағамдарды бүлдіреді. Кейбір аскомицеттер техникалық мақсатта қолданылады.

Аскомицеттерге аспергиллус, пенициллум, склеротиния т.б. жатады. Ашытқы саңырауқұлақтары да осы кластың  өкілі. Бірақ олардың ерекше техникалық маңызы болғандықтан олар жеке қарастырылады.

Аспергиллус (қара зең).

Жануар және өсімдік  тектес тағамдарды бүлдіреді. Аспергиллустың кейбір түрлері лимон қышқылы, ферменттерді алуда, спирт өндіруде солод ретінде  қолданылады. Солод деп өндірілген дәндерді айтады. Әсіресе ол сыра қайнатуда жиі қолданылады.

Пенициллум (көк-жасыл  зең).

Конидиеносцалары қолдың саусағындай тарамдалып келген. Ол көптеген тағамдық заттарды бүлдіреді. Үйлердіңылғал тартқан қабырғаларынан да бұларды көп кездестіруге болады.

Пенициллумның кейбір түрлері пенициллин деп те аталатын дәріні алу үшін қолданылады. Басқа бір түрі сүттен ірімшіктің (сыр) рокфор деп аталатын түрін даярлағанда пайдаланылады.

Склеротиния – ақ түсті  шіріктің жеміс және жидектерде кездесуі осы асклеротинияның сонда болуына байланысты. Мұның мицелийі зақымдалған  затына еніп, онда ақ түсті мақта тәрізденген шоғыр дене түзеді.

Базидиомицеттер өте  үлкен класс. Базидиомицеттердің көп клеткалы мицелийлері бар. Олар базидиоспоралар арқылы жынысты жолмен, конидийлер арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Оған 20 мыңнан астам саңырауқұлақтардың түрлері біріктіріледі. Олрға қалпақты саңырауқұлақтар, үй саңырауқұлағы, трутовиктер, қара күйе және дат  саңырауқұлақтары жатады.

Қалпақты саңырауқұлақтардың қалпағының астыңғы жағында ұсақ, жұқа қаптарлары немесе түтікшелері бар. Осы қатпарлардың бетінде немесе түтікшелердің ішінде базидийлер орналасады. Қалпақты саңырауқұлақтардың  ішінде улы түрлері де бар (мухомор, сұр поганка т.б.). қалпақты саңырауқұлақтардың мицелийі топырақта дамиды да өсімдіктердің тамыр системасына еніп кетеді.

Трутовиктер ағаш сүрігін  бүлдіретін саңырауқұлақтар. Ол тек  өсіп тұрған өсімдіктер ғана емес құрылыстағы  ағаш сүріктерінде зақымдайды. Саңырауқұлақтың  жіпшесі ағаш діңгегіне кіріп  оның шырынымен қоректенеді де кейіннен сүректі бүлдіреді. Ылғалы мол жерлерде трутовиктер құрылыс ағаштарын зақымдап көп зиян келтіреді.

Үй саңырауқұлағы үйдің  ағаштарын зақымдайды. Ол жерде саңырауқұлақ мақта тәрізді ақ, үлпілдек мицелий  түзеді. Олар өз денесінен ағаш сүрегін  бүлдіретін ерекше фермент бөліп шығады да ағаш сүрегін ыдыратып, оны сумен көмір қышқыл газына айналдырады. Әсіресе ылғал 30-60% аралығында болағнда саңырауқұлақтың үй ағаштарын бүлдіру әрекеті шапшаң жүреді.

Қара күйе және тат  аурулары астық тұқымдастарда және кейбір техникалық дақылдарда кездесетіні мәсім. Бұнда саңырауқұлақтар әсерінен болатын дерт.

Жетілмеген (несовершенные) саңырауқұлақтар. Топырақта және суда жоғарыда аталғандармен қатар микроскоптық жетілмеген саңырауқұлақтарда көп  кездеседі. Олар – көп клеткалы мицелийі бар жыныссыз жолмен көбейетін организмдер. Бұл табиғатта кең тараған. 25 мыңнан астам түрі бар. Олар түрлі тағамдарды көгертіп, мәдени дақылдарды зақымдайды. Олардың негізгі өкілдеріне фузариумды, ботритисті, альтернарияны т.б. атауға болады.

Фузариум негізінен астық тұқымдастарды, жемістерді және жидектерді зақымдайды. Осы саңырауқұлақ қоздыратын ауруды фузариоз деп атайды. Ол өсімдіктердің тамыры мен сабағын бүлдіреді, соның салдарынан өсімдіктер қурап қалады. Фузариоз ауруына шалдыққан дәннен жасалған нанды пайдалануға болмайды. Одан адам уланып қалуы мүмкін.

Ботритис – пияздың  және капуста, помидордың шіруіне себепші  болатын саңырауқұлақ. Мұнымен кейде  жеміс-жидектер де зақымданады. Альтернария  сәбіз, аскөк т.б. сияқты тамыржемістілерді  зақымдап, оларды шірітіп жібереді.

Ашытқы саңырауқұлақтары – бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен алғанда  он еседей ірі микроорганизмдер. Табиғатта  бұлар кең тараған. Клетка пішіні әр түрлі: дөңгелек, сопақша және таяқша тәрізді болады. Ашытқы саңырауқұлақтары клеткасының мөлшері 8-10 микронға тең. Оларда қозғалу органеллалары болмайды. Клетка сыртында қабығы бар. Цитоплазмада ядро, вакуоля және басқа да (май, гликоген, волютин) заттар кездеседі. Ашытқы саңырауқұлақтарын адам баласы қолдан өсіріп, өз шаруашылығында пайдаланылады. Ал табиғата жабайы ашытқы саңырауқұлақтар да болады. Олар ауыл шаруашылық өнімдерін зақымдап едәуір зиянын тигізеді. Ашытқы саңырауқұлақтарының адам баласына пайда келтіретін түрлерін біз мәдени ашытқы саңырауқұлақтар деп атаймыз. Ашытқы саңырауқұлақтар өнеркәсіптерде кең қолданылады. Олар қантты ашытып, көмір қышқыл газы мен спирт түзеді. Олардың бұл қасиеті нан өндірісінде және спирт өндіруде, түрлі шараптарды, сыраларды, сүт тағамдарын даярлауда қолданылады.

Ашытқы саңырауқұлақтарында белок және витаминдер (В, Д, Е) көп болады, сондықтан оларды қазір тамақ және мал азықтық мақсатқа кеңінен қолданады.

Ашытқы саңырауқұлақтары көбінесе бүршіктену арқылы көбейеді. Бұлар спора түзу және жай бөліну арқылы сирек көбейеді. Олардың кейбір түрі жыныстық жолмен көбейеді.

Бүршіктеніп көбейгенде, алдымен аналық клеткадан төмпешік пайда болады да кейіннен ол үлкейіп бүршікке айналады. Бұдан кейін жас клетка аналық организмнен мүлдем бөлініп кетеді. Қолайлы жағдайда бүршіктену екі сағатқа созылады. Углевод пен азотты қоректік затқа бай ортада ашытқы саңырауқұлағының бүршіктенуін жай биологиялық микроскоптармен де көруге болады.

Информация о работе Микробиолгоия