Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 19:00, реферат
Цитология-жасуша туралы ғылым.Жасушаны зерттейтін ғылымды цитология деп атайды(грек- ше “цитос”-жасуша,”логос“-ғылым).Цитология ғылымы біржасушалы,көпжасушалы ағзалар жасу шасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.
Цитология бөлімі цитохимия
пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын,олардың
түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін
және оның қызметінің өзгеруіне байланысты
химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын
зерттейді.Цитхимияның негізгі жетістіктерінің
бірі-нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын
синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.Жасушаның
белсенді қызметіне байланысты ақуыздың
өзгеріске ұшырау себептерін және олардың
зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның
үлесіне
Бұдан
біз цитология ғылымының көп саланы қамтитынын
байқаймыз.Өзінің даму бағытында цитология
тек биологиямен ғана емес,сонымен қатар
медицина,ауылшаруашылық,химия,
Жасуша
теориясының ашылуы.Жасуша теориясы дегеніміз-тіршіліктің
негізін құрайтын жасушалардың құрылымы,көбеюі
және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы
қызметі туралы жинақталған ұғым.
Жасуша
теориясының даму тарихы 300 жылға созылды.
Оны зерттеуде әр түрлі оптикалық әдістердің
дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді.Алғашқы
микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі
Роберт Гук (1635-1703ж.)жасаған.Ол микроскоппен
1662 жылдан бастап түрлі объектілерді :тығын
шұрықтарын (пораларын),қымыздық, қамыс
және басқалардың ішкі қуыстарын көрді.
Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз
еседен
астам ғана үлкейтіп көрсететін болған.Роберт
Гук
өсімдіктерді
микроскоп арқылы қарап отырып,олардың
ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты
тапқан.Ол осы ұяларды грек сөзімен “целлюл-ла“-“жасуша”
деп атады.Бұл жерде Роберт Гук тіршілігін
жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген
еді.
17 ғасырдың 70-жылдарынан бастап
голландық Антони Ван Левенгук объектіні
үш есе үлкейтетін микроскоп жасап,оның
көмегімен судағы біржасушалы ағза-кірпікшелі
кебісшені тұңғыш рет көрді.
Тірі жасушаны
алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье
көрген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұйықты
протоплазма немесе алғышқы плазма деп
атады.Қазір протоплазма тек тарихи дерек
ретінде ғана пайдаланылады,оны ғылыми
тілде цитоплазма дейді. Протоплазма дегеніміз-жасуша
ішіндегі сұйықтық пен ядро.Роберт Броун
жасуша протоплазмасының тұрақты бөлігі-ядроны
ашты.19 ғасырдың басында жануарлар мен
өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп,олардан
алынған мағлұматтар 1838-1939 жж.ботаник
Маттиас Шлейден мен зоолог ТеодорШваннға
жасушалардың құрылысы туралы ортақ қортынды
жасауға мүмкіндік берді.
Олардың тұжырымдауы бойынша,өсімдіктер
мен жануарлар жасушаларының құрылыстары
өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі
екендігі,тірі ағзаның ең ұсақ бірлігі,сонымен
қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы
туралы ғылымға дұрыс түсінік берді.Осыдан
кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы
терең және жан-жақты зерттеле бастады.Мәселен,1858
жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей
жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатынын
анықтады.Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа
жасушасын ашып,көп жасушалардың дамуы
бір жасушадан басталатынын және аталық
сперматозоид пен аналық жұмыртқа қосылғанда,зигота
түзетінін анықтады.К.Бэрдің бұл жаңалығы
жасушалардың ағза дамуындағы маңызын
дәлелдеді.Тірі ағзалар жасушаларының
химиялық құрамы мензат алмасуының ұқсастығының
ашылуы жасуша теориясын дамытып,барлық
органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық
дамуының бірыңғай екенін дәлелдей түсті. Сонымен
жасуша теориясының негізгі қағидалары
төмендегідей; 1)жасуша-барлық тірі ағзалардың
ең кіші негізгі өлшемі; 2)әр түрлі ағза
жасушаларының құрылысы,химиялық құрамы,зат
алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері
ұқсас; 3)жасушалар бастапқы(аналық)жасушаларының
бөлінуі арқылы пайда болады.Атқаратын
қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың
пішіні алуан түрлі болып келеді.
Ағзалар жасушаларының құрылысына
қарай екі топқа бөлінеді.Оның бір тобына
құрылысы өте қарапайым болып келетін
бактериялар мен көкжа-сыл балдрлар жатады.Олардың
толық қалыптасқан ядросы болмайды,бұларды
прокариоттар деп атайды.Ағзалардың екінші
тобына ядро және арнаулы қызмет атқаратын
органоидтары болады.Мұндай ағзаларды
эукариоттар деп атайды.Эукариоттарға
біржасушалы жасыл балдырлар,қарапайымдар,жоғары
дәрежелі гүлді өсімдіктер және сүтқоректі
хайуанаттар,т.б.жатады.Ал вирустар-тіршіліктің
жасушасыз ерекше пішіні.Қорта келгенде,жасуша
теориясы”жасушаның“барлық тірі ағзалар
құрылымының бірлігі екенін,жануарлар
мен өсімдіктер жасушаларының өзара ұқсас
екенін толық дәлелдейді.Бұл ұқсастық
бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің бір
екенін айқын-дай түсті.Жасуша теориясы
тіршілікті материалистік тұрғыдан түсінуге,ағзалар
арасындағы эволюциялық байланысты ашуға
негіз болды. Микроскоп.