Физикалық фактордың әсерінен шақырылатын кәсіптік аурулар

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 03:19, лекция

Описание работы

Діріл дерті-бұл кәсіптік ауру,негізгі этиологиялық факторы өндіріс дірілі болып табылады.
8-16 Гц-төменгі жиілікті діріл
31,5-63 Гц-орта жиілікті діріл
125-1000 Гц-жоғары жиілікті діріл
16-200 Гц жиіліктегі дірілде діріл дерті дамиды.

Работа содержит 1 файл

4.doc

— 55.00 Кб (Скачать)

Дәріс №4

 

Физикалық фактордың әсерінен шақырылатын кәсіптік аурулар

 

Мақсаты:

 

Қоғамдық денсаулық  сақтау факультетінің 3 курс студенттерін заманауи жіктеумен,этиопатогенезбен,діріл дерті клиникасымен таныстыру.

 

 

Діріл дерті-бұл кәсіптік ауру,негізгі этиологиялық факторы өндіріс дірілі болып табылады.

8-16 Гц-төменгі  жиілікті діріл

31,5-63 Гц-орта  жиілікті діріл

125-1000 Гц-жоғары  жиілікті діріл

16-200 Гц жиіліктегі  дірілде діріл дерті дамиды.

 

Діріл дертінің патогенезі

 

Діріл дертінің негізінде рефлекторлы бұзылыс және жүйкенің ауыр механизмі жатыр,қозудың ошақтық тоқырауының  дамуына және рецепторлы аппараттағыдай,сонымен қатар әртүрлі ОЖЖ бөлімдеріндегідей тұрақты кезекті өзгерістерге әкелуі мүмкін.

 

        Діріл дертінің негізгі клиникалық синдромдары

 

Клиникалық  синдром

Негізгі симптомдары

Осы синдром  жиі байқалатын діріл түрі мен  ауру кезеңі

Ангиодистоникалық

Капиллярлы  қанайналымның және мүшелердегі  вегетативті қантамырлардың бұзылуы(атоникалық немесе спастико-атоникалық күйі)

Бастапқы кезеңдегі  жалпы және жоғары жиіліктегі дірілде,аса айқын және бастапқы

кезеңдегі орташа жиіліктегі дірілде және де барлық кезеңдегі төменгі жиіліктегі дірілде.

Әртүрлі дәрежеде көрсетілген   ангиоспастикалық синдром

Капиллярлардың  спастикалық күйі, «ақ саусақтар» ұстамасы ,тері температурасының бұзылуы,аяқтағы және қолдағы дірілге сезімталдықтың айқын төмендеуі.

Генерализденген және айқын кезеңдегі жоғарғы  жиіліктегі дірілде;айқын және бастапқы кезеңдегі жалпы дірілде

Полиневриттің вегетативті  синдромы (полинейропатияның)

Аурудың феномені,терінің  сезімталдығының бұзылуы,тері температурасының төмендеуі,вегетативтік симптомдар

Бастапқы кезеңдегі  төменгі жиілікті дірілде;бастапқы кезеңдегі жалпы дірілде.


 

            

 

               Діріл дертінің негізгі клиникалық синдромдары

 

 

 Вегетомиофасцит  синдромы

Аурудың феномені,қантамырдың  зақымдануы,сезімталдықтың сегментарлық және перифериялық(шеткі)типінің өзгеруі.

Төменгі жиілікті дірілде(негізінен статистикалық кысым түсу және маңызды кері соққыда)және де сирегірек әртүрлі кезеңдегі орташа жиілікті дірілде болатын.

Неврит синдромы (шынтақтың,орталық жүйкенің),плексит(йықтың),радикулит(мойынның)

Талғамалы амиотрафия,рефлекторлық шеңбер мен сезімталдықтың бұзылуы.

Маңызды кері соққымен тіркескен төменгі жиілікті дірілде болатын.

Нейроциркуляторлық  бұзылыстарымен болатын диэнцефальдық  синдром

Генерализденген қантамырлық зақымданулар мен криздар( церебралды,коронарлы),ауыстырылатын эндокриндік бұзылыстар

Ұзақ болатын  кезеңдерде жоғары жиіліктегі дірілде(локальды және жалпы)болатын

Вестибулярлық

Бас айналу,нистагм,атаксия,меньеро  тәріздес криздар

Жалпы дірілде,сирегірек жоғары жиіліктегі локальді дірілде болатын


 

  Локальдық діріл әсерінен болатын  діріл дертінің жіктелуі

 

Бастапқы  көріністер( I дәреже)

 

1.Жоғарғы мүшелердің перифериялық ангиодистоникалық синдромы,сонымен қатар сирек болатын саусақ ангиоспазмасымен.

2.Жоғарғы мүшелердегі полинейропатияның сенсорлық синдромы(вегетативті -сенсорлы).

 

Аса айқын  көріністер( II  дәреже)

 

1.Жоғарғы мүшелердің  перифериялық ангиодистоникалық синдромы,жиі болатын саусақ ангиоспазмасымен.

2.Жоғарғы мүшелердегі сенсорлы полинейропатиялық синдромы(вегетативті -сенсорлы).

а)жиі болатын саусақ ангиоспазмасымен;

б)буындағы тұрақты вегетативті-трофикалық зақымданулармен болатын;

в)йық белдеуі мен қолдың тірек-қимыл аппаратының дистрофиялық бұзылуларымен( миопатоздар,миофиброздар,периартроздар,артроздар) болатын;

г)мойын-йықтық плексопатиямен болатын;

д)церебралдық ангиодистоникалық синдроммен болатын.

 

Айқын көріністер( III дәреже)

 

1)Жоғарғы мүшелердегі  сенсорлы-моторлы полинейропатиялық синдромы

2)Энцефалопатиялық синдром

3)Генерализденген акроангиоспазмды полинейропатиялық синдром.

 

 

 

 

  Жалпы діріл әсерінен болатын  діріл дертінің жіктелуі

 

 

Бастапқы  көріністер( I дәреже)

 

1.Ангиодистоникалық синдром ( церебралды және перифериялық)

2.Вегетативті-вестибулярлық синдром

3.Төменгі мүшелердегі сенсорлы полинейропатиялық синдром (вегетативті-сенсорлы)

 

Аса айқын  көріністер( II  дәреже)

 

1.Ангиодистоникалық церебралды-перифериялық синдром

2.Тіркескен сенсорлы полинейропатиялық синдром (вегетативті-сенсорлы)

а)полирадикулярлық зақымданулармен (полирадикулонейропатиялық синдром);

б)екіншілік бел-сегізкөз түбіртегі синдромымен (бел омыртқа бөлігінің остеохондроз салдары);

г)жүйке жүйесі қызметінің бұзылуларымен (неврастения синдромы);

д)церебралды ангиодистоникалық синдромымен.

 

 

Айқын көріністер( III дәреже)

 

1.Сенсорлы-моторлы полинейропатиялық синдром

2.Перифериялық полинейропатиямен тіркескен  дискуляторлы энцефалопатиялық синдром (энцефалополинейропатиялық синдром)

3.Генерализденген акроангиоспазмды полинейропатиялық синдром.

 

 

Діріл дертін емдеу

1. Медикаментоздық емдеу:

а)ганглиоблокаторлармен және қантамырларды кеңітетін жабдықтармен тіркескен холинолитиктер;

б)паравертебральдық блокаторлар ( новокаин,ксикаин)

в)седативті жабдықтар;

г)жалпы күшейткіштер,дәрумендер.

2.Физиоемдеу:

а)электрофорез,әртүрлі дәрілік ерітінділерімен

б)электротерапия-УВЧ,УФО

в)балшықты аппликациялар

г)күкіртті сутек,родондық ванналар

д)ЛФК,массаж

 

Діріл дертіндегі жұмысқа жарамдылықтың тәжірибесі

 

Аурудың біріншілік дәрежесінде-амбулаторлық ем

 

Аурудың екіншілік және үшіншілік дәрежесінде-діріл факторынан босатылу → амбулаторлық ем→рационалдық жұмысқа орналасу→жұмысқа жарамдылықты кетірудің  анықтамасына арналған МСЭК.

 

 

Діріл әсерімен байланысты жұмысқа қабылдаудың  кері көрсетілімі

 

1.Шеткі жүйке жүйесінен болатын созылмалы аурулар;

2.Артерияның тарылтылған ауруы,перифериялық ангиоспазмы;

3.Әйелдердің жыныс мүшелерінің орналасудағы аномалия,жатыр түтікшелерінің созылмалы қабынуы;

4.Жақыннан көргіштіктің жоғары және асқынған түрі ( 8,0 дптр-дан жоғары).

 

 

Кері байланыс

 

1.Діріл дертінің негізгі этиологиялық факторлары?

2.Локальдық дірілдің әсерінен қандай патологиялық  өзгерістер туындайды?

3.Локальдық діріл дертінде қандай клиникалық кезеңдер болады?

4.Вазомоторлық және трофикалық зақымданулар қай кезеңде пайда болады?

5.Дискуляторлық энцефалопатия синдромының критерилері?


Информация о работе Физикалық фактордың әсерінен шақырылатын кәсіптік аурулар