Гиповитаминоз кезіндегі тамақтану

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 17:02, реферат

Описание работы

Витаминдер – органикалық табиғаттың мейлінше күрделі, белсенді заттары. Олар тек күнделікті тұрмыста пайдаланылатын азық – түліктің құрамы ғана емес, сонымен қатар дәрілік тәжірибеде де қолданылатын, фармотерапиялық шипа көзі. Витаминдер – адам ағзасының зат алмасуы, жұмыс істеу қабілетінің бірқалыпты болуы үшін аса қажетті, биологиялық жағынан белсенді органикалық қоспалар деп саналады. Ол қоректенудің аса қажетті факторларының ең бастыларының бірі.

Работа содержит 1 файл

СРС ВИТАМИНЫ.ppt

— 671.00 Кб (Скачать)

Семей Мемлекеттік Медицина  Университеті

 

СӨЖ

“Гиповитаминоз кезіндегі  тамақтану”

 

 

 

Орындаған: Рахимжанова А

504 пед/фак

 

Витаминдер – органикалық  табиғаттың мейлінше күрделі, белсенді  заттары. Олар тек күнделікті  тұрмыста пайдаланылатын азық  – түліктің құрамы ғана емес, сонымен қатар дәрілік тәжірибеде  де қолданылатын, фармотерапиялық  шипа көзі. Витаминдер – адам  ағзасының зат алмасуы, жұмыс  істеу қабілетінің бірқалыпты  болуы үшін аса қажетті, биологиялық  жағынан белсенді органикалық  қоспалар деп саналады. Ол қоректенудің  аса қажетті факторларының ең  бастыларының бірі.

  • Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі. Адамдар күніне жеткілікті тамақтағанда, олар дәрумендерді азық – түлік, көкөніс, жеміс – жидек, шырындардан алады. Адам қартайғанда оның ағзасының дәрумендерді сіңіру қабілеті де нашарлайды. Витаминдерді қабылдау мөлшері балалар ағзасының физиологиялық қажет етуіне сәйкес болуға тиісті.

 

Витаминдердің тапшылығының  себептері 

Дәруменнің ағзада жетіс-пеушілігі (мүлдем жетіспеушілігі – авитаминоз; төмендеуі – гиповитаминоз) түрлі  ауруларды қоздырып, адамның жалпы  жағдайын төмендетіп, аурулар туғызуы  мүмкін. Дәрумендер жетіспеушілігінің  түрлі себептері бар:

1. Адам ағзасына олардың  жеткіліксіз мөлшерде түсуі; 

2. Ағзадағы дәрумендердің  түрлеріне қарамастан, асқорыту  жүйесінің аурулары салдарынан  олардың қорытылып, сіңуінің бұзылып,  нашарлауы.

3. Дәрумендер жетіспеушілігі  көбіне көктем айларында кездеседі. 

Жалпы, дәрумендер суда  еритін (В тобының дәрумендері, С  және Р дәрумендері) және майда  еритін (А,Д,Е және К) болып бөлінеді. Соңғы кездері қоршаған ортамызда  болып жатқан табиғи құбылыстар  мен әлеуметтік жағдайдың өзгеруі  адам ағзасына кері әсерін  тигізбей қоймайтыны анық. Дәрумендер  тапшылығының алдын алу шаралары  кейбір дамыған мемлекеттерде  күнделікті пайдаланылатын тағам  құрамын дәрумендермен толықтыру, байыту арқылы жүзеге асырылатын  болса, тіпті кейбір мемлекеттерде  полидәрумендер беріліп тұ-рады  екен.  

 

Әр адам тәуліктік тағам  түрлерін өзгерте отырып, құнарлы  тамақтанудың мәні зор екендігін  есте сақтағаны жөн. Дәрумендердің  табиғаты дәрумен А (ретинол) –  көбінесе ет, жұмыртқа сарысында, сүт өнімдерінде, сары май, балық (треска) бауырында, балық майында, ал  А продәрумені (каротин) сәбізде, қызыл  бұрыш, қара қарақат, қызанақта болады. Адам ағзасында осы каротиннен  А дәрумені түзіледі. А дәрумені  жетіспеген жағдайда науқаста  мынадай ша- ғымдар пайда болады: терінің және шырышты қабық-тың  құрғауы, көздің көру қабілетінің  төмендеуі, түкі-ріктің, асқазан сөлі  түзілуінің бұзылуы, тер, май без-дерінің  қызметінің бұзылуы. Балаларда бойының  өсуі кідіріп, жалпы дамуы нашарлап, нерв жүйесінде өзге- рістер болуы  мүмкін.  

А дәрумені жетіспегенде адам көргіштік қабілетін жоғалтып, бағдарынан адасады. Бұл – «тауық-көз» деген сырқаттың белгісі. А гиповитаминозы автокөлік жүргізушілер үшін өте қауіпті. Сиырдың сүті мен сары майы, әсіресе мал шөппен бірге көп мөлшерде каротин алатын жаз бен күзде, ол - А дәруменінің жақсы көзі. Каротин – көптеген көкөністер мен жемістерде болатын сары пигмент – А дәруменіне мол.  
Каротин сәбізде де бар. 

Вит А

В1 дәрумені (тиамин) – ашытқыда, бидайдың қабығында, сұлыда, қарақұмық жармасында (гречка), нан құрамында болады. Ағзада В1 дәрумені жетіспесе жүйке жүйесінің бұзылып, жүрек қызметінде түрлі ауытқулар пайда болады және невриттерге тән өзгерістер байқалады.  
Науқаста түрлі шағымдар: әлсіздік, бас ауруы, тез шаршағыштық, ентігу, қимылдағанда жүрек соғуының жиілеуі, үдей келе – «Бери - бери» деген атпен мәлім полиневрит белгілері, тері сезім- талдығының төмендеуі, жүргенде аяқ басуы өзгеріп, ақсандауы байқалады.Артериялық қан қысымы төмендеп, жүректе дистро-фикалық өзгерістер пайда болады және ас қорыту мүшелерінің бұзылып, көру қабілеті төмендеп, адамның күйі (психикасы) өзгереді. 
 

Вит В1

В2 дәрумені (рибофлавин) басқа дәрумендер тәрізді ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологилық тотығу процестеріне қатысатындығымен құнды. Ағзадағы жарақаттардың тез жазылуына жәрдемдеседі, көздің жақсы көру қабілетін сақтауына ықпал жасайды. Бұл дәрумен жетіспесе, ерін құрғайды, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады.  
В2 дәрумені нан ашытқысында, бауырда, сүт пен сүт тағамдарында көбірек. Бұл дәрумен ыстыққа төзімді болғанмен жарықтан тез бұзылып кетеді. 

Витамин В2

Дәрумен В12 (цианокобаламин). Ол қанның пайда болуына қажет. Бұл дәрумен жетіспесе, ағзада қан азая-ды. В12 дәрумені бар тағамдар: бауыр, бүйрек, балық тағамдары (балықтың бауырында, уылдырығында өте көп). Ал енді етте, сүтте, ірімшікте, жұмыртқаның сары уызында бұл дәрумен өте аз. Жүректе де В12 дәрумені бар. Фолий қышқылы мен В12 дәрумені жетіспесе, адам қатерлі анемиямен ауырады. В12 дәрумені – кобаламин құрамына көбірек кобальт металының атомы (2 – 4 пайыз) енетін жалғыз дәрумен. Адам ағзасына тәуігіне 3 – 4 микрограмм ғана қажет. В12 дәрумені қанға түспесе, қатерлі қан азаюы пайда болады. Соның салдарынан қан түйіршектері күрт азаяды, жағдай нашарлайды, әлсіздік пайда болады, бас айналады, жүйке жүйесі бұзылады. 

Дәрумен В12

С дәруменінің адам ағзасына қажетті мөлшері:

  • Ересектер үшін тәулігіне 50-ден 100 мг-ға дейін.
  • 2. Балалар үшін тәулігіне 30-дан 70 мг-ға дейін.

С дәрумені бар тағамдар  мен өсімдіктер: цитрусты жемістер, киви, итмұрын (1200 мг-ға дейін), қара  қарақат (250 мг), қызылбұрыш (250 мг), бүрген, апельсин, лимон. Бұл дәрумен мал  өнімдерінде өте аз. Көкөністі  қайнатқанда С дәруменінің ½- іне жуығы жойылады, қуырғанда  бүлінбейді, тағамды ысытқанда, ұзақ  сақтағанда азаяды, тағамдық азық  – түлікті ашытқанда С дәрумені  сақталады.  

Вит С

Қолданылған әдебиет:

    • http://webcnn.irl.ru/msk/articles/magazine/beauty/parich/zdorovvolos/blesk
    • http://www.aaanet.biz/2893720
      • http://www.odkb74.ru/st17.html
      • http://www.lifeisphoto.ru/photo.aspx?id=270811&repostid=0
        • http://lifeihealth.ru/page/6/
        • http://news.rambler.ru/Russia/health/5063007/?abstroff=0

 

 

 


Информация о работе Гиповитаминоз кезіндегі тамақтану