ХХ ғасыр

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:02, реферат

Описание работы

20 ғасырдың басында Грузияда жұмысшы қозғалысы жаңа кезенге аяқ басты. 1900-1902 ж. Тбилиси, Батуми кәсіпорындары мен Чиатура өнеркәсіп аудандарында ірі ереуілдер болды. 1901 ж. қыркүйекте Бакуде лениндік «Искра» бағытындағы алғашқы астыртын грузин газеті – «Брдзола» («Күрес») шыға бастады. 1902 жылғы Батуми стачкасы мен демонстрациясы бүкіл Ресей көлеміндегі аса ірі революция қимылдардың бірі болды.

Работа содержит 1 файл

XX ғасыр.docx

— 22.02 Кб (Скачать)

XX ғасыр

20 ғасырдың басында Грузияда жұмысшы қозғалысы жаңа кезенге аяқ басты. 1900-1902 ж. Тбилиси, Батуми кәсіпорындары мен Чиатура өнеркәсіп аудандарында ірі ереуілдер болды. 1901 ж. қыркүйекте Бакуде лениндік «Искра» бағытындағы алғашқы астыртын грузин газеті – «Брдзола» («Күрес») шыға бастады. 1902 жылғы Батуми стачкасы мен демонстрациясы бүкіл Ресей көлеміндегі аса ірі революция қимылдардың бірі болды. 1903 ж. июль-августа Грузия пролетариаты Ресей оңтүстігінде жаппай стачкаға қатысты. 1903 ж. наурызда Тбилисиде Кавказ социал-демократиялық ұйымдарының 1-съезі болды.

1905-1907 ж. Ресейде болған революция  кезінде Грузияда жұмысшылар  мен шаруалардың азаттық күресі  кеңінен өрістеді. 1905 ж. 18 қаңтарда Тбилисиде темір жол жұмысшыларының ереуілі басталып, кейіннен ол жаппай қозғалысқа айналды. Батуми жұмысшыларымен байланысы бар Гури шаруаларының бас көтеруі жиіледі. Мұндағы өкімет билігі іс жүзінде шаруалар комитеттерінің қолына көшті: помещиктердің жері тартып алынды, қарулы «қызыл жүздік» топтары құрылды. Октябрьдегі саяси стачка қарулы көтеріліске ұласты. 1905 ж. қараша - желтоқсанда алғашқы кәсіподақ ұйымдары құрылды. 1905 жылдың аяғында бүкіл Батыс Грузия түгелдей дерлік және Шығыс Грузияның бір бөлігі көтеріліске шыққан халықтың қолында болды. Патша өкіметі бұл көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. 1912-1914 ж. 1 май демонстрациялары бұқараны жаппай қамтыды.

1914-1918 ж. 1-дүние жүзілік соғысы  кезінде Грузия өнеркәсібі дағдарысқа  ұшырады, егіс көлемі едәуір азайды. 40 шақты ірі ереуіл болды.

1917 ж. Ресейде болған буржуазия-демократиялық Февр. революция кезінде Тбилисиде т.б. қалаларда жұмысшы, солдат, шаруа депутаттарының Советтері құрылды. Бірақ бұларда басшылықты меньшевиктер мен әсерлер тартып әкетті. 1917 ж. 9 (22) наурызда Тбилисиде буржуазия Уақытша үкіметінің органы – Закавказьенің Ерекше Комитеті (ЗЕК) құрылды. Бүкіл Ресейдегі сияқты Грузияда да қос өкімет орнады.

Окт.революциясы грузин халқының әлеуметтік және ұлт-азатыққа жетуінің бастамасы болды. Большевиктер Грузия еңбекшілердің соц.революцияны жеңіске жеткізу жолындағы күресіне басшылық етті; алайда, олар Совет өкіметін Ресейдің орталық аудандарымен бір мезгілде орната алмады. 1917 ж. 15 (28) қарашада контрреволюцияшыл күштер одағы ЗЕК-тің орнына Закавказье комиссариаты дегенді құрды. Өкімет билігін меньшевиктер басып алды. Контрреволюцияшыл партиялардың қолдауымен олар грузин ұттық әскер бөлімдерін, ұлттық Совет пен ұлттық гвардия құрды. 1917 ж. 29 қарашада (12 желтоқсанда) меньшевиктер Тбилиси арсеналын басып алды. 1918 ж. 8-9 (21-22) ақпанда олар большевиктік газеттерді талқандап жапты; 10 (23) февральда Тбилиси жұмысшыларының наразылық демонстрациясына оқ жаудырды. Большевиктер астыртын жағдайда күрес жүргізуге мәжбүр болды. 1917 ж. ақпанда мемлекет өкімет билігінің контрреволюция жаңа органы – Закавказье сеймі құрылды; ол Закавказьені «тәуелсіз, феlеративтік республика» деп жариялады. Майда бұл «республика» ыдырап кетті. 1918 ж. 26 майда меньшевиктер Грузияны «тәуелсіз республика» деп жариялады. 1918 жылдың 1-жартысында Грузияда меньшевиктердің үстемдігіне қарсы еңбекшілердің қарулы көтерілістері болды. Революция қозғалысқа қарсы күрес жүргізу үшін меньшевиктер интервенттер мен келісім жасауға дейін барды. Казвказ еңбекшілерінің ақ гвардияшыл Деникин әскерлеріне қарсы күреске қатысуы тураыл РК(б)П ОК-нің директивасын орындай отырып, 1919 ж. Грузия большевиктері Г.К. Орджоникидзенің басшылығымен қарулы көтеріліс әзірлеуге кірісті. 1919 ж. қазан-қарашада Грузияның көпшілік уездерінің еңбекшілері көтеріліске шықты.

Ішкі және сыртқы саяси жағдайдың  шиеленісуі меньшевиктер үкіметін 1920 ж. майда РСФСР – мен шарт жасауға  мәжбүр етті. Бұл келісім бойынша, меньшивиктер үкіметі Ресей контрреволюциясынан мүлде қол үзуге, Грузиядан шетел әскерлерін кетіруге, большевиктік ұйымдарды ашық жағдайға көшіруге тиіс болды. РСФСР-дің Грузиядағы толық праволы өкілі болып С.М. Киров тағайындалды; ол коммунистердің күшін нығайтуда және Грузияда Совет өкіметінің жеңуін ұйымдастыруда маңызды роль атқарды. 1920 ж. майда Грузин Компартиясы ұйымдасты. Коммунистер астыртын жағдайдан шығып, халық бұқарасы арасында белсенді жұмыс жүргізді.

Меньшевиктер РСФСР-мен келісім  шартын бұза берді. Большевиктер контрреволюцияның  Закавказьдегі соңғы тірегі –  меньшевиктік тәртіпті құлатуға әзірлікті күшейтті. 1921 ж. ақпанның 11-нен 12-не қараған түнде бірсыпыра уездер де қарулы көтеріліс басталып, кейіннен ол бүкіл Грузияға қарады. 16 ақпанда Шулаверыда Грузин Ревкомы құрылды (А.А.Гегечкори, В.Е.Квиркелия, Ф.И.Махарадзе т.б.) Ревком Грузияны Совет социалистік Респбулика деп жариялап, 18 ақпанда жергілікті өкімет билігін қолға алу туралы Грузияның барлық еңбек бекшілеріне үндеу таратты. Меньшевиктер мен интервенттердің әскерлері қару-жарақ жағынан басым болғанымен, көтерілісі ойдағыдай өрістеді. Ревком В.И. Лениннен көмек сұрады. Совет үкіметі Ревкомның тілегін қабыл алды. 1921 ж. 25 ақпанда 11-Қызыл Амрия бөлімдері көтерілісшілер отрядтарымен бірге Тбилисиге кіріп, меньшевиктер үкіметін құлатты.

Грузияда Совет өкіметі женген күннен бастап-ақ жер, өнеркәсіп, темір жолдар, банкілер мемлекет қарамағына алынды. Советтердің Бүкіл грузиялық 1-съезі (1922 ж. 25 ақпан – 4 наурыз) Грузин ССР-інің тұңғыш конституциясын қабылдады, Советтердің Орталық атқару комитетін сайлап, ол Грузия үкіметін 1922 ж. 12 наурыздан 1936 ж. 5 желтоқсанға дейін Грузия Закавказье федерациясында (ЗСФСР) болды. 1922 ж. 30 желтоқсанда Грузия ЗСФСР құрамына ССР Одағына кірді. Алдына қойылған міндетін орындағаннан кейін, 1936 ж. ЗСФСР ажыратылды. Азербайжан мен Армения сияқты, Грузия да одақтас социалистік ретінде тікелей ССР Одағы құрамына кірді. 1937 ж. ақпанда Советтердің Бүкіл грузиялық 8-съезі Грузияның жаңа конституциясын қабылдады.

Социалистік құрылыстың және алғашқы  бесжылдықтарды ойдағыдай орындаудың нәтижесінде Грузия өркендеген өнер-кәсібі, көп салалы, коллективті ауылшаруашылығы бар индустриялы-аграрлық елге айналды. Ауылшаруашылық мен өнеркәсіп саласында зор табыстарға жеткені үшін 1935 ж. 15 наурызда Грузин ССР-і Ленин орденімен марапатталды. 1937 ж. өнеркәсіптің бүкіл жалық шаруашылығындағы үлес салмағы 75,2% болды. 800-ден аса жаңа кәсіпорындар салынды. Соғыстың алдындағы жылдары өнеркәсіптің 30 шақты жаңа саласы, соның ішінде машина жасау, мұңай шығару, шай, химикалық өнеркәсібі т.б. жасалды. 1940 ж. Грузия өнеркәсібі жалпы өнімінің көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 10,2 есе өсті. 1940 ж. басында шаруалар шаруашылығының 94,1%-ы коллективтендірілді, 1913 жылмен салыстырғанда егіс көлемі 148,3 мың га ұлғайды.

Социалистік құрылыс жылдарында мәдени революция ойдағыдай жүзеге асырылды – сауатсыздық жойылды, жұмысшы  табы мен халықтық интеллигенцияның ұлттық кадрлары өсіп жетілді, жоғары дәрежелі оқу орындары, ғылыми-зерттеу интернаттары, мәдени-ағарту мекемелері құрылды. Грузин совет әдебиеті мен өнері ойдағыдай дамыды. Социалистік индустрияландыру, ауыл шаруашылығын коллективтендіру және мәдение революция республиканың бейнесін түбірінен өзгертті. Грузияда социализм негізінен орнады. СССР-де социализм жеңгеннен кейін, грузин халқы социалистік ұлт болып топтасты.

Ұлы Отан соғысы кезінде Грузин халықтары  Совет Одағының барлық халықтарымен бірге социалистік Отанды қорғауға аттанды. Грузиядан барлығы 700 мыңдай адам соғысқа қатысты. 1942 ж. жазда неміс-фашист әскерлері Бас Кавказ жотасының етегіне дейін келді, сөйтіп 1942 ж. тамыздың 2-жартысында Абхазияға өтуге тырысты. Грузияның майданмен іргелес аудандарының еңбекшілері қорғаныс шептерінде ерлікпен еңбек етті. 1942 ж. күз бен қыстың қиын жағдайларында олар майданға оқ-дәрі, әр түрлі жабдық, азық-түлік жеткізіп тұрды. Совет әскрлерінің, оның ішінде 46-армияның (қолбасшысы генерал К.Н. Леселидзе) ересен кимылы нәтижесінде 1942 ж. күзде неміс-фашист әскерлері Бас Кавказ жотасынан әрі қарай қуып тасталды. Грузин жауынгерлері партизан соғысына және Еуропа халықтарының Қарсыласу қозғалысына қатысты. Жауынгерлік ерлігі үшін Грузиядан 137 адам Совет Одағының атағына ие болды, 240 мыңнан аса адам СССР ордендерімен және медальдарымен марапатталды. Совет Грузинның 350 мыңдай ұлы мен қызы Отан үшін ұрыстарда қаза тапты. Соғыс кезіндегі ерлік үшін респбуликаның 46 мыңнан аса жұмысшы, колхозшы және интеллигенция өкілдері «Кавказды қорғағаны үшін» медалымен, 333 мыңнан аса адам «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалымен марапатталған.

Соғыс аяқталғаннан кейін, грузин халқы  еліміздің барлық еңбекшілерімен бірге  социализм орнатуды аяқтау және коммунистік  құрылыс жолындағы бейбіт еңбекке  білек сыбана кірісті. 1970 ж. Грузинның күллі өнеркәсібінің жалпы өнімі 1913 жылғымен салыстырғанда 85 есе өсті; республика ауылшаруашылығы зор табыстарға жетті. Халық шаруашылығы мен құрылысты өркендету де еңбекшілердің ие болған ірі жетістіктері үшін 1965 ж. декабрьде Грузин ССР-і 2 рет Ленин орденімен марапатталды.

Сол сияқты, Абхазия АССР-і (1935 ж. 15 наурыз), Аджар АССР-і (1967 ж. 12 шілде), Оңтүстік Осетин АО (1967 ж. 25 тамыз) да Ленин орденімен марапатталды. Грузин еңбекші революция қозғалысқа, Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңуі және дүние жүзіндегі тұнғыш көп ұлтты социалистік мемлекеті – Совет Социалистік Республикалар Одағын нығайту жолындағы күреске сіңірген еңбегі үшін, Отанымыздың жауларына қарсы ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен коммунистік құрылыстағы табыстары үшін 1971 ж. 14 майда Грузин ССР-і Октябрь Революциясы орденімен марапатталды.


Информация о работе ХХ ғасыр