Фтор мен йодтын адам организміне әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 17:38, реферат

Описание работы

Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында неміс ғалымдары Вальтер мен Ида Ноддактар Менделеев кестесіндегі элементтер әр жұмыртаста кездесетіндігін айтқан. Әуелгіде бұл пікірдің қолдаушысы табылмады. Кейін ғалымдар химиялық элементтерге талдау жасап, зерттеп, зерделеп, шындыққа көз жеткізді. Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі.

Работа содержит 1 файл

4 срс.docx

— 136.24 Кб (Скачать)

Маңыздылығы:

Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында неміс ғалымдары Вальтер мен  Ида Ноддактар Менделеев кестесіндегі элементтер әр жұмыртаста кездесетіндігін  айтқан. Әуелгіде бұл пікірдің қолдаушысы табылмады. Кейін ғалымдар химиялық элементтерге талдау жасап, зерттеп, зерделеп, шындыққа көз жеткізді.

Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен  тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып  тұруын талап етеді. Ал ағзамызға  химиялық элементтер жеген ас пен  ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың  сараптауынша, ағзаға түскен хи-миялық элементтердің әрқайсысы белгілі  бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық ролі анықталды. Таратып айтсақ…

Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент  болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы,  егер адамның  салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3 грамммыс болады.

Атап айтар болсақ, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан  сөлінде кездеседі.

Элементтерді  тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне  қарай үш топ-қа бөледі:

1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор);  ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке  қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2. Қосымша  элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.

3. Өте  аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Сондықтан егер химиялық элементтердің  біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі  ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп  кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин  деген у пайда болды. Ол осфор  қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен  қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының  әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне  де осылардың әсері бар.

Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер  мен макроэлементтер әркелкі  таралады. Микроэлементтердің көпшілігі  бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында  жиналады. Бұл ұлпалар — көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде  концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш — қарын асты безінде, йод  — қалқанша безінде, фтор – тіс  кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий  — шашта, кадмий, сынап, молибден —  бүйректе, қалайы — ішек ұлпаларында, стронций — қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий — көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром — гипофизде  және тағы басқаларда жиналады.

…Жетіспесе, ауырасыз

Химиялық элементтердің  ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі  аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері  төмендейді. Нефритпен ауырғанда  электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро  және микроэлементтердің мөлшерін гормондар  реттеп отырады.

Кейбір элементтердің  мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің  бүйректегі және молибденнің бауырдағы  мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғай-ған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді.

 

Фтордың жетіспеушілігінен  тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен  зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.

Фтор адам ағзасына қажетті  элемент болып табылады. Адам организмінде фтор негізінде тіс эмалінде және сүйек құрасында кездеседі.

Фтордың негізгі көздері: су, теңіз өнімдері және желатин. Пияз және жасымық (чечевица) фторға бай  өсімдіктер болып табылады.

Адам организміндегі йодтың үштен екі бөлігі қалқанша безде  жинақталған. Не дегенмен қалқанша без  зат алмасуды қадағалайды ғой, ал йод қалқанша бездің жұмысын қадағалайды, бұл минералды заттың жетіспеуі  ақыл-естің жетілуін төмендетеді.

Йод диетаны сақтауды жеңілдетеді, артық майларды ыдыратып отырады, бойдың дұрыс өсуіне септігін тигізеді, қосымша  энергия көзі рөлін де атқарады, шаш, тырнақ, тері және тістің саулығын қамтамасыз етеді.

Йодтың адам ағзасына қажеті зор микроэлемент екенін жақсы білеміз. Тиісті  мөлшерден аз болса, ауруға шалдығатынымыз да анық. Мұндай жағдайда, әсіресе, жас балаларда ақыл-ойдың  тежелуі байқалады.

 

ЙОД. Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді.

Бұл элементтің жетіспеуі  негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі  орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана  құрсағында жатқан кезден бастап алуға  тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы  жүйке қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады.

Ал ересек адамдарда ойлау  қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы байқалады.

Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының қатерлілігін арттырады, ең алғаш-қы кезекте қалқанша безінің ау-руын қоздырады.

Йод ас тұзында болады. Соңғы  уақытта ұнды да йодпен байытып жүр.

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының есебі бойынша жер  бетінде бұл дертпен ауыратындардың саны 650 миллионнан асады. Ал 2 миллиард адамда йоджетіспеушілігінің белгілері  бар. Мамандардың мәлімдеуінше, жер  шарындағы бір миллиардтан астам  адам табиғи йод жетіспейтін аймақтарда өмір сүреді. Қазақстан да сол аймаққа  жатады.

Йод жетіспеушілігінің  пайда болуы, маңызы және алдын алуы

Йод жетіспеушілігі ауруларының  мәселесі әлемдік денсаулық сақтау саласында маңыздыларының бірі болып  саналады. Оның маңыздылығы аталған аурудың кең етек жаюымен анықталады.Йод жетіспеушілігі ағзаға қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті дәрежеде болмауынан пайда болады. Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесін шешу, әсіресе, Қазақстан үшін маңызды. Өйткені қазіргі таңда біздің елімізде йод жетіспеушілігінің тиімді алдын алу бағдарламасының жоқтығы тұрғылықты халықтың әртүрлі топтарында қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюына әкеліп соқтырып отыр. Йод тапшылығының басқа аурулардан зардабы еш кем емес. Өткен жылғы денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметі бойынша, әлемде 650 млн адам осы дертпен күресуге мәжбүр екен. Ал, 2 млрд адам ағзасында осы дерттің айқын белгілері көрініс берген. Біздің еліміз йод жетіспейтін аймақтардың қатарында. Сол себепті де, бізді алаңдатып отырған мәселе көп.

Йод – бұл маңызды микроэлемент, ол жер бетіндегі тірі ағзалардың өсуі мен дамуына қажет. Қазақстанда  йод жетіспеушілігі “жасырын аштық” деп саналады. Осыған байланысты йод  жетіспеушілігінің медициналық-әлеуметтік және экономикалық маңызы денсаулық, интеллект, білім сапасына әсер етіп отыр, уақыт  өте келе халықтың кәсіби әлеуетіне  әсер етеді.Денсаулығы қалыпты адам бір күнде 150 микрограмм йод тұтынуы  қажет. Бұл қажеттілік өтелмесе, адам ағзасы түрлі ауруға шалдығады. Йод  жетіспеушілігі иммунитеттің әлсіреуін  тудырып, ағзаның түрлі инфекцияларға  қарсы тұру қабілетін төмендетеді.

Барлық аймақтарда қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюы (эндемиялық жемсау) ұл балаларға қарағанда, қыз  балаларда көбірек кездеседі (45%-50%), эндемиялық жемсау 6-7 жастан басталып пубертаттық жаста барынша жоғары көрсеткішке жетеді.

Адам ағзасындағы йод  – тиреоидты гормондар үшін құрылыс  материалы. Тиреоидты гормондар  ағзадағы барлық мүшелер мен жүйелердің жұмысын реттейді және жақсартады. Балалар үнемі өсу мен даму үстінде болады десек, йод жетіспеушілігі салдарынан әлсіздік бірден байқалады. Эндемиялық жемсау саны балалар санымен  бірге өсіп келеді. УЗИ көрсеткіші бойынша 7 жаста – 15%, 12 жаста – 25-30% балалар осы дертпен ауырса, жасөспірімдер арасында ол 40%-ға дейін жетеді.

Балалардағы йод жетіспеушілігі салдарынан бала ақыл-ойының артта  қалуындағы әлсіз көріністерден  критинизмге дейін жетеді, көңіл  күйінің тұрақсыздығы, депрессия  болуы мүмкін, әлсіздік, ұмытшақтық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, оқушылар зейіні шоғырлануының төмендеуі, сабақтың аяғына дейін отыра алмауы байқалады. Содан барып жүйке  жүйесімен қоса барлық ағза зардап шегеді. Балалар бас сүйегі ішіндегі қысымға байланысты бас ауруына, әлсіздіктің пайда болуына, терінің  сұрлануына шағымданады, астеникалық  синдром көріністері, кардиологиялық өзгерістер – ырғақтың бұзылуы, АҚ жоғарылауы немесе төмендеуі, инфекциялық  және суық тию ауруларының жиілеуі, екінші иммундық жетіспеушілігі салдарынан өткір аурулардың созылмалы түрге  өтуі, бұлшық ет сұлбасының әлсіреуіне байланысты дене бітімінің өзгеруі  болуы мүмкін. Осының барлығының себебі – йодтың жетіспеушілігі.

Еуропада жаппай алдын  алу мақсатында – йодталған тұз  қолдану (өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан белгілі), құрамында йоды бар препараттарды  топпен пайдалану жүргізіледі.Әркім-ақ біздегі тамақтарда йодталған тұз  бар деп санайды. Алайда, Қазақстан  тамақтану академиясы жүргізген  медициналық-демографиялық зерттеу  нәтижесі 5 844 отбасының 29%-ы йодталған  тұз қолданатынын, ал отбасылардың 13,4%-ы сыртқы қорабындағы “йодталған”  деген сөз шындыққа жанаспайтын (тест нәтижесінде йодтың ізі де болмаған) тұз пайдаланатынын көрсеткен.Тағам  арқылы йодты қабылдау экономикалық, физиологиялық, рационалдық жағынан  дұрыс деп есептелсе де, қазіргі  таңда ол жеткіліксіз болып отыр. Әлсіз топтар, ерте жастағы және мектеп жасындағы балалар арасындағы йод жетіспеушілігін жою үшін топтық алдын алу жұмыстарын жүргізу  қажет, ол үшін әлемдік тәжірибеге сай  йодид,йодомарин 100 және йодид,йодомарин 200, йодид-прт органикалық емес йод  қолданылады. Осыларды ұсына отырып, біз өзгеріске түскен қалқанша безі гормондар синтезін қайта қалпына  келтіруге ықпал етеміз.

 

 

 

Қорытынды:

Бүкіләлемдік денсаулық  сақтау ұйымының мәлімдемесі бойынша, балалардың ақыл-ойының артта қалуы  йод тапшылығынан болады, бұл алдын  алуға болатын интеллектуалды жетіспеушіліктің жалғыз түрі. Йод пен фтордың тапшылығын жоюға кететін шығынды есепке ала отырып, жаңа туған баланың ақыл-ойының артта қалуын емдемеушілікті қылмыс деп есептеуге болады.

Бұл тапсырманың тиімді шешілуі  барлық мамандықтағы дәрігерлердің  бірігуін талап етеді. Әрбір дәрігер өз пациенттеріне (оның отбасы мүшелеріне) йод тапшылығының алдын алу мақсатында керекті препараттарды қолдануға кеңес бергені жөн. Осы мақсатта белгілі препарат – йодид,йодомарин 100, 200. Қалқанша безінің патологиясына күдіктенген жағдайда дер кезінде эндокринологтан кеңес алу қажет. Гейне өз сөзінде: “Мен білетін жалғыз сұлулық – бұл денсаулық” деген екен. Эндемиялық жемсау адамды дұрыс емдеген жағдайда аурулар тізімінен сызып тастауға болады. Бұл үшін қоғамның осы бағытта жұмыс жүргізгені айрықша маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

       А) Адам бойындағы элементтер  сыры

       В) Организм үшін йод пен  фтордың маңызы

       С) Йод пен фтордың жетіспеушілігінің  пайда болуы, маңызы және алдын  алуы

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

Орыс тілінде

негізгі:

1.Гигиена питания: учеб. для студ. высш. учеб. заведений/ Королев А.А. – М.: Издательский центр «Академия», 2006, 2008.- 528 с.

2. Шарманов Т.Ш. Казахстан  в контексте глобальных проблем  питания - Алматы: Баспа, 2000.-224с.

3. Терехин С.П., Ахметова  С.В. Лечебное питание (учебно-методическое  пособие). Караганда. – 2005. –385 с. 

4. Тутельян В.А., Онищенко  Г.Г. Государственная политика  здорового питания населения:  задачи и пути реализации на  региональном уровне: учебное пособие. - М., 2008. - 257 с. 

қосымша:

1. Нормативные и правовые  акты, нормативно-методические документы  Государственной санитарно-эпидемиологической  службы, санитарные правила и  нормы по гигиене питания, действующие  на территории Республики Казахстан.

2. Шарманов Т.Ш., Цой И.Г.  Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути  е( решения. Алматы, 2008. – 296 с.

3. Химический состав российских пищевых продуктов. Справочник/ Под ред. И.М.Курихина и В.А. Тутельяна – Москва: ДеЛи принт, 2002.-236с.

4. Руководство к практическим занятиям по гигиене питания: [Учеб. пос. для сан.-гигиен. фак. мед. ин-тов ]/В.Д. Ванханен, Е.А.Лебедева.-М.:Медицина,1987.-253с.

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Шарманов Т.Ш. Тағам  гигиенасы. Оқу құралы. Алматы, 2005. – 256 б.

2. С.П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік  құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет. 

Информация о работе Фтор мен йодтын адам организміне әсері