Инфекциялық аурулар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 16:39, реферат

Описание работы

1.Инфекцияның түрлері
2.Инфекцияның таралу жолдары
3.Негізгі эпедемиялық түсінік

Работа содержит 1 файл

инфекция.docx

— 64.75 Кб (Скачать)

Литература: Тимаков В. Д., Микробиология, М., 1973; Общая эпизоотология и зоопрофилактика, София, 1973; Руководство по общей эпизоотологии, М., 1979.

Инфицированность (от лат. inficio - вношу что-либо вредное, заражаю), наличие патогенных микробов в организме животного. Термин "Инфекция" употребляется также и для обозначения наличия патогенных микроорганизмов в объектах внешней среды.

Астана қаласының  санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Қала тұрғындарын белсенді иммундау барысында «вакцинамен басқарылатын» жұқпаларды алдын алуда оңтайлы нәтижеге қол жеткізілді: тырысқақ, полиомиелит, құтыру және ақырғы 5-жылда күл ауруы тіркелген жоқ. Көкжөтел, паротит, қызылша, қызамықтың бірлі-жарым жағдайы тіркелген.  
Соңғы 7-жылдың ағымында А вирусты гепатиті мен тұмаудың алдын алу үшін жергілікті бюджет қорынан ақша бөлінеді. Тұмаудың алдын-алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізу барысында маусымдық аурулар мен пандемиялық тұмаудың таралуына жол берілмеді. А вирусты гепатиттің алдын алу үшін 2003 жылдан бері бөлінетін қаржы мектепке дейінгі балалар арасындағы ауруларды тұрақты етті. 
Өндірістік, азық-түлік өнімдерін сату және сақтау жағдайларына, құрылыс алаңдарындағы жұмыскерлердің тамақтануына бақылауды күшейту нәтижесінде тұрғындар арасында жаппай тамақтан улану жағдайлары болған жоқ. Жіті ішек инфекциясы, қантышқақ, жіті вирустық гепатит, туберкулез, педикулез аурулары және АИТВ-инфекциясының төмендегені байқалады.  
Департамент және Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бірлесе отырып қаланың емдеу- алдын алу ұйымдарында аурухана ішілік инфекцияларына инфекцияны бақылауды ұйымдастыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізеді. Аурухана ішілік гемоконтакт инфекциясын жұқтыруды болдырмау үшін гемотрансфузиялық және парентеральдық араласуда инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, медициналық қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жоғарылатуда, стационарлар, емханалар үшін, сондай-ақ жеке меншік медициналық ұйымдары үшін оқыту семинарлар өткізілді. 
Туберкулез ауруын төмендету бойынша Елорда медициналық қызметкерлерімен келесі бағыттар бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізіледі: 
1. Әлеуметтік- әлсіз тұрғындар, көшіп келушілер (сыртқы және ішкі көшіп - қонушылар) арасында алдын алу флюроқарауларлар өткізіледі. 
2. Ертерек анықтау, оқшаулау, уақытылы тиімді емдеу және инфекцияның таралуын алдын алу. 
3. Туберкулездың алдын алу және таралу жолдары туралы тұрғындарды ақпараттандыруды күшейту. 
Өткізілген жұмыстар тұрғындар арасында туберкулез ауруын 14%-ға, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1,7 есеге төмендеуіне қол жеткізілді. 
Әлемде тырысқақ, аса қауіпті басқа да аурулардың тіркелуіне байланысты шекаралас мемлекеттерде карантиндік инфекцияларды болдырмау бойынша бірнеше ұйымдастыру іс- шаралары жүргізілуде. Емдеу- алдын алу ұйымдарында, жол жүру жолаушылар поезында, ТЖ, ІІД және басқа қызметтер мамандарының қатысуымен жаттықтыру оқытулары ұйымдастырылды. 
Мектепке дейінгі мекемелерінде тамақты сапалы ұйымдастыру және инфекциялық аурудың алдын алу үшін азық-түлік өнімдерін жеткізіп берушілермен, жеке кәсіпкерлер және ЖШС-мен тамақты ұйымдастыру бойынша тренингтер өткізілді. 
Демалыс кезеңі қарсаңында қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлердің бастықтарымен және медициналық қызметкерлерімен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша өндірістік мәжіліс жүргізілді. Жазғы демалыс объектілері білім беру басқармасы өкілдерінің қатысуымен кешенді түрде қабылданды. 
2010 жылы қайтарылып алынған 10 бала бақша күрделі жөндеулерден соң іске қосылды. Департаменттің қызметкерлері жөндеу жұмыстары барысында кеңес беру көмектерін көрсетті. Ашылғаннан кейін барлық бала бақшалардың персоналдарына дезинфекциялық режимді сақтау бойынша оқулар жүргізілді, ас мәзірін құру бойынша ұсыныстар берілді. 
Астана қаласының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы» РҚМК зертханалық зерттеу номенклатурасы азық-түлік өнімдері бойынша кеңеюде. Қазіргі күні сүт өнімдеріндегі, кондитерлік өнімдердегі генно-модифицирленген сояны зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Алкогольсіз сусындарды, шұжық өнімдерін, кондитерлік кремдерді өндіруде пайдаланатын консерванттарды зерттеу әдістері меңгерілді. 
Санитарлық қызметтің басшылығы бойынша аспаздық және кремді өнімдерді және шұжық өнімдері мен құс өнімдерін сақтау және сату жағдайлары бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілді. Осы жұмыстың барысында саудадан 4 тонна тамақ өнімдері алынды, тамақ өнімдерінің 19 сертификаттары қайтарылды. Санитарлық талаптарға сейкес келмейтін азық-түлік өнімдерінің, сауда және тұрмыстық қызмет көрсетудің 179 объектісінің пайдалануға беріліуіне жол берілмеді. 9 объектінің пайдаланылуы сот органдарының шешімдерімен тоқтатылды. 2759 объекті сәйкестендірілді, олардың 1817 – санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша, 696- қоғамдық тамақтандыру және сауда, 246 тұрмыстық қызмет көрсету объектілері (шаштараздар, моншалар және басқалары). 
МСЭҚКД-де аспаздық және кондитерлік өнімдерді өндіруді оқыту бойынша жұмыстар жүргізілді.  
Әр көктемгі-жазғы маусымда қаланы абаттандыру әкімдігінің штабында жүйелі түрде қаладағы рұқсатсыз сауданы жою, базарларды абаттандыру мәселелері қарастырылады. 
Астана қаласының мемсанэпидқадағалау департаментінің мамандары қала халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Қала күні, ЕҚЫҰ саммитіне дайындық мәселесі бойынша жүргізілетін іс-шараларға белсенді түрде қатысуда. 
Медицина қызметкерлер күнінің қарсаңында мемсанэпидқадағалау департаментінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемсанэпидқадағалау комитетінің төрағасы К.С.Оспанов, Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловтың және аудан әкімдері орынбасарларының қатысуымен салтанатты мәжіліс өтті. Департамент қызметінің оң нәтижелері көрсетілді және қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің ең үздік мамандарына мақтау қағаздары, дипломдар, естелік жүлделер мен сыйлықтар берілді. 
Қала әкімінің орынбасары В.Л. Крылов департаменттінің ең үздік қызметкері Столпник Тамара Григорьевнаға автокөліктің кілті ұсынылды.

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ (ҚЫРЫМ ҚАНДЫ БЕЗГЕГІ, САРЫ АУРУ, ТУБЕРКУЛЕЗ, ҚЫШЫМА)

Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше "миазма" — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. "Іnfесіо" деген латын сөзі "ластану" дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).  
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.  
Қырым қанды безгегі

Халық арасында «қырым қанды безгегі» аталып кеткен конго-қырым геморрагиялық қызбасы дерті бойынша елімізде эпидемиологиялық ахуал алаң тудырып отырғаны белгілі. Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында Оңтүстік-Қазақстан облысында аталған ауруға 8 адам шалдығып, екеуі көз жұмды. Осыған орай, еліміздің өзге өңірлері аурудың алдын алуға шұғыл кірісті. Қанды безгек - екі толқынды қызбамен, жалпы уыттанумен және айқын білінетін тромбогемморрагиялық белгісімен, өлім-жітімінің жоғарылығымен сипатталатын жіті вирусты ауру. Ол ауру жұқтырған кенелер шаққанда, құрамында вирус бар материал теріге және сілемейлі мүшеге түскенде жұғады. Мал қырқу және оларды қолмен кенелерден тазарту кезінде кенелердегі жұқпаның терінің ашық бөліктеріне түсуі, сырқаттың қаны мен қанды шығындылары арқылы да жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, адам бұл ауруды сырқаттарды күту және оларға медициналық көмек көрсету немесе аталған вируспен зертханалық жағдайда жұмыс істеу барысында да жұқтырады. Қанды безгектің жұғу жолдары әртүрлі жүретін, кенет көтерілген қызу мен интоксикацияның үстіне барлық денеге тараған капилляротоксиноз бен геморрагиялық синдромның дамуымен сипатталады.  
Негізгі қоздырғыш тасымалдаушы - вирусты сақтайтын және вирустың көзі болып табылатын кенелердің белгілі бір түрлері. Ал, вирустың негізгі тіршілік ететін ортасы - биологиялық организм - кенелер, бүргелер және олардың табиғи демдеушілері, жабайы не үй жануарлары. Сондықтан да кенеге қарсы дезинсекциялық жұмыстардың көлемін анықтау және оны ұйымдастыру үшін тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдары кенелердің түрлік құрамын, таралуын, олардың санының мау-сымдық өсімін және вирустың табиғи резервуарларын зерделеуі керек. Табиғи ошақ аумағында шөл, шөлейт және жылы климатты далалық жерлерде зоологиялық-паразитотоло-гиялық тексеру жүргізілуі тиіс.  
ры ауру немесе вирусты гепатит –бауырдың кең тараған ауруларының бірі. Оcы сыртқы ортада тұрақты өмірге бейімділігі жоғары кішкентай (майда) тірі организм вирус тудырады. Ол аурудың қаны мен зәрінде болады. Вирус тұрмыстағы ластанған заттар, қол, су, тағам өнімдері арқылы айналадағыларға беріледі.

Сары ауру  
Санитариялық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ещқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп атайды. Зақымданған адамның асқа тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс етегі тұсы ауырады, ішектің бұзылғандығы байқалады. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу өте маңызды, дәрігер зерттеу тәсілдерінің көмегімен диагнозды дұрыс қойып, ем береді және режим диета белгілейді, асқынудың алдын алады. Инкубациялық кезеңнен соң дененің сарғаюы басталады. Алайда аурудың сарғаймайтын формасы да кездеседі, аурудың мұндай түрі айналадағы адамдарға қауіпті. Егер ауырған адам дер кезінде емделмесе, үш аптадан соң дене сарғаюлары кетіп, денсаулығы қалыптасып кетеді. Құдықтарды таза ұстау қажет. Оларға жақын жерде кәріз жүйелері, қоқыс үйінділері, мал суаттары жақын болмауы қажет. Ауыз су құдығының түбі мен қабырғасын лайдан қоқыстардан тазалап, оқтын-оқтын хлорды әк тәрісімен зарарсыздандыру керек. Әрбір нысандарда дәретханалары мен қоқыс жәшіктері болуға тиісті. Вирусты гепатит тағам өнімдері арқылы да берілетін болғандықтан асқана, кафе, азық-түлік дүкендерінде санитария ережелері ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Жеміс пен көкөністерді қайнаған су мен жуу керек. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде балалар санының артық болмауын және одарда тазалықтың сақталуын қадағалап отырған абзал. Балалар әрдайым медициналық тексеруден өтуі тиісті. Сапалы сумен, тамақпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етулері қажет. Ауру шыққан үйлерде, мектептерде, балабақшаларда, т.б. нысандарда қорытынды дизенфекция 3% хлорлы дәрімен міндетті түрде өткізілуі қажет. 35 күн бойына ауру мен қарым-қатынаста болған адамдарға медициналық бақылау орнатылады күдікті адамдар оқшаулануға тиісті. Оқушылар күн сайын өздерімен бірге қайнаған су құйылған құты алып жүрулері керек.

Туберкулез  
Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрделі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох туберкулёзді тудыратын миробактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін абақтыны мекен етушілер, нашақорлар, үйсіз жүрген қаңғыбастар, жезөкшелер мен шеттен келген келімсектер құрайды. Алайда, соңғы кездері әлеуметтік жағдайы жақсы адамдардың арасында да туберкулезге шалдығушылар саны артуда. Жоғарыда аталған адамдардан кейін олармен жақын қатынаста болған адамдар — абақты қызметкерлері, дәрігерлер, әлеуметтік сауықтыру орталығындағы қызметкерлер және науқас адаммен бірге тұратын туған-туыстары.

Туберкулез таяқшалары бала кезден немесе жасөспірім кездерде пайда болады. Бірақ барлық адам ауыра қоймайды. Егер жақсы тамақтанып, жақсы күтініп және салауатты өмір салтын (ішімдік ішпей, темекі шекпей, спортпен айналысып) ұстанатын болса, онда адамның иммундық жүйесі туберкулездің тууына жол бермейді.

Жұқпа қалай жұғуы мүмкін?

Қышыма — жұқпалы  қышыма ауруы. Ол адамның денесіне қотыр жұқтыратын кененің түсуінен пайда болады. Жұқтыру көзі болып табылатын — адам. Кене басқа сау адамға «ауысу» үшін және ауру туғызу үшін міндетті түрде «тері теріге» байланыс болу қажет. Сондықтан басты қышыманың таралу ошағы тар жанұялық ортада, ерлі-зайыптылардың жақындасуларында, сонымен қатар жыныстық серіктес арасында қалыптасады.

Басқа қышыманың мүмкіншілік  жолының таралуы: төсек- орын арқылы, киім-кешек, сүлгі, жөкелер, қолғап бұл заттармен науқас қолданғасын, белгілі уақыттардан кейін өзінде өмір сүретін кенелерді сақтайды. Қайталама қолдануда, егер кәдімгі жуылуда өтпесе, таралу көзіне айналады.

Ұйымдастырылған балабақшаларда таралу көзі болып табылатын жазу құралдары, ойыншықтары, спорт бұйымдары және т.б. Санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтамаған жағдайда ауруды қоғамдық моншалардан, душ қабылдайтын орындардан, жатақханалардан, қонақ үйлерден, жүргінші поездардан жұқтырып алуға болады.

Мұқият душ астында жылы сумен сабынмен жуыну емделудің басы болып табылады (міндетті түрде қайнатылған жөкемен және жуылған сүлгіден кейін) және оның аяқталуынан кейін.

Ішкі киімді және төсек орынды ауыстыру препаратты қолданғаннан кейін бірінші күні мен ем аяқталғаннан кейін жүргізілуі керек. Қышымаға қарсы препаратты барлық дене түбіне, беттің терісіне, бастың шашты бөлігіне жағылады және сүртіледі, ал 3 жасқа дейінгі балаларға жай ғана сүртіледі және бастың шашты бөлігіне және бетке жағылады, бірақ препарат көзге түспеуі керек.

Қышымаға қарсы  препаратты жағу және сүрту кешкі мезгілде тампонды қолданбастан немесе сүртіндіні қолданбастан жағылады, кешкі қышыма кенесінің белсенділігіне байланысты.

Емделуден кейін терідегі қышуды сақтау қосымша спецификалық емді талап етеді және өлі кенелердің ағзадағы реакциясы және өмір сүру тағамдары болып табылады. Қышыма антигистаминдық препаратын тағайындауда және глкжокортикоидами майымен кетіріледі.  
Қышыманы жұқтырмауды қалай ескертуге болады?

Бөтен адамның киімдерін, қолғабын, аяқ-киімін, төсек-орындарын, сүлгілерін, жөкелерін қолданбаңыз,  
Кездейсоқ жыныстық байланысқа түспеңіз.  
Қоғамдық орындардан үйге оралғанда, көлікте жол жүргесін және т.б жағдайда міндетті түрде қолыңызды сабынмен жуыңыз.  
Жалаң аяқ душта, қонақүйде және басқа да жерлерде жүрмеңіз.

Информация о работе Инфекциялық аурулар