Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 15:18, реферат
Ұрықтану дегеніміз аналық жасушаның және аталық жыныс жасушаның (сперманың) қосылуы, соның нәтижесінде зигота түзілуі. Зигота жаңа организм бастамасы.
Ұрықтану сперматозоидтардың біраз ғана ене алатын жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінде өтед
Дамудың сипаттамасы
Ұрықтану дегеніміз аналық жасушаның және аталық жыныс жасушаның (сперманың) қосылуы, соның нәтижесінде зигота түзілуі. Зигота жаңа организм бастамасы.
Ұрықтану сперматозоидтардың біраз ғана ене алатын жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінде өтеді. Овуляцияланған жұмыртқа жасушалардың ұрықтануға деген қабілеті тек 24 сағатқа ғана созылады. Сперматозоидтар әйел жыныс жолдарында ұрықтануға қабілеттілігін шамамен 24-48 сағат сақтайды, сондықтан ұрықтану процесі жүру үшін белгілі бір қысқа уақыт аралығында кездесу жүру керек.
Аталық без түтікшелерінде орналасқан сперматозоидтардың ұрықтануға қабілеті болмайды. Ұрықтану қабілетіне олар аталық жыныс безінің каудальді бөлігінен краниальді бөлігіне өту барысында ие болады.
Қынапқа түскен
Ұрықтану жүру үшін тек бір сперматозоид қажет. Сперматозоидтардың «артық» мөлшері өтіп кететін болса процес бұзылады, ұрықтану жүрмейді.
Жұмыртқа жасушасына бір сперматозоид өткен соң басқаларына өтуіне «кедергі» пайда болады. Оның түзілуіне кортикальді реакция қатысады. Екінші мейотикалық бөліну жүргеннен соң аналық хромосомалар жиынтығы ядроға айналады, ол аналық пронуклеусы, ал сперматозоид басы аталық пронуклеус аталатын ядро түзіледі. Кейін бұл хромосома жиынтықтары қосылып бір ядро түзіледі де зигота бластомерлерге бөліне бастайды. Ол бөлініп морулаға айналады. Келесі кезеңге (бластоциста) бластомерлермен синтезделетін сұйықтықпен толған қуыс түзілуі тән. Моруланың бластоцистаға айналуы барысында бластомерлер екі субпопуляцияға бөлінеді – сыртқы және ішкі. Ішкі клеткалар эмбриобласт түзеді, одан ұрықты түйін, ұрықтан тыс мезенхима, амнион , ал сыртқысынан имплантацияға қажет трофобласт түзіледі.
Ұрық жатыр түтігінен 6-7 күн ішінде өтеді. 7-8 күнде бластоцист жатыр ішіне енеді. Осы уақытта жылтыр қабық бұзылып, трофобласттың сыртқы қабықтарын ерітетін фермент бөлініп, жатырдың ішкі қабатын бұзып, ұрықтың функциялық қабатының толығымен енуін қамтамасыз етеді. Бұл процесті имплантация деп атайды. Эндометрийге кірген ұрықтың трофобласт әсерінен тіндердің еруі басталады. Еріген тіндердің орнына эмбриотроф пайда болады. Эмбриотоф бойында ұрықтың өсуіне қажет заттар бар: белок, көмірсу, май, витаминдер, электролиттер. Ұрық жұмыртқасы керекті заттарды ферментативті процесс арқылы алады. Мұндай алмасу гистотропты зат алмасу деп аталады. Трофобласттың сыртқы қабаты жасушалық шекарасын жоғалтып синцитийге айналады. Трофобласттың ішкі қабаты клеткалық құрамын сақтап, цитотрофобластқа айналады. Сыртқы қабаты хорион деп аталады. Имплантациядан кейін бластоциттердің жанындағы клеткалар мезобластқа айналады. Бластоциттердің бір бөлігінде екі түйін пайда болады: эктобласт, энтобласт, олардың арасында қуыс пайда болып, олар эктобластық, энтобластық көпіршіктерге айналады. Эктобластық көпіршік амнионға, ал энтобластық көпіршік сары қуысқа (желточная полость) айналады. Екі көпіршік арасындағы эктобластық, энтобластық клеткалар ұрық болып саналады. Ұрық бастамасы үш жапырақтан құралады: эктодерма, мезодерма, энтодерма. Осы жапырақшалардан ұрық мүшелерінің тіндері пайда болады. Ұрықтың маңайында амнион суы және үш қабат болады. Дицидуальді, түкті және су қабаттары. Дицидуальді қабат имплантация кезеңі аяқталған соң пайда болады, ол жатырдың функциональді қабатының өзгерген түрі болып табылады. Дицидуальді қабатты келесі бөліктерге бөліп қарастыруға болады: dicidua basalis-ұрық пен миометрий арасындағы бөлік, dicidua capsularis – ұрықтың жоғарғы бөлігін жабатын қабат, dicidua parietalis – қабықтың қалған бөлігі. Ары қарай даму барысында dicidua basalis-тен плацентаның аналық бөлігі қалыптасады.
Плацентация жүктіліктің 3–аптасынан басталады. Бұл кезде біріншілік бүрлік тамырлар пайда болады. Олар екіншілік бүрлерге, одан әрі үшіншілік бүрлерге ауысады. Қан тамыр жүйесі ангиобласттар және эмбрионның кіндік тамырларынан және алантоистан тұрады. Үлкен кіндік тамыры бұтақтары хоринальді пластинкаға және бүрлеріне енеді. Бүрлер бұтақталған сайын тамырлар диаметрі кішірейіп, соңында капилярларға айналады. Кіндік тамыр жүйесі мен локальді плацента тамырлар жүйесі қосылғанда ұрықтың плацентарлы қан айналымы құралады. Түктердің синцитиі ана қанымен жуылып тұрады. Қан түк аралық орталықта эндометрийдің спиральді артериялары ашылғанда құйылады. Бұл құбылыс жүктіліктің алтыншы аптасында пайда болады. 13–аптаның соңында фетоплацентарлы қан айналым толық орнатылып, плацентация кезеңі аяқталады.
Адамның антенатальді жатырішілік дамуында екі кезең болады: эбриональді және фетальді. Эмбриональді кезең ұрықтанудан басталып, жүктіліктің екінші айымен аяқталады. Эмбриональді кезеңді бөлеміз: преэмбриональді фаза 1-3 айлар. Эмбриональді фаза 4-8 апталар. Басқаша органогенез деп аталады. Осы кезде барлық ағзалар мен жүйелердің бастамалары пайда болады. Осы уақытта эмбрион әртүрлі зиянды факторлар әсеріне өте сезімтал. Фетальді кезең 3 айдан басталып, ұрықтың туғанына дейін жалғасады. Осы уақытта ұрық тез өсіп тіндердің дифференциациясы, ағзалардың жүйелердің дамуы жүреді.
Дамудың қауіпті-қатерлі (кризистік) кезеңдері
Қауіп-қатерлі (кризистік) кезеңдер туралы түсінік
Онтогенезді және оның алғашқы кезеңі болып табылатын эмбриогенезді өте ойлы-қырлы жерде ағатын өзеңге ұқсатуға болады. Бір кезеңдері терең алқапта аққан өзеннің арнасындай орнықты болса, басқа кезеңдері – тегіс немесе дөңес жерлерде жайылып, бірнеше салаларға тасып аққан өзен сияқты құбылмалы болады.
Жануарлар дамуын экспериментальді
зерттеу нәтижесінде қауіп-
Кризистік кезеңдер
деп әртүрлі зақымдатқыш
Ауытқулар мен кемтарлықтардың себебі – детерминация процесстерінің бұзылуы
Қауіп-қатерлі кезеңдерде ұрықтардың метаболизмі қатты өзгеріске ұшырайды, тыныс алуы күшейеді, РНҚ мөлшері өседі, бұрын болмаған ақуыздар синтезделеді. Сонымен бірге, ұрықтың өсу қарқыны баяулайды, бірақ, сапалық қайта құрылу ұлғаяды. Осы мәліметтерді талдап көрсек, қауіп-қатерлі кезеңдер жеке ағзалардың немесе ағзалар жүйесінің детерминациясы, морфологиялық дифференциялану кезеңдері басталуына, яғни эмбриондық тіндердің дамудың жаңа жолдарына шығуына (кірісуіне) тура келетінін байқаймыз. Шамасы, жоғарыда қарастырғандай, бұл кезде бір гендер – репрессияға, басқалары экспрессияға ұшырап жатады. Шынында, нақтылы гендердің белсенділігі кризистік кезеңдерге тура келеді және осы кезде зақымдатқыш факторлар әсерінен пайда болған ауытқулар мен кемтарлықтар мутацияларға ұқсайды.
Адам ұрығы дамуының негізгі қауіп-қатерлі (кризистік) кезеңдері
Әйгілі орыс эмбриологі П. Г. Светлов адам ұрығы дамуында мына кризистік кезеңдердің маңызды екендігін көрсетті: имплантация (ұрықтанудан кейінгі 6-7-тәуліктер), плацентация (жүктіліктің 2-аптасының соңы) және перинатальді (босану) кезең. Өмір сүру ортасының өзгерілуіне бейімделуі үшін, ұрықта (нәрестеде) жаңа талаптарға сәйкес өзгерістер өтуі тиіс. Сондықтан, ұрықтың қан айналым, газ алмасу, қоректену сипаттары өзгеріледі. Осы кездерде әсерін тигізген зақымдатқыш факторлар эмбрион дамуын тоқтатып, түсіктерге, өлі туылуға т.с.с. ұшыратады.
Бүкіл организмге ортақ осындай жалпы кризистік кезеңдерге қосымша, адам эмбрионы дамуының әртүрлі мерзімдрінде, жеке ағзалар дамуының қауіп-қатерлі кезеңдері анықталды. Адамның дамушы жүйелері арасында, әсіресе, мидың орны бөлек. Себебі, ол қоршаған тіндер мен ағза бастамаларының дифференциялануы үшін біріншілік индуктор (ұйымдастырушы) болып табылады. Кейін дамушы мида жасушалар бөлінуі өте қарқынды өтеді (минутына 20000 митоздар). Осы процестер қалыпты атқарылуы үшін ұрықтың трофикасы (қоректенуі) қолайлы жағдайда өтуі тиіс. Керісінше, плауенталық барьерден өткен зақымдатқыш факторлар, мысалы алкоголь, есірткі, никотин, дәрілер, басқа да химиялық заттар нәрестенің тіндерінде жиналып, мидың дамуын бұзады. Сол себепті, дамудың туа біткен ақаулары арасында ең жиі ұшырасатын түрлері – нерв жүйесінің ақаулары ( анэнцефалия – мидың жоқтығы, микроцефалия – мидың кішкентай болуы, ми және жұлынның жарықтары).
Сонымен, жалпы қарастырғанда,
адам онтогенезінің бірнеше қауіп-
Осы тармақта қарастырылған мәселелер жүктілік кезінде ана мен бала денсаулығын алдын алу және қорғау шараларының негізін құрайды.
Қорытынды
Адам эмбриогенезіне трофобласт пен ұрықтан тыс мезодермадан ерте және қатты дамуы тән. Бұл оның жұмыртқа жасушасында қоректік заттар мөлшері аз болғандықтан, аналық қанайналым жүйесімен тез арада контакт (түйісуі) құру қажеттілігіне байланысты. Осыған орай, провизорлық ағзалар құрылады: амнион, хорион, сары уыз қап, аллантоис, плацента. Олар ұрықтың қабықтарын құрайды және бір қатар арнайы қызметтер атқарады.
Жүктілік кезінде екі организмдер – ана және ұрық (кейін – нәресте) ағзалары арасында функциялық жүйе қалыптасады. Ана-нәресте функциялық жүйесі – екі организмдерің ерекше биологиялық достастығы. Мұнда аналық және ұрықтың аттас гомеостаздық жүйелерінің ұқсас орындаушы механизмдері ерекше бірігіп, бір ғана нәтижені – ұрықтың қалыпты дамуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің құрамдасы болып, аналық және ұрық организмдерін байланыстыратын плацента (бала орны) табылады.
Ана-нәресте жүйесі қалыптасу кезінде бірқатар кризистік (қауіп-қатерлі) кезеңдер пайда болады. Бұл кездерде ана-нәресте функциялық жүйесі өте жараланғыш болып келеді. Сондықтан, ана және нәресте организмдері арасындағы байланыстардың гистологиялық, иммунологиялық және т.с.с. ерекшеліктерін зерттеу жүктілікті медициналық қорғаудың негізін қалайды.
Ұрық дамуның қауіпті кезеңдері туралы оқу 1921 жылы К.Стоккардпен құрылып, кейіннен П.Г. Светловпен тереңдетіле қарастырылды. П.Г.Светлов бойынша жеке даму бірнеше этаптардан тұрады, ал сол этаптар қауіпті кезеңдерден басталады. Қауіпті кезеңдер сыртқы орта әсерлеріне жоғары сезімталдықпен сипатталады. Эмбриональді дамудың ерте кезеңдерінде қауіпті периодтар бүкіл организмнің дамуына қатысты болады, кеш зиянды әсерлер дәл осы уақытта ең активті түзілу процестерінен өтіп жатқан мүшелерге әсер етеді. Бір мезгілде әсер ететін түрлі факторлар бірдей әсер көрсетуі мүмкін, ал бір фактор түрлі кезеңдерде мүлдем басқа әсер көрсетуі мүмкін.
Бірінші қауіпті кезең – имплантация алдындағы эмбрион қоршаған ортаның патогенді агенттеріне қысқа уақытқа сезімталдығы жоғарылайды. Осы кездегі әсер эмбриотоксикалық әсер деп аталады.
Екінші қауіпті кезең – эмбрион жүйелерінің бастамалары пайда болу кезеңі. 3-7 апталарға сәйкес келеді. Бұл кезде патогенді фактор тератогенді деп аталады. Ұрық ақауына әкеліп соғады.
Үшінші қауіпті кезең – плацентация, ол 9-12 апталарға сәйкес келеді. Зиянды факторлар фетоплацентарлы жүйенің жетіспеуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Ұрық дамуының қауіпті кезеңдері туралы оқуға сәйкес ұрық өлімінің алдын алу үшін және туа біткен ақаулардың алдын алу үшін әйел организімінің қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен, әсіресе жүктіліктің алғашқы 3-8 апталарында, қорғау қажет. Зерттеулер көрсеткендей, адам ұрығы плацентация және активті органогенез кезінде ғана емес одан кейін де сезімтал болып келеді. Фетальді дамудың қауіпті кезеңдеріне 15-20 апта және 20-24 апталарды жатқызады.
Жоспар
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Астана Медицина Университеті» АҚ
«Гистология, цитология және эмбриология» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Дамудың қауіпті кезеңдері
Орындаған: Асылбек Ерғалы, 105 ҚДС
Тексерген: Дуйсебекова Г.П.
2013 жыл