Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:52, реферат
Аралық ми (көне грекше: diencephalon, көне грекше: dia - аралық; көне грекше:enkephalon — ми) — пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасынын (қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі. Ол үш бөліктен: көру төмпегі бөлігі — таламустан, төмпекасты бөлігі гипоталамустан және төмпекүсті бөлігі — эпиталамустантұрады.
1 Аралық мидың бөлігі гипоталамус .........................................................................2
2 Гипоталамус ядролары..............................................................................................5
3 Гипоталамус-гипофиз жолы.....................................................................................7
4 Пайдаланған әдебиет
1 Аралық
мидың бөлігі гипоталамус
..............................
2 Гипоталамус
ядролары......................
3 Гипоталамус-гипофиз
жолы..........................
4 Пайдаланған әдебиет
Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус Дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол неиросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан Гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын орталық бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын және сергектігін реттеуге қатысады.
Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (1-кесте).
1-кесте Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
Гормондар | Бөлетін бездер | Ағзаға әсері | |
Тироксин | Қалқанша безі | Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады | |
Паратгормон | Қалканшамаңы безі | Кальций және фосфор алмасуын реттейді | |
Инсулин | Ұйкыбездің аралды бөлігі | Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді | |
Глюкагон | ---- | Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді | |
Адреналин | Бүйрек үсті бездің без заты | Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді | |
Норадреналин | ---- | Қантамырларын тарылтады | |
Өсу гормоны (соматропты гормон) | Гипофиздің алдыңғы бөлігі | Сүйектің және
ағзаның калыпты өсуін |
|
Гиреотропты гормон | ---- | Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді | |
Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) | ---- | Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді | |
Окцитоцин | Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) | Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді | |
Вазопрессин | ---- | Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады | |
Тестостерон (андрогендер) | Аталық бездер | Аталық жыныс
белгілердің дамуына әрі |
|
Эстрадиол (экстрогендер) | Аналық бездер | Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді |
Гипоталамус (гр. 'hypo'— төмен, астында, қалыптан төмен; thalamos - камера, бөлім) - көру төмпегінің (таламустың) төменгі жағында, көру жүйкелерінің қиылысы мен үлкен миаяқшаларының аралығында орналасқан аралық мидың бөлігі. Ол үшінші ми қарыншасының түбі мен қабырғасын құруға қатысады.
Гипоталамус -
сұр төмпектен (tober cinereum), гипофизден - hypoph
Гипоталамустың
вегетативтік орталықтары — организмдегі қан
Гипоталамус қызметі
Гипоталамус зат алмасуды, дене температурасын, ашығу және шөлдеу сезімдерін, бүкіл ішкі мүшелердің қызметін реттейді. Негізгі биологиялық мотивация мен эмоцияның қалыптасуында маңызды роль атқарады. Гипофизбен бірігіп, эндокриндік бездердің нервтік реттелуін қамтамасыз етеді. Гипоталамус ядроларының дамуы жыныстық жетілу кезінде аяқталады.
Гипоталамус ядролары(гипоталамические ядра) — мультиполярлы нейроциттерден құралған, гипоталамуста орналасқан сұрзаттық орталықтар, яғни ядролар.
Гипоталамустың
сүрзаттық орталықтары алдыңғы,
ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді.
Аталған ядролар нейроциттері биологиялық
тұрғыдан тым белсенді және жүйке жүйесі
медиаторларымен салыстырғанда, алыстан
және ұзақ уақыт әсер етуге бейімделген нейрогормондар бөл
Ядролар нейроциттерінің
эндоплазмалық торында протеинд
Окситоцин мен
вазопрессин гормондарының
Вазопрессин мен окситоцин гормондары нейросекреторлы нейроциттер аксондары бойымен жылжи ағып, медиальды дөңес пенгипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы нейрогипофиз бөлігіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер (Херринг денешігі) түрінде аяқталады. Гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде соңғы денешіктерден қанғаөтеді.
Гипоталамустың ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі ішкі- негіздік (медиобазальдық) және төмпектік (туберальды) ядролары, қызметісимпатикалық жүйке жүйесіне сәйкес келетін ұсақ мультиполярлы нейроциттерден құралған. Сондықтан, бұл ядроларды — адренергиялық нейроциттерге жатқызады. Аталған нейроциттер гипофиздің безді бөлігі — аденогипофиздің гормондар түзу процесін реттеп отыратын, қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар бөледі.
Бұлар өз кезегінде
гипофиз аденогипофизінің гормондар
бөлу қызметін күшейтетін — либериндерге
(күшейткіш гормондар) және керісінше,
аталған қызметті баяулататын — статиндерге (баяулатқыш гормондар)
бөлінеді. Гипоталамустың гормондар бөлу
қызметін мидың жоғары бөлімдері бөлетін
нейроаминдер (дофамин, норадреналин, серото
Hypothalamus image.png
Гипоталамус-гипофиз
жолы (гипоталамо-гипофизарный тракт);
(грек, hypothalamus жәнеhypoph
Гипоталамус-гипофиз жолының
аксондары арқылы гипоталамустың супраоптикалық
және паравентрикулалық ядроларында түзілетін окситоцин және вазоп
арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х