Кәсіптік аурулардың алдын алу принцптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 07:26, доклад

Описание работы

Кәсіптік аурулар дегеніміз-адамның еңбек еткен ортасындағы ағзаға жайсыз әсер ететін факторлар әсерінен қалыптасқан дерттер. Мамандар бұл ауруларды этиологиялық принцип бойынша бес топқа бөліп қарайды.
1)Химиялық факторлар әсерінен туындаған аурулар. Бұған жедел-өтпелі және созылмалы улану мен оның салдары жатады. Яғни жұмыс барысында ағзаның жекелеген мүшелері мен жүйелері ауруға ұшырауы мүмкін.
2)Шаң-тозаң әсерінен болатын аурулар (дәнекерлеушілерде, тозаңды істейтіндерде болатын силикатоз, пневмокониоз-силикоз, металлоколниоз)

Содержание

Кіріспе
Негізгіс бөлім
Кәсіптік аурулар туралы түсінік
Медициналық-санитарлық бөлім міндеті
Алдын алу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

кәсіби аурулар.pptx.ppt

— 1.43 Мб (Скачать)

 

Тақырыбы: 

     Кәсіптік аурулардың алдын алу принцптері

 

 

 

 

                      Орындаған: Дюсекенова А. 306 ҚДС

                   Тексерген: Темірбекова Б.Э.

 

  СЕМЕЙ-2013жыл

 

Семей Мемлекеттік Медицина Универстетті 

  •  Кіріспе
  • Негізгіс бөлім
  • Кәсіптік аурулар туралы түсінік
  • Медициналық-санитарлық бөлім міндеті
  • Алдын алу шаралары
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

 Кәсіптік аурулар дегеніміз-адамның еңбек еткен ортасындағы ағзаға жайсыз  әсер ететін факторлар әсерінен қалыптасқан дерттер. Мамандар бұл ауруларды этиологиялық принцип бойынша бес топқа бөліп қарайды. 
1)Химиялық факторлар әсерінен туындаған аурулар. Бұған жедел-өтпелі және созылмалы улану мен оның салдары жатады. Яғни жұмыс барысында ағзаның жекелеген мүшелері мен жүйелері ауруға ұшырауы мүмкін. 
2)Шаң-тозаң әсерінен болатын аурулар (дәнекерлеушілерде, тозаңды істейтіндерде болатын силикатоз, пневмокониоз-силикоз, металлоколниоз) 
3)Физикалық факторлардан пайда болатын аурулар. Бұған вибрациялық, шудан электоромагнитті сәулелену мен таралған лазерлік сәулеленуден болатын дерттер, сәулелік ауру, атмосфералық қысымнан туындайтын кеселдер жатады. 
4)Жүйке ширығуынан болатын аурулар. 
5)Биологиялық факторлардан туындайтын дерттер. Бұған инфекциялық және паразитарлық аурулар жатады (туберкулез, бруцеллез, күйдіргі, тағы басқа).

 

Бұлардан бөлек кәсіптік аллергиялық  аурулар (конъюктевит, жоғары тыныс  жолдары аурулары, қолқа демікпесі, экзема, дерматит) және онкологиялық  кеселдер (тері ісігі, қуық ісігі) де кәсіптік аурулар тізіміне  кіреді. 
Сондай-ақ жедел-өтпелі және созылмалы кәсіптік аурулар да болады. Жедел-өтпелі кәсіптік ауру бір жұмыс кезегінде қоршаған ортадағы химиялық немесе басқа да денсаулыққа зиянды заттардың әсерінен пайда болады. Ал созылмалы кәсіптік ауру осындай қолайсыз факторлардың жиі әсер етуінен туындайды. 

 
 
 

 

Жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз  әсер ететін өндірістік әсерлер  әрқилы. Олардың әсерлерінен тек  КА ғана емес, сонымен қатар  кәсіптік жарақаттанулар да кездеседі.   Соңғыларына өндірістің аумағында  немесе тікелей жұмыс орнында  тіндер мен ағзалардың механикалық, термиялық, химиялық және электрлік  зақымдануларынан болған жіті  аурулар жатады.

КА диагнозын қою кезінде   анамнезін, клиникалық және лабораторлық-диагностикалық  көрсеткіштерін тыңғылықты талдау  қажет.Осындай кезде еңбектік  немесе кәсіптік анамнезі өте  маңызды орын алады, себебі тек  кәсіптік зияндылықпен қатынасы  дәлелденген кезде ғана аурудың  адамның жұмысымен байланысты  екені анықталады.

Еңбектік анамнезінде  КА  дамуына мүмкіндік тудыратын  шартты жағдайлар көрсетілуі  тиіс. Оларға мыналар жатады:   кәсібі, еңбек еткен барлық мерзім  арасында өндірістік ортаның   нақты жағымсыз факторымен қатынастағы  еңбек жағдайының толық сипаттамасы; ұжымдық және жекебастық қорғандыру  заттарын қолдануы; өндірістік ортаның  зиянды әсерлерімен қатынастың  ұзақтығы мен мерзімі.

Медициналық-санитарлық бөлімдердің  негізгі міндеттері – денсаулық  сақтау саласының жергілікті  органдарымен және мекемелерімен, әкімшіліктермен және қоғамдық  ұжымдармен бірге тиісті бекітілген  жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбек пен тұрмыс жағдайларын  сауықтыруға, жалпы және кәісіптік  аурулар мен жарақаттануларды  азайтуға, мамандандырылған медициналық  жәрдем көрсетуге және диспансерлік  қадағалауды толассыз жүргізуге  бағытталған  шараларды жобалау  мен өткізу.

Кәсіптік аурулар мен жарақаттанудың  алдын алу қауіпсіз еңбек жағдайларын  жасау мен мынадай жолдар арқылы  жүзеге асырылады: 
- осы стандарттың талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру; 
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу; 
- қауіпті және зиянды өндірістік факторларды жою (азайту); 
- қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өндірістік жабдықтардың, өндірістік процестің тиесілі қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
- қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес аумақтарға, ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету; 
- қауіптілігі жоғары, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді ауысым алдында медициналық куәландыруды ұйымдастыру;

қауіпті аймақтарды белгілеу, жұмыскерлер  мен көліктің жүру маршруттарын  әзірлеу;  
- жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану; 
- белгіленген мерзімдерде тиісті сынақтар өткізу (жабдықтарды, қорғаныш құралдарын, сигнал беру құралдарын, құрал-саймандарды, құрылғыларды, қосалқы жабдықтарды, көлікті, жүк көтергіш қондырғыларды, мұнараларды, лифтілерді және т.с.с.;  
- еңбек және тынығу режимдерін сақтау; 
- қызметкерлерді еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы хабардар ету; 
- еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды ағымдағы бақылауды орындау;  
- қызметкерлерді өндірістік объектілерді аттестаттаудың қорытындысы бойынша еңбек жағдайларының жай-күйі туралы уақтылы хабардар ету;  
қайта бөлу.

- жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау іс-шараларын қаржыландыру.  
- қаражат көлемі ұжымдық шартпен белгіленеді.  
- еңбекті қорғау жөніндегі персоналды даярлау. 
- түзету іс-қимылдарын жүргізу қажеттігі ағымдағы және ықпал ететін бақылау, аудит, оқиғалар, авариялар мен жазатайым оқиғалар кезінде пайда болған еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуіндегі сәйкессіздік анықталғанда туындайды. 
Түзету іс-қимылдары анықталған (пайда болған) кемшіліктердің себептерін жоюды білдіреді, ол үшін мыналар жүзеге асырылады:  
- еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ішкі құжаттамасына өзгерістер енгізу; - қызмет түрін ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына өзгерістер енгізу бойынша бастамашылық ету;  
- еңбекті қорғау саласындағы жауапкершіліктер мен өкілеттіктерді қайта бөлу; ресурстарды

Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән, этиологиясын, патогенезін, клиникалық суретін, емін  және кәсіптік ауруларды алдын  алу сұрақтарын зерттейді. Профпатология  басқада клиникалық пәндермен  тығыз байланысты, сонымен қатар  еңбек гигенасыменде. 

Кәсіптік ауруға шалдықпас үшін  алдын алу шараларын дұрыс  жүргізу керек. Және әрқашан кәсібіңізге  мұқия болға тиспіз

Қолданылған әдебиеттер:

  • Интернет желісі

        Қолданылған сайттар:

  • www.google.ru

 

  • www.yandex.ru

 

2. “Кәсіптік аурулардың диагностикасы және емі” З.К. Жұмаділова, Г.К. Қапапова, М.Б. Селғазина

 

Назар аударғандарыңызға рахмет !!!


Информация о работе Кәсіптік аурулардың алдын алу принцптері