Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. Тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологи

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 21:13, реферат

Описание работы

Биосферада тірі ағзалар өте көптеп орналасқан. Оның бірі макроәлемді, басқалары -микроәлемді құрайды. Макроәлемге жануарлар, құстар, өсімдіктер, жәндіктер мен басқа да көзге көрінетін организмдер жатады; микроәлемге өсімдік және жануар текті көзге көрінбейтін өте ұсақ тірі организмдер жатады; бұлар негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар мен вирустар. Жобамен алғанда биосферада бактериялардың саны 1030 -дейін жетеді, ал вирустар мен қарапайымдылардың санын тіпті есепке алу қиын.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................3
1.1 Микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы................................3

Негізгі бөлім
2.1 Микробиологияның даму жолдары..............................................4
2.2 Микробиологияның даму кезеңдері.............................................5
2.3 Микробиологияның даму тарихы.................................................8
2.4 Микробиологияның дамуында ғалымдардың қосқан үлестері..12
2.5 Микробиологияның мақсаттары мен міндеттері.........................21

Қорытынды............................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер...............................

Работа содержит 1 файл

Срс 1 микра.docx

— 45.99 Кб (Скачать)

Ауыл         шаруашылығыжәне   техника   саласындағымикробиологияны   дамытқанС. Н. Виноградский, М. Бейерник, А. Клюйвер, К. Ван-Ниль, В. И. Палладин, В. Л Омелянский,   С.   П.   Косты-Буткевич, В. Н. Шапошников, М. В. Федоров, Н. А. Красильников, Е. Н. Мишустин сияқты ғалымдардың есімін мақтанышпен айтуға болады.

С. Н. Виноградский (1856—1953) —  топырак микроорганизмдерін зерттеген  орыстың көрнекті ғалымдарының бірі. Ол топырақ микробиологиясын қалаушы. Күкірт бактерияларын зерттеу үстінде  ол күкірт бактериялары өздерінің тіршілік барысывда күкірт сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра алатынын дәлеледеді. Осы реакция барысывда  бөлінетін энергия ауадағы көмір  қышқыл газын күкірт бактерияларының  сіңіруіне көмекте-седі. Сондықтан  бұл бактериялар органикалық  қалдықтар жоқ ортада тіршілік ете  береді. Бұл құбылысты Виноградский хемосинтез деп атады. Кейін дәл осывдай құбылысты темір бактерияларынан да анықтады. Сонымен қатар ол топырақтағы нитрлевдіруші бактериялар әсерінен орга-никалық қалдықтардың шіріп азот қышқыльша, ал кейіннен оның азот қышқылының тұздарына айналатынын дәлелдеді. Микроорганизмдердің жеке тобьша лайық қоректік ортаның біраз түрін ұсынған да осы Вйноградский еді.

С. Н. Виноградский ілімін одан әрі дамытқандардың бірі —В.   Л.   Омелянский   (1867—1928).   Олклетчатканы ыдырататын микроорганизмдерді зерттеп, бұл құбылыстың бір-қатар  жақтарын анықтады. Ол 1909 жылы жазған "Микробиология" негіздері "деген оқулығы мен  әйгілі болған ғалым. Оның бұл еңбегі бірнеше шет тілдерге аударылды.

Микробиология тарихында  орыс ғалымы М. С. Ворониннің де өзіндік  орны бар. Ол бұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырында тіршілік ететін және тіршілігі  барысында аудағы атмосфералық азотты өз бойына сіңіре алатын микроорганизмдердің  ерекше тобын — түйнек бактерияларын  тауып, оларды жете зерттеді. Осы кезеңде голландия ғалымы М. Бейеринк те бұл бактерияларды зерттеген болатын. Ол осы микробтарды таза, жеке күйінде бөліп алып, арнаулы қөректік ортада өсірді. Кейіннен ол осы бактерияларды бүршақ тұқымдас өсімдіктер тұқымына жұқтырып, жақсы нәтиже алды. 1901 жылы Бейеринк топырақтың құнарлылығын едәуір арттыратын және топырақта еркін тіршілік ететін азот бактерияларын тапты. Ал бұл бактериялардың атмосфера азотын қалай және қавдай жағдайда сіңіре алатындығын С. П. Костычев жете зерттеді. В. С. Буткевичпен бірге ол микроскоптық саңырауқұлақтардың тіршілігі барысывда түрлі органикалық қышқылдар түзетіндігін дәлелдеді. Мұның өзі лимон қышқылының өнеркәсібін салып, өркевдетуге зор ықпал етті. С. А. Королев (1876— 1932) пен А. Ф. Войткевич (1876—1950) сүт қышқылы бактерияларының тіршілігін зерттеуде көп жұмыстар жүргізді. Мұның өзі сүт тағамдарын даярлаудың технологиялық ережелеріне көптеген өзгерістер енгізді. В. Н. Шапошников және басқа ғалымдар өндірістік жағдайда сүт кышқылын, ацетонды және бутил спиртін алудың әдісін тапты. Спирт өндіруде дрожжыларды, ашытқыларды таза күйівде жеке беліп алып, оларды өндірісте қайтадан пай-далану жұмысы Данияның ірі микробиологы Э. X. Гансеннің есімімен тығыз байланысты. Сірке қышқылы ашупроцесінің күрделі мәселелерін шешуде Гансен көп еңбек сіңірді.

Б. Л. Исаченко 1914 жылы арктикалық теңіздерде химиялық элементтердің  өзгеріп отыруы микроорганизмдер тіршілігіне  байланысты екенін ашты. Ол топырақтағы  пайдалы микроорганизмдерден тыңайтқыштар дайыңдауда да елеулі еңбек етті.

Табиғаттагы кальций айналымында  микроорганизмдердің зор маңызының  бары және микробтар өзгергіштігін  Г. А. Надсон тапты. Ол ашытқыш саңырауқұлақтардың (дрржжылар) иоңданушы сәулелер әсерінен өзгеріске түсетінін және ол езгергіштіктің тұқым қуалайтынын зерттеді. Микроорганизмдерде трансдукция және трансформация, сонымен  бірге ашытқы саңырауқұлақтарыңда  будаңдасу сияқты қүблыстарды да Г. А. Надсон ашты. Бұл микроорганизмдерді адамның қажетіне жаратудың көпте-ген  жолдарын белгілеп, зор кемегін тигізген осы ғылым туралы соны жаңалықтар болды.

Өндірістік, яғни заводтық жағдайда ашытқы және микроскоптық саңырауқұлақтар, бактериялар және баддырлар көмегімен  өсімдік текті шикізаттардың, целлюлоза  — қагаз, спирт, сүт өнеркәсібіиің  және ауыл шаруашылық қалдықтарынан, сонымен  қатар мұнай парафиндерінен бағалы заттар: түрлі белоктар, витаминдер, амин қыш-қылдары және антибиотиктер  өндіріле бастады. Микробиологиялық өнімдерді  экономикалық маңызы соншалық, мәселен, бір тонна ашытқыш саңырауқұлақтарды  құс рационына қосқанда одан қосымша 1,5—2 тонна ет өндіруге немесе 25—35 мың  жүмыртқа алуға болатыны дәлелденді. Ал ашытқыш саңырауқұлақтардың осындай  мөлшерін шошқа рационына қосқанда 3,5—5 тоннадай жемдік дәндерді үнемдеуге  мүмкіңдік туады.Микробиология мен иммунологияньщ дамуына осы кезеңде шет елдік (Ф.Бернет, Д.Солк, А.Сэбин, Д.Села, Г.Эдельман, Р.Портер, Д.Келер, Ц.Мильштейн, Н.Ерне, С.Тонегава және басқалар), ресей ғалымдары (А.А.Смородинцев, В.Д.Тимаков, П.Ф.Здродовский, Л.А.Зильбер, В.М.Жданов, З.В.Ермольева, М.П.Чумаков, Р.В.Петров және басқалар) және казақстандық ғалымдар (Айкимбаев М.А., Классовский Л.Н., Сарбасова Ш.И. тағы басқалар) үлкен еңбек сіңірді.

 

2.5 Микробиологияның мақсаты мен міндеттері.

Медициналық микробиология  адамға патогенді микроорганизмдерді зерттейді: бактериялар, вирустар, саңыраукұлақтар, қарапайымдылар. Зертгелетін патогенді  микроорганизмдердің табиғатына байланысты медициналық микробиология бактериологияға, вирусологияға, микологияға, протозоологияға  бөлінеді. Бұл пәндердің әрқайсысы  келесі сұрақтарды қарастырады:

-морфологиясын және физиологиясын,  яғни микроскопиялық және 
басқа зертгеу түрлерін қарастырады, патогенді микроорганизмдердің 
зат  алмасуын,   қоректенуін,   тыныс  алуын,   өсу  және  көбею 
жағдайларын, генетикалык ерекшелілн зерттейді;

-микроорганизмдердің    жұкпалы    аурулар    этиологиясы    мен 
патогенезіндегі орнын;

-микроорганизмдер   тудыратын   аурулардың   негізгі   клиникалык 
көріністері мен таралуын;

-жұқпалы аурулардың арнайы  диагностикасын, алдын алуын және 
емдеуін;

-патогенді микроорганизмдердің  экологиясын.

Медициналық микробиологияға  санитарлык, клиникалық және фармацевтикалық  микробиология жатады.

Санитарлық микробиология қоршаған ортадағы микрофлораны, микрофлораның организммен қарым-қатынасын, микрофлораның және оның өнімдерінің адам денсаулығынын жағдайына әсерін зерттейді, адамға микроорганизмдердің колайсыз әсерлерінін алдын алатын шараларды өңдейді.

Клиникалың микробиология-адамдағы аурулардың пайда болуындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің рөлін, осы аурулардың диагностикасы мен сақтандыру маңызын зерттейді. Фармацевтикалық микробиология дәрілік есімдіктердің жұқпалы ауруларын, дәрілік өсімдіктер мен олардың шикізатгарының микроорганизмдермен зақымдануын, дәрілік заттарды дайындау барысындағы, сондай-ақ дайын дәрілік түрлердін ластануын, асептика мен антисептика әдістерін, дәрілік препараттар өндірісіндегі дезинфекцияны, микробиологиялық және иммунологиялық диагностикалық, сақтандыру, емдеу препараггарын алу технологиясын зерттейді.

Ветеринарлық  микробиология медициналык микробиология мәселелерін, бірақ көбінесе жануарларда ауру туғызатын микроорганизмдерді зерттейді.

Ауыл шаруашыльщ микробиология топырақ микрофлорасын, өсімдіктер әлемін, оның өсімталдығына әсерін, топырақ құрамын, өсімдіктердін жүқпалы ауруларын және т.б. мәселелерді зерттейді.

Теңіздік және космостық  микробиология сәйкесінше теңіздік және су қоймаларындағы, космостық  кеңістік пен басқа планеталардағы микрофлораны зерттейді.

Техникальщ микробиология  биотехнологияның бөлігі болып табылады, халық шаруашылығы пен медицинадагы әртүрлі өнімдерді (антибиотиктер, вакциналар, ферменттер, ақуьпдар, витаминдер) микроорганизмдерден алу технологиясын  оцдейді. Қазіргі заманғы биотехнологияньщ негізі - генетикалық инженерия.

XIX ғ. екінші жартысындағы  макро-және микроорганизмдер арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін микробиология саласындағы көптеген жаңалықтар иммунологияның қарқынды дамуына әкелді. Алғашында иммунология жұқпалы ауруларғаағзаның тұрақтылығы туралы ілім ретінде карастырылды. Қазіргі кечдс ол жалпы медициналық және жалпы биологиялык ғылым болып табылады, Иммунды жүйенің тек микробтардан ғана емес, сонымен катар организмді кез келген бөтендігі бар заттардан қорғау қабілеттілігі долслдснгсн, бұл организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын, яғни гомеостазды сақтайды.

Иммунология диагностиканың зертханалық әдістерін, жұқпалы және көптеген жұқпалы емес (соматикалык) аурулардын, алдын алуы мен емдеуін өңдеуде, сондай-ақ иммунобиологиялық препараттарды (вакцина, иммуноглобулиндер, иммуномодуляторлар, аллергендер, диагностикалық препараттар) өңдеуде негіз болып табылады. Иммунобиологиялық препараттарды өңдеу мен өндірісімен айналысатын иммунологияның жеке бөлігі - иммунобиотехнология болып саналады. Қазіргі заманғы медициналық микробиология мен иммунология иммунды жүйенің бұзылысына байланысты көптеген жүқпалы және жұкпалы емес аурулардың (онкологиялық, аутоиммундық аурулар, мүше мен тіндердің трансплантациясы) диагностикасында, сақтандыру мен емдеуінде аса маңызды орынды алып үлкен жетістіктерге жетті.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Микроорганизмдер табиғат  пен адам өмірінде аса үлкен орын алады. Олар табиғатта заттар мен  энергия айналымын, топырақтың құнарлылығын, атмосфераның газдық қүрамын және басқа  табиғи процестерді ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Микроорганизмдердің көпшілігі  адам үшін қауіпсіз, тіпті көбісі пайдалы. Тері мен шырышты кабаттағы, асқазан-ішек жолдарывдағы және зәр жыныс жолдарындағы микроорганизмдер адам ағзасының экологиялық бірлігін кұрайды және де оның тіршілігіндегі (эндоэкология) бірқатар процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Адам көптеген микроорганизмдерді тіршілігіне қажетті өнімдер мен материалдарды алу үшін колданады.

Адам организміне зақым  келтірмейтін және ауру тудырмайтын  микроорганизмдерді патогенді емес немесе сапрофиттер деп атайды (грек тілінен аударғанда заргоз - шірік  және рһуіоп - өсімдік), яғни өлі организмнің  органикалык заттарымен коректенеді. Дегенмен адамда әртүрлі ауруларды және патологиялық процестерді тудыратын микроорганизмдер топтары кездеседі. Бүл микроорганизмдерді патогенді (грекше раthos - ауру) деп атайды; олар органикалық субстраттар арқылы қоректеніп өмір сүреді. Патогенді микроорганизмдердің саны өте көп -3000-нан астам түрлері бар (бактериялар, вирустар, саңыраукүлақтар), соның ішінде 1000-нан астамы вирустар. Организмнің қарсы түру қабілеті төмендегенде немесе сәйкес-қолайлы жағдайлар туындағанда сапрофиттер ауру туғызуы мүмкін, яғни олар патогенді микроорганизмдер сияқты болады.

 

 

 

                   Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Медициналық микробиология Б.А. Рамазанова және Қ.Құдайбергенұлы Алматы-2010 жыл

2.Микробиология жіне вирусология Ү.Т. Артықбаева, Г.Д.Асемова, К.Х.Алмағамбетов, Н.М.Бисенова, С.К.Бисимбаева, Н.Б.Рахметова, Қ.Б.Қойшебаева, Н.В.Калинина, Ғ.М.Сейтғалиев. Астана-2005 жыл

3. dik.academic.ru

4.meduniver.com

5.slovari.yandex.ru

 


Информация о работе Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. Тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологи