Экологиялық мониторинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 12:06, реферат

Описание работы

“Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (

Работа содержит 1 файл

мониторинг.docx

— 828.94 Кб (Скачать)


 

 

Экологиялық мониторинг

Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың  және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері.

 “Мониторинг” деген термин  “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы  деген латын сөзінен алынған.  Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті. Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.Мониторинг жүйесі немесе оның түрлері бақылау объектілеріне қарай ажыратылады. Себебі қоршаған ортаның компоненттеріне ауа, су, мениралды шикізат және энергетикалық ресурстар, биоресурстар және т.б жатады. Мониторинг жасаған кезінде зерттеу кешенді болуы маңызды.

Экологиялық монитаринг – көпсатылы жүйе. Олар келесілер:

    • Детальдық
    • Локалдық
    • Халықаралық
    • Ғаламдық

 Детальдық монитаринг – ирархиялық сатының ең төменгісі. Бұл жүйе бойынша зерттеу шағын аумақты ғана қамтиды.

 Бірнеше детальдық мониторингтік жүйені біріктіргенде локальдық мониторингтік жүйе пайда болады. Локальдық мониторинг белгілі бір облыс немесе қала аумақтарын бағалауға арналған.

Бірнеше локалдық жүйенің жиынтығы халықаралық жүйені құрайды. Бұл кезде зерттеу объектісі мемлекеттің территориясы болады.

Халықаралық мониторингтен кейінгі  саты – ғаламдық мониторинг. БҰҰ бағдарламасына сәйкес барлық халықаралық мониторингтік жүйелер біріктіріліп, тұтас ғаламдық мониторингтік жүйе құрған.Бұл жүйеде бағалау процестері ғаламдық деңгейде жүреді. Ғаламдық мониторингтік жүйе – Жер планетасының экологиялық проблемаларымен ресурс тапшылығын алдын алуға бағыттылған, яғни озон қабатын сақтау, жер сілкіністерін болжау, ормандар мен тұщы су қорларын сақтап қалу, жер қабаттарының эррозиясын азайту болып табылады. Бұл жүйеге мысал ретінде «Ғаламдық жер сілкінісі мен оның ошағын зерттеу» ұйымын алуға болады.

Атмосфералық ауа жағдайы –  Қазақстан Республикасының елді – мекендеріндегі атмосфералық ауаның ластануын бақылау жүйесі. Әрбір  елді-мекендердегі бақылау мен тарату мемлекеттік күзет орындарының  саны нормативтік талаптардың негізінде  халық санымен, жергілікті рельефтер, ластанудың фактілік деңгейін есепке алу арқылы анықталады.

Атмосфералық ауаның мониторингі 
Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар  республиканың барынша  ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында орындалады. 
Қазіргі таңда атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар республиканың  27 елді-мекеніндегі  69 ЛБП жүргізіледі. Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар  мыналар бойынша:    
·        толық емес бағдарлама бойынша(тәулігіне 3 рет-  жергілікті уақыт бойынша.сағ.07,13,19); 
·        толық бағдарлама бойынша(тәулігіне 4 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ.01,07,13,19); 
·        үздіксіз режимде жүргізіледі.  
Атмосфералық ауа ластануын зерделеген кезде 17-ден астам ластаушы заттар, оның ішінде жүзбе заттар(шаң) күкірт диоксиді, көмірсутегі тотығы, азод диоксиді, күкірт сутегі, фенол, формальдегид, аммиак және т.б  анықталды. 
Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне мониторинг  
Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне бақылаулар Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым(ДМҰ) бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жауын-шашын және қар сынамаларында мыналар:  
- аниондар -сульфаттар, хлоридтер, нитраттар; 
- катиондар - аммоний, натрий, калий, кальций, магний; 
-  микроэлементер - қорғасын, жез, кадмий, күшәла 
-   қышқылдығы 
-   меншікті электр өткізгіштігі анықталады.  
       Атмосфералық жауын-шашын үшін бақылаулар күнделікті 45 метестансада жүргізіледі.  
Қар жамылғысындағы ластаушы заттардың барлығына бақылаулар жылына бір рет, қардағы ылғал қорының максималды жиналуы кезеңінде жүргізіледі.  Қар жамылғысының химиялық құрамы үшін Қазгидрометтің бақылау желісі  38 метеостансаны қамтиды.    
Радиациялықмониторинг. 
Атмосфераның жерге жақын  қабатының радиациялық ластануы үшін бақылау Қазақстанның 14 облысындағы 43 метеорологиялық метеостансасында жазық планшеттармен ауа сынамаларын алу жолымен жүзеге асырылады. Барлық стансаларда бес тәуліктік сынамалар алу жүргізледі. Планшеттер экспозицияланғаннан кейін Алматы ГМО ОХАИ жіберіледі, мұнда жиынтық бета-белсенділігіне және гамма-сәуленену мөлшері қуаттылығына  радиометрикалық зерттеулер жүргізіледі.

Биосфералық мониторинг табиғаттағы  жаһандық өзгерістерді (радиация дәрежесі, атмосферадак, көмірқышқыл газының, озонның, жылудың болуы және оны шаң басу дәрежесі, мұхит және Жер ауалы қабағы арасындағы газ айналымы, құстар, сүтқоректілер, балықтар және бунақденелілердің әлемдік жылыстауы, ғаламшардағы ауа райы - климаттық өзгерістері) анықтауға мүмкіндік берді. Биосфералық мониторингтің басты әдісі әр алуан жер серіктерінің жәрдемімен биосфера күйін бақылау болып табылады. Олар озои қабатының, радиациялық аясының, жер температурасы тәртібінің жағдайларын тұрақты бақылау жасауға мүмкіндік береді.

       Фондық мониторинг – қоршаған ортаның кешендік фондық мониторингінің арнайы мамандандырылған торабындағы атмосфера мен басқа да ортаның биосферамен өзара әрекетінің жағдайын бақылау жүйесі.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн ақпараттық қамтамасыз ету жинақтық деректер банкiне берiлетiн  арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар орындайтын қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiнiң, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар өндiрiстiк  экологиялық бақылау шеңберiнде  жүзеге асыратын өндiрiстiк мониторингтiң  нәтижелерiне негiзделедi.  
      Енді қоршаған орта мониторингісін қарастырайық. Бағдарламалық құралдар жүйесi Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң әртүрлi деңгейлерi, сондай-ақ жүйелерi мен кiшi жүйелерiнiң деректер банктерi арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ете отырып, ақпараттың бiрыңғай әдiстемелiк негiзде жинақталуын, өңделуi мен сақталуын жүзеге асыруға мүмкiндiк беруге тиiс.  
      Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде ақпарат алмасу табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбелерге, нысандар мен мерзiмдерге сәйкес өтеусiз негiзде жүзеге асырылады. 

Қоршаған орта жай-күйіне бақылаулар 1972 жылдан бастап ұйымдастырылып,  1999 жылы қалпына келтірілді.Қоршаған ортаның  міндеттеріне және зерттеліп отырған  құрауыштарына байланысты  қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингісінің жүйесі  мыналарды:

  • Атмосфералық ауа мониторингісін;  
  • Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы  жай-күйінің мониторингісін;  
  • Беткі сулардың сапалы жай-күйінің мониторингісін;
  • Топырақ жай-күйінің мониторингісін;
  • радиациялық мониторингті
  • трансшекаралық су ағыстарының мониторингісін қамтиды. 

 

 

Қоршаған орта жай-күйі үшін бақылаулар.

 

 

Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
Республиканың 28 елді-мекеніндегі стационарлық бақылау пунктерін қамтиды.

 

Атмосфералық  жауын-шашын жай-күйі үшін бақылаулар желісі  
45 метеостансаларды қамтиды.

Беткі сулардың жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
81 су объектінде 192 тұстаманы, оның ішінде 57 өзенді, 9 көлді, 12 су қоймасын, 3 арнаны қамтиды.

 


Информация о работе Экологиялық мониторинг