Мейірбике ісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 14:01, реферат

Описание работы

Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірмділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсау-лықты сақтау үшін медбике жұмысын жал-ғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.
Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді.

Работа содержит 1 файл

мейірбике ісі.docx

— 15.30 Кб (Скачать)

АНТ 
Мен барлық қатысушылар, «құдай» алдында салтанатты түрде ант беремін! 
Өзімнің өмірімде және жұмысымда шыншыл,адал болуға. 
«Зиян келтірмеу» талабына сүйенемін. 
Пациентке зиян келтіретін дәрілерді енгізбеуге. 
Өз мамандығымның стандарттарын қолдауға және жетілдіруге барлық мүмкіндік жасауға. 
Өз тәжірбиемде қол жететін пациенттің және оның жанұясының жеке мәліметтерін құпияда сақтауға міндет етемін. 
Дәрігердің жұмысына барлық сеніммен тырыса көмектесіп, маған деген сенім білдірген пациенттердің күтіміне толық өзімді арнаймын 
Флоренс Найтингейл 
Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірмділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсау-лықты сақтау үшін медбике жұмысын жал-ғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді. 
Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді. 
Мейірбике ісі ежелден кележатқан мамандық.І Петр заманында Ресейда бірінші рет госпитальдерде, лазареттерде әйелдер еңбек етті. І Петр қайтыс болғаннан кейін Екатерина І кезінде госпитальдерде, лазареттерде әйелдердің жұмыс істеу тоқтатылған. Тек қана 100 жылдан кейін (1884 ж.). Ресейда «Қайырымды мейірбикелер қасиетті қоғамын» құрып, қайырымды мейірбикелерді оқытып даярлайтын қоғамдар ұйымдастырылған. Бірінші қайырымды мейірбикелер халықтан шыққан. Олар өздерінің қалауынша науқастарға, жарақаттарға «күтім» жасауды ұйғарған. 
Үкімет, Петербург және Москва қалаларында қайырымды мейірбикелер тәрбиелейтін үйлерді, науқастарға қалай күтім көрсетуді үйрететін қоғамдарды аштырып ұйымдастырылған. 
Бірінші қоғамның құрылғанынан үш жылдан кейін Н.И.Пироговтың ұсынысы бойынша Қырым соғысы: кезінде, екінші қоғам құрылады. Ол қоғам соғыс госптальдерінде жұмыс істейтін, қайырымды мейірбикелер даярланған. Н.И.Пирогов 1854 ж. бір топ қайырымды мейірбикелермен соғыс жүріп жатқан Севастополь қаласына келіп медицина тарихында бірінші рет, әрекетті Армияның емханаларында әйелдер жұмыс істеген. Сол кезде, Н.И.Пирогов әйелдердің еңбек-қорлығына танданып былай деп жазған: «Соншама нәзік әйелдер жаралыларды күні-түні бағып-қағуда, ауыр жаралыларды қарапайым сөзбен көңілдерін жұбатып, тіпті бастионда зеңбіректің оғының астындағы жаралыларға да көмек көрсетуде». 
«Екатерина Хитрова, Екатерина Бакунина бастаған қайырымды мейірбикелер, өздерінің ерлік еңбектерімен Рессейде, тіпті шет елдерге де танымалы болды»,-деп атаған Н.И.Пирогов. 
Олардың арасында орыс қайырымды мейірбикелерінің бірі Даша Александрова ерлігімен тарихта Даша Севастопольская деген атақпен даңқы шыққан. 
Қырым соғысы кезінде, Даша Севастопольская басқа, ағылшынның қайырымды мейірбикесі Флоренс Найтингейл белгілі болған, ол қазіргі медицина жүйесіндегі мейірбикелерді даярлаудың негізін қалаған адам. 
12-мамыр күні Флоренс Найтингейлдің туған күні, сондықтан осы күні Халықаралық Мейірбикелер күні болып саналады. Флоренс Найтингейл 
1820 ж. Флоренция қаласында мәдениетті бай жанұяда тұған, балалық шағы Лондон қаласында өткен. Флоренс өте жақсы білім алды. Балалық шағынан бастап ол өзін адамдарға қызмет етуге, әсіресе мүгедек адамдарды күтуге, оларға қызмет етуге бағдарлаған. Ағылшын әскерінің Қырым соғысында қиын жағдайда екенін естіп, Флоренс бір аптаның ішінде 38 адамнан тұратын қайырымды мейірбикелер тобын құрастырып, 1854 ж. қазан айында жаралыларға және сырқаттанған адамдарға көмек көрсетуге аттанады. 
1869 ж. Лондонда Флоренс жер жүзінде бірінші қайырымды мейірбикелердің мектебін ашады.Мектеп бітірген мейірбикелер Флоренц Найтингейлдің антын беретін . 
Сөйтіп, Флоренс Найтингейл мейірбикелер даярлаудың негізін орнатады. Оның көмегімен көптеген медициналық мекемелер ашылады. Оның өмір бойы жаралыларды, науқастарды бағып-қағып күткені және мейірбике даярлаудағы сіңірген зор еңбектері үшін 1912 жылы Флоренс Найтингейл атағында медаль шығаруды ұйғарылды. Бұл медаль халықаралық Қызыл Крест Лигасының ең жоғары марапаты болып саналады. 
Мейірбике ісінің маңызды сұрақтарының бірі мейірбике існің философиясы. 
Мейірбике існің философиясы жалпы философияның бір бөлігі, ол мейірбике, пациент, қоғам, қоршаған орта арасындағы қарым қатынас және көзқарас жүйесі. Осы филосфияның ортағы болып жәй адам емес жеке тұлға тұрады. Мейірбике ісі философия-ның маңызды проблемасы болып «мейірбике пациент», «жеке тұлға» жүйесі сияқты жүйенің қызметі болып саналады. Дәл осы жүйеде басты ішкі жан компонентті, мейірбике пациентке сырқат деп қана емес жеке тұлға ретінде қарау керек. Сонымен қатар мейірбике өзі де тұлға ретінде болуы керек. 
Мейірбике ісінің негізгі философиясы-өмірді адам құқығы мен абыройын сыйлау. Біз өмір сыйының қасиеттілігіне сенеміз, сондықтан әр адамды физикалық, философиялық, әлеуметтік, мәдени, интеллектуалды және рухани өсіп дамитын мүмкіншілігі бар жеке тұлға ретінде қарастырамыз. 
Мейірбике ісінің философиясы принциптерін іске асыру-қоғам мен медбикенің өзара әрекеттестігіне байланысты болып келеді. Бұл принциптер мейірбикенің қоғам алдындағы (сонымен қатар емделуші алдындағы) жауапкершілігін және де, қоғамның медбике алдындағы жауапкершілігін қарастырады. Қоғам мейірбике ісінің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды рөл атқаратынын мойындай отырып, заңды актілер шығару арқылы, оны белгілі ережеге бағындырып, қолдап отырады. 
Әр адамның қалыпты түрде өсіп,дамуы үшін қанағаттандыратын қажетті негізгі өмірлік маңызды мұқтаждары болады және де оны өзінің атқаруы өте маңызды. 
Қауіпсіздік мұқтаждықтары. Адам өмір бойы өседі,дамиды,өзін қоршаған ортамен үнемі қатынаста болады. Соған байланысты ол адамда өмірлік маңызды мұқтаждықтар дамиды. Бұл мұқтаждықтар адам өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді:табиғат апаттардан,аурулардан,әлеуметтік құбылыстардан,өмірлік сәтсіздіктерден, күйзелістерден қорғайды. 
Қоғамға тиісті болу мұқтаждығы. Осы қоғам оны түсініп, қабылдауы керек. 
Қоғамда өмір сүру табысқа жету мұқтаждығына әкеледі. Жұмыста,өмірде,отбасында әсемдікке, ұқыптылыққа,тәртіпке талаптанып, табысқа жетуге тырысады. Осы мұқтаждықтар Маслоу пирамидасының 
4 сатысын құрайды жіне өмірлік бағалылықтарға мұқтаж болумен байқалады. Пирамида шыңының 5 саты қызмет ету мұқтаждығы құрайды. Ол адамның жеке түлға ретінде дамып өзін-өзі көрсете алуын қамтамасыз етеді. 
Адам әлеуметтік және шығармашылық табысқа жету үшін осы мұқтаждықтарды үнемі өмір бойы қанағаттандыруға тиісті. 
Қорытынды: Сонымен, қазіргі кездегі мейірбикелер -емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытып, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы болып саналады. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және бас-қа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара беруі тиіс.


Информация о работе Мейірбике ісі